Еуропада оңшыл экстремизм мен исламнан үркіту үдерісі артуда 6
(last modified Sun, 05 Feb 2017 16:11:44 GMT )
Ақп 05, 2017 22:11 Asia/Almaty
  • Еуропада оңшыл экстремизм мен исламнан үркіту үдерісі артуда 6

Экстремистік ұлтшылдық, нәсілшілдік пен ксенофобия еуропалық интеграция жобасына қарсы тұр. Бұл жоба ұлтшыл сезімдерді азайтып, еуропалық құндылықтарды нығайту және бірнеше мәдениеттік қоғам құрып, «еуропалық азамат» деп аталатын адамды тәрбиелеу мақсатын көздеген болатын.

Оңшыл экстремистік ағымдар мен топтардың пікірінше еуропалық мемлекеттердің біртұтастығы мемлекеттердің болмысы мен мәдениетіне соққы болады. Олар әр мемлекеттің тарихы өзгеше, сондықтан бір мәдениетті саясат билей алмайды деп санайды.

Бірнеше мәдениетті қоғамға деген қарсылық әр халық өзінің шекарасы мен арнайы болмысына ие деген көзқарастан туындайды. Мәселен, Франциядағы оңшыл экстремистер Еуроодаққа қарсы. Олар бұл Одақ Францияның экономикалық, саяси және мәдени егемендігінің әлсіреуіне себеп болады деп есептейді. Осы салада Ұлттық майдан 2004-ші жылдан бері Еуроодақты әлемдік үкіметтің соңғы кезеңі ретінде сынап, Рим келісімнің барлық баптарын қайта қаарстыруды талап етті. Ұлттық майданның төрағасы Марин Ле Пеннің пікірінше, Франция еуроаймақтан кетіп, Еуропаның бұрынғы шекаралары жаңғырып, екі азаматтығы бар азаматтарға қарсы болуы керек. 2017-ші жылдағы президенттік сайлау науқанындағы Марин Ле Пеннің маңызды мәселелерінің бірі Францияның Еуроодақтан шығуын  референдумға салу болуда. Жаһанданумен бір мезгілде Еуроодақтың кеңюіне қатысты ұлттық болмыстың жоғалуына алаңдаушылық білдіру, еуроаймақтағы дағдарыс, мигранттардың Еуропаға ағылуы оңшыл экстремистік ағымдардың дамуы үшін жағымды жағдай тудырды. Оңшыл экстремистік партиялар ұлтшылдардың сезімін Еуроодақтағы интеграцияға қарсы пайдаланды. Оңшыл экстремистік  партиялар Еуроодақтың интеграциясына қарсы жергілікті тұрғындардың ерекшеліктеріне көңіл бөліп,  интеграциялық саясатты өздері үшін қоқан-лоққы санап, оны елдердің ұлттық шекараларының жоғалуына себеп болады деп санайды.

Еуроодақ және оңшыл экстремизм

Екінші дүниежүзілік соғыстан  кейін фашизм мен нацизмнің салдарларын  жою үшін ынтымақтастық пен бірлікті таңдаған еуропалықтар үшін ұлтшылдыққа, әсіресе оның экстремистік  түріне оралу артқа шегіну саналады. Бұл оралу Еуроодақтың барлық жетістіктерін қатерге тірейді. Оңшыл экстремистік партиялардың ксенофобия және антимигранттық долылық саясаттардан бөлек болуы, олардың ұлттық мүдделерді ортақ еуропалық мүдделерден жоғары қоюы еуропалық мемлекеттер арасындағы қайшылықтарға себеп болады. Еуропалық саяси жүйелердің тұрақсыздығы мигранттарға қатысты қатыгездіктердің артуымен бірге  еуропалық үкіметтердің бірліктері мен іскерлігін әлсіретеді. Бұл факторлар Еуропаны ондаған жылдарға созылған дамуы, тұрақтылығы мен тыныштығынан кейін қайтадан радикализмге қарай итермелеп, халықаралық сахнадағы орнын әлсіретеді. Ұлыбритания халқының өткен 2016-шы жылдың маусым айының 23-де Еуроодақтан шығуға дауыс беруі үлкен саяси-экономикалық шок болды. Бөліну компаниясының ойыншылары көптеген саяси-қоғамдық партиялар мен топтар болғанымен, Британияның барлық популистік оңшыл экстремистік партиялары мен топтары бұл компанияның белсенді мүшелері болды деп айтуға болады. Еуропаның барлық оңшыл экстремистік партиялары Британия референдумының Еуроодақтан шығу нәтижесін қолдап, барлығы билікке жеткен жағдайда өз елдерінің Еуроодақтан шығуы туралы референдум жүргізетіндігі туралы ескертті.

