Маусым 20, 2016 19:53 Asia/Almaty

Бүгінгі бағдарламада парсы тілін үйренумен қатар, Иранның қазіргі заманғы танымал дәрігерлерінің бірімен танысамыз. Осы көрнекті ирандық дәрігердің есімі – доктор Мұхаммад Ғариб.

Доктор Мұхаммад Ғариб 1909 жылы Теһранда дүниеге келген. Ол кезде балалардың барлығы дерлік дәстүрлі мектептерде білім алатын. Бірақ әкесі оны жаңа мектепке жібереді. 

Доктор Ғариб аттестат алғаннан кейін, медицина саласында білім алу үшін Францияға аттанады. Ол жерде доктор Ғариб айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп, Франция үкіметінен «Құрметті легион» орденін алған. Доктор Ғариб педиатрия мамандығы бойынша білім алғаннан кейін, Иранға  оралып, өз елінде қазіргі заманғы педиатрияның негізін қалады. Ғариб балаларды емдеу ауруханаларының негізін қалап, өмірінің соңына дейін науқас балаларды емдеп, педиатрия саласы мамандарын тәрбиелеумен болды.

Алдымен жаңа сөздерге назар аударайық:

 

سریال

сериал

телехикая

جالب

джалеб

қызықты

روزگار قریب

рузегар-е Ғӓриб

Ғарибтің тағдыры

تو مي بيني

то мибини

сен көресің

تاكنون

та канун

осы уақытқа дейін

من نديده ام

мӓн нӓдидеӓм

мен көрмедім

موضوع

моузу

тақырып

چیست ؟

чист?

не?

زندگي

зендеги

өмір

پزشک

пезешк

дәрігер

معاصر

моасэр

қазіргі заманғы

ایرانی

ирани

ирандық

تو گفتی

ту гофти

сен айттың

يعني

яани

яғни

زنده

зенде

тірі

سال

сал

жыл

1974

һезар-о-ноһсӓд-о-һӓфтад-о-чӓһар

мың тоғыз жүз жетпіс төрт

او فوت کرده است

у фоут кӓрде ӓст

ол қайтыс болды

متخصص

мотӓхӓссэс

маман

متخصصان

мотӓхӓссэсан

мамандар

پزشکی

пезешки

медициналық

كودكان

кудӓкан

балалар

خارج

харедж

шет, тыс

او تحصیل کرده است

у тӓхсил кӓрде ӓст

ол білім алды

دیپلم

диплом

аттестат

او گرفت

у герефт

ол алды

تحصیل

тӓхсил

білім, оқу

رشته

реште

мамандық

او رفت

у рӓфт

ол барды

فرانسه

фӓрансе

Франция

دوباره

дубаре

қайтадан

او بازگشت

у базгӓшт

ол қайтты

او ماند

у манд

ол қалды

البته

ӓлбӓтте

әрине

متعهد

мотӓӓһһэд

жауапты, жауапкершілігі мол

دانشمند

данешмӓнд

ғалым

كارهاي بزرگ

карһай-е бозорг

ұлы істер

او انجام داد

у ӓнджам дад

ол жасады

او پایه گذاری کرد

у пайегозари кӓрд

ол негізін қалады

او داشت

у дашт

онда болды

بیمارستان

бимарестан

аурухана

خصوصی

хосуси

арнайы

او تدریس می کرد

у тӓдрис кӓрд

ол оқытты

دانشگاه

данешгаһ

университет

شاگرد

шагӓрд

шәкірт

شاگردان

шагӓрдан

шәкірттер

 

 

Енді Мұхаммад пен досы Саидке оралайық. Олар бөлмеде отыр. Рамин «Ғарибтің тағдыры» атты телехикая көріп отыр. Бұл қызықты телехикая доктор Мұхаммад Ғарибтің балалық шағынан  бастап қайтыс болғанға дейінгі өмірін баяндайды.

Мұхаммад пен Раминнің әңгімесіне құлақ салайық:
 

رامین - این سریال خیلی جالب است . آیا سریال " روزگار قریب " را می بینی ؟

Рамин: Ин сериал хейли джалеб ӓст. Айа сериал-е «Рузегар-е Ғӓриб» ра мибини?

Рамин: Мына телехикая өте қызық екен. «Ғарибтің тағдыры» деген хикаяны көресің бе?

محمد - نه . تاكنون این سریال را ندیده ام . موضوعش چیست ؟

Мухаммад: Нӓ. Та канун ин сериал ра нӓдидеӓм. Моузуӓш чист?

Мұхаммад: Жоқ. Осы уақытқа дейін бұл телехикаяны көрмедім. Не туралы?

رامین - زندگی دکتر محمد قریب . او یکی از پزشکان معاصر ایرانی بود .

