Нұрлы жол. 921-бөлім. "Ахқаф" сүресінің 1-5 аяттары
Аса қамқор әрі ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз! Армысыздар, ардақты ағайын! Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айта отырып, «Нұрлы жол» бағдарламасының 921-бөлімін назарларыңызға ұсынып, Құран Кәрімнің аяттарына жасалған жеңіл тәпсірмен таныстыруды одан ары жалғастырамыз.
Бүгінгі бағдарламада "Ахқаф" сүресіне жеңіл тәпсір жасай бастаймыз. Һуд қауымын "Ахқаф" деп атаған. Өйткені тұрған жерлері құмдауыт болатын. 21 аятта Һуд қауымының басынан өткен оқиғаға тоқтаймыз.
"Ахқаф" сүресінің 1-3-аяттарына құлақ түріңіздер:
بِسْمِ اللَّـهِ الرَّحْمَـنِ الرَّحِیمِ
«حم»، «تَنزِیلُ الْکِتَابِ مِنَ اللَّـهِ الْعَزِیزِ الْحَکِیمِ»، «مَا خَلَقْنَا السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ وَمَا بَیْنَهُمَا إِلَّا بِالْحَقِّ وَأَجَلٍ مُّسَمًّى وَالَّذِینَ کَفَرُوا عَمَّا أُنذِرُوا مُعْرِضُونَ»
Аяттардың аудармасы:
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Ха Мим. (1)
Бұл Кітап тым үстем, хикмет иесі Алла тарапынан түсірілді. (2)
Көктер мен жерді әрі екі арасындағыларды шындық бойынша, бір мерзім белгілеп қана жараттық. Ал сондай қарсы болғандар, ескертілген нәрседен жалтаруда. (3)
"Ахқаф" сүресі Құран кітабының басқа 28 сүресі сияқты курсив әріптерден басталады, сол әріптерден кейін Құранның маңыздылығы мен ұлылығы туралы айтылады. Алла тағала былай дейді: Мен осы сендердің қолдарыңда бар әліппедегі әріптерден кітап жаздым. Сендер оның баламасын жаза алмайсың және бұл – Құран мұғжизасының ең жақсы дәлелі.
Құранның көптеген аяттарында Алланың осы кітапты түсірудегі мақсаты баяндалған. Оның ілімін ұстанған адамға абырой мен бедел әкелетіні айтылған. Өйткені Құранның тағылымдары ғылым мен хикметке негізделген. Онда ешбір артық сөз немесе бұйрық жоқ.
Шариғат кітабы ғана емес, табиғат жүйесі де ақиқат негізінде жаратылған. Және ол белгілі бір жоспар мен кесте бойынша басқарылады. Ал бұл жүйеде әр нәрсенің өз орны бар.
Күмәнсіз, Оның иләһи кітабында ақиқатқа қайшы келетін бірде-бір сөз, жаратылған ғаламда ақиқатқа қайшы келетін еш нәрсе жоқ. Барлығы үйлестірілген/теңдестірілген, өлшенген және ақиқат/әділетпен бірге жүреді. Бірақ бұл жаратылыстың басы болатыны сияқты, оның да белгілі бір соңы мен шарықтау шегі бар, ол ана дүниеге жеткенде өледі.
Әрине Алланың барын немесе пайғамбарлардың жіберілуін жоққа шығарушылар Алланың Құрандағы аяттарын, жаратылыстар жүйесін, қисынды ескертулері мен уәһилерін елемейді. Олар шындықтан қашып, одан бас тартады. Нәтижесінде олар өздерін илаһи жетекшіліктен айырады.
Бұл аяттардан үйренетініміз:
- Құран – пайғамбарымыздың жүрегіне түсіп, тілінен төгілген Алланың сөзі.
- Табиғат жүйесі де, шариғат заңдары да ақиқат пен хикметке негізделген, өйткені екеуі де өте дана Алладан бастау алады.
- Аспанның, жердің және бүкіл тіршіліктің белгілі бір уақыты мен есептелген ақыры бар. Және ештеңе кездейсоқ болмайды.
