Маусым 01, 2016 16:33 Asia/Almaty
  •  Ұлы тұлғаның алдында 25

Исламның ұлық пайғамбарының пайғамбарлық міндетке таңдалып, оны орындауға кірісуі біріншіден, тоуһидке, яғни тек бір Аллаға құлшылық етуге шақыруы болды.

Алла елшісі, тіпті дұшпандарының өздері оның мінез-құлқы мен жоғары адамгершілігі және кемеңгерлігінің алдында тағзым еткен адал әрі мейірімді тұлғаның өзі. Ол өзінің беғсатымен адамзаттың өмірін нұрландырып, дінді таратып, адамдарға адамгершілік пен рухани кемелдікке  жеткізетін жолды көрсетті. Исламның ұлық пайғамбарының пайғамбарлық міндетке таңдалып, оны орындауға кірісуі біріншіден, тоуһидке, яғни тек бір Аллаға құлшылық етуге шақыруы болды. Тоуһид адамзатқа  бұл дүние мен ақыретте  бақытты өмірге жеткізетін ерекше өмір сүру тәсілін ұсынады. Тауһид негіздеріне иман келтірген адам Алланы өз өмірінің әр сәтінің бақылаушысы санап, Жаратушының шексіз күш-қуатына сүйеніп, адамзаттың барлық мүмкіндігін түкке тұрғысыз деп есептейді. Сондықтан зұлымдық пен зорлықты қабылдамайды, керісінше ғиззат пен батылдықты қолдайды. Бұл Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.)-ның шынайы хабарларының бір бөлігі. Иран Ислам революциясының қазіргі таңдағы жетекшісі аятолла Хаменеи беғсаттың ең үлкен хабарын ір Аллаға құлшылық ету деп атап: ««Алладан басқа Құдай жоқ» – біздің және басқа барлық пайғамбарлардың негізгі жолдауы. Бұл жолдау бойынша адамның өмірі мен жолында, сонымен бірге өмір сүру тәсілін таңдауда бөгде күштер мен шайтандар араласпауы керек және адамдар өз өмірлерін нәпсі мен талап-тілектеріне бағындырмауы керек. Егер тоуһидты ислам діні тұрғысынан тәпсірлейтін болсақ, мұсылман қоғамында оң өзгерістер орын алып, адам дүние мен ақыретте шынайы бақытқа жетеді, адамзат қоғамы дамып, кемелдікке жетіп, адамға қызмет етеді»,- деген. Аятолла Хаменеи беғсатты  алға ілгерілеу деп атап, беғсат  басында Хиджазды, одан кейін  бүкіл дүниенің кеңістігін шамамен 20 жылда өзгере алды деп санады.  Иран Ислам революциясының жетекшісі Исламның ұлық пайғамбарының пайғамбарлық міндетіне кірісерден бұрынғы қоғамдық және мәдени жағдайы туралы: «Алла елшісінің беғсаты адамзат үшін жаңа өмірдің басталуы болды. Бұл жолдау пайда болған мекеннің қоғамы өте жаман әрі төзуге болмайтын кеңістікке ие болды. Бұл қоғам материалдық  құндылықтардың, хайуандық талап-тілектердің, байлық пен зорлықтың, кемсітушілік пен бұзақылық және тұрақсыздықтың қоғамы болды. Мұндай жағдай тек Хиджазға ғана тән ерекшелік болған жоқ. Арабстан аймағындағы екі үлкен үкімет – сасанидтік Иран мен императорлық Рим де осындай мәселелермен кезіккен болатын»,- деді.  Беғсатқа дейінгі қараңғы күндері Арабстанның барлық аймақтарында өз заманына лайық ғылым мен өркениет қалыптасқан болатын, салтанатты үкіметтерде жүйе мен тәртіп орнатылып, тіпті бұл елдерде абсолюттік биліктің жүйесі де кездескенімен, адамгершілік болмады. Сол заманның қоғамында халық Алладан басқа билікке, яғни тағұттар мен зұлымдықтың билігінің қол астына түсіп, таптардың арасында қайшылықтар байқалатын. Аятолла Хаменеи осы мәселе бойынша сөзінің жалғасында: «Сол кездегі қоғамда әділеттің үні де естілмейтін. Байлар мен билік басындағылар және зорлық-зомбылық жасаушылар  халықтың жаны мен мүлкінеүстемдік етті. Сол кезде пайғамбар қоғамда ахлақ пен ымырашылықты, әділет пен махаббатты таратты. Қоғамда  мұндай қасиеттер болмаған, керісінше қатыгездік, зорлық-зомбылық таралып, ахлақ пен рухани байлықтар аяқасты болып, адамдар нәпсілерінің қалауына бағынатын,  надандық ашу-ыза етек жайып, жөнсіз тәкаппарлық таралған еді.  