Сәу 27, 2024 21:02 Asia/Almaty
  • Нұрлы жол. 919-бөлім.

Аса қамқор әрі ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз! Армысыздар, ардақты ағайын! Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айта отырып, «Нұрлы жол» бағдарламасының 919-бөлімін назарларыңызға ұсынып, Құран Кәрімнің аяттарына жасалған жеңіл тәпсірмен таныстыруды одан ары жалғастырамыз.

"Жәсия" сүресінің 26-27-аяттарына құлақ түріңіздер:

«قُلِ اللَّـهُ یُحْیِیکُمْ ثُمَّ یُمِیتُکُمْ ثُمَّ یَجْمَعُکُمْ إِلَى یَوْمِ الْقِیَامَةِ لَا رَیْبَ فِیهِ وَلَـکِنَّ أَکْثَرَ النَّاسِ لَا یَعْلَمُونَ»، «وَلِلَّـهِ مُلْکُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ  وَیَوْمَ تَقُومُ السَّاعَةُ یَوْمَئِذٍ یَخْسَرُ الْمُبْطِلُونَ»

 

Аяттардың аудармасы:

(Мұхаммед Ғ.С.): “Сендерді Алла тірілтеді сосын өлтіреді. Сосын сендерді болуы шәксіз қиямет күнінде жинайды. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді” де. (26)

Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. Қиямет-қайым болған күні, я сол күні; бұзық құмарлар зиянға ұшырайды. (27)

 

Өткен аптада Қиямет күнін теріске шығарушылар жайлы айтылды. Олар Қиямет күніне сену үшін пайғамбардан өз ата-бабаларын тірілтуді талап етті. Мына аятта оларға былай деп жауап берілген: Қазір сендер тірісіңдер, кім сендерді жаратып, өмір сыйлады? Өздеріңді жаратқан Құдайды да теріске шығарасыңдар ма? Егер сендерді біреу жаратқанына сенсеңдер, сол Жаратушының сендерді қайта тірілте алатынын неге қабылдамайсыңдар? Неліктен терең ойналудың орнына бәрін өз көздеріңмен көргілерің келеді?
Аяттардың жалғасында мынадай жайтқа назар аударылған: Құдайдың қайта тудыру құдіретіне күмәндансаңдар, аспан мен жердің ұлылығын ойлаңдар. Сонда осы ұлы дүниені жарата алған және бүкіл ғаламның иесі әрі билеушісі болып табылатын Құдіреттің сендерді қайта тірілтуге қабілеті жететінін түсінесіңдер. 

Ендеше ақиқаттың орнына өтірікке еруден сақ бол, өйткені қиямет күні өкініш пен шығынға ұшырайсың. Әйтпесе өмірдің нәрінен айырылып, өкініш пен қайғыдан басқа ешнәрсеге қол жеткізбейсің.

Адамның өмірі, ақыл-парасаты, таланты оның дүниедегі байлығы екені даусыз. Бірақ жалғанға сүйенгендер мұны өткінші нәрселерге айырбастайды және иман мен ізгі амал ғана кәдеге жарайтын Қиямет күні қандай зиянға батқандарын түсінеді.

 

 Бұл аяттардан үйренетініміз:

  1. Алғашқы адамның өмірі – оның Қиямет күнінде қайта тірілу мүмкіндігінің дәлелі.
  2. Адамдардың көбі жаратылыс белгілері туралы ойланудың орнына оны қабылдау үшін бәрін өз көздерімен көруді күтеді.
  3. Қиямет күнін жалған деп санайтындар сол күн болғанда қандай үлкен зиянға ұшырағандарын түсінеді.

 

 

"Жәсия" сүресінің 28-29-аяттарына құлақ түріңіздер:

«وَتَرَى کُلَّ أُمَّةٍ جَاثِیَةً  کُلُّ أُمَّةٍ تُدْعَى إِلَى کِتَابِهَا الْیَوْمَ تُجْزَوْنَ مَا کُنتُمْ تَعْمَلُونَ»، «هَـذَا کِتَابُنَا یَنطِقُ عَلَیْکُم بِالْحَقِّ إِنَّا کُنَّا نَسْتَنسِخُ مَا کُنتُمْ تَعْمَلُونَ»

 

Аяттардың аудармасы:

(Мұхаммед Ғ.С.) барлық үмметті жүгінген түрде көресің. Әр үммет амал дәптеріне шақырылады да: “Бүгін қылмыстарыңның бодауы беріледі.” (28)

“Бұл Кітабымыз сендерге шындықты сөйлейді. Өйткені, сендердің істегендеріңді жаздырушы едік.” (29)

 

Бұл аятта Қиямет соты жайлы айтылған. Адамдар қорқыныш пен алаңдаушылықтан тізе бүгіп, жағдайының анықталуын күтуде.

Аяттарда Қиямет күнгі сахналар сипатталып былай делінген: Әр үмбет өз кітабына қарай шақырылады. Әр адамның амал дәптері дайындалып қойған. Өйткені илаһи періштелер әр адамның өмір жолында барлық жақсы-жаман істерін тіркеп, Қиямет сотында сол дәптердің бір нұсқасын адамға беруге мінделген. Сонда адам жазықсыз жасаланды немесе сый алды деген күмән туындамайды. 

Сол кезде Құдай тарапынан оларға былай делінеді: Бұл – шындығында сендерге қарсы сөз айтатын, сендердің амалдарыңды баяндайтын кітабымыз. Сол кезде сендер қалағандарыңды істедіңдер, өздеріңнің әрекеттерің бір жерде жазылатынына/тіркелетініне ешқашан сенбедіңдер. Бірақ біз сендердің барлық әрекеттеріңді жазып, тіркеуге бұйырдық.

