Жел 26, 2023 18:06 Asia/Almaty

Бұл подкаст - басып алынған Палестина жерінде өзін Израиль деп атайтын заңсыз ұйымның пайда болуының тарихи мәлімдемесі. 

 

Подкастың өткен бөлімінде сионизмнің қалыптасуының идеологиялық тамырлары туралы айтқан болатынбыз. Бұл жолы сионизмнің алғашқы жиналысының қалыптасуы туралы тоқталамыз. Бұл подкаст үшін пайдаланылған дереккөз 2021 жылы басылып шыққан Куруш Алианидің  "Израильдің метастазасы"  кітабы болып табылады.

Сионизмнің бірінші конгресі 1897 жылы 29 тамызда Швейцарияның Базель қаласында сионистік ұйымдардың атынан 200-ден астам өкілінің қатысуымен Теодор Герцльдің «Еврейлер мемлекеті» кітабында жарияланған армандарын орындау мақсатында өтті. Естеріңізде болса, Герцльдің мақсаты бүкіл әлемнен еврейлерді жинау үшін жерді басып алу болды, ал көздеген жері Палестина болды.

Сионизмнің бірінші конгресінің қарары Палестинадағы еврей халқы үшін қауіпсіз үй құру болды және осы мақсатқа жету үшін олар келесі ұсыныс жасады:

- Палестинаға еврей фермерлерінің, өнеркәсіпшілерінің және саудагерлерінің қоныстануына ықпал ету;

-  Әр елдің заңы бойынша барлық еврейлерді жергілікті топтарға біріктіру;

- Еврейлердің сезімі мен санасын күшейту.

Конгресс мәлімдемесінде айтылған нәрсе алдаумен араласқан әскери мазмұнға ие болды. Бұл мәлімдемеде әлемде және аудиторияда сезімталдық тудырмас үшін «басқару» орнына «үй» сөзі қолданылды.  Ал 19 ғасырда және одан кейін алғаш рет әртүрлі ұлттар мен дүние жүзіне тарыдай шашылған адамдар бір жерге жиналып, интервенциялық мәлімдеме жасап, елдің егемендігін ашық түрде бұзды. Бірінші конгреске қатысқан сионистердің бірі Нахум Соколов «Сионизм тарихы» кітабында былай деп жазды: "Бұл конгресстің ашылуы жоқтау немесе наразылық білдіру үшін емес, маңызды әрекетке және өз-өзіне көмектесуге мәжбүрлеу болды". Бұл конгрессте математик және Гейдельберг университетінің профессоры Герман Шапира екі ұсыныс ұсынды, олар кейінірек бесінші және он бірінші конгрестерде қаралып, мақұлданды, бұл сионистік қозғалыстың бет-бейнесін өзгертуге себеп болды.

Бірінші ұсыныс – Палестинада еврейлерге жер сатып алу үшін қор құру, екіншісі – еврей университетін құру. Бірінші сионистік конгресс өткенге дейін 66 жыл бұрын, 19-ғасырдағы ең маңызды ағылшын тұлғаларының бірі Лорд Шефтсбери 1838 жылы ықпалды Quarterly Review журналында еврей агенттерінің қолындағы британдықтардың Палестинаны отарлауынан Британ империясының пайдасы туралы мақала жазды. Бұл мақалада былай деп айтылған: "Палестинаның топырағы мен климаты Ұлыбританияның қажеттіліктеріне қажетті өндірістің өсуіне ерекше бейімделген. Ең жақсы мақтаны шексіз мол алуға болады. Тек капитал мен дағдылар қажет. Ағылшын офицерінің болуы және оның қатысуы арқылы жасалатын мүліктік қауіпсіздіктің артуы адамдарды Палестинада жұмыс істеуге шақырады. Ешбір елде егін шаруашылығы жоқ еврейлер бұл жерге келіп, үлкен ауыл шаруашылығы ұйымы құрылады.  Енді математик Шапыра мырзаның екі ұсынысына қайта оралайық. Ол  бірінші сионистік конгреске қатысқаннан кейін сегіз ай өткен соң қайтыс болды және әрине оның бұл екі ұсынысы 1901 және 1913 жылдардағы Дүниежүзілік сионистік конгресте мақұлданды. Шапираның екінші ұсынысына келетін болсақ, 1918 жылы Құдс еврей университетін құруға қажетті негіз жасалып, 1925 жылы ашылды.

