Қазақстан келіссөздері қарсаңындағы Сирия дағдарысы ойыншыларының ұстанымдарын сараптау
(last modified Wed, 25 Jan 2017 07:12:06 GMT )
Қаң 25, 2017 13:12 Asia/Almaty
  • Қазақстан келіссөздері қарсаңындағы Сирия дағдарысы ойыншыларының ұстанымдарын сараптау

Қазақстанның Астана қаласында Сирия дағдарысына қатысты келіссөздердің өтуіне бірер күн қалғанда Сирия үкіметі, оның қарсыластары мен аймақтық және трансаймақтық алпауыттардың осы келіссөздерге қатысты ұстанымдарымен танысу – қажетті іс.

Сирия дағдарысы 2017 жылдың наурыз айында жетінші жылға аяқ басады. Өткен алты жылдың ішінде лаңкестерді қару-жарақпен қамтамасыз ету, ел ішінде соғысты үдету, сондай-ақ,  Сирия жүйесі мен қарсыластар арасында көптеген келіссөздер өткізу жалғаса берді. Арабтар мен батыс елдері, еврейлер және Түркия тарапынан лаңкестерді қару-жарақпен қамтамасыз етіп, соғыс жүргізу Сирияда дағдарыстың аяқталуына себеп болмаған жағдайда Сирия жүйесі мен қарсыластар арасында келіссөздер өткізу барлық ойыншылар бірауыздан қабылдайтын шешім жолы болып табылады. Сирия жүйесі мен қарсыластар арасындағы соңғы келіссөздер 2016 жылдың сәуір айында Швейцарияның Женева қаласында екі апта бойы өтті. Енді Қазақстанның елордасы Астана мүдделі тараптардың жағдайын 2016 жылдың сәуір айында өткен Женева отырысы кезіндегі позицияларымен салыстыруға келмейтін жағдайда Сирия дағдарысына қатысты отырысты өткізгелі отыр.  

Қазақстанның елордасы Астанада 23-24 қаңтар күндері Сирия дағдарысына қатысты келіссөздер Сирия жүйесі мен қарсыластардың қатысуымен және Ресей, Түркия мен Иранның бақылауымен өтеді. АҚШ та осы келіссөздерге қатысуға шақырылды. Сирия жүйесіне қарсы топтардың арасынан «Ахрар аш-Шам», «Джейш ул-ислам» және «Джейш ул-Хор» сияқты топтардың қатысатыны белгілі бір мөлшерде анықталды. Астана отырысы Сирия дағдарысына қатысты өткізілген осындай отырыстарға керісінше. тақырыбының Башар Асадтың билікте болуы немесе болмауы емес, атысты тұрақты түрде тоқтату бітіміне келісу және гуманитарлық көмектер жіберуге жағдай қалыптастыру деп жарияланған жағдайда өткізіледі. 

Ішкі деңгейде Сирия үкіметі мен оның қарсыластары Астана келіссөздеріне майданда өзгерістер орын алып, өзгеше жағдайда тұрған шақта қатысады. Сирияда позициялары жылдам әлсірей бастаған лаңкестік топтар сириялық азаматтарды судан айыру сияқты қылмыстарға бет бұрды. Бұл – соғыс қылмысының айқын айғағы. Қарсылас топтар Қазақстанның елордасы Астанадағы отырысқа Сирияның соғыс майданындағы өзгерістердің осы ел жүйесінің лаңкестер мен қарсылас топтардың алдында басым позицияға ие болып отырғанын көрсеткен жағдайда қатысқалы жатыр. Бұл тақырып – Астана отырысын Сирия дағдарысына қатысты осы уақытқа дейін өткізілген келіссөздерден ерекшелендіретін ең маңызды белгі.

Сирия жүйесі 2016 жылы желтоқсан айында Алеппоны лаңкестердің қолынан азат етіп, қол жеткізген стратегиялық жеңісімен Алеппоның атырабын азат ету мақсатында лаңкестерге қарсы соғыстың жаңа кезеңін бастады. Сирия Президенті Башар Асад Жапонияның TBS телеарнасына берген сұхбатында айтқандай, осы елдің үкіметі Астана отырысында атысты тұрақты түрде тоқтату бітімін орнату, гуманитарлық көмектерді тасымалдау және қарулы адамдарға бітім келісіміне қосылуға мүмкіндік беруді мақсат тұтады.  

Аймақтық деңгейде аймақтық ойыншылардың жағдайын өткен жылдар ішінде Сирия дағдарысына қатысты өткізілген отырыстармен салыстыруға келмейді. Алғаш рет Ресей, Иран мен Түркия арасында Сирия дағдарысына қатысты келісім пайда болды. Өткен келіссөздерде Түркия Башар Асад жүйесіне қарсы негізгі ойыншылардың бірі болды. Ол Сауд Арабиясы және АҚШ-пен бірге ИИР мен Ресейге қарсы еді. Сондықтан Түркия позициясынның ИИР мен Ресейдің Сирия дағдарысына қатысты ұстанымдарына жақындай түсуіне байланысты шетелдік бөліністің теңгерімінде өзгеріс болды деп айтуға болады. Астана келіссөздерінің сындарлы болатындығына үмітті арттырған нәрсе Түркияның Иран мен Ресейдің қасында орналасуы болып отыр. Сондай-ақ, Астана отырысына Түркияның қолдауына ие топтар шақырылған.

