Еуропада оңшыл экстремизм мен исламнан үркіту үдерісі артуда 3
(last modified Sun, 15 Jan 2017 12:59:56 GMT )
Қаң 15, 2017 18:59 Asia/Almaty
  • Еуропада оңшыл экстремизм мен исламнан үркіту үдерісі артуда 3

Оңшыл экстремизмнің ұқсас ерекшеліктеріне олардың исламға, жаһандануға, Брюссельге (яғни Еуроодаққа) қарсы болуы және бүгінде Ұлыбритания, Франция, Бельгия, Голландия, Австрия, Исландия, Дания, Финляндия, Норвегия және Швеция сынды мемлекеттерде дамып келе жатқан популистік болмыстары жатады.

Популизм латын тіліндегі populus  немесе popularis «адам» немесе «адамдар»  деген сөзден алынған. Саяси терминдер мәдениетінде популизмді  "халықшылдық" деп атауға болады. Бұл саяси тұрғыдан қарапайым халықтың мүддесін қолдауды дәріптейтін идеологиялық түсінік. Алайда популизмнің теріс мағынасы да бар. «Популизм» деген термин әлеуметтану ғылымында  19-шы ғасырдың соңында  таралып, АҚШ-тағы шаруалардың Нью-Йорктегі үлкен капиталистерге қарсы қозғалыстарын сипаттады. Содан кейін  қазіргі заманға қарсы, негізсіз және регрессивті саясаткерлерге қатысты қолданылатын болды. Популизм – қоғамдағы наразылықтар, шындық талап ету, алаңдаушылықтар мен қиындықтар туралы мәселені көтеріп, халықты өз мақсаттарын алға ілгерілету үшін пайдаланатын саясаттардың бір түрі. Саясаттың бұл түрі мәселені шешу үшін ақыл мен қисынды пайдаланған қарапайым әрі тез іске асырылатын жобаларды ұсынудың орнына орындалмайтын және орындауды көздемейтін уәделер береді. Популист мәселенің тамырын тапқысы келмейді. Ол дәлелдеуге келмейтін нәрселер туралы сөз қозғайды. Ол бүкіл талпыныстарын қоғамның төмен таптарына бөліп, мамандарға назар аудармайды.

Еуропадағы популистік партиялар

Популист саясаткер деп барша қабылдайтын, қарапайым ұрандарымен халықтың сезімдерін дауыс жинау үшін пайдаланып, наразылық толқынын қолдап, билік басына жетуді көздейтін саясаткерді атайды. Ол халықтың қызғаныш және жиіркеніш сынды сезімдеріне сүйеніп, қоғамдағы қауіпсіздіктің орнатылуын  қажет деп көрсетіп, әрқашан кедей халықты қолдап,  өздерін байлардың қарсыластары етіп көрсетеді. Ол көрінбейтін дұшпанды ойлап шығарып, оны барлық сәтсіздіктердің себебі деп атайды. Ол тек ұрандар айтады. Популист сөздерін тапшылықты сүйегімен сезген таптарға арнайды. Адамдар сауаты аз немесе сауатсыздығына байланысты популистің сөздеріне алданып, құтқарушыны кездестіреді деп ойлайды. Еуропалық мемлекеттер өткен онжылдықта әртүрлі экономикалық, қауіпсіздік, саяси және қоғамдық дағдарыстармен кезікті. 2008-ші жылы басталып, Еуропаның жер-жеріне таралған экономикалық тоқырау еуропалық қоғамның таптар арасындағы терең айырмашылықтарын басқару үшін қатаң үнемдеу саясатын жүргізуге тіреді. Үнемдеу саясатының іске асырылуының салдарларының бірі жұмыссыздық болды. Лаңкестік қатер мен Еуропаға ағылған мигранттардың толқынының артуы оңшыл экстремистік партиялардың мүдделеріне сай болды. Олар наразы кеңістікті қоғамдық ой-пікірді өзіне тартуға пайдаланды. Еуропадағы оңшыл эктремистік партиялардың популистік тәсілдері олардың әртүрлі жолдармен қоғамдық пікірді өзіне қызықтыруына талпынатындықтарын көрсетті.