Кейде Осман империясының осы кезеңдегі жағдайын қарастыруға тура келеді. Соғыстың басталуымен Осман империясы Бірінші Дүниежүзілік соғыстың құмар ойындарына кірді. Осман сұлтаны дүниежүзілік соғысқа қатысып, Германия, Австрия, Венгрия, Болгарияның жағына шығу арқылы осыдан жылдар бұрын Англия мен Франция басып алған Мысыр, Тунис, Кипр және Балқан елдерін өз империясына қайтара аламын деп ойлады. Сондай-ақ Осман сұлтаны Бірінші Дүниежүзілік соғысқа қатысу арқылы ішкі толқуларды басып, сыртқы қарыздарды өтемеймін деп үміттенді. Бірақ Осман сұлтанының идеясына қарама-қайшы соғыс бұл империя мен оның серіктестері үшін сәтсіздікке ұшырады. Германия, Османлы, Австрия-Венгрия және Болгария соғыста жеңіліп, Англия, Франция, Ресей, Жапония және Америка жеңді. Бұл жойқын соғыста 9 миллион 900 мыңдай жауынгер мен 7 миллион 700 мың бейбіт тұрғын қаза тапты.

Дүниежүзілік соғыс 1918 жылы 11 қараша дүйсенбіде аяқталды, бірақ оған дейін сол жылдың 30 қазанында Мудрос портында османдықтар мен ағылшындар арасында бітімгершілік келісімге қол қойылды. 1920 жылы 10 тамызда Осман империясы мен Бірінші Дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен елдер арасында шартқа қол қойылды, оның ережелері төмендегідей болды.

1. Османлықтардың автономиялық Күрдістанға еш қатысы болмайды.

2. Армения еркін және тәуелсіз елге айналады.

3. Палестинада еврей халқының отаны құрылады (1917 ж. Бальфур декларациясы)

4. Османлылардың Мысыр мен Суданға ешқандай талабы жоқ, Кипр Ұлыбританияға қосылды, Марокко мен Тунис Францияның протектораты болды.

Осы шарттың үшінші бабында Бальфур декларациясы мен оның ережелеріне сілтеме жасалды. Бальфур декларациясы 1917 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде британ үкіметі Палестинада «еврей халқының ұлттық үйін» құруды қолдау үшін шығарған декларация болды. Бұл мәлімдеме Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Артур Джеймс Бальфурдың сионистік қозғалыс жетекшілерінің бірі лорд Лионель Уолтер Ротшильдке   1917 жылы 2 қарашада жіберген хаты түрінде болды, кейін ол Бальфур декларациясы деп аталды. Бұл хатында Бальфур Ұлыбритания үкіметінің Палестинада еврей мемлекетінің құрылуын қолдайтынын және бұл тұрғыда бар күш-жігерін аямайтынын хабарлады. Палестиналықтар бұл декларацияны мыңдаған жылдар бойы Палестина халқының осы жердегі ығыстыруына себеп болған жаһандық сионизмнің талаптарына жауап беру үшін Палестина жерінде жалған сионистік режим құрудың алғашқы қадамы деп санайды.

Бальфур декларациясын шығарудағы британдық бұл стратегияның себебі туралы көптеген сұрақтар туындады. Неліктен Ұлыбритания бұл декларацияны шығаруы керек болды? Басқыншы Израиль мемлекетін құруда Лондонның қандай пайдасы бар? Ұлыбритания бұл мәлімдемені жанашырлықпен жасады ма? Ұлыбритания бұл декларацияны сионистік қысыммен шығаруға келісті ме? Жаһандық держава  ретіндегі Ұлыбританияның мүдделері бұл теңдеулердің қай жеріне сәйкес келеді?

