Maм 17, 2016 16:45 Asia/Almaty
  • Иранның қазіргі заман кинематографиясы

Бүгінгі бағдарламада сіздерді әлеуметтік сын саласында өзінің шынайы туындыларын төрт онжылдық көлемінде ұсынып келе жатқан Иран кинематографиясының ең атақты әрі әлеуметтік кинематографияда өзіндік стильге ие режиссерлердің бірімен таныстырамыз.

Бүгінгі бағдарламада Масуд Кимиаи мен оның кинотуындылары жайында сөз қозғаймыз. Ирандық режиссер және сценарист Масуд Кимиаи – Иран кинематографиясының пікірталас тудыратын тұлғаларының бірі. Ол х.ш.ж.с.б. 1320 (1941) жылы Теһранда дүниеге келген. Осы қалада орта білім алып, кейін баспаларда, киноөндірістерінде жұмыс істеп, повесть, роман жазу сынды мәдени жұмыстарға бет бұрды. Ол кинодағы өзінің барлық техникалық тәжіриебсіне фильм түсіруші топтардың жұмысына көмекші ретінде қатысу арқылы қол жеткізді. Кимиаи хижри шәмси жыл санағы бойынша 1347 (1968) жылы алғашқы кинотуындысын түсірді. Бірақ келесі жылы "Қайсар" фильмін түсіруінің арқасында жұрттың назарын өзіне аударды. Ол осы туындыда алғаш рет кинематографияның екі өрісін, яғни көркемөнер мен коммерциялық бөлімін ұштастырып, Иран кинематографиясының жаңа толқынының бастаушы болды. Аталмыш кинотуынды көтеріліс пен бір тұлғаның қанды кегі өзегін қамтитын "вестерн" фильм үлігісі негізінде түсіріліп, халық оны жылы қабылдап, рекордты сатылым көрсеткішіне қол жеткізді. Осы фильмнің «Қайсар» есімді бас кейіпкері кейін көрермендердің арасында бір символға айналды, ал кек алу сюжеті Иран кинематографиясында айрықша жанрдың түрі ретінде қалыптасты. Мұндай жағдай Иран кинематографиясында бұрын-соңды болмаған құбылыс еді. Кимиаи "Қайсар" фильмінде таныс әрі танымал туындылардың құрылымын қолданып, көрермендердің назарын тартатын және сыншыларға жаңа фильм үлгісін көрсеткен күйінішке толы кинотуынды түсірді. Хиджри шәмси жыл санағы бойынша 1348 (1969) жылы Дариуш Мехрджуи түсірген "Сиыр" және Масуд Кимиаи режиссерлік еткен "Қайсар" фильмдерінің көпшілік назарына ұсынылуы Иран кинематографиясы тарихындағы бетбұрыстық кезең болып табылады. Аталмыш екі кинотуынды өзіндік қырдан әр-түрлі әдіс-тәсілдерімен Иран кинематографиясында жаңа толқынның негізін қалыптастырды. Кимиаи өзінің келесі туындыларында әлеуметтік құндылықтар алдында адам күнәларының бастау көзін қайталап, осы үдерісті жалғастырды. Адамгершілік пен жәуәнмәрттік қасиеттер туралы жарнамаға қарсы қатынасы өзегі заң болып табылатын қоғамда заңсыздықты насихаттады. Ол оны заңның жарамсыздығы сынды дәлелдермен ақтады. Кимиаи бірқатар фильм түсірген соң саясатқа бет бұрып, 1354 (1976) жылы "Гәвәзанха" атты туындысын түсірді. Көптеген адамдардың пікірінше бұл туынды режиссердің қазіргі күнгі ең саяси фильмі болып табылады. Ол бұл фильмде мінез-құлқы екі түрлі тұлға жайында баяндайды. Бірақ соңында олар бірегей тұлғаға айналып, фильм соңы трагедиялық, сөйте тұра эпикалық сарынмен аяқталады. Аталмыш кинотуынды ислам революциясына дейінгі жылдары халық пен сыншылардың түрлі реакциясы мен талдауларына тап болып, көптеген режиссерлерге өз әсерін тигізген еді. Сол жылдардағы Кимиаидің келесі бір әлеуметтік кинотуындысы "Сафаре санг" деп аталды. Мұнда бір ауыл тұрғындарының әділетсіздік пен зұлымдыққа қарсы наразылығы бейнеленеді. Аталмыш туынды Иран ислам революциясы туралы сәуегейлік сипатының түрін қамтыды. Әрі ислам революциясынан кейінгі жылдары да көрермендер тарапынан жақсы қабылданды. Масуд Кимиаи Иран ислам революциясынан кейінгі жылдары толық метражды 17 фильм түсірді. Бұл туындылар табыс пен сәтсіздіктен бөлек әлеуметтік мәселелер мен халықтың әлеуметтік өміріне қатысты реакцияны көрсетті. Режиссердің көптеген туындыларында ұмытылған немесе ұмытылып бара жатқан құндылықтар мен түсініктер өрбітіледі. Кимиаи адамгершілік, қайраттылық пен достықты тілге тиек етіп, өзінің құндылықтарын қорғау жолында қазіргі қоғамның әлеуметтік қиындықтарымен күресетін кейіпкерлердің бейнесінде осы қасиеттерді шыңдайды. Бұл құндылықтарды қарапайым адам қабылдауы мүмкін. Алайда ол қазіргі заманауи өмірге қайшы келеді. Осы ретте Кимиаидің қоғамдық қағидаларды бұзу мәселесі сыншылар тарапымен көрсетілетін режиссердің негізгі қиындықтарының бірі болып табылатынын еске салып өткен жөн. Олардың пікірінше кейіпкерлерді осылайша бейнелеу қате ойдан қыңырлыққа басып, қайтпаудан басқа ештеңе емес әрі бүгінгі қоғамның