Осындай ауыр жағдайда, су тапшылығы мен шөп өспейтін далада пайғамбар 13 бойы алға ілгерілеп, ілім, әділет, тоухид, руханият және ахлаққа сүйенген үкімет құрды. Иә, Алла елшісі өзінің   беғсатымен қорлықты ғиззатқа, үрейді достыққа, ашу-ызаны ымырашылыққа, надандықты  білімге айналдырып, нәтижесінде мұсылмандар ғасырлар бойы адамзатты жетістіктерге бастады. Алла елшісінің беғсатының әртүрлі әрі көптеген тұрғылары бар. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сан рет беғсаттың әртүрлі  тұрғылары туралы баяндаған болатын. Бірақ аятолланың көзқарасы бойынша қазіргі кезеңде беғсаттың түрлі түрғыларының екеуі ерекше маңыздылыққа ие: «Қазіргі кезеңде адамзат беғсаты ахлақ пен ойлану тұрғысын қажет етеді. Егер бұл екі тұрғы қамтамасыз етілсе, адамзаттың ежелден келе жатқан талап-тілектері қамтамасыз етіледі. Алла елшісінің өзі «Мен ахлақтың жақсы қасиеттерін кемелдендіру үшін пайғамбарлық міндетке сайландым» дейтін. Құран Кәрімнің «Жұма» сүресінің 2-ші аятында: «Ол сондай Алла, сауатсыздардың ішіне өздерінен оларға Алланың аяттарын оқып, оларды тазартатын, сондай-ақ оларға Кітап, даналық үйрететін бір Пайғамбар жіберді. Негізінде олар бұрын ашық адасуда еді»,- деп айтылған. Қорыта айтқанда, пайғамбардың міндетінің мақсаттарына тағылым, нәпсі мен жүректерді тазарту, ахлақты жақсарту, сондай-ақ, адамдарды қиындықтардан, ахлақты әлсіздік пен нәпсілік шаһуаттан құтқару жатады. Ойлану мәселесі де негізгі әрі маңызды мәселе саналады. Бұл тек біздің пайғамбарымыздың ғана міндеті болған жоқ. Бұл адамзаттың ойлану сезімі мен ойлану күштерін жаңғыртуды көздеген арнайы міндетке таңдалған барлық пайғамбарларға қатысты.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         Осы кезде адамзат материалдық өмір мен шексіз ләззаттарға батып, нұрлы жолды жоғалтып, қараңғылыққа кіріп, бұл шырғалаңнан шығатын жолды білмеуі мүмкін. Аятолла Хаменеи нәпсіні тазарту мен ойлануды қазіргі адамзат қоғамының емі деп атап: «Біз қазіргі кезде ахлақтық тәрбиені қажет етеміз. Тазару, Құран оқу мен хикметті түсіну адамның ішкі өзгерістеріне әкеледі. Яғни, адам түзеліп, жақсарады, дүниені бұзақылыққа итермелейтін ішіндегі ластықтары мен кемшіліктерінен  айырылып, құтқарылады. Біз, адамдар өз болмысымызда ойлануға көмектесетін үлкен қабілетке иеміз. Біз ойланбасақ, зерттемесек, илаһи аяттардағы жолдауларды түсінуге талпынбасақ, тарихымыз, өзіміздің өткеніміз, адамзат кезіккен әртүрлі оқиғалар мен халықтардың қиындықтары мен жеңістерінің себептеріне назар аудармасақ, Алланың бізге сыйлаған рухани қазынасынан мақұрым қаламыз»,- деп ескертті. Алла елшісінің беғсаты жоғары мақсатқа ие. Сондықтан барлығымыз оған жетуге талпынуымыз керек. Ол көптеген шипа беретін нұсқаларға ие толық ем-дәрмен сынды. Бұл нұсқаны пайдаланып, адамзаттың  барлық ахлақи, қоғамдық, саяси және мәдени  дерттерін емдеуге болады.  Біздің міндетіміз беғсаттың мақсаттарына жетуге талпынуымыз  болып табылады. Аятолла Хаменеи: «Құран Кәрімнен беғсат туралы оқыған кезде соңғы дін мен соңғы пайғамбардың келуімен адамзаттың бүкіл нәпсісі тазарды деп ойлауға болады. Егер Пайғамбар мен ислам діні әділет орнатып, әлсіздерді  құтқару,  жанды және жансыз пұттарды құрту үшін сахнаға қадам басты деп айтсақ, бұл жарқыраған күннің көзінің  келуімен адамзаттың өмірін пұттар билемейді деп айтуға болмайды.  Ислам мен пайғамбардың     халыққа ұсынғаны баршаға шипа беретін нұсқа саналады. Ол зұлымдық пен кемсітушілікке қарсы тұрып, әлсіздердің құқықтарын бұзуға рұқсат етпейді» деді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

Тегтер