Ауғанстандағы ДАИШ тобының қатері және онымен қарсыласу 1
Ауғанстанда ДАИШ лаңкестік тобының әрекеттері күшейді. Ауғанстан мен Пәкістан үкіметтері басында ДАИШ лаңкестік тобының қоқан-лоққыларын шынайы қатер деп санамады. Бірақ бұл топ лаңкестік шабуылдарымен екі елдің қауіпсіздігін шынайы қатерге тіреді. «ДАИШ-тың Ауғанстандағы мақсаты не? Бұл топ бұл елдің жергілікті тобына айнала алады ма?»
ДАИШ лаңкестік тобының әрекеттері 2013-ші жылы Таяу Шығыс елдеріндегі исламдық ояну қозғалысы өз толқынына жеткен кезде басталды. Көпшіліктің пікірінше, бұл лаңкестік топ әл-Қаида лаңкестік тобынан бөлінген. Расында, олар ДАИШ лаңкестік тобын Батыстың барлау ұйымдарының арнайы мақсаттарымен әл-Қайдадан бөлінген топ және ол өз әрекеттерін Сириядан бастап, Иракта жалғастырды деп санайды. Сарапшылардың көбінің пікірінше, ДАИШ-тың Ауғанстанға енуі – Үлкен Хоросанды құруды мақсат ететін бұл топтың дамуының соңғы кезеңі. Осыдан шамаен екі жыл бұрын ДАИШ лаңкестік тобы Ауғанстандағы өзінің құзырын жариялады. Бұл топ өзінің терең ойымен Сирия мен Иракта сәтсіздікке ұшыраған жағдайда күштерін ауыстыратын жер болу үшін Ауғанстанда жаңа майдан ашты. Сөйтіп, ДАИШ Ауғанстанда қайтадан ұйымдастырылатын болады. Басқалар ДАИШ лаңкестік тобының Ауғанстанда орналасуын АҚШ-тың лаңкестерді Орталық Азия мен Кавказға аттандыру саясаты деп санайды. ДАИШ лаңкестік тобы халифат туралы теориясымен арнайы мақсаттарға ие тәуелсіз әрі сүнниттердің арасында ерекше орынға ие болатын топ екенін көрсетті. ДАИШ лаңкестік тобы кейбір исламдық рауаяттарды сараптап, өзінің исламдық халифаттың Хоросан бөлімін құру әрекеттерін шариғатқа сай деп көрсетуге талпыныс жасауда. Осыған орай ДАИШ исламдық халифаттың Хоросан бөлімін құратынын жариялап, Ауғанстандағы әрекеттеріне шынайы кірісуде. Бұл топ Ауғанстандағы сұм мақсаттарын алға ілгерілету және халықты, әсіресе жастарды қызықтыру үшін өзінің әскери логистикалық мүмкіндіктерін жоғары көтеретін және қаржы көздерімен қамтамасыз алатын топ ретінде таныстыруда. Ауғанстандағы ДАИШ лаңкестік тобының құрамында арабтар бар деп айтылғанмен, оның негізгі мүшелерін ауғандықтар, пәкістандықтар, өзбектер, шешендер, тәжіктер мен Қытайдың ұйғырлары құрайды. ДАИШ тобы неліктен базасы ретінде Ауғанстанды таңдады және бүгін неліктен бұл елдегі әрекеттерін күшейтуде деген сұрақтарға жауап беру үшін ішкі, аймақтық және халықаралық мәселелрге тоқталу қажет. Ішкі мәселелер тұрғысынан Ресейдің сыртқы қарым-қатынас кеңесінің маманы жұмыссыздық, кедейшілік, отбасылық қиындықтар мен психикалық жағдайды ДАИШ лаңкестік тобының Ауғанстанда өз қатарына адами күш жинауға үміттендіретін факторлар ретінде атады. Бұл мемлекет осы кезге дейін ұлттық үкіметі құрылмаған, әлі де тайпалық түрде жергілікті басшылар тарапынан басқарылатын әлемдегі санаулы мемлекеттердің бірі саналады. Ауғанстанда Парламент пен орталық үкімет болғанымен Кабул үкіметі елдің жер-жерін басқаруға қажет күшке ие емес. Бұл мәселемен бірге Ауғанстан қоғамдық, саяси және экономикалық терең алшақтықтармен бетпе-бет келіп, біртұтас ұлт құру мүмкіндігінен айырылып отыр. Ауғанстанның миллиондаған азаматының әртүрлі елдерге босқындар ретінде шашырауы олардың кейбір экстремистік және лаңкестік топтарға мүше болып кіруіне жағдай тудырды. Ауғанстанның атқару, сот және заң шығару органдарында бұзақылықтың таралуы мен бұл органдардың халықтың мәселелерін шеше алмауы халықьың наразылығына себеп болып, адамдардың қатыгез лаңкестік топтарға кіруіне сылтау болуда. БҰҰ-ның қылмыс және есірткімен күрес басқармасы ауғандықтардың бір жылдың ішінде өз жұмыстарын алға ілгерілету үшін 3,9 миллиард доллар пара төлейтіндіктері туралы жариялады. Ауғанстанның ұлттық билік партиясының басшысы да заң мен биліктің біліксіздігін, елдегі заңдардың іске асырылмауын Ауғанстан халқының үкіметке білдіретін наразылықтарының себептері деп атады. Бұл себептер Ауғанстандағы лаңкестік топтардың әрекеттері мен адам контрабандасы үшін жағдай тудырады. Елдің ішінде де Талибан тобының бірнеше топқа бөлінуі