Шіл 01, 2024 18:14 Asia/Almaty

Аса қамқор әрі ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз! Армысыздар, ардақты ағайын! Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айта отырып, «Нұрлы жол» бағдарламасының 925-бөлімін назарларыңызға ұсынып, Құран Кәрімнің аяттарына жасалған жеңіл тәпсірмен таныстыруды одан ары жалғастырамыз.

"Ахқаф" сүресінің 19-аятына құлақ түріңіздер:

«وَلِکُلٍّ دَرَجَاتٌ مِّمَّا عَمِلُوا  وَلِیُوَفِّیَهُمْ أَعْمَالَهُمْ وَهُمْ لَا یُظْلَمُونَ»

ترجمه این آیه چنین است:

Аяттың аудармасы:

Әркімнің амалы бойынша дәрежелері бар. Сондай-ақ өздеріне амалдарының бодауы толық беріледі де, оларға әділетсіздік етілмейді. (19)

 

Өткен бағдарламада адамдардың екі тобын атап өттік: Бірі – ата-анасына мейіріммен қарап, Құдайға иман келтіргендер. Екіншісі – Құдайдың барын теріске шығарып, ата-ананың құқығына немқұрайлы қарайтындар.

Аятта былай делінген: Алла тағала қиямет күні осы екі топты амалдарына қарай жазалайды немесе сауап береді. Ол әрқайсысының дәрежелері, пейілдері мен әрекет түріне қарай әртүрлі болады.

Аяттың жалғасында жаратылыс жүйесіндегі илаһи әділдікке тоқталып: "Әркім өз еңбегінің нәтижесін толық көреді, ешкімге қылдай да қиянат жасалмайды",-делінген.  

Бұл аяттан үйренетініміз:

Әр адамның бұ дүниедегі және ақыреттегі тағдыры өз қолында. Адамның қиямет күніндегі орны оның ниеті мен іс-әрекетіне байланысты.

Уақыт өте келе адамның істері өшіп, жоғалмайды. Керісінше іс-әрекеттері мен оның салдары адамның іс-әрекетінің жазбасында жазылып, қиямет күні толық көрініс табады. Ол қиямет күніндегі адамның жазасының немесе сыйының негізі болып табылады.

 

"Ахқаф" сүресінің 20-аятына құлақ түріңіздер:

«وَیَوْمَ یُعْرَضُ الَّذِینَ کَفَرُوا عَلَى النَّارِ أَذْهَبْتُمْ طَیِّبَاتِکُمْ فِی حَیَاتِکُمُ الدُّنْیَا وَاسْتَمْتَعْتُم بِهَا فَالْیَوْمَ تُجْزَوْنَ عَذَابَ الْهُونِ بِمَا کُنتُمْ تَسْتَکْبِرُونَ فِی الْأَرْضِ بِغَیْرِ الْحَقِّ وَبِمَا کُنتُمْ تَفْسُقُونَ»

Аяттың аудармасы:

Сондай қарсы болғандар, отқа төндірілген күні: “Дүние тіршілігінің қызығын көріп, одан пайдаландыңдар. Ал енді бүгін жер жүзінде орынсыз менменсіп, бұзақылық қылғандықтарың себепті қорлаушы азаппен жазаланасыңдар” (делінеді). (20)

Алланың дүниедегі рақымы мен мейірімі мүмін де кәпір барлық адамдарды қамтиды. Алла кәпірлер мен мүшріктерден материалдық және дүниелік нығметтерді аямайды.

Бұл аятта былай делінген: Бұ дүниеде кәпірлер мен күнәһарлар материалдық ләззат пен илаһи нығметтерден жеткілікті түрде пайда көреді. Олар ештеңеден құр қалмайды. Бірақ қиямет күні, яғни жаза күні Алланың кең мейіріміне тек тазалар мен ізгілер ғана бөленеді. Бұл дүниеде ақиқатқа қарсы тұрып, қыңырлығымен, қырсықтығымен, тәкаппарлығымен ақиқатты қабылдаудан бас тартқандар ауыр азапқа ұшырайтыны сөзсіз.

Бұл аяттан үйренетініміз:

Дүниеде илаһи нығметтерден ләззат алу Аллаға иман келтіруге байланысты емес, керісінше Алланың барлық жаратылыстарына, соның ішінде адамдарға беретін ризығы.

