Маусым 20, 2016 19:57 Asia/Almaty

Мұхаммад университетте «Исламнан кейінгі Иранның тарихы» атты пәнді де оқиды. Осы пәннің қарастыратын мәселелерінің бірі түрлі ғасырларда өмір сүрген ғұламаларға байланысты.

Олардың ұстазы – доктор Карими мырза. Қазір Мұхаммад пен сыныптастары сабақта отыр. Доктор Карими студенттерге Ибн Сина немесе Абу Алиибн Сина туралы баяндайды.

 Абу Али ибн Сина – мың жыл бұрын Бұхара қаласында дүниеге келген ирандық дәрігер, данышпан, философ әрі математик. Ол балалық шағынан бастап оқу-білімге құштар болып, өзінің дарыны мен талпыныстарының арқасында жастық шағында танымал дәрігер және ойшылға айналып, өз дәуіріндегі барлық ұстаздардан озық болды.

Осы танымал ирандық данышпанның біздің қолымызға жеткен көптеген туындылары бар. Өкінішке орай, оның еңбектерінің бір бөлігі тарих бойында жойылған. Ибн Синаны әлемдегі ирандық ең танымал данышпан әрі дәрігер деп атауға болады. Осы атақты философтың көптеген шәкірттері болған. Олардың көбісі өз заманының ғұламалары болған.

Алдымен жаңа сөздерге назар аударайық:

 

هزار سال پيش

һезар сал пиш

мың жыл бұрын

او به دنيا آمد

у бе дониа амӓд

ол  дүниеге келді

حتما"

хӓтмӓн

міндетті түрде

نام

нам

атау, есім

کتاب

кетаб

кітап

شما شنيده ايد

шома шенидеид

сіздер естідіңіздер

استاد

остод

ұстаз

شفا

шефа

шипа, дауа

درمورد

дӓр моуред-е

туралы

فلسفه

фӓлсӓфе

философия

فيلسوف

филсуф

философ

منطق

мӓнтеқ

логика, қисын

او نوشته است

у невеште ӓст

ол жазды

درست است

дорост ӓст

дұрыс

علاوه بر اينكه

ӓлаве бӓр инке

оған қоса

پزشک

пезешк

дәрігер

پزشکي

пезешки

медициналық

مشهور

мӓшһур

танымал

او بوده است

у буде ӓст

ол болды

او دارد

у дарӓд

онда бар

معروفترين

мӓӓруфтӓрин

ең танымал

قانون

ғанун

заң, ереже

سريال

сериал

телехикая

داستان

дастан

хикая

معالجه

моаледже

емдеу

معالجات

моледжат

емдеу жұмыстары

ما ديده ايم

ма дидеим

біз көрдік

شما ديده ايد

шома дидеид

сіздер көрдіңіздер

فقير

фӓқир

кедей

فقرا

фоғӓра

кедейлер

پادشاهان

падешаһан

падишаһтар

مطب

мӓтӓб

емдеу бөлмесі

من شنيده ام

мӓн шенидеӓм

мен естідім

پرفروش ترين

порфоруштӓрин

ең көп сатылатын

منبع

мӓнбӓ’

дереккөз

منابع

мӓнабе’

дереккөздер

علم

элм

ғылым

درسي

дӓрси

оқыту

آموزشي

амузеши

оқыту

دويست

девист

екі жүз

دانشگاه

данешгаһ

университет

مهم

моһемм

басты, маңызды

اروپا

Орупа

Еуропа

آن تدريس مي شد

ан тӓдрис мишод

ол оқытылды

ادبيات

ӓдӓбиат

әдебиет

چيزي

чизи

бір зат

شما نگفتيد

шомо нӓгофтид

сіз айтпадыңыз

حق با شماست

хӓқ ба шомост

сіздікі дұрыс

حتي

хӓтта

тіпті

شاعر

шаэр

ақын

زبردست

зӓбӓрдӓст

шебер

اي کاش

ейкаш

шіркін

تمام

тӓмам

барлық

450

чӓһарсӓд-о пӓнджаһ

төрт жүз елу 

دست

дӓст

қол

ما در دست داشتيم

ма дӓр дӓст даштим

біздің қолымызда болса

 

 

Енді доктор Карими мен студенттердің әңгімесін тыңдалық:

 

استاد - ابن سينا هزار سال پيش در بخارا به دنيا آمد . حتما" نام او و کتابهايش را شنيده ايد .

Остод: Ебн-е Сина һезар сал пиш дӓр Бохара бе дониа амӓд. Хӓтмӓн нам-е у вӓ кетабһайӓш ра шенидеид.

Ұстаз: Ибн Сина мың жыл бұрын Бұхарада дүниеге келген. Міндетті түрде оның есімі мен кітаптары  туралы естіген боларсыздар.

دانشجو - بله . او کتاب " شفا " را درمورد فلسفه و منطق نوشته است .

Данешджу: Бӓле. У кетаб-е «Шефа» ра дӓр моуред-е фӓлсӓфе вӓ мӓнтеқ невеште ӓст.

Студент: Ия. Ол философия мен логика туралы «Шипа кітабын» жазған.

استاد - درست است . اما ابن سينا علاوه بر اينكه فيلسوف بزرگي بود ، پزشک مشهوري نيز بوده است .

Остод: Дорост ӓст. ӓмма ибн Сина ӓлаве бӓр инке филсуф-е бозорги буд, пезешк-е мӓшһури низ буде ӓст.

