Сәу 30, 2017 10:32 Asia/Almaty

2015 жылы үкіметтердің діни топтарға жәбір көрсетіп, азаптауы бүкіл əлем бойынша қатты көрініс тапқан еді. Бұл құбылыс əлемнің басқа бөліктеріне қарағанда Еуропада қатты тарады.

The Pew зерттеу орталығының зерттеулеріне сəйкес, 37 Еуропа елінің үкіметтері, яғни Еуропа елдерінің 84 пайызы 2015 жылы өз елдеріндегі діни топтарға шектеулі түрде немесе жаппай қысымшылық жасап, азаптаған. Мұндай жәбір ету мен азапқа салу əрекеттері 2015 жылы шамамен 1 миллион 300 мың босқынның Еуропа елдерінен пана сұраған жағдайда орын алып отыр. Пана сұрау өтінішінің мұндай көрсеткіші Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі бұрын-соңды болмаған статистикалық көрсеткіш болып табылады. Бұл босқындардың жартысынан көбі Сирия, Ауғанстан жəне Ирак секілді мұсылман елдерінен келген.

Еуропа 2015 жылы діни топтарға қарсы зорлық-зомбылықты арттырған көшбасшы

Бұл зерттеудегі үкіметтің қысымшылық жасап азаптауы деген сөз үкіметтің діни ерекшелігіне байланысты белгілі бір діни топқа не тұлғаға қарсы заң бұзушылық әрекеттеріне айтылған. Мұндай азаптауларға физикалық тұрғыдан қатер төндіру, өмір сүру немесе діни дəстүрлерді жалғастыруды қиындату немесе қоғамдық пікірге теріс көзқарастарды таңу мақсатында халықты бір-бірінен бөлуді жатқызуға болады. Осылардың барлығы еуропалық үкіметтер тарапынан іске асып отырды. Бұлар мемлекеттің күш қолдану жəне мəжбүрлеу әдісін пайдалануы мен жеке жəне діни мүлікке зиян келтіруін, құрықтап, тұтқындауын, бір мекеннен басқа мекенге көшіріп, шабуыл жасау немесе өліммен аяқталатын əрекеттер мен шараларды қамтуы ықтимал. The Pew орталығының баяндамасындағы діни азшылықтарды азаптау жəне жəбірлеу әрекеттері мұсылмандарға қарсы бағытталған. Ал басқа діни азшылықтар, əсіресе иудейлер ерекше құқықтарға ие жəне Еуропадағы ешбір үкімет немесе мемлекет басшыларының олар туралы пікір айтуға батылдары бармайды.

Еуропадағы исламнан үркіту құбылысы бірнеше жылдардан бері мемлекеттік жəне ұйымдастырылған түрде үкіметтер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы пайда болып, жалғасып келеді. Еуропада мұсылмандық атқа ие болу, терісінің түсі мен мұсылман елінің киімін кию кемсітушілік, шектеу жəне мақұрымдықтың себептері. Исламдық киім үлгісін сақтауға талпынған мұсылман əйелдері басқа мұсылмандардан артық қысым мен азап көріп, нəсілшілдік пен кемсітушіліктің құрбаны болуда.

Еуропадағы мұсылмандарға қарсы зорлық-зомбылық

Батыс елдеріндегі адам құқықтарын қорғаушы ұйымдар əдетте Еуропадағы мұсылмандардың жағдайына назар аудармайды. Алайда кей кездерде сайлаудың тəуелсіздігін көрсету мақсатында Еуропадағы мұсылман азшылықтары жайлы баяндамалар жариялап тұрады. Бес жыл бұрын Халықаралық Кешірім ұйымы өзінің баяндамасында: "Еуропада өздерінің діни сенімдерін ашық білдіретін мұсылмандар ауқымды кемсітушіліктерге ұшырайды",- деп мәлімдеді. Халықаралық Кешірім ұйымының қызметкері Марко Пирулини: "Тек қана орамал секілді дəстүрлі киімдерін бастарына таққаны үшін кейде мұсылман əйелдеріне жұмысқа тұруға мүмкіндік бермейді немесе кейде мұсылман қыздарды оқудан кетуге мәжбүрлейді. Кей кезде исламның нышаны саналатын сақалды болғаны үшін ер кісілердің де жұмыстан шығып жататын жайы бар. Мемлекеттік лауазым иелері мен саяси партиялар да мұндай кемсітушілікпен күресу үшін наразылық білдірудің орнына өздеріне дауыс жинау мақсатында кемсітушілердің қатарына қосылып жатады. Діни жəне исламға қатысты элементтер мен нышандарын пайдалану адамның діні мен сенімін білдірудегі бостандықтың бір бөлігі саналады. Бұл дін бостандығының бір бөлігі жəне барлық діндер тең түрде осындай бостандыққа ие болуы тиіс",-деді. Алайда, өкінішке орай, Еуропадағы мұсылмандар күн сайын өз тәлімдерін іске асыруда көптеген шектеулерге тап болуда. Өздерін сөз жəне дін бостандығының алтын бесігі санайтын мемлекеттер, əсіресе Франция мұсылмандар үшін шектеу қойып отырған елдердің алдыңғы қатарында. Мұсылмандық хиджаб киген қыздардың мектептерге келуіне тыйым салу туралы заңды алғаш қабылдаған дəл осы Франция еді. Одан кейін Еуропаның басқа мемлекеттері Франциядан үлгі алып, хиджаб киген əйелдердің қоғамдық орындарға келуіне тыйым салды. Сосын кезек бетпердеге жетіп, Еуропа елдерінің үкіметтері мұсылмандық бетпердені пайдалануға тыйым сала бастады.

