Ауғанстандағы ДАИШ тобының қатері және онымен қарсыласу 2
(last modified Sat, 28 Jan 2017 13:57:21 GMT )
Қаң 28, 2017 19:57 Asia/Almaty

Ауғанстанда Талибан, Хақани және Хекматияр исламдық партия деген үш әскери жасақ белсенділік көрсетті. Бірақ 2014-ші жылдан бері Ауғанстанда ДАИШ лаңкестік тобы өзін жариялап, бұл елдегі маңызды әрі әсерлі топтардың бірі ретінде әрекет етуде.

 Хақани тобы Ауғанстанда лаңкестік тобы саналады. Бұл топ көбінесе Ауғанстанның жеке азаматтары мен белсенді тұлғаларына немесе сол елдегі шетелдік белсенділерге террор жасаумен бірге қоғамдық мекендерде лаңкестік жарылыстарды іске асырады. Ауғанстан үкіметі Хақани тобын Пәкістан армиясының ASA барлау ұйымының қарамағында әрекет етеді  деп санайды. Мұны АҚШ та растайды. Бірақ Исламабад мұндай уәжерді теріске шығарады. Хақани тобы – Талибанның қарамағындағы топтардың бірі.  Оның басшысы Талибан басшысы Молла Хейбатолланың орынбасарларының бірі болғанымен, Хақани лаңкестік тобы әрқашан тәуелсіз лаңкестік топ ретінде әрекет жасауға күш салды. Гульбеддин Хекматияр басқаратын исламдық парртияның орталығы Пәкістанда орналасқан. Бұл топ соңғы кезде Ауғанстан үкіметімен бейбітшілік келісімге қол қойды. Сөйтіп, Хекматияр Ауғанстанда бұл елдің үкіметімен бейбітшілік келісіміне қол қойған бірінші әскери жасақ болды. Осыған орай Хекматияр исламдық партиясы өз мекенін Ауғанстанға ауыстырмақ. Ауғанстандағы ең күшті әскери жасақ  ретінде бұл елдің үкіметіне қарсы соғысатын үшінші топ – Талибан тобы. Бұл топ Сауд Арабиясы, Пәкістан, Біріккен Араб Әмірлігі, сондай-ақ АҚШ-тың қолдауына ие болып, өткен ғасырдың  90-шы жылдарының соңында Ауғанстандағы «Моджахеддине халқ» тобына қарсы тұру мақсатында құрылған болатын. 2001-ші жылы Талибан режимі моджахеддиндердің Ауғанстан астанасы Кабулға кіруімен жойылды. Талибан тобы Ауғанстан үкіметіне қарсылас ең маңызды топ болып, өзінің маңызды мақсаттарының бірі ретінде Ауғанстанды басып алумен қарсыласу деп жариялады.

 Қазіргі кезде ДАИШ лаңкестік тобы Ауғанстанда Талибан тобының бәскелесі ретінде бұл топты әлсіретумен бірге бұл елдің жерлерін басып алып, өз бақылауына алмақ. Талибан тобы басынан ДАИШ лаңкестік тобының билігін қабылдамай, ДАИШ-тың Ауғанстандағы белсенділігі туралы ескерту жасады. ДАИШ лаңкестік тобының басшысы Абубакр әл-Бағдади Ауғанстандағы Талибан тобының басшысы Молла Мұхаммад Омарды сауатсыз соғысқұмар, надан, дін мен саясат тұрғыларынан хабарсыз деп атады. Яғни, бұл екі топтың  наным-сенімдеріндегі қайшылықтар олардың өзара соғысына себеп  болды. Ауғанстандағы саяси топтардың кейбіреулері ДАИШ лаңкестік тобы мен Талибан тобының ұқсастықтары бар деп ойлағандарымен, олардың қайшылықтары өте терең. Сол қайшылықтар оларды бір-бірінен ажыратты. Бұл екі топтың ең маңызды ерекшелігіне исламдық тағылымдар, хадистер мен рауаяттарға экстремистік тұрғыдан сараптама жасауы жатады. Талибан тобы «исламдық