Рамин: Зендеги-е доктор Мухамад Ғӓриб. У йеки ӓз пезешкане моасэр-е ирани буд.

Рамин: Мұхаммад Ғарибтің өмірі туралы. Ол қазіргі заманғы ирандық дәрігерлердің бірі болды.

محمد - گفتی او پزشک معاصر بود ، يعني اکنون دیگر زنده نیست .

Мухаммад: Гофти у пезешк-е моасӓр буд, яани ӓкнун дигӓр зенде нист.

Мұхаммад: Ол қазіргі заманғы дәрігер болды деп айтқаныңа қарағанда қайтыс болған ғой.

رامین - بله . او در سال 1974 فوت کرده است . قريب ، متخصص پزشکی کودکان بود .

Рамин:  Бӓле. У дӓр сал-е һезар-о-ноһсӓд-о-һӓфтад-о-чӓһар фоут кӓрде ӓст. Ғӓриб, мотӓхӓссэс-е пезешки-е кудӓкан буд.

Рамин: Ия. Ол бір мың тоғыз жүз жетпіс төртінші жылы қайтыс болды. Ғариб педиатрия маманы болды.

محمد - او در خارج از ایران تحصیل کرده است ؟

Мухаммад: У дӓр харедж ӓз Иран тӓхсил кӓрде ӓст?

Мұхаммад: Ол шетелде білім алған ба?

رامین - بله . او در تهران دیپلم گرفت و برای تحصیل در رشته پزشکی به فرانسه رفت .

Рамин: Бӓле. У дӓр Теһран диплом герефт вӓ бӓрай-е тӓхсил дӓр рештей-е пезешки бе Фӓрансе рӓфт.

Рамин: Ия. Ол Теһранда аттестат алғаннан кейін, медицина мамандығы бойынша білім алу үшін Францияға кетті.

محمد - آیا او دوباره به ایران بازگشت یا در فرانسه ماند ؟

Мухаммад: Айа добаре бе Иран базгӓшт йа дӓр Фӓрансе манд?

Мұхаммад: Иранға қайта оралды ма әлде Францияда қалды ма?

رامین - البته که به ایران بازگشت ، او پزشکي متعهد و دانشمند بود .

Раимн: ӓлбӓтте ке бе Иран базгӓшт, у пезешки мотӓӓһһед ва данешмӓнд буд.

Рамин: Әрине, Иранға қайтып оралды. Ол жауапты әрі данышпан дәрігер болды.

محمد - او چه کارهای بزرگی انجام داد ؟

Мухаммад: У че карһай-е бозорги ӓнджам дад?

Мұхзаммад: Ол қандай үлкен істер атқарды?

رامین - او پزشکی کودکان در ایران را پایه گذاری کرد و یک بیمارستان خصوصی هم داشت .

Рамин: У пезешки-е кудӓкан дӓр Иран ра пайегозари кӓрд вӓ йек бимарестан-е хосуси һӓм дашт.

Рамин: Ол Иранда педиатрия саласының негізін қалады. Оның мамандандырылған ауруханасы да болды.

محمد - دكتر قريب در دانشگاه هم تدریس می کرد ؟

Мухаммад: Доктор Ғӓриб дӓр данешгаһ һӓм тӓдрис микӓрд?

Мұхаммад: Доктор Ғариб университетте де сабақ берді ме?

رامین - بله . بسیاری از متخصصان کودکان در ايران از شاگردان دکتر محمد قریب هستند .

Рамин: Бӓле. Бесиари ӓз мотӓхӓссэсан-е кудӓкан дӓр Иран ӓз шагӓрдан-е доктор Мухаммад Ғӓриб һӓстӓнд.

Рамин: Ия. Ирандағы педиатрия мамандарының көбісі доктор Мұхаммад Ғарибтің шәкірттері болып табылады.

 

 

Мұхаммад пен Рамин бірге отырып, доктор Мұхаммад Ғариб туралы телехикаяны тамашалайды. Ол телехикаяда доктор Ғарибтің өз қаржысымен ашқан ауруханада кедей науқастарды ақысыз емдеп жатқаны көрсетіледі. Ол иманды әрі қамқор дәрігер болған. Жас дәрігерлер оның қасында көмекші болып жүріп, көптеген нәрселер үйренетін. Доктор Ғарибтің медицинада өзіндік ерекше қабілеті болды. Ол аурудың болар-болмас белгілерін көріп-ақ, оны нақты тауып айтатын. Доктор Ғариб халықаралық медициналық ұйымдарда да танымал болған. Ол өмірінің соңында қуықтың қатерлі ісігіне шалдығып, өз ауруханасында төсек тартып жатып қалды. Доктор Ғариб науқас болып жатқан кезде де ауруханадағы науқастардың жағдайын бақылап отыратын. Ол сол ауруханада 1974 жылы қайтыс болды.