Олар мұсылмандарға шектеулер жасау үшін исламдық ескерткіштерді нысанаға алды. Швецияда оңшыл əсірешіл партиялар мешіттердің мұнаралары мен күмбездерін салуға тыйым салған. Дəл қазір кейбір Еуропа елдерінде тіпті исламдық мектептер мен мұсылмандық медреселерде араб тілін пайдалануға тыйым салу көзделіп отыр. Ол араб тілінің Құран Кəрім мен ислам дінінің тілі болғанына қарамастан жасалып отыр. 

The Pew орталығының 2015 жылы Еуропадағы діни азшылықтарға жасалған қарсы зорлық-зомбылықтар туралы есебі

Бұл шектеулердің барлығы қате пікір мен сенім негізінде жүзеге асып отыр. Сол пікірге сəйкес, ислам діні əсірешілдік пен зорлық-зомбылықтың насихаттаушысы болып табылады. Батыс елдерінің басшылары дəл осы қате көзқарастың негізінде исламнан үркіту үдерісін қалыптастыру арқылы өздерінің исламнан үркіту әрекеттері мен мұсылмандарға қатысты кемсітушілік және шектеу қою амалдарын ақтауды көздеп отыр.
Еуропадағы лаңкестікпен күрес туралы заңдарға сәйкес, бұл күрестегі алғашқы нысана мұсылмандар болып табылады. Кез келген лаңкестік оқиға орын алған жағдайда мұсылмандар бірден күдікті болып, бұқаралық ақпарат құралдары мен қауіпсіздік органдары тарапынан шабуылдың астында қалады.

Халықаралық Кешірім ұйымы 2017 жылдың қаңтар айының аяғында жариялаған есебінде Еуропадағы лаңкестікке қарсы заңдардарды сынға алып, оларды кемсітушілік деп атап: "Бұл заңдар Еуропа елдеріндегі мұсылмандар мен босқындарды нысанаға алуы мен олардың мұсылмандарға қатысты үрейлену, жатсыну мен жеккөрушілік сезімдерінің күшеюіне себеп болады",- деді. Лаңкестікпен күрес туралы осы баяндаманы әзірлеген Халықаралық Кешірім ұйымының маманы Джулия Хол бұл мәселеге қатысты: "Қазір Еуропада жай диалогты емес, нақты көзқарасты таратуға куә болып отырмыз. Бұл көзқарасқа сәйкес, егер сіз мұсылман, босқын несесе мигрант болсаңыз, қатер болып есептелесіз. Біздің Халықаралық Кешірім ұйымының жуырдағы есебінде еуропалық үкіметтер тарапынан жүзеге асырған шаралардың осындай көзқарастың қалыптасуында маңызды рөлге ие болғанын айтуға тырыстық",- деді.

Еуропадағы исламнан үркіту

Дәл қазір Еуропадағы босқындар мен мигранттардың басым бөлігі мұсылман елдерінен келгендіктен, мигранттардан үркіту саясаттары да мұсылмандар үшін шектеулер тудыруға бағытталған. Мұсылмандарға шектеулер қоюде Еуропадағы партиялар бір-бірімен жарысқан болатын. Бұл бәсекелестікте топ бастап келе жатқан партия оңшыл әсірешіл партия болып табылады. Франциядағы Ұлттық майдан партиясы мен Нидерландыдағы Исламнан үркіту азаттық партиялары да топты жарған партиялар саналады. Герт Вильдерс көшеде сыртқы келбетінен шетелдік екенін түсінуге болатын адамды "көше лаңкесі" деп атайды. Герт Вильдерстің франциялық әріптесі Ле Пен Францияда әйелдердің хиджаб киюіне толығымен тыйым салуды талап етуде. Ол бір кездері тіпті Францияда мұсылмандық халал тағамдарды таратуға да наразылық білдірген болатын.Франция халқы "халал" жапсырмасы бар мұсылман тағамдарының сау әрі таза болғаны үшін мақұлдап, қатты қолдайды. Әсірешіл оңшыл партиялар ағымының кең етек жаюы басқа еуропалық партиялардың да өзінің қоғамдық негізінен айрылып қалмау үшін әсірешіл оңшылдардың ұрандарымен мұсылман, мигрант немесе босқын болсын, жалпы мұсылмандарға шектеулер мен тыйым салуды ұлғайтты. Бұл шектеулер мен тыйым салушылықтар Еуропадағы исламнан үркітушілерге мұсылмандарға қатысты кемсітушілік және нәсілшілдік әрекеттер жасау үшін бағдаршамның жасыл түсі секілді рұқсат берді. Бұл әрекеттердің олар үшін ешбір азаматтық және қылмыстық салдары болмады. Себебі, Еуропа елдерінің үкіметтері нәсілшілдік әрекеттерді Еуропадағы мұсылмандар үшін әрекет ету аясын тарылту мақсатында жасалуда деп санайды.

Тегтер