эмират», ал ДАИШ лаңкестік тобы «ислам халифатын» құруды қуаттайды. Басқаша айтқанда,  екі топ та ислам заңдарына сүйенген үкімет құруды мақсат етеді. Ауғанстанның Ұлттық мәжілісіндегі Бадгис халқының өкілі Қази Абдолрахим: «Талибан мен ДАИШ-тың үкімет құру тәсілдері әртүрлі. ДАИШ лаңкестік тобы Талибан тобындай емес, бүкіл әлем туралы ойласа, Талибан тобы Ауғанстан шекарасы туралы ойлармен шектеледі. ДАИШ лаңкестік тобының исламдық тағылымдардан алған түсініктері ваххабизмге жақын, Талибан тобы болса ваххабизмді теріске шығарады»,- деді. Талибан тобының қатарына адам жинайтын комиссияның басшысы әрі басшылар кеңесінің мүшесі Молла Мұхаммад Хасан Ахунд бұл топтың кейбір күштерінің тәкфіршіл салафиттік  пікірлерге бет бұруына тоқталып, Талибан тобының ресми мазхабының сүннит ханафи екендігін қуаттады. Ол уаһабшы тәкфіршіл ой-пікірлерге жақын күштерге үгіт-насихат жасауға тыйым салып, бұл шешімді бұзатындарға шара қолданылатындығы туралы ескертті. ДАИШ лаңкестік тобы Ауғанстанда орналасуы туралы жариялаған соң Талибан тобы мәлімдеме жариялап, бұл елдің халқы мен тәліптеріне ваххабизмнің ой-пікірлері туралы кітап көрсе, өртеп жіберуді бұйырды. Осыған орай экстремистік Талибан тобы мен лаңкестік ДАИШ тобының исламды қате түсінуімен бірге олардың наным-сенімдерінде де айырмашылықтың бар екендігі анық. Талибан тобы өзін кез келген наным-сенімнен тәуелсіз, ал ДАИШ лаңкестік тобын ваххабизмнің жақтасы деп санайды. Басқаша айтқанда, Талибан тобы – Пәкістанның діни медреселеріндегі  Дебанди мектебінің, ДАИШ лаңкестік тобы – Таяу Шығыстағы уаһабшы мектебінің жақтасы. Бұл екі топтың жиһад мәселесіне қатысты ұстанымдары ұқсас, бірақ жиһад деген түсінік және «мұсылмандарға қарсы жиһад етуге болады ма?» деген мәселеге қатысты пікірлерінде қайшылық бар. Дебанди ағымының пікірінше, жиһад туралы шешімді ғалымдар кеңесі қабылдауы керек әрі жиһад мұсылмандарға қарсы емес, тек кәпірлерге қарсы болуы керек. Бірақ Таяу Шығыстың салафиттерінің тіпті діни білімі жоқ кез келген әскери басшысы, мәселен бұрын дәрігер болған әл-Қаида лаңкестік тобының басшысы  Имам әт-Тавахери де жиһад туралы пәтуә шығара алады. Олар үшін діни үлем болу қажеттілік емес. Сонымен бірге бұл екі топ эмират және исламдық халифат құратын географиялық мекен туралы да қайшылықтарға ие. Талибан тобы эмиратын Ауғанстанның шекарасының ішінде құруды көздеп, еш уақытта исламдық халифатты бұл елдің шекараларынан тысқары құру туралы уәж айтқан емес. Алайда ДАИШ лаңкестік тобы Ауғанстанның шекараларының сырты туралы ойлап, аймақ мемлекеттерінің көбін «Үлкен Хорасан» қалпында исламдық халифат ретінде жинамақ. Осыған орай ДАИШ лаңкестік тобына қатысты алаңдаушылықтармен салыстырғанда Талибан тобының әрекеттеріне қатысты алаңдаушылықтар азырақ.  