• Иран: Афиф-Абад бағы

    Иран: Афиф-Абад бағы

    Қаң 17, 2019 20:36

    Шираздың ең көркем әрі ең көне бақтарының бірі – Шираз қаласының батысында орналасқан «Афиф-Абад» немесе «Гольшан бағы». Ауданы шамамен 13 гектарды құрайтын бақ қанша уақыт өтсе де, өзінің қарапайымдылығы мен сұлулығын жоғалтпаған. Бақтың айналасын кірпіштен қаланған дуал қоршап тұр. Дуалдың ішінде өте әдемі әрі көздің жауын алатын гүлге толы бақ орналасқан.

  • Иран: Бабак қамалы

    Иран: Бабак қамалы

    Қаң 17, 2019 14:07

    Бабак қамалы Шығыс Әзірбайжан облысының Ахар қаласының солтүстігінен 50 километр қашықтықта, Калибар аймағындағы Қарасу өзенінің батыс биіктігінде орналасқан. Бұл қамал теңіз деңгейінен шамамен 2300-2700 метр биіктікте Сасани билігі кезінде салынған. Қамал хиджридің үшінші ғасырында Аббаси халифатына қарсы көтеріліс кезінде оны пайдаланған Иранның тарихи сардары Бабак Харамдиннің құрметіне аталған. Қамалдың көптеген мұнарасы бар. Үш қабаттан тұрады. Негізгі залы мен жеті бөлмесі бар.

  • Иран: Дәрбәндсәр

    Иран: Дәрбәндсәр

    Қаң 14, 2019 20:42

    Дәрбәндсәр – Теһран облысының Шамиранат ауданына қарасты Рудбар-е Ғасран округындағы ауыл.

  • Иран: Хансар қаласы

    Иран: Хансар қаласы

    Қаң 13, 2019 18:42

    Хансар – Иранның Исфаһан облысында орналасқан қала. Бұл қаланың тарихы Исламға дейінгі кезеңнен басталады. Тиджан ауылының қасындағы Тир тауында "Тир" деген отхана мен "Хейкал" ғибадатханасы, сондай-ақ Қуджан ауылындағы Пехлеви стилінде жазылған қабір тасы қаланың көнелігін дәлелдейді. Бұл аймақтың сарқырап ағып жатқан бұлақтары Хансар қаласының табиғатына ерекше сұлулық сыйлайды. Хансарды Ирандағы бақ қаланың кемел үлгісі деп атауға болады.

  • Иран: Мешгиншәһрдің аспалы көпірі

    Иран: Мешгиншәһрдің аспалы көпірі

    Қаң 12, 2019 20:52

    Мешгиншәһрдің аспалы көпірі – Ардебиль облысындағы Мешгиншәһр орманды саябағы мен "Хайучаи" өзенінің үстінде 80 метр биіктікте салынған Таяу Шығыстағы ең ұзын көпір.

  • Иран: Сасанг ауылы

    Иран: Сасанг ауылы

    Қаң 10, 2019 18:13

    Сасанг – Голестан облысы Минудашт ауданының орталық бөлігіндегі Чеһел-Чай ауылдық округінде орналасқан туристік ауыл. «Иранның солтүстігіндегі жұмақ» деп аталатын бұл ауыл Минудашт қаласынан 21 шақырым қашықтықта хиркан ормандардың дәл ортасында орналасқан. Сасанг ауылындағы бір-біріне жақын орналасқан сегіз сарқырама мен сабан балшықтан салынған көне үйлер және үңгірлер Голестан облысының тартымды туристік жерлері саналады.

  • Иран: «Алангдарре» орманы

    Иран: «Алангдарре» орманы

    Қаң 09, 2019 22:32

    «Алангдарре» – Горган қаласының оңтүстік-батысына қарай 5 шақырым қашықтықта көлемі 185 гектар жерде орналасқан орман саябағы.

  • Иран:

    Иран: "Риге Дженн" шөлі

    Қаң 08, 2019 17:15

    "Риге Дженн" – Иранның орталық шөліндегі құм төбелері бар шөлді аймақ. Аймақ ауданының үлкендігі мен еш бір бұлақ немесе құдықтың болмауына байланысты бұрынғы заманда керуендер бұл жер арқылы мүлдем өтпеген. Тек соңғы жылдары ғана зерттеушілер мен саяхатшылардан құралған бірнеше топ барған.

  • Иран: «Танге Бостанак»

    Иран: «Танге Бостанак»

    Қаң 07, 2019 20:11

    «Жасырын жұмақ» немесе «Танге Бостанак» – Иранның таңғажайып табиғи тартымды мекендерінің бірі.

  •  Иран: Риджаб сарқырамасы

    Иран: Риджаб сарқырамасы

    Қаң 07, 2019 10:57

    Риджаб (Пиран) сарқырамасы Керманшаһ облысындағы Сарпол Заһаб қаласынан 9 километр қашықтықта орналасқан.