Еуропада оңшыл экстремизм мен исламнан үркіту үдерісі артуда 1
(last modified Wed, 28 Dec 2016 10:27:25 GMT )
Жел 28, 2016 16:27 Asia/Almaty
  • Еуропада оңшыл экстремизм мен исламнан үркіту үдерісі артуда  1

Оңшыл экстремизмге қарай бет бұру еуропалық мемлекеттер мен Еуроодақтың саяси, қоғамдық және мәдени теңгерімін өзгертті.

Сарапшылардың пікірінше Еуропаның 2008-ші жылғы экономикалық және қаржы тоқырауымен бетпе-бет келуі қаржы дағдарысы мен Еуропаға ағылған мигранттардың толқынына қарсы қатаң шара қолдануына себеп болды. Сонымен бірге Еуроодақ пен Ресей арасындағы саяси қайшылықтар мен лаңкестік қоқан-лоққылардың артуы Еуропадағы  оңшыл экстремизм жақтастарының белсенділігі  мен исламнан үркіту саясатын күшейтті. Олар өткен бірнеше жылда Еуропадағы сайлаулар мен референдумдарда көптеген жетістіктерге жетіп, жылдамдықпен алға ілгерілеуде. 

Еуропада оңшыл экстремизм ағымдары артуда

Оңшыл экстремизмге бет бұрушылардың санының артуы дәстүрлі солшыл және оңшыл центристер партияларының араларындағы қашықтықты азайтты немесе жойды. Сондықтан Еуропаның дәстүрлі партиялары, әсіресе консерваторлық оңшыл центристері қоғамдық орындарынан айрылмау және экстремистік оңшыл партиялардың әсерін азайту үшін қоғамдық, мәдени, тіпті саяси салада экстремистік оңшыл партиялардың ұрандарын қайталауда. Еуропаның консерваторлық оңшыл партиялары  мигранттар мен исламға қарсы тұру мәселелері бойынша экстремистік оңшыл партияларға жақындады. Басқа жақтан Еуропаның дәстүрлі солшыл партиялары 2008-ші жылғы қаржы дағдарысы мен қатаң экономикалық шаралар қолданғаннан кейін өздерінің қоғамдық базаларынан айырылып, дәстүрлі оңшыл центристер  партиялары жақтастарының көбі экстремистік солшыл немесе әкстремистік оңшыл  партияларға қарай бет алды.

Еуропалық мемлекеттердің өткен бірнеше жылғы сайлауларында солшыл дәстүрлі партиялардың дауыстары азайды.  Шамамен ешбір еуропалық мемлекетте бірқалыпты солшыл дәстүрлі партиялардың билік басына оралуға үміттері қалмады. Тіпті  екіполюстік жүйені сақтап қалған мемлекеттердің өзінде   солшыл  және  оңшыл центристердің партиялары үкімет құра алмайды. Сондықтан олар қарсылас немесе кішігірім  партиялармен коалициялық үкімет құруға мәжбүр. Испания 2016-шы жылы осындай мемлекеттердің бірі болды. Халық консерваторлық партиясы алты ай аралықта өткен екі сайлауда  Парламент құруға қажет көпшілік дауысқа ие бола алмай, шағын партиялардың бірінің қолдауымен үкімет құрды.   Испанияның ең солшыл партиясы, яғни социалистік партиясы  екі сайлауда өз орындарынан айрылды.

 Испанияның консерваторлық партиясының төрағасы Мариано Рахой

  Еуропадағы сайлаулар мен референдумдардағы саяси бәсеке солшыл және оңшыл центристердің арасынан экстремистік бірқалыпты және экстремистік оңшыл партиялардың арасындағы сайысқа айналды. Кейбір мемлекеттерде оңшыл және солшыл центристер  партиялары экстремистік оңшыл партияларға қарсы бет бұрудың санын азайту үшін бір-біріне жақындап, көптеген жайттарда экстремистік оңшыл партияларға қарсы бірікті. Германиядағы немесе Франциядағы жергілікті сайлауларда осындай жағдай туындады. Францияның социалистік партиясы рейтингінің төмендеуіне байланысты 2017-ші жылғы бұл елдегі президенттік сайлауда оңшыл центристердің үміткері Франсоа Фийон  мен мигранттар мен исламға қарсы ұстанымға ие «Ұлттық майданның» үміткері Мари Ле Пен   бәсекеге түседі деген болажмдар жасалуда.