Кейбіреулер Бальфур бұл мәлімдемені жариялау арқылы еврейлерге қатты жанашырлық танытты деп санайды. Бірақ Бальфур декларациясын шығару себебіне қатысты ұсынылатын тағы бір гипотеза Вейцманның британ үкіметіне қызмет көрсетуімен байланысты. Кейбіреулердің пікірінше, Вейцманды бағалау және Бірінші дүниежүзілік соғыста Англияға көптеген ғылыми қызметтер атқарған және ацетонды ашқан еврей химигі және Дүниежүзілік сионистік ұйымның басшысына  алғыс айту үшін  Бальфур декларациясы шығарылды. Осыған байланысты ұсынылып отырған тағы бір гипотеза жаһандық сионизмнің күшін, әсіресе оның  бай адамдарын және осы топтың Израиль мемлекетін құруға қысым жасауын Бальфур декларациясын шығаруға себеп ретінде көрсетеді. Кейбіреулер еврей байларымен ажырамас байланысы бар жаһандық капитализм сол кездегі жаһандық капитализмнің үлгісі болған британ үкіметін Бальфур декларациясын шығаруға көндірді деп есептейді. Бірақ Ұлыбританияның Бальфур декларациясын шығаруының ең маңызды себебі осы елдің Батыс Азияның қақ ортасында еврей мемлекетін құрудағы мүдделері деп айтуға болады. Қарапайым сөзбен айтқанда, Ұлыбританияның және жалпы Батыс әлемінің Батыс Азия аймағындағы мүдделері еврейлер үшін ұлттық үкімет құру және бұл үкімет олар үшін стратегиялық одақтас рөлін атқару болды деп айтуға болады. Әрине, сионистік режимнің бірінші басшысы Хаим Вейцманның лоббилігінің Балфур декларациясының шығуында маңызды рөл атқарғанын айта кеткен жөн. Вейцман: "Бұл күш-жігерді шаршатқанымен, дипломатия осыны талап етеді",- деді.

Бальфур декларациясына дейін де оқиғалар болды.

1915  жылдың күзінде Бірінші Дүниежүзілік соғыстың қызып тұрған шағында соғыстың бір жағында болған Англия, Франция және Ресей жеңіске жетсе, Осман империясын өз араларына бөлуге шешім қабылдады.

Англия мен Франциядан келген өкіл бірнеше ай бойы жасырын келіссөздер жүргізіп, мәміле жүргізді, әрине, келіссөздердің барысы туралы орыстарды хабардар етті. Ақыры 1916 жылы мамырда екі жақ риза болып, жасырын түрде Кіші Азия деген құжатқа қол қойды. Кейбір тарихшылар бұл аймақтың саяси географиясын, тіпті тұрғындарының тағдырын өзгертті дейді. Бұл келісім көбінде Сайкс-Пико шарты ретінде белгілі. Сайкс британдық өкілдің,  ал Пикон француз өкілдің тегі. Келіссөздер соңында жасалған келісім мен карта осы екі адамның атымен аталады. Бұл келісім бойынша Палестина Ұлыбританияға берілді, бірақ колония емес, протекторат түрінде.