Талибан тобының ешбір мүшесі ДАИШ лаңкестік тобына бият етпеді және ешбір мүшесі Сирия немесе Иракқа аттанбады. Мәліметтер бойынша ДАИШ-тың ең аз ғана мүшесі Ауғанстан азаматтары болып табылады. Бұл екі топтың келесі қайшылығы олардың болмысына байланысты. Талибан тобы толығымен жергілікті топ және өзін Ауғанстан пуштулерінің тобы санайды. Пәкістанның қолдауларының жалғасуы – Талибан тобының әлсіздігінің белгісі. Осыған орай Қатардағы Талибанның саяси орталығының бұрынғы басшысы Тайеб Аға  Талибан басшысы Молла Хейбатолла жоғары кеңесті   Ауғанстанға ауыстырып, Пәкістан армиясының қауіпсіздік ұйымының бақылауына алмақ. Бірақ Орталық Азия, Шығыс Азиядан Еуропаға елдердің қылмыскерлерінен құрылған ДАИШ лаңкестік тобы ақша алып, кез келген қылмысты іске асыруға барады. ДАИШ лаңкестері Сирия мен Ирактағы ұтылыстарынан кейін Ауғанстанда орналаспақ. Олардың саны шамамен 7000   адам.  Ауғанстанның жоғары лауазымды басшыларға бұған қатысты сан рет ескерту жасады. ДАИШ лаңкестік тобының адамгершілікке жат жабайы әрекеттері бұл топты әлемдегі ең жиіркенішті топқа айналдырды. Талибан тобы лаңкестік тобы саналмайды.  Ауғанстан үкіметі  сан рет бұл топты елдің бейбітшілік үдерісіне қосылуға шақырды. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Эрик Шульц: «Ауғанстандағы   Талибан тобы мен ДАИШ лаңкестік тобының айырмашылығы бар»,- деп мәлімдеді. Ол Талибан тобын әскери жасақ, ал ДАИШ-ты лаңкестік топ деп атады. Сондықтан Талибан тобы өзін лаңкестік топтардан ажыратуға талпыныс жасауда. Алайда Талибан тобының әскери еместерге қарсы шабуылдары Ауғанстан халқының наразылықтарымен бетпе-бет келуде. ДАИШ лаңкестік тобының негізі арабтар болса, Талибан тобы өзін ауғандық топ деп санайды. Ауғанстанның Ұлттық мәжілісіндегі Кенер халқының өкілі Моулави Шаһедолла Шаһед: «Талибан тобын ауғандықтар құрайды. ДАИШ араб қоғамынан тамырланған»,- деп мәлімдеді. Ауғандықтардың бөгделерге қарсы рухына байланысты бұл топ еш уақытта арабтардың өздеріне билік орнатуын қабылдамады. 2001-ші жылдағы  АҚШ-тың Ауғанстанға шабуыл жасауына себеп болған әл-Қаида тобының бұл елдегі құзырына қарамастан Талибан тобы әл-Қаиданың билігін қабылдамады. Ауғанстанның шығысындағы Талибан тобының қатарына адам жинайтын комиссияның мүшесі Моулави Махдум Әбдулсалам ДАШ лаңкестік тобының Ауғанстанда пайда болуын бұл ел үшін зиян деп атап: «Исламның дұшпандары, кәпірлер мен батыстықтар исламдық елдерде мазхабаралық соғыс тудырғысы келеді. ДАИШ олардың құралы ретінде әрекет етіп, Батыс үкіметтерінің мүдделерін қамтамасыз етуде»,- деп мәлімдеді. АҚШ-тың «Нью-Йорк таймс» газеті Талибан тобы мен ДАИШ лаңкестік тобының айырмашылығын ДАИШ-тың зорлық-зомбылығы мен адамгершілікке жатпайтын әрекеттерінің шегі мен шекарасының жоқтығында деп санап: «ДАИШ лаңкестік тобы кейбір аймақтарда, атап айтқанда Ачин ауданында  й зорлық-зомбылық көрсетуіне байланысты Талибан тобының кейбір басшыларының үкіметке берілуіне және басқалардың отбасыларын үкіметтің бақылауындағы аймақтарға жіберуіне себеп болды»,- деп жазды.