Ұстаз: Дұрыс. Бірақ Ибн Сина ұлы философ болуымен қатар, танымал дәрігер де болған.

محمد - پس حتما" درمورد پزشکي نيز کتابهايي دارد

Мухаммад: Пӓс хӓтмӓн дӓр моуред-е пезешки низ кетабһайи дарӓд.

Мұхаммад: Онда оның міндетті түрде медицина туралы кітаптары  болуы керек.

استاد - بله . او درمورد پزشکي چند کتاب نوشته که معروفترين آن کتاب " قانون " است .

Остод: Бӓле. У дӓр моуред-е пезешки чӓнд кетаб невеште ке мӓӓруфтӓрин-е ан кетаб-е «Ғанун» ӓст.

Ұстаз: Ия. Ол медицина туралы бірнеше кітап жазды, олардың арасындағы ең танымалы «Ғанун» кітабы.

دانشجو - استاد ، در سريال تلويزيوني ابن سينا ، داستان هاي معالجات پزشکي او را ديده ايم .

Данешджу: Остод, дӓр сериал-е телевизиуни-е Ебн-е Сина, дастанһай-е моаледжат-е пезешки-е у ра дидеим.

Студент: Ұстаз, Ибн Сина туралы телехикаяда оның емдеу жұмыстары туралы оқиғаларды көрдік.

استاد - خوب است که آن سريال را ديده ايد . او پزشك فقرا و پادشاهان بود .

Остод: Хуб ӓст ке ан сериал ра дидеид. У пезешке фоғӓра вӓ падешаһан буд.

Ұстаз: Ол телехикаяны көргендеріңіз жақсы болған екен. Ол кедейлер мен падишаһтардың дәрігері болған.

دانشجو - من شنيده ام ، کتاب قانون از پرفروش ترين كتابها در دنيا بوده است .

Данешджу: Мӓн шенидеӓм, кетаб-е Ғанун ӓз порфоруштӓрин кетабһа дӓр дониа буде ӓст.

Студент: Естуім бойынша, «Ғанун» кітабы әлемдегі ең көп сатылатын кітаптардың қатарында болған.

استاد - بله . همين طور است . اين كتاب ، از منابع مهم علم پزشكي بوده است .

Остод: Бӓле. Һӓмин тур ӓст. Ин кетаб, ӓз мӓнабей-е моһемм-е элм-е пезешки буде ӓст.

Ұстаз: Ия. Солай. Бұл кітап медициналық ғылымның басты дереккөздерінің бірі болған.

دانشجو - پس " قانون " ابن سينا ، كتابي درسي و آموزشي است .

Данешджу: Пӓс «Ғанун»-е Ебн-е Сина, кетаби дӓрси вӓ амузеши ӓст.

Студент: Онда Ибн Синаның «Ғанун»  кітабы  оқу құралы ғой.

استاد - بله . تا دويست سال پيش اين کتاب در دانشگاههاي مهم اروپا تدريس مي شد

Остод: Бӓле. Та девист сал пиш ин кетаб дӓр данешгаһһай-е моһемм-е Орупа тӓдрис мишод.

Ұстаз: Ия. Екі жүз жыл бұрын бұл кітап Еуропаның басты университеттерінде оқытылатын.

دانشجو - استاد درمورد فلسفه و ادبيات ابن سينا چيزي نگفتيد ..

Данешджу: Остод, дӓр моуред-е фӓлсӓфе вӓӓдӓбиат-е ибн Сина чизи нӓгофтид.

Студент: Ұстаз Ибн Синаның философиясы мен әдебиеті туралы ештеңе айтпадыңыз ғой. 

استاد - حق با شماست . ابن سينا فيلسوفي بسيار بزرگ بود و حتي شاعري زبردست نيز بود .
اي کاش تمام 450 اثر ابن سينا ر ا در دست داشتيم .

Остод: Хӓқ ба шомост. Ебн-е Сина филсуфи бесиар бозорг буд вӓ хӓтта шаэри зӓбӓрдӓст низ буд. Ейкаш тӓмам-е чӓһарсӓд-о пӓнджаһ асар-е ибн Сина  ра дӓр дӓст даштим.

Ұстаз: Дұрыс айтасыз. Ибн Сина ұлы философ әрі ақын болды. Шіркін, Ибн Синаның 450 еңбегінің барлығы қолымызды болғанда ғой.  

 

 

Ұстаз сөзін жалғастырып былай деді: «Ибн Сина логика, философия,  илаһиат пен медицинаны 18 жасына дейін оқып, өз дәуірінің ең көрнекті данышпанына айналды.  Ол өз өмірін ғылымғаарнаған. Тіпті уәзір болған кезінде де бұл мүмкіндікті өзінің зерттеу жұмыстары үшін пайдаланды.  Ибн Сина мейлі кедей болсын, мейлі бай болсын,барлық науқастарды емдеген. Ол үшін түсетін пайда емес, науқастарды емдеу маңызды болды».

Ибн Сина музыкада да теориялар ұсынып, көптеген әдемі өлеңдер қалдырған. Оның философия, жаратылыстану және медицина саласындағы кітаптары өзінен кейін ғасырлар бойы әлем данышпандары үшін пайдалы болды.

Ибн Синаның кесенесі Хамадан қаласында орналасқан.

Күн сайын көптеген саяхатшылар оның кесенесін көруге келіп, осы ғұлама данышпанның  рухының тыныштығы үшін дұға тілейді.