Британия референдумының нәтижесі Еуропаның оңшыл популист саясаткерлерінің өткен жылдардағы ең маңызды жетістіктерінің бірі болды. Аталмыш партиялардың өткен жылдағы  келесі жетістіктеріне бұл партиялардың бірінші рет Еуропа Парламентінде «Ұлттық және азат Еуропа» деген парламенттік топ құра алуы, Голландия азаттық партиясының басқа бәсекелес топтардан алға шығуы, Польшаның екі парламентінде де «Заң және әділет» партиясының көпшілік дауысқа ие болуы, Австрияның азаттық партиясы үміткерінің 2016-шы жылдағы президенттік сайлауда аз ғана айырмашылықпен өз бәсекелесінен артта қалуы және Францияның Ұлттық майданының алдағы президенттік сайлауда жоғары мүмкіндікке ие болуы жатады. «Германия үшін альтернатива» партиясы 15 пайыз рейтингімен  Германияның тамызда өтетін парламенттік сайлауында Парламентке кіру бойынша мүмкіндігі жоғары және елдің әсерлі партияларының қатарына кірді. Еуроодақ 1957-ші жылы еуропалық алты мемлекет, атап айтқанда Федеративтік Германия, Франция, Италия, Голландия, Бельгия және Люксембургтің бастамасымен Рим келісімі бойынша «Ортақ нарық» деп аталып, құрылған болатын. Өткен  60 жылдың ішінде оның мүшесі 28 мемлекетке артты. Бұл кезеңде «Ортақ нарық» интегерация жолында алға ілгерілеп, экономикалық және қаржы одағына айналды. Еуроодақтың 28 мүшесінің он тоғызы осы күнге дейін Еуропаның қаржы аймағына қосылып, «еуроны» өздерінің ақша бірлігі деп қабылдады. Бұл Одақтың барлық мүшелері «төрт азаттық» негізін, яғни тауар, қызмет, қаржы және адами күшпен ешбір кедергісіз алмасуды қабылдады. Еуро аймағының он тоғыз мемлекеті одан әрі алға ілгерілеп, ортақ орталық банк пен ортақ ақшаны басқару үшін бюджет тапшылығын, инфляция мен қарыз деңгейін бақылауға алуға келісті.

 Еуроодақ бірнеше саяси, экономикалық және қоғамдық дағдарыспен кезігіп, өзінің негізгі мақсатына жете алмай, басқаларды бірігумен қызықтыра алмады. Еуропалық партиялардың көбі Еуроодақ пен оның философиялық және саяси негіздеріне қайшы. Олар бұрынғы шекараларға қайтып оралуды талап етіп, мұны өздерін дағдарыстардан қорғайтын ең жақсы жол деп санайды. Еуроодақ құрылуынан алпыс жыл өткен жағдайда әртүрлі салаларда үлкен жетістіктерге жеткенімен, еуропалық интеграция жобасын жалғастыру үшін ең үлкен дағдарыспен кезікті. Осыған орай президенттік сайлаудың үміткері Франсуа Фийон сынды Еуропаның кейбір танымал саясаткерлері Еуроодақтың дамуын тоқтатып, шекраларды мигранттардың кіруінен қатаң бақылауға алуды және Еуроодақ мүшелерінің арасындағы бірлікті арттыруды талап етті.

Франсуа Фийон

Еуроодақтың сыртында да әртүрлі өзгерістер орын алып, аталмыш Одақ оларға назар аударып, ішкі бірлігі мен біртұтастығын нығайтпай отыра алмайды. Ақ үйге де бүгінде Еуроодақтың ыдырауын қолдайтын президент жайғасты. Еуропаның теңіз және құрлық шекараларында Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аймағында Еуропа немқұрайдылық таныта алмайтын дағдарысты орталықтар орналасқан. Бұл орталықтар жылдар бойы Еуропаның отары мен билеп-төстеуінде болып, дағдарысқа тіреліп, соғыс пен тынышсыздықтар  және экономикалық-қоғамдық тоқыраулармен кезікті. Еуропадағы оңшыл экстремистік партиялардың дамуы Еуропаның интеграциялық жобасына теріс әсерін тигізуде.

 

Тегтер