Мойынұсынбай тәкаппарлану іс жүзінде азғындыққа және ізгі жолдан тайдыруға әкеледі.

Қиямет күніндегі азап пен қорлық – бұл дүниеде тәкаппарланып, күш-қуат, абырой, ұлылыққа иемін деп уәж айтқандардың жазасы.

 

"Ахқаф" сүресінің 21-23 аяттарына құлақ түріңіздер:

«وَاذْکُرْ أَخَا عَادٍ إِذْ أَنذَرَ قَوْمَهُ بِالْأَحْقَافِ وَقَدْ خَلَتِ النُّذُرُ مِن بَیْنِ یَدَیْهِ وَمِنْ خَلْفِهِ أَلَّا تَعْبُدُوا إِلَّا اللَّـهَ إِنِّی أَخَافُ عَلَیْکُمْ عَذَابَ یَوْمٍ عَظِیمٍ»، «قَالُوا أَجِئْتَنَا لِتَأْفِکَنَا عَنْ آلِهَتِنَا فَأْتِنَا بِمَا تَعِدُنَا إِن کُنتَ مِنَ الصَّادِقِینَ»، «قَالَ إِنَّمَا الْعِلْمُ عِندَ اللَّـهِ وَأُبَلِّغُکُم مَّا أُرْسِلْتُ بِهِ وَلَـکِنِّی أَرَاکُمْ قَوْمًا تَجْهَلُونَ»

Аяттардың аудармасы:

(Мұхаммед Ғ.С.) Ғад елінің туысын (Һұд Ғ.С. ды) есіңе ал; сол уақытта Ахқафтағы еліне ескерткен еді. Расында одан бұрын да, кейін де ескертушілер өткен еді. Ол еліне: “Алладан басқаға құлшылық қылмаңдар. Шын мәнінде мен сендерге (келетін) зор күннің азабынан қорқамын” (деді). (21)

Олар: “Сен, бізді тәңірлерімізден айныту үшін келдің бе? Мүбада шын айтушылардан болсаң, дереу бізге, бопсалаған нәрсеңді келтір” деді. (22)

“Шын мәнінде мәлімет Алланың қасында. Мен сендерге менімен жіберілген нәрсені жалғастырып, отырмын. Дегенмен сендерді надан ел көремін” деді. (23)

Бұл аятта хазірет Һұд пен оның қауымының тағдыры жайлы былай делінген:

Һуд басқа илаһи пайғамбарлар сияқты адамдарды көпқұдайшылық пен пұтқа табынушылықтан, нашар және ұятсыз істерден сақтандырған. Бірақ олар өздерінің дұрыс емес мінез-құлықтары туралы ойлауды және жалған тәңірлерге табынуды тоқтатудың орнына, пайғамбарларынан бұл дүниеде уәде етілген жазаны жіберуін сұрады. Ал жаза мен азап Алланың қолында. Бұ дүниеде де, ақыретте де пайғамбарлардың мұны түсінуге қауқары жоқ.

Сондықтан хазірет Һұд оларға былай деп жауап берген: Менен қалағандарың менің қолымда емес, оның білімі Алланың қасында. Мен тек Алланың әмірін жеткізу және сендерді таухидке шақыру міндетін атқарамын. Мен сендерді сөзімді қабылдауға мәжбүрлемеймін, біреуді жазалайтын күшім де жоқ. Мен сендердің қыңырланып, ақиқатты қабылдамай, оған иман келтірмеулеріңнің түбін надандықтан көремін.

Бұл аяттардан үйренетініміз:

Пайғамбарлардың мүшрік адамдарға қатысты бірінші міндеті оларды қауіптен хабардар ету болды.

Тарих бойында барлық пайғамбарлардың миссиясының мақсаты бір, жалғыз Аллаға құлшылық ету және кез келген көпқұдайшылық пен күпірліктен аулақ болу болды.

Қиямет күнінің келетініне сенген адамның дүниедегі іс-әрекеті, мінез-құлқы түзеледі.

Пайғамбарлардың міндеті адамдарды құлшылыққа мәжбүрлеу емес, илаһи хабарды жеткізу болды.

Этникалық және тайпалық әдет-ғұрыптар мен наным-сенімдерге табандап тұрып алу адамның надандығының белгісі болып саналып, оны ақиқатты түсінуден алшақтатады.

Осымен бүгінгі бағдарламамыз аяқталды. Баршаңызды бір Аллаға тапсырамыз.

Тегтер