Наурыздан наурызға дейінгі Ауғанстан өзгерістері
(last modified Wed, 22 Mar 2017 10:06:00 GMT )
Нау 22, 2017 16:06 Asia/Almaty
  • Наурыздан наурызға дейінгі Ауғанстан өзгерістері

Хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1395-ші жылдағы Ауғанстан еліндегі ең маңызы өзгерістер

Ауғанстан Президенті Мұхаммад Ашраф Ғани БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жоғары лауазымды қайраткерлері делегациясымен Кабулдағы кездесуінде Талибан тобының қолбасшысы Хабиболла Ахундзадені ұйымның қара тізіміне енгізуді сұрады. Бұл талап Талибан тобына Ауғанстанның бейбітшілік үдерісіне қосылу саласында халықаралық тұрғыдан қысым көрсетіліп отырған жағдайда жасалды.  Ауғанстан Президенті  Талибан тобының басшысының есімін БҰҰ-ның қара тізіміне енгізіп, Ахундзаде мен оның тобына шетелдік көмектердің алдын алуды көздеп отыр. Ауғанстан үкіметі Пәкістан үкіметін Талибан тобына жан-жақты қолдау көрсетуде деп айыптап, Ауғанстанның бейбітшілік жолы Пәкістаннан өтеді деп санайды. Ауғанстанның Ұлттық бірлік үкіметі мен Хикматияр исламдық партиясының бейбітшілік келісіміне қол қоюы бұл елдегі өткен 1395-ші жылдағы ең маңызды өзгеріс саналады.  Ауғанстан Ұлттық бірлік үкіметінің атқару кеңесінің төрағасы Абдолла Абдолланың айтуынша, аталмыш келісім елдің ұлттық мүддесіне қайшы келмейді. Ауғанстанның Балх провинциясының  басшысы Атта Мұхаммад Нур: «Исламдық партиямен жасалған бейбітшілік келісімі Ауғанстанның мәселелерінің кейбіреуін шеше алады.  Өйткені бейбітшіліктің орнатылуы Ауғанстан  халқының мүддесіне»,- деген үміт білдіріп, исламдық партиямен жасалған бейбітшілік келісімін қолдады. Келісімнің бір бөлімінде екі жақтың да шетелдік әскерилердің Ауғанстаннан шығуын қолдап, Ауғанстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығының арқасында соғыстан туындаған дағдарысты шешіп, қоқан-лоққыларға қарсы тұра алатыны көрсетілген. Ауғанстанның исламдық партиясы да ресми түрде елде соғыс пен әлімжеттіктерді тоқтатып, тұрақты бейбітшілікпен қамтамасыз ету үшін саяси маңызды партия ретінде жұмыс жасайтынын, сондай-ақ Конституцияны орындап, атыстар мен әскери әрекеттерді  тоқтатып, өзінің әскери ұйымдарын тарататынын жариялады. Пәкістанның ең үлкен діни партиясы Исламдық жамағаттың басшысы Серадж әл-Хақ Ауғанстан үкіметінің Хикматияр исламдық партиясымен келісімге қол қоюын бұл елдегі тұрақты бейбітшіліктің бастамасы деп атап: «Бұл келісім Ауғанстанның ішкі мәселесі болғанымен, бейбітшілік орнатуға  көптеген көмек көрсетуіне  байланысты Пәкістанның исламдық жамағат партиясы  өз қолдауын жариялады. Әрқашан ауғандықтардың арасындағы  келіссөздерді  қолдап, шетелдіктердің, әсіресе Үндістан мен Пәкістанның Ауғанстанның ішкі істеріне араласуына қарсымыз. Пәкістанның шекаралас мемлекеттермен достық қарым-қатынастарын кеңейтіп, Ауғанстандағы бейбітшілік келіссөздер үдерісін алға ілгерілетуге көмектесетін уақыт келді»,- деді. 1395-ші жылдағы Ауғанстандағы қанқұйлы қатыгездіктердің жалғасуымен Ауғанстан президенті Мұхаммад Ашраф елінің діни қайраткерлері және ғалымдарынан елдің халқының, әсіресе балаларының қырылуына қарсы үн қосуды сұрады. Ол Ауғанстанның сүннит және шиіт ғұламаларымен кездесуінде ғұламалардың халықұа жол нұсқаудағы рөлін сындарлы деп қуаттап: «Ауғанстанның