 

Бұл аяттардан үйренетініміз:

  1. Болмыс жүйесі хақ пен әділет негізінде басқарылады, оның өз есебі бар. Адамдардың барлық амалдары жазылып, тіркеледі.
  2. Қиямет сотында адамдардың жазалануы немесе сый алуының негізі – олардың осы дүниедегі жақсы-жаман амалдары.
  3. Әр адамда оның барлық істері нақты, шындыққа сәйкес тіркеліп отыратын амал дәптері бар.  Амалдардың нақты тіркелетініне сену адамдарды зиянды да қылмыстық істер жасаудан тежейтіні анық.

 

"Жәсия" сүресінің 30-31-аяттарына құлақ түріңіздер:

 

«فَأَمَّا الَّذِینَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ فَیُدْخِلُهُمْ رَبُّهُمْ فِی رَحْمَتِهِ  ذَلِکَ هُوَ الْفَوْزُ الْمُبِینُ»، «وَأَمَّا الَّذِینَ کَفَرُوا أَفَلَمْ تَکُنْ آیَاتِی تُتْلَى عَلَیْکُمْ فَاسْتَکْبَرْتُمْ وَکُنتُمْ قَوْمًا مُّجْرِمِینَ»

 

Аяттардың аудармасы:

Ал енді иман келтіріп, ізгі іс істегендер, сонда оларды Раббылары мәрхаметіне бөлейді. Міне сол айқын қол жеткендік. (30)

Қарсы болғандарға: “Сендерге аяттарым оқылмап па еді? Сонда тәкаппарландыңдар. Сондай-ақ қылмысты ел, сендер едіңдер.” (31)

 

Қиямет сотының соңында адамдар екі топқа бөлінеді. Әрбір топ өз істерінің жазасын алады. Салиқалы мүміндер тобы мен озбыр кәпірлер тобы.

Мүміндер Алланың ерекше рақымы мен мейіріміне бөленеді. Бұл оларға дүние мен ақырет бақытын сыйлайды және бұл – анық жеңіс. Әрине, тексеруден кейін шынайы мейірім ордасына иманымен қоса сауапты істердің капиталына ие болғандар ғана еніп, осы ұлы сыйдан игілікке бөленеді.  Ал кәпірлерге: «Сендерге аяттарым оқылмады ма? Бірақ сендер тәкаппарланып, қырсықтыңыздар» делінеді. Иә, олар Алланың мейірімінен айырылып, құлап, құрып кетеді. Өйткені олар әділдік іздеп, әділдікті қабылдаудың орнына Алланың сөзіне қарсы тұрып, қырсығып, кез келген қылмыс пен күнәға барды.

 

Бұл аяттардан үйренетініміз:

  1. Иман мен амал бір-бірінен бөлек емес. Біреуі жалғыз өзі адамды бақытқа жеткізбейді. Иман салиқалы амалмен бірге жеке тұлға мен қоғамға бақыт әкеледі.
  2. Күпірліктің тамыры – ақиқатқа қарсы тәкаппарлық пен қырсықтық. 
  3. Қылмыс пен күнәнің тамыры – күпірлік пен Аллаға және Оның әмірлеріне қарсы шығу.

 

 

"Жәсия" сүресінің 32-аятына құлақ түріңіздер:

«وَإِذَا قِیلَ إِنَّ وَعْدَ اللَّـهِ حَقٌّ وَالسَّاعَةُ لَا رَیْبَ فِیهَا قُلْتُم مَّا نَدْرِی مَا السَّاعَةُ إِن نَّظُنُّ إِلَّا ظَنًّا وَمَا نَحْنُ بِمُسْتَیْقِنِینَ»

 

Аяттың аудармасы:

“Расында Алланың уәдесі ақиқат әрі қияметтің келуінде шәк жоқ” делінген уақытта: “Қияметтің не екенін білмейміз. Бір ой жору ғана деп ойлаймыз. Сондай-ақ біз анық нанушы емеспіз” (дер едіңдер). (32)

 

Алдыңғы аяттың жалғасында кәпірлердің илаһи уәһилерге қарсы тәкаппарлығы мен қыңырлығы туралы айтылған. Мына аятта былай делінген: Бұл тәкәппарлықтың белгісі: иманды адамдар Қиямет күнінің келетінін айтып, ескертсе, оған мән беріп, ой жүгіртудің орнына: «Қиямет күні деген не тағы? Оны кім көрді? Сендердей мүміндердің сөздері біз үшін жай болжам ғана. Ал біз Қиямет күнінің барына сенбейміз" дедіңдер.

Бір қызығы, егер тура сол адамдарға: "Сіздің үйіңізге өрт сияқты қауіп төнеді" деп айтса, олар дереу және өте жылдам әрекет ететін еді және ықтималды қауіп-қатерден аулақ болуға тырысатын еді, бірақ қайта тірілу мәселесіне келгенде оның ақиқат болу мүмкіндігіне де назар аудармайды.

 

Бұл аяттан үйренетініміз:

  1. Иманды адамдар көп адам қабылдамаса да, олардың алдында өз міндетін орындау үшін ақиқатты әркімге жеткізуі керек.
  2. Қиямет күніне сенімді болу шарт емес, оның орнайтынына күдіктің өзі адамды қылмыс пен күнә жасаудан тыюы керек, өйткені оның қаупі мен зияны өте зор.

Бүгінгі бағдарлама осымен аяқталды. Аман-сау болыңыздар!

Тегтер