Еуропадағы оңшыл популизм

Оңшыл экстремистік партиялар популистік  ұрандарымен еуропалық либералдық үкіметтер мен олардың жетістіктерін дағдарысқа тіреді. Олардың бірінші табысы 2016-шы жылдың 23-ші маусымында өткен референдумда Ұлыбритания халқының көпшілігін Еуроодақтан шығуға дауыс беруге жігерлендіруі болды. Британия халқы Еуроодаққа қарсы дауыс беріп, ұлттық болмысты сақтап қалуды қуаттады. Ұлтшылдық –  Еуропадағы оңшыл экстремистік партиялардың ерекшеліктерінің бірі. Ұлт пен ұлттық мүдделерді ойлау айыпталмайды. Бірақ, егер бұл сезім мөлшерден артып кетсе, қиындықтар тудырады. Оңшыл экстремистердің пікірінше басқа халықтарға кекшілдік сақтау ұлттық болмыс пен ынтымақтастықты нығайтуға себеп болады және мәдениет пен елдің заңдарын қорғайды. Сондықтан ұлттық сезімді дамыту керек. Бұл ерекшелік адамдардың теңдік негіздеріне  қайшы келіп, кейде нәсілшілдікке тіреуі мүмкін. Шын мәнінде, ксенофобия нәсілшілдіктің  бір түрі болып, халықты нәсілдік тұрғысынан бірыңғайландыру, дәстүрлі құндылықтарды қайтару және қоғамнан қоқан-лоққы тудыратын топтарды жою арқылы ұлтты нығайтуды мақсат етеді. Бұл адамдардың теңдігі туралы негіздерге қайшы және нәсілдік айырмашылыққа қатысты тәуелділікті қуаттау болып табылады. Биологиялық нәсілшілдікті Еуропа халқының әлеуметтік тұрғыдан қабылдамауына байланысты мигранттар мен аз сандылар нәсілшіл қоқан-лоққы емес, мәдени қоққан-лоққы ретінде таныстырылуда. Бұл мәселені батыс құндылықтары бойынша жақсы әрі оңай қабылдауға болады. Мәселен Германиядағы нәсілшіл шабуылдардың артуын ұлтшыл оңшыл экстремистік партиялардың идеологиясының салдары деп айтуға болады. 1990-шы жылдардан бері Германия нәсілшілдікке қарай бет бұрды. Германияның  республикашыл REP және ұлттық-демократтық NPD сынды оңшыл экстремистік партиялары  даралықтан гөрі бұқаралықты қорғайды.

2008-ші жылдағы Гессен жеріндегі сайлауда NPD партиясы  «Біз Гессенді тазартқымыз келеді» деген ұран жазылған плакат дайындаған. Бұл партия сондай-ақ «Германия тек немістер үшін. Немістерден басқалар бұл елден кетуі керек» деген жолдауды жеткізді. Бұл PEGIDA қозғалысының келесі бір үлгісі. «Еуропа  патриоттары батыс жерлерінің  исламдануына қарсы»  деген сөзтіркесінің бас әріптерінен құралып аталған PEGIDA қозғалысы 2014-ші жылы өз әрекеттерін Германияның Дрезден қаласынан бастаған болатын. Аталмыш қозғалыс екі жылдан кейін өз жұмысын Германияның шекарасынан шығарды. Еуропаның оңшыл экстремистік партиялары бүггінде еуропалық мемлекеттердің саяси сахнасы мен сайлауларының шынайы ойыншыларына айналды. 2002-ші жылы Францияның «Ұлттық майдан» партиясның басшысы  Жан Мари Ле-Пен  президенттік сапйлаудың екінші кезеңіне шыққан кезде  франциялықтар Еуропаның басқа халықтарынан артығырақ фашизмнің қатерін сезді. Бірақ бүгін фашизмнің етігінің дыбысы Еуропаның жер-жерінен естіліп, енді неофашизм қатер емес, еуропалық қоғамның шындығына айналды.

Еуропаның  центристік партиялары да өздерінің қоғамдық базаларынан айырылмас үшін оңшыл экстремистік партиялардың  мигранттар мен исламға қарсы ұрандарын  қайталауда.