Сайкс-Пико келісімі мен Бальфур декларациясы Палестинадағы байырғы халық пен еврей иммигранттары арасындағы қақтығысқа алып келді, бұл Британ үкіметін  алаңдатты. Британ билігі Таяу Шығыстағы халық көтерілісімен бетпе-бет келгісі келмеді және еврей иммигранттарымен күресуге шыдамы да жетпеді. Мұндай жағдайда британдық үкімет өкілдері екі шешімді қарастырды. Бірінші шешім Палестина жерін екі тәуелсіз еврей және палестиналық мемлекетке бөлу болды. Екінші жол Палестина мемлекетін және Палестина ішінде еврейлер үйін құру болды. Сол кездегі Англияның премьер-министрі Джеймс Рамси Макдональд Палестина халқының тәуелсіз еврей мемлекетін құруға қарсылық деңгейін ескере отырып, екінші шешімді таңдап, оны парламентке тапсырды. Макдональд жоспарында тәуелсіз Палестина мемлекетінде еврейлердің ұлттық үйін құру 10 жылдық процесте қарастырылған. Бұл бағдарламада еврей иммиграциясының шегі 5 жыл ішінде 75 мың адаммен шектелді, ал иммиграцияның артуы Палестина араб халқының көпшілігінің келісімімен ғана мүмкін болды. Бұл бағдарламаға сәйкес, еврейлер Палестинада сатып алуға және сатуға болатын мүліктің 5 пайызымен шектелді. Бірақ бұл Макдональд бағдарламасы Вейсман мен басқа сионистік жетекшілердің қатты теріс реакциясына ұшырады. Вайсманның айтуынша, Макдональдтың бағдарламасы Херслдің иудаизмінің өлімі болды. Сол кездегі Еврей агенттігінің басшысы Дэвид Бен-Гурион да Макдональд бағдарламасына қарсы болған. Сондықтан бағдарлама іс жүзінде жойылды.

Балфур декларациясы шығарылғанға дейін еврейлер Палестина халқының 5 пайыздан азын құраған, бірақ Палестинадағы британдық протекторат кезінде бұл декларация шыққаннан кейін сионистік халық әлемнің әртүрлі бөліктерінен көшіп келіп, олардың саны біртіндеп өсті. Айта кететін жәйт, еврей иммигранттарының Палестинаға кіруімен бір мезгілде кейбір сионистік барлау, қауіпсіздік, қарсы барлау және операциялық ұйымдар құрылды, олар Ұлыбританияның қызметінде болды және сионистік ойлаудың дамуы үшін белсенді болды. Бастапқыда Хагана және Палмах атты екі сионистік барлау ұйымы құрылды. Осыдан кейін тыңшылық, қауіпсіздік және қарсы барлау миссиялары бар түрлі ұйымдар да құрылды. Сионистердің Палестинадағы тыңшылық пен қауіпсіздік институттарын дамытуға көзқарасы Герцльдің ұсыныстарымен байланысты болды. Герцль еврейлер арасында консенсус құру үшін негіз ретінде айналадағы қорқынышты көтерді. Сионистік шпиондық ұйымды жақсырақ түсіну үшін біз Палестинада   20-шы ғасырдың басында барлау, қарсы барлау және операциялық қызметпен айналысқан кейбір тыңшылық және лаңкестік ұйымдарды таныстырамыз. 

Бар-Гиора тобы

1907 жылы Яффада бұл топтың негізін қалаушыларға орыс солшыл революционерлері үлкен әсер етті. Олардың пікірінше, еврей иммигранттар қауымдастығы Палестина қауымдастығынан тәуелсіздік дәрежесін арттыруы керек. Олар топтың атын Бер-Гиора таңдады. Бұл римдіктер билігі кезіндегі еврей генералының есімі. Бұл топ өз заманындағы еврейлердің басқа тобынан айырмашылығы, римдіктерге қарсы террор құралын қолдануға шешім қабылдаған жоқ. Керісінше, бұл топ еврейлердің тәуелсіздігіне ұмтылды. Яһудилерді қорғау мақсатында құрылған бұл топ еврей қоныстары үшін палестиналық сақшыларға сүйену қателік және осы салада еврей фермерлерін пайдалану керек деп есептеді.