Аймақтық деңгейде Астана отырысы мен осы уақытқа дейін Сирия дағдарысына қатысты өткізілген келіссөздердің арасындағы ең маңызды айырмашылықтардың бірі – Астана отырысына бірде-бір араб елінің қатыспауы. Бұл мынадай мағынаны білдіреді: Сирия жүйесінің ең маңызды араб қарсыластары болып табылатын және лаңкестерді жан-жақты қолдау аясында Башар Асад үкіметіне қарсы көптеген қаражат жұмсаған Сауд Арабиясы мен Катар шетке ысырылып, Астанаға шақырылмауы арқылы олардың бүлдіргі рөлі расталды. Алайда, бұл мәселе Сауд Арабиясы мен Катар сияқты елдердің көп қаражат жұмсап, Астана келіссөздерінде қол жеткізілуі ықтимал атысты тоқтату бітімінің орындалуына кедергі келтіруіне себеп бола алады.

Трансаймақтық деңдейде де трансаймақтық  ойыншылардың ұстанымдары бұрынғыдай емес. Сирия дағдарысына қатысты өткен келіссөздерде АҚШ басты рөл атқарып, басқа елдерді, әсіресе Иранды шақыру-шақырмау туралы шешім қабылдаса, Астана отырысында АҚШ-ты шақыру-шақырмау тақырыбы Иран, Ресей мен Түркия арасында талқыланған мәселеге айналды. Осы тұрғыдан сенатор Джон Маккейн АҚШ позициясының әлсірегенін білдіретін  сөздерінде: «Біздің дәрежеміздің түскені соншалықты, Иран, Ресей мен Түркия бізді Қазақстандағы отырысқа шақыратын болды»,-деді.

Сондықтан Сирия жүйесін қолдайын ең маңызды трансаймақтық алпауыт ретіндегі Ресейдің Астана келіссөздерінде мықты орынға ие екенін айту қажет. Қазіргі жағдайда Дональд Трамптың сыртқы саясаты туралы ешқандай пікір айта алмасақ та, Трамптың сайлауалды науқаны және сайлауда жеңіске жеткеннен кейінгі кезінде Ресей жайлы айтқан сөздерінен АҚШ-тың Астана келіссөздерінде қол жеткізілуі мүмкін келісімдерге қатысты бүлдіргі әрекеттер немесе ауыр кедергі жасамайтынын күтуге болады. Бұл үміт Дональд Трамп АҚШ-та мықты позицияға ие болмай отырған кезде арта түседі. Дональд Трамптың билікті қолға алғанынан үш күн өткен соң оның үкіметін Астана келіссөздеріне қатысуға шақыру оның позициясын қарсыластары алдында нығайту мақсатында жасалуы мүмкін.

Сирия дағдарысына қатысты Астана келіссөздеріне қатысатын трансаймақтық ойыншылар туралы көңіл аударуға тұрарлық тағы бір тақырып – бұл отырысқа Еуроодаққа мүше ешбір елдің қатыспауы. Еуроодаққа мүше Ұлыбритания, Франция мен Германия сияқты алпауыт елдер өткен жылдарда Сирия дағдарысына қатысты өткізілген келіссөздерге қатысса да, шындығында осы келіссөздерде тәуелсіз рөл атқарудың орнына АҚШ-тың саясаттарымен жақтасып әрекет етті. Сондықтан Еуроодаққа мүше елдердің ешқайсысының Сирия дағдарысына қатысты Астана келіссөздеріне қатыспауы араб елдерінің қатыспауына керісінше осы отырыста қол жеткізілетін ықтималды келісімдердің орындалуында аса кедергі тудыра қоймайды.

Астана отырысы ақпан айының басында Сирия дағдарысына қатысты өтетін Женева отырысына кіріспе болып табылады.  Астана отырысына қатысқан топтар ішкі, аймақтық және трансаймақтық деңгейлердегі күш-қуат теңгерімінің өзгергенін, сондай-ақ, Барак Обама президенттігінің аяқталып, АҚШ-та жаңа үкіметтің билікке келгенін ескере отырып, атысты тоқтату және гуманитарлық көмектерді тасымалдауға жағдай жасау туралы келісімдерге қол жеткізеді деген үміт бар. Астана отырысы мен содан соң Женева отырысы Сирияда бейбітшілік орнатумен аяқталмайды, өйткені қысқа мерзімде бейбітшілік орнату мүмкін емес. Алайда Сирия дағдарысындағы бетбұрысқа себеп  бола алады. Тіпті 2017 жылдың аяғында Сириядағы лаңкестік топтар ең әлсіз позицияға түсуі мүмкін.