тетігі мен заңды органдардың рөліне күмән тудырады. Көптеген сыншылар режиссердің ең үйлесімді туындысы ретінде 1368 (1989) жылы түсірілген "Жылан тісі" атты фильмін атайды. Бұл фильмде Саддам Хусейнмен болған Иранға таңылған соғыстан кейінгі жылдары соғысқа қатысқан адамдардың үлкен қалалардағы өмірі баяндалады. Фильмнің қызықты сюжеті актерлердің жақсы ойынымен өрбітіледі. "Жылан тістері" туындысы әлеуметтік кинематография саласының, сондай-ақ жалпы Иран кинематографиясының өшпес туындысы болып есептеледі. Масуд Кимиаидің өзге кинотуындыларының қатарында "Сержант", "Сауда", "Банкет", "Мерседес", "Наразылық", "Жұма сарбаздары", "Үкім", "Бастық", "Көшедегі сот" және "Қылмыс" фильмдерін атауға болады. Бұлар да режиссердің қызығушылығын, яғни әлеуметтік мәселелерді баяндайды. Кимиаидің сценарий жазудағы көзге түсетін қабілеті – оның айрықша диалогтары мен монологтары. Кимиаи қарапайым халықтың көше тілімен жақсы таныс әрі көне Теһранның мақал-мәтелдері мен терминдерін шебер қолдана біледі. Оның кинотуындыларындағы кейіпкерлердің негізгі ойы фильм барысында бірнеше маңызды диалогта қамтылып, көрермендерді тікелей кейіпкердің ойы мен идеалдарымен таныстырады. Кимиаидің келесі бір қабілеті – бұл оның актерлерді байыпты қабылдауы. Осы жағдай аталмыш режиссердің фильмдерінде көптеген актерлердің үздік ойындарының орын алуына себеп болды. Кинематография ұстазы, әрі ирандық актер Амин Тарех осы ретте: "Кимиаи туындыларының негізгі жеңісі – актерлердің ойыны",-дейді. Иран кинематографиясының танымал актерлерінің көбісі өздерінің алғашқы ойындарын осы режиссердің фильмдерінде сомдаған әрі атақты режиссерлер де кинематографиядағы өнер жолын аталмыш кісінің көмгімен бастаған. Кимиаи: "Кинематография мен көркемөнер – өмірдің тек кішігірім бір бөлімі. Бірақ ол өмірдің өзге аспектілеріне қатты әсер етпеуі керек. Мен бетке ұстар азамат емеспін. Тек әлеуметтік мәселелерге реакция көрсетуші адаммын",-дейді. Ол комедия жанрындағы фильмді қоғам үшін у, ал адамзат өмірінің жағдайын ащырақ деп атап, комедиялық фильмдер арқылы оны «тәттірек» етуге болады деп санайтындығын білгендеріңіз қызық болар еді. Кимиаи тұлғалардың мінез-құлқын анықтау саласында кейде эпостық ерекшеліктері бар жағымсыз кейіпкерлерді ойлап табады. Оның негізгі қызығушылығы заңды тиімсіз, әрі толымсыз деп танитын адамның тығырыққа тіреліп, өз құқығын қорғау жолында талпынатын, тіпті осы жолда тұтқындалып немесе зақымданған жағдайда да өз мақсатын ұмытпайтын тұлғаны көрсету болып табылады. Режиссердің бастапқы түсірген туындыларындағы бұл қайшылық сот жүйесі мен полиция органдарынан, кейін жер иеленушілер мен феодалдардың бейнесінен және модернизм мен кенттену үдерісінің дамуынан көрінеді. Алайда оның бүкіл туындыларында саяси үдерістің байқалатындығы мен оған жасырын немесе айқын түрде сілтеменің жасалатындығын нақты айтуға болады. Аталмыш режиссердің бірқатар туындысындағы әлеуметтік топтардың айырмашылығы алғашында қақтығыстарда көрініп, тіпті бұл қақтығыс өткен мен бүгінгі ақ пен қараның күресіне дейін жетеді. Кимиаидің қазіргі қоғамға деген жақындығы әрдайым күйінішті болғанына қарамастан, кейде оның туындылары халық тарапынан да жақсы қабылданып жатты. Тек режиссердің атын естіп, оның фильмін тамашалауға баратын адамдар Кимиаиді Иран кинематографиясының көшбасшысы және өзіндік стилі бар режиссерлердің қатарында қарастырады. Халық назарының маңыздылығы мен солар үшін фильм түсіру аясында Масуд Кимиаидің айтқан пікірлеріне қарамастан, әлеуметтік кинематография саласында Кимиаи туындыларын мінсіз деп айтуға болмайтынына көңіл аудару қажет. Себебі оның бірден-бір дәлелі ретінде қоғамнан алынған тұлғаның бейнесі, заманауи өмірдің бүкіл нышандарымен дұшпандық пен өткен өмірге деген дертті ынтық көрсетіледі. Кимиаи кедейшілік, нашақорлық, тіпті достыққа қиянат жасауды әлеуметтік қиындықтардың қатарында қарастырады. Алайда бұл қиындықтардың шешім жолы адамның ахлағына немесе экономикалық, мәдени жүйелердің түзетулеріне байланысты екендігіне тоқталып өтпейді. Осы режиссердің туындыларында әдетте аталмыш қиындықтарға тап болған адам өзінің жәбірлеушілерінен қарымта қайтару үшін қолына қару алып, қайтып оралмайтын жолға түсіп кек алады. Осылайша Кимиаидің фильмдерінде қоғамтану түсініктері аз кездеседі. Оның кейіпкерлерінің шынайы өмір мен қоғамда прототиптері жоқ.