 

Францияның «Ұлттық майданның» үміткері Мари Ле Пен   

 2017-ші жылдың  тамыз айында Германияда өтетін Парламенттік сайлауда оңшыл «Германия үшін альтернатива» партиясы Германияның 16  федералдық  жерінің онында айтарлықтай дауысқа  ие болды. Австрияның президенттік сайлауында солшыл және оңшыл центристер  партияларының үміткерлері бірінші кезеңде бәсекеден артта қалып, «Жасылдар одағы» мен оңшыл экстремистік «Азаттық» партиясының үміткері екінші кезеңге шықты.  Голландияның 2017-ші жылдағы парламенттік сайлауында исламға қарсы ұстанымымен танымал Герд Вилдерс басқаратын «Еркіндік» партиясы бұл елдің оңшыл және солшыл центристік партиялары үшін дағдарысқа айналады. Италияда Еуроодақ пен Еуроодақ ортақ валютаға қарсы «Бес жұлдыздық қозғалыс» Парламентте екінші орынды иемденді. Сауалнамалар бойынша, егер 2017-ші жылы мерзімінен бұрын сайлау өткізілетін болса,  шынайы бәсеке болады. Басқа еуропалық мемлекеттерде де экстремистік оңшыл партиялардың күшеюі немесе әлсіреуіне байланысты саяси теңгерім мен партиялардың қашықтығы өзгерді. Еуропалық мемлекеттердегі  партиялардың өзгеруімен 2017-ші жылы және одан кейін де Еуропа үлкен дағдарыстармен бетпе-бет келмек. Мигранттарға қарсы ұстанымдар мен исламнан үркіту саясатына байланысты сөз бен наным-сенім еркіндігі туралы уәж айтатын Еуропадағы исламға қарсы  экстремистік партияларға куә болудамыз.

Еурподағы оңшыл ағымдарға бет бұрушылар

Бұл өзгерістер Еуропадағы экстремистік оңшыл партияларды басқа партиялардан ажыратуды қажет етеді. Экстремистік оңшыл ой-пікірдің Еуропадағы тамыры неден бастау алады? Экстремистік оңшыл ұстанымдар Еуропадағы өзгерістерге қандай әсерін тигізеді? Исламға қарсы саясаттың күшеюімен Еуропада өмір сүретін аз санды мұсылмандардың жағдайы не болады?

 Экстремистік оңшылдар туралы зерттеушілердің пікір айырмашылығы байқалмайды. Саяси және қоғамдық ғылымдардың ғалымдары Еуропадағы экстремистік оңшылдарды сипаттау үшін дағдарыс тудырушы, наразы, бөгделерден қорқытатын популист, жаһандану мен интеграцияға қарсы деген сипаттарды пайдаланады. Осыған орай жаңа тарихи кезеңдегі жаһандану туралы сұхбат жүргізіп, қателеспеуге талпыныс жасауымыз керек. Бүгін экстремистік оңшыл идеологияны  фашизм сынды фактор және әлем дүниесінің жаңа стратегияларына көңіл бөлу арқылы талқылау қажет. Оңшылдар идеологиясының бүгінгі жағдайы ұйымдастырылған экстремистік оңшылдықтың әртүрлі көқарастарға ие топтардан құрылғанын көрсетеді. Бұл топтардың кейбіреулері бір-бірімен ынтымақтастық жасайды, басқалары  бәскелеседі немесе тіпті бір-біріне қарсы күреседі.

 2016-шы жылдың қаңтарындағы оңшыл ПЕКИДА тобының шеруі

 Саяси ғылымдар саласының ғалымдарының арасында Карпир Игнази экстремистік оңшыл партияларды анықтау үшін  үш шартты баяндайды: біріншіден, олар оңшылдарға қарсы болуы керек; екіншіден, олардың  идеолгиясы фашистік негіздерге ұқсас; үшіншіден, оңшыл экстремистер  демократиялық жүйенің заңдылығын теріске шығаратын саясат жүргізуі керек. Игнази аталмыш үш факторға тоқталып, оңшыл экстремистерді екі топқа бөледі: бірінші топ ежелден келе жатқан дәстүрлі топтың мұрагері, оның фашизммен қатысы өте аз; екінші топ дәстүрлі емес экстремистік оңшыл топ. Экстремистік оңшыл топтар мигранттарға қарсы шығып, сайлауда көпшілік дауысқа ие болды. Олар миграциялық мәселені қарапайым мәселеден жоғары санайды. Бұл топтың екі ерекшелігі бар: олар сайлаушылардың көзқарастарын пайдаланып, мигранттарға қарсы сезімдерді өзгерткісі келеді. Мигранттарға қарсы ұстанымдар басқа партиялардың айыптаулары мен сындарына тап болды.