Конституциясы исламдық құндылықтарға сүйенген. Оларды  іске асыру – Кабул үкіметінің мақсаттарының бірі. Ғалымдар лаңкестердің сұм мақсаттары туралы түсіндіріп, оларды Ауғанстан қоғамынан оқшауландыра алады. Өйткені экстремистер мен лаңкестер өз қылмыстарын Ислам тағылымдарымен ақтайды. Сондықтан ғұламалар халықты хабардар ету сынды ауыр міндетке ие» деді. Ауғанстан Президенті Ашраф Ғанидың өткен жылғы Үндістан сапары Кабул үкіметінің  Делимен қарым-қатынастарын дамыту жігерін көрсетеді. Екі елдің қарым-қатынастары  шамамен бес жыл бұрын қол қойылған стратегиялық ынтымақтастық келісімнен кейін жаңа кезеңге қадам басты. Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани басында Үндістанмен  қарым-қатынасын дамыту туралы ойламаған және аймақтық ынтымақтастықтарын Пәкістанға қарай көздеген жағдайда Үндістанға сапармен барды. Ол өз үкіметінің басты мәселесі ретінде Ауғанстанның бейбітшілік  үдерісін алға ілгерілету деп атап, Кабул мен Исламабадтың қарым-қатынастарын дамыту үшін қызыл кілем төседі. Ауғанстан Президенті кейбір ішкі қарсылықтарға қарамастан Пәкістанмен ынтымақтастықтарын алға ілгертуді мақсат ететінін мәлімдеді. Ашхабадта 1395-ші жылы «Сенім арту және Ауғанстанның аймақтық инфрақұрылымдары» атты  көнференцияның өтуі әлемдік  қоғамның Ауғанстан өзгерістеріне назар аударып, өз көмектерін жалғастырып, бұл елдің сындарлы бағдарламаларын алға ілгерілетуге көмектеседі. 13 мемлекет пен бірнеше халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуымен өткен отырыста  2017-ші жылдағы Ауғанстанға қатысты аймақтық инфрақұрылымдар туралы пікір алмасулар өтті.  Бұл жобалардың арасында Ауғанстан мен Орталық Азия елдері арасындағы темір жол желілеріне, Түркіменстан-Ауғанстан-Пәкістан және Үндістан транзит, электр желілерінің құрылысына, әуе тасымалдауын дамыту жобалары мен соған қатысатын елдердің үлесі мен рөлін арттыру үдерісіне тоқталуға болады. Хижри шамси күнтізбесінің өткен жылғы Ауғанстанның саяси және қауіпсіздік өзгерістеріне әсерін тигізген маңызды мәселелердің бірі Түркіменстан электр қуатын Салангке жеткізу мәселесі Бамиян халқының кең ауқымды наразылықтарымен бетпе-бет келді. «Жарық қозғалысының» мүшелері  шеру өткізіп, Ауғанстан үкіметінен Түркіменстанның электр қуатын Салангтің орнына Бамияннан өткізуді талап етті. Бұл қозғалыс, егер Ауғанстан үкіметі олардың талаптарын орындамаса, наразылықтарын жалғастыратындықтарын жариялады. Бірақ Ауғанстан үкіметі Түркіменстанның тоғын Саланг арқылы өткізуді қуаттайды.  «Жарық қозғалысының» Дехмазанг аймағындағы шеруіне жасалған лаңкестік шабуылдың салдарынан 90-нан астам адам қаза болып, 300 адам жарақат алды. Бұл шабуыл Түркіменстан тоғын Бамиянның орнына Саланг арқылы енгізуге наразылық білдірген мыңдаған адам шеруге шыққан кезде орын алды.  