Ха-Шомер тобы

1909 жылы сәуірде Бар-Гиора тобының негізін қалаушылардың бірі Ха-Шомер атты жаңа ұйымды құрды. Бұл топ кішірек, қорқынышты, қастандықшыл және мүшелерді қабылдауда өте қатал болды. 1920 жылы Ха-Шомер жыл сайынғы жиналысында осы топтың мүшелері арасында ауызша қақтығыс болды. Кейбіреулер Ха-Шомерді астыртын және салыстырмалы түрде жасырын ұйым ретінде сақтағысы келді. Басқалары оны кең ұйымға айналдыру қажеттігін айтты. Осы нәтижесіз даулардың нәтижесінде сол жиналыста Ха-Шомерді таратып, Хагана тобына қосылу туралы шешім қабылданды.

Нили тобы

Нили — еврей Библиясындағы еврей сөз тіркесінің аббревиатурасы, Израильдің даңқын білдіреді. Нили тобы 1915-1917 жылдар аралығында Османлы Палестинасында жұмыс істеді. Османлылардың Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңілетінін білген бұл топ Османлылар туралы мәліметтерді Англияға берді. Бірақ 1917 жылы Османлы үкіметі бұл барлау желісін тауып, оның барлық мүшелері өлім жазасына кесілді. Әрине, Нили тобының тек ақпараттық желі ғана емес, бұл топ Османдықтар мен Палестина халқын мәдениетсіз етіп көрсетуге тырысқан мақсатты баяндау желісі болғанын айту керек. Басқа жағынан, бұл топ еврейлерді британдық одақтастар ретінде көрсетті.

Еврей ЛЕГИОНЫ

Бұл топ 1915 жылы еврей иммигранттары арасында Османлыларға және Германияға қарсы соғысу және Ұлыбританияға ілесу үшін құрылған. Бұл топты 1917 жылы Британ армиясы ресми түрде қабылдап, еврей полкі деп атады.

Хагана тобы

Хагана 1920 жылы құрылды.  Бір жағынан, бұл бұрынғы тәжірибелердің нәтижесі, соның ішінде Бар-Гиора тобының Ха-Шомердің тәртібі мен құпиясына қорғанысы, Нилидің барлау қызметі және еврей полкінің әскери жаттығулары болды. Хагана 1947-1948 жылдар аралығында Палестинаны басып алудың соңғы соғысында сионистердің негізгі ұйымдасқан күші болды.

Англия мен сионистік жетекшілердің әрекеттерінің нәтижесінде 1947 жылы 29 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 181 қарарын бекіту арқылы Палестинаны онда тұратын еврейлер мен арабтар үшін екі бөлек елге бөлуге дауыс берді. Арабтардың қабылдамауы мен көптеген елдер мен үкіметтердің наразылығына қарамастан, бұл қарар палестиналықтардың сионистік режимге қарсы тынымсыз және үздіксіз күресіне негіз болды.

Бұл қарар БҰҰ Бас Ассамблеясында 13 қарсы дауыспен 33 қолдап, 1 қарсы дауыспен және 10 қалыс қалыспен мақұлданды. Бұл келісімге сәйкес Палестина жерінің 55 пайызы бұрын Палестина жерінің шамамен 5 пайызының бақылауында болған режимге бекітіліп, Құдс қаласының (Иерусалим) халықаралық деңгейде басқарылатыны туралы шешім қабылданды.

Бұл бөлімде осы режимнің орнауынан көп бұрын құрылған сионистік тыңшылық-террорлық топтардың бірқатарын атадық. Олар террор және үрей тудырумен   палестиналықтарды қуып, жерін басып алу мен сионистік конгресс пен Балфур декларациясын алға жылжытудды көздегеніне назар аударттық. Осымен бүгінгі бағдарламамызды аяқтап,  келесі эпизодта Біріккен Ұлттар Ұйымының 181 қарары шығарылғанға дейін пайда болған осы сионистік лаңкестік ұйымдардың тағы бір қатарымен, содан кейін 1947 және 1948 жылдардағы оқиғалармен таныстырамыз.

 

Тегтер