Нұрлы жол. 920-бөлім. "Жәсия" сүресінің 33-37 аяттары
Аса қамқор әрі ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз! Армысыздар, ардақты ағайын! Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айта отырып, «Нұрлы жол» бағдарламасының 920-бөлімін назарларыңызға ұсынып, Құран Кәрімнің аяттарына жасалған жеңіл тәпсірмен таныстыруды одан ары жалғастырамыз.
"Жәсия" сүресінің 33-аятына құлақ түріңіздер:
«وَبَدَا لَهُمْ سَیِّئَاتُ مَا عَمِلُوا وَحَاقَ بِهِم مَّا کَانُوا بِهِ یَسْتَهْزِئُونَ»
Аяттың аудармасы:
(Дегенше) істеген істерінің жамандықтары әшкереленіп, олардың мазақтаған нәрселері бастарына жетті. (33)
Өткен бағдарламада Қиямет күнін теріске шығарушылар жайлы айтылды. Олар: "Біз Қиямет деген не екенін білмейміз. Оның келетін-келмейтініне еш болжамымыз жоқ",-деп масқаралаған.
Бұл аяттарда олардың сұрағына жауап ретінде былай делінген: "Қиямет күні келгенде олардың қолына амал дәптері беріледі. Сонда олар барлық істерінің тіркелгенін, ештеңені терістеуге болмайтынын көреді. Олардың жағымсыз істері көз алдарына келтірілген кезде өздері масқаралаған нәрселердің сол күні жағаларынан алып, оларда қашып құтыларға жол жоқ екенін түсінеді".
Бұл аяттан үйренетініміз:
- Қиямет – адам істері әшкере болатын және олардың жарысын әсері мен салдары айқын байқалатын күн.
- Илаһи үкімдер мен тағылымдарды келеке етпейік. Мұндай қатынас бір күні жарға шығады.
"Жәсия" сүресінің 34-аятына құлақ түріңіздер:
«وَقِیلَ الْیَوْمَ نَنسَاکُمْ کَمَا نَسِیتُمْ لِقَاءَ یَوْمِکُمْ هَـذَا وَمَأْوَاکُمُ النَّارُ وَمَا لَکُم مِّن نَّاصِرِینَ»
Аяттың аудармасы:
Оларға: “Сендер осы күнге жолығуды ұмытқандай сендерді Біз де ұмытамыз. Орындарың от. Сондай-ақ сендер үшін бір жәрдемші болмайды” делінеді. (34)
Құран мәдениетінде ұмытшақтық табиғи сипатта болса, сұралмайды. Өйткені адам табиғи түрде кейбір істерді ұмытып кетеді. Біреудің намаз оқуды ұмытып кететіні сияқты. Алайда егер ұмытшақтық Алланың бұйрығына көңіл аудармаудан және саналы түрде елемеуден болса, жазаланады. Өйткені шын мәнінде бұл ұмытшақтық емес, әдейі естен шығару.
Кейбір адамдар Қиямет күнін жоққа шығарады және мұнысына табандап тұрып алады. Басқалар мұндай ұстаным ұстанбайды, бірақ іс жүзінде Қиямет күніне еш көңіл бөлмейді. Қияметті естен шығарғандай әрекет етеді. Екі топ та ойы мен амалына сәйкес жазаланады. Алла тағалаға мұндай адамдарға оларды ұмытқандай қатынас көрсетіп, өзінің шексіз рақымынан мақрұм қалдырады. Әрине мейірімді Алланың адамды ұмытып, барлық рақымынан мақрұм қалдырғаны ол үшін өте ауыр болады. Аяттың соңында былай делінген: Мұндай адамдардың орны – тозақ. Оларға ешкім көмектеспейді.
Бұл аяттан үйренетініміз:
- Сенімі мен іс-әрекетінде Қияметті ұмытқан кез келген адамға Қиямет күнінде ұмытылған кісідей қатынас көрсетіледі. Құдай оны жайына қалдырады.
- Қияметке сену жеткілікті емес. Мүмін адам кез келген жағдайда Қияметті есте сақтауы тиіс.