Ауғанстан үкіметі: «Саланг бағыты Бамиян бағытынан көбірек басымдылыққа ие»,- деді. Ауғанстан үкіметі қоғамдағы наразылық деңгейін азайту үшін электр қуатының бір желісін бұл аймақтың халқы пайдалануы үшін  Бамияннан өткізетінін хабарлады. Бірақ аталмыш қозғалыс мәлімдеме жариялап, Души-Бамиян электр қуаты желісін салу туралы келісімді жарнама деп атап, бұл келісімнің құқықтық тұрғыдан іске асырылу кепілдігінен кенде екенін ескертті. Хижри шамси күнтізбесі бойынша өткен жылы ауғандық босқындардың еуропалық мемлекеттерден, әсіресе Германиядан шығарылуы Ауғанстан мен Германияда кең ауқымды наразылықтарға себеп болды. Ауғанстан мәжілісінің өкілдері босқындардың  бұл елдегі дағдарысты жағдайда шығарылуы  апатты одан сайын арттырады деп жариялады. Ауғанстанның Ұлттық бірлік үкіметі кейбір еуропалық мемлекеттермен, соның ішінде Германиямен келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша еуропалық мемлекеттер қабылдамаған ауғандықтар еліне қайтарылады. Адам құқығы инспекторлары Пәкістан үкіметінің Ауғанстанның босқындарын елден шығарып жіберуін дүниежүзіндегі ең көп заңсыз босқындарды шығару деп атадыы. Бұл ұйымның мәлімдемесіне сәйкес, Пәкістан үкіметі 2016-шы жылдың шілде айынан осы уақытқа дейін  600 мыңнан астам ауғандық босқынды заңсыз түрде шығарған. Осы мәлімдеме бойынша, шығарылған ауғандық босқынның шамамен 365000-ы  заңды түрде тіркелген болатын.  Сонымен бірге өткен жылдың ортасынан Пәкістанның қауіпсіздік күштері күш көрсету және өз еріктерімен қамауға алу арқылы ауғандық босқындарды заңсыз түрде елдерінен шығаруды күшейтті. Пәкістаннан 600 000   ауғандық босқын шығарылып, БҰҰ-ның мигранттар комиссариатының қайшылығымен бетпе-бет келді. ИИР Президенті Хасан Рухани Ауғанстанның ұлттық бірлік үкіметінің атқару кеңесінің төрағасы Абдолла Абдолламен кездесуінде  Стамбулдағы Исламдық мемлекеттер ынтымақтастығының 13-ші отырысының аясында: «Иран үкіметі Иранда заңсыз өмір сүретін ауғандарды тіркеуге талпыныс жасауда»,- деді. Ауғанстан мен Иранның  сарапшылар топы  Кабулда отырыс өткізіп, Иранда құжатсыз өмір сүретін ауғандарды тіркеу жобасы туралы пікір алмасты. Ауғанстанның мигранттар істері жөніндегі министрлігінің басшыларының айтуынша, бұл жоба Иранда құжаттсыз өмір сүріп жатқан ауғандарды тіркеп, оларға мигранттар карточкасын таратуды, Иранда өмір сүретін ауған босқындарына  олардың  тіркелуін жоймай, елге кіріп-шығуға рұқсат беруді және ауған балаларын Иранның мектептеріне тіркеуді қарастырады. Ауғанстанның Мигранттар істері жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша Иранда шамамен  үш миллион ауғандық өмір сүреді. Соның ішінде 1 миллион 400 мың ауған заңсыз өмір сүреді. Ауғанстан Сыртқы істер министрлігі: «Пәкістан  жерінде орналасқан лаңкестік жаттығу орталығының тізімі елдің үкімет басшыларына тапсырылды.  Пәкістан Премьер-министрі Наваз Шариф үкіметі сол орталықтар мен лаңкестік топтарға қарсы шара қолданады де күтеміз»,- деп мәлімдеді. Ауғанстан Сыртқы істер министрлігі өз мәлімдемесінде: «Исламабадтағы Ауғанстан елшілігі арқылы Пәкістан басшыларына тапсырылған тізімде Талибан мен басқа лаңкестік топтардың жоғары қолбасшыларының 85-інің есімдері көрсетілген. Пәкістанның Санад  провинциясындағы зиярат мекеніндегі жуырдағы жарылыстан кейін бұл елдің армиясы  Исламабадтағы Ауғанстан елшілігінің  қайраткерлерін шақыртып, қудалануда жүрген 76 лаңкестің тізімін тапсырып, Кабул үкіметінен оларға қарсы шара қолднуды немесе оларды қамауға алып, Пәкістан үкіметіне тапсыруды сұраған болатын. Ауғанстан үкіметінің өз тарапынан тізім тапсыруы бұл елдің лаңкестікпен қарсыласуға  ынтымақтастық жасауын көрсетеді. Өйткені, Пәкістанның  біржақты шаралары аймақта қауіпсіздіктің орнатылуына көмектесе алмайды.