ДАИШ лаңкестік тобы үшін өз мүшелерінің қатарына Талибанның тараған мүшелерін немесе үкіметтің саясаттарының қарсыластарын қосып алуға мүмкіндік тудыруда. Талибан тобындағы қайшылықтар шамамен екі жыл бұрын бұл топтың бұрынғы басшысы Молла Омар өліп, топтың басшылығы Ахтар Мансурдың қолына өтуімен күшейді. Молла Расул жаңа топ құрып, Молла Ахтар Мансур басқаратын Талибан тобымен сан рет бете-бет келді. Молла Ахтар Мансур өлген соң Талибан тобының басшысы болып, Молла Хейбатолла сайланғанымен ол да Талибандарды біріктіре алмады. Талибандардың қайшылықтары мен ДАИШ лаңкестік тобының олардың басшылары мен мүшелеріне көптеген қаржы беруі олардың кейбіреуінің ДАИШ-қа қосылуына себеп болды.Талибан тобы ДАИШ тобына бият етуін теріске шығарып, Ауғанстандағы ДАИШ тобының әрекеттерінің артуы туралы ескерту жасағанымен, ДАИШ Сауд Арабиясы мен АҚШ сынды қолдаушыларының қаржы көмектеріне сүйеніп, Талибан мүшелерін өзіне тарту үшін көптеген қаржы жұмсауда. Көкнәр егіп, есірткі жасау Ауғанстанның бай кендерімен бір ДАИШ лаңкестік тобын қызықтырады. ДАИШ тобы қазір Ирак пен Сирияда ауыр шығын көріп, Түркия арқылы іске асырған мұнай экспортының қаржысынан айрылған жағдайда Ауғанстандағы сенімді қаржы қолдауына ие болуды көздейді. Бұл мемлекет әлем бойынша есірткі шығару саласындағы ең үлкен мемлекет саналып, экстремистік топтарды қаржымен қамтитын ортаға айналды. Ресейдің есірткімен күрес федералдық қызметі Ауғанстанның жылдық бюджеті 13 миллиард доллар болса, бұл елдегі есірткі өнімінің 150 миллиард долларға жететінін қуаттады. Осы басқарма өткен жылдары Ауғанстанда есірткі егетін жердің 60 пайызға артқанын хабарлады. Жарияланған мәліметтер бойынша Ауғанстан бүкіл әлемде шығарылатын апиынның 80 пайызын қамтамасыз етеді. Ауғанстадағы есірткінің өндірілуі мен оның контрабандасының жалғасуы бұл елдегі лаңкестік топтардың ең маңызды қаржы көздері болып отыр. АҚШ 2001-ші жылы Ауғанстанда лаңкестікпен күресуді сылтауратып, бұл елді басып алғанымен, еш уақытта лаңкестердің көзін құрту үшін шара қолданбады. Дәл осы мәселе лаңкестік топтардың өз өмірлерін жалғастыруымен қатар ДАИШ лаңкестік тобына да бұл елде мықты орналасуға мүмкіндік тудырды. Негізінде ДАИШ лаңкестік тобы Сирия мен Ирактағы мұнай қорларын өз бақылауына алу тәжірибесін пайдаланып, көкнәр көп өсетін аймақтарды өз бақылауына алып, өзін қажет қаржымен қамтамасыз етуді көздеуде. Осыған орай ДАИШ тобы Ауғанстанда біріншіден ең көп көкнәр егетін Хельманд провинциясында шоғырланды. Талибандардың бұл провинцияны өз бақылауында қалдыру әрекеттері екі лаңкестік топтың бір-бірімен бетпе-бет келуіне себеп болды. Ауғанстанның кен және табиғи ресурстарының лаңкестік топтың бақылауына түсуіне байланысты бұл елдің Кен министрлігі ДАИШ-ті елдің жаңадан қадам басып келе жатқан өнеркәсібі үшін шынайы қатер деп жариялады. ДАИШ лаңкестік тобының Ауғанстандағы келесі мақсаттарының бірі – әйелдер мен балаларды қырып, халықтың арасында үрей тудыру. Сөйтіп, ДАИШ-пен ынтымақтастық етпегендері үшін оларға ауыр құн төлетпек. Осыған орай Ауғанстандағы Исламдық бауырлар кеңесінің басшысы Моулави Хабиболла Нангархар орталығы Джалалабадтың жазықсыз балалары мен әйелдерінің ДАИШ лаңкестік тобының қолынан қырылуына тоқталып, Ауғанстанның бүкіл халқын, әсірее ғалымдарын ұлттық бірлікті нығайтуға және дін мен Құранның және халықтың дұшпанына қарсы тұруға шақырды. Сонымен бірге ДАИШ-ке қарсы күресетін ғалымдардың рөлінің маңыздығын қуаттап, оларды баспасөз бен мешіттер арқылы халықты хабардар етуге шақырды. Өйткені лаңкестік топтың Ауғанстан мен басқа елдердегі Ислам дінінің атымен іске асырып отырған әрекеттері Ислам мен адамгершілікке қайшы келеді. Осындай жағдайда Ауғанстанда ДАИШ туралы екі көзқарасты байқауға болады: бірінші көзқарас бойынша ДАИШ-тың Ауғанстандағы әрекеттерінің артуы үрей тудыруды мақсат етеді және бұл елде аталмыш топтың әрекет етуіне қажет жағдай жоқ; бірақ екінші ағымның көзқарасы бойынша ДАИШ Ауғанстанға ғана емес, сонымен қатар бүкіл аймақ үшін шынайы қоқан-лоққы.