"Жәсия" сүресінің 35-аятына құлақ түріңіздер:
اکنون به تلاوت آیه 35 از سوره جاثیه گوش میسپاریم:
«ذَلِکُم بِأَنَّکُمُ اتَّخَذْتُمْ آیَاتِ اللَّـهِ هُزُوًا وَغَرَّتْکُمُ الْحَیَاةُ الدُّنْیَا فَالْیَوْمَ لَا یُخْرَجُونَ مِنْهَا وَلَا هُمْ یُسْتَعْتَبُونَ»
Аяттың аудармасы:
Бұларың, Алланың аяттарын мазақтағандықтарыңның салдарынан. Әрі сендерді дүние тіршілігі алдады. Сондықтан олар тозақтан шығарылмайды да, ғұзырлары қабыл етілмейді. (35)
Алдыңғы аяттың жалғасында тозаққа түсудің екі себебі айтылған: біріншісі – дүниенің қызыл-жасылына алдану, екіншісі – Алланың аяттарын мазақтау. Шын мәнінде дүниеге қатты байлану адамды өлімнен кейінгі әлем мен қиямет сотын терістеуге әкеліп соқтырады. Сөйтіп ол өз көңілін жайландырып, нәпсілік қалаулар мен ләззаттарды қанағаттандыруға кіріседі.
Олар тозақ жазасын еске түсіретін адамдарды мазақтап: "Сендер бізді қорқытатындай ана дүниеден кім хабар әкеліпті? Қайдағы жұмақ? Қайдағы тозақ? Мұның бәрі – бос уәде. Қолда барды қарма, несиені таста!"-дейді. Мұндай адамдар осындай ойларымен тәубе мен қайта оралу туралы ойламайтыны анық. Осындай жағдайда өмірден өтеді.
Олар Қияметте тозақтан қашып құтыла алмайды. Оларды тозақ отынан құтқаратын тұшымды себеп жоқ.
Бұл аяттан үйренетініміз:
- Адамның ақыретте жамандыққа ұшырауының себебі – дүние мен оның байлығына, құдіретіне, ләззатына алдануы.
- Алла тағала барлық құлдарына ескертті. Сондықтан сылтау айтып, кешірім сұрау жолын жапты. Қиямет күні ешкім "білмедік" деп айтпауы тиіс.
"Жәсия" сүресінің 36-37-аяттарына құлақ түріңіздер:
«فَلِلَّـهِ الْحَمْدُ رَبِّ السَّمَاوَاتِ وَرَبِّ الْأَرْضِ رَبِّ الْعَالَمِینَ»، «وَلَهُ الْکِبْرِیَاءُ فِی السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَهُوَ الْعَزِیزُ الْحَکِیمُ»
Аяттардың аудармасы:
Барлық мақтау, көктер мен жердің және әлемдердің Раббы Аллаға тән. (36)
Сондай-ақ Көктерде, жерде ұлықтық Оныкі. Ол тым үстем, аса дана. (37)
"Жәсия" сүресінің соңғы аятында Алла тағаланың ғаламдағы орнына тоқталып, былай делінген: "Ғажайып аспандар мен шексіз галактикалардағы тіршілікті Алла реттейді. Осы ұлы болмыста өте елеусіз болып саналатын жер мен жердегілердің істерін Алла жоспарлайды".
Ол өзінің шексіз де жеңілмейтін күшімен, өзінің берік білімі мен даналығына сүйеніп ғаламды басқарады. Демек біздің адам ретіндегі міндетіміз – Құдайды және оның ғаламдағы орны мен рөлін дұрыс тану. Әрине бұл білім мен таным Оған алғыс айтып, мақтауға әкеледі. Өйткені әрбір жақсылық пен нығмет Оның пәк болмысынан шығады. Барлық мақтаулар Оған қайтады.
Соңғы аятта мына мәселеге көңіл аударылған: Құдайдың ұлы істерінің әсері аспанда, жер бетінде және бүкіл ғаламда айқын көрінеді. Көктер мен жердегі ұлылық Оған ғана тиесілі.
Бұл аяттардан үйренетініміз:
- Бар болмыс бір Алланың қалауымен басқарылады. Бұл мәселеде жер мен көктің немесе әртүрлі құбылыстардың арасында айырмашылық жоқ.
- Абырой мен құдірет білім мен парасаттың саясында ғана тиімді.
- Аллаға құлшылық оны дұрыс тануға байланысты. Ұлы деп мақтауға Ол ғана лайық.
Бүгінгі бағдарламада "Жәсия" сүресі аяқталды. Келесі бағдарламада "Ахқаф" сүресіне жеңіл тәпсір жасай бастаймыз. Баршаңызды бір Аллаға тапсырамыз. Сау-саламатта болыңыздар!