- Бар болмыс ақиқатқа қарай қозғалады. Адам ғана тура жолдан тайып, теріс жолды таңдап адасуы мүмкін.
"Ахқаф" сүресінің 4-5-аяттарына құлақ түріңіздер:
«قُلْ أَرَأَیْتُم مَّا تَدْعُونَ مِن دُونِ اللَّـهِ أَرُونِی مَاذَا خَلَقُوا مِنَ الْأَرْضِ أَمْ لَهُمْ شِرْکٌ فِی السَّمَاوَاتِ ائْتُونِی بِکِتَابٍ مِّن قَبْلِ هَـذَا أَوْ أَثَارَةٍ مِّنْ عِلْمٍ إِن کُنتُمْ صَادِقِینَ»، «وَمَنْ أَضَلُّ مِمَّن یَدْعُو مِن دُونِ اللَّـهِ مَن لَّا یَسْتَجِیبُ لَهُ إِلَى یَوْمِ الْقِیَامَةِ وَهُمْ عَن دُعَائِهِمْ غَافِلُونَ»
Аяттардың аудармасы:
(Мұхаммед Ғ.С.) Оларға: “Алладан өзге шоқынған нәрселеріңді көрдіңдер ме? Олар жер жүзінде не жаратты, маған көрсетіңдерші. Немесе олардың көктерде ортақтығы бар ма? Егер шыншыл болсаңдар, маған бұдан бұрынғы бір кітап яки ғылыми деректер келтіріңдер” де. (4)
Алладан өзге қияметке дейін өзіне жауап бере алмайтын біреуге табынғаннан кім залымырақ? Әрине табынғандары олардың жалбаруларынан хабарсыз. (5)
Бұл аяттарда Исламның сүйікті пайғамбарына Мекке мүшріктеріне хабар беру тапсырылған: Сендер табынатын бұл пұттардың аспан мен жердің жаратылуы мен орналасуында қандай рөлі болды? Жер, аспан, Күн, Ай, жұлдыздарды жаратқан Алла Тағала екенін мойындап тұрсыңдар, сонда неге осы пұттарға табынып, өз проблемаларыңды шешу үшін ана мінез-құлықсыз, ақыл-парасатсыз жаратылыстарға барасыңдар? Сендерге Құраннан бұрын пұттарға табынуға рұқсат беретін кітап келді ме? Әлде ғалымдар сендерге Алладан басқа тәңірлерге құлшылық ететіндеріңе ғылыми дәлел келтірді ме? Пұттарға табыну не ақылға қонымды себепке, не қиссаға негізделуі керек, ал сендерде бұл екі себептің ешқайсысы жоқ. Демек сендердің сенімдерің жалған идеяларға негізделген.
Аяттардың жалғасында былай делінген: Ешбір себепсіз Құдайдың орнына пұттарға немесе басқа құдайларға жалбарынасыңдар. Сендер олардың өздеріңе жауап бермейтінін және сендердің тілектеріңді орындай алмайтынын білесіңдер. Расында, сендер бұрыс жолға түсіп, қатты адастыңдар. Өйткені сендер сөздеріңді мүлде естімейтін, талап-тілектерің туралы ештеңе түсінбейтін және мүлде бейхабар нәрселерге табынып, жалбарынып жүрсіңдер.
Бұл аяттардан үйренетініміз:
- Ғаламды Жаратушының жолынан басқа жолды таңдау – адасу.
- Кейде қарсыластарды ойландыру және өз жолының әлсіздігі мен негізсіздігін түсінуі үшін әдейі сұрақтың астына алу керек.
- Ағаш пен тастан жасалған пұттар ғана емес, дана, қабілетті адамдар да не өзінің, не өзгенің көптеген қалауларын орындай алмайды, Алланың орнына оларға барып, арқа сүйеуге болмайды.
- Адамның әрбір ісінде рационалды және ғылыми себеп немесе Алланың яки Ислам пайғамбарының және оның пәк әрі қатесіз орынбасарларының сөзінен дәлел болуы керек.
Осымен бүгінгі бағдарламамыз аяқталды. Баршаңызды бір Аллаға тапсырамыз.