Рохинья мұсылмандары – әлемнің ең қаналған азшылығы (6)
(last modified Sun, 14 May 2017 06:18:46 GMT )
Maм 14, 2017 12:18 Asia/Almaty
  • Рохинья мұсылмандары – әлемнің ең қаналған азшылығы (6)

2017 жылда басқа айла-амалмен жүзеге асып отырған құл саудасының куәсі болып отырмыз. Бұл тақырып он сегізінші ғасырдағы Америкадағы құлдық пен құл саудасы болған қорқынышты қараңғылық кезеңдерді қайта еске түсіріп отыр. Бірақ біз айтып отырған құлдар африкалық құлдар емес, бұлар – рохиньялық әйелдер мен ер кісілер. Олар – Мьянманың апартейдтік және нәсілшіл үкіметінен безген мұсылман азшылығы.

2017 жылы басқа айла-амалмен жүзеге асып отырған құл саудасының куәсі болып отырмыз. Бұл тақырып он сегізінші ғасырдағы Америкадағы  құлдық пен құл саудасы болған қатыгез қараңғылық кезеңдерді қайта еске түсіріп отыр. Бірақ біздің айтып отырғанымыз африкалық құлдар емес, бұлар – рохиньялық әйелдер мен ер кісілер. Олар – Мьянманың апартейдтік және нәсілшіл үкіметінен безген мұсылман азшылығы.

Рохинья халқы Мьянмада өте ауыр жағдайларда өмір сүріп жатыр. Олар күн сайын әсірешіл буддалықтардың шабуылдарына тап болып отыр. Олардың басым бөлігі әсірешіл буддалықтардың қатыгез шабуылдарының салдарынан үйлерінен айрылып, өз бастарын аман сақтап қалу үшін Мьянмадан қашуға мәжбүр.

БҰҰ-ның мәлімдемесіне сәйкес, соңғы үш жыл ішінде рохинья халқына ұдайы зорлық-зомбылық көрсетуге және олардың босқындарға арналған лагерлерде нашар жағдайларда өмір сүруіне байланысты 120 мыңнан астамы Мьянма елінен қашуға мәжбүр болған. Бұл статистика әр он рохиньялықтың біреуінің Мьянмадан қашқанын білдіреді. Олар әдетте контрабандашыларға әр адам басына 200-300 доллар қаша төлеп, алдымен Тайландқа, сосын Тайланд арқылы Малайзияға жетеді.

Рохиньялықтар Тайланд жеріне кіргеннен кейін Малайзияға кетер уақыты белгілі болғанға дейін осы елдің ормандарының қақ ортасында орналасқан контрабандашылардың жасырын лагерлерінде орналастырылады. Тайланд көбінесе контрабандашылар үшін рохиньялықтарды Малайзияға тасымалдайтын транзиттік аймақ саналады.

Әлемнің ең қаналған азшылығының елінен қашуы мен босқындығы

Үндістанның Hendu газеті Бангладештегі шекаралас бір қала туралы хабарламасында былай деп жазды: "Шах Парир Дуип қаласы соңғы жылдары әсірешіл буддалықтардың Мьянмадағы мұсылман рохиньяларына қарсы әрекеттері мен осы қалаға мигранттардың ағылып келетін орталыққа айналып, контрабандашылардың адамдарды Оңтүстік-шығыс Азия мемлекеттеріне тасымалдауы мен жақсырақ өмірге қол жеткізуге үгіттеуі адам контрабандасының одан әрі өркендеуіне себепкер болды".

Өткен жылдары рохинья мұсылмандарына қысымның артуы, контрабандашылардың Оңтүстік-шығыс Азия елдеріндегі жақсырақ өмірге қол жеткізуге үгіт-насихаты салдарынан бұл шекаралық қаладағы адам контрабандасының "кіші ағыны" селге айналып, осы кішігірім шекаралық қаладағы барлық әрекеттерге өз әсерін тигізді. Теңіздегі бір балықшы қайығының батып кетіп, бірнеше адамның мүрделерінің су бетінде қалқып жүруі әлемдік қауымдастықтың назарын осы қаладағы контрабанда мәселесіне аудартты. Бангладеш басшыларының айтуынша, Бангладештің Мьянмамен шекаралас оңтүстік-шығыс бөлігіндегі лагерлерде 32 мыңға жуық рохиньялық мигрант өмір сүруде.

Hendu газетінің хабарламасының ккелесі бір бөлігінде Шах Парир Дуип қаласындағы адам контрабандасы алғашында Малайзия, Тайланд және Сингапур секілді дамыған елдерде жақсырақ өмір мен кәсіпке қол жеткізуді мақсат еткен адамдардың арқасында жүріп тұрғаны жазылған. Алайда қазіргі таңда бұл сауда өте үлкен мөлшердегі аңшылық іске айналған тәрізді. Контрабандашылар өздерінің стандартқа сай емес және ескі қайықтарын мұқтаж иммигрнаттар, әсіресе кедейшілік пен өлім аузынан қашуды мақсат еткен рохинья мұсылмандарына лық толтыру үшін қысым көрсету әдістерін пайдаланады. Кейде бұл контрабандашылар Малайзия және басқа да елдерге жете алған мигранттарға олардың туыстарының да көшіруге ынтыландыруға көмектесіп жатады.

Рохинья мұсылмандарының жаппай көшуі бүгінгі таңда Азияның оңтүстік аймағындағы үлкен адам дағдарысына айналған. Тайландтың Малайзиямен шекарасында орналасқан контрабандашылардың лагерлерінен жаппай жерленген қабірлердің табылуы және олардың азаптау, ауыз су мен азық-түліктен айыру секілді адамгершілікке жатпайтын әрекеттері әлемдік қауымдастықты адам контрабандашыларының осындай қатігез әрекеттеріне назар аударуына себеп болды. Адам саудагерлері Оңтүстік-шығыс Азияға тасымалдау үшін осы кедей мигранттардың әрқайсысынан 3000 доллар алады. Ал кейбір жағдайларда отбасыларға қысым көрсету жолымен олардан көбірек те ақша талап етеді. Контабандашылармен қарсыласу талпыныстарының жалғасында  көптеген аш, шөлдеген мигранттар мұхиттың асау толқындарының арасында қалып, олардың басым бөлігі қаза болады.

Адам контрабандашылары отбасылардан үлкен көлемде ақша алып, оларды Малайзия, Тайланд және Бангладешке тасымалдайды. Көптеген жағдайларда контрабандашылар жолдың қақ ортасында мигранттардан келіскен соммадан әлдеқайда көп ақша талап етеді. Ал рохиньялық отбасылардың мұндай қомақты соманы төлеуге шамалары келмегендіктен, қыз балалар ақша берудің орнына амалсыздан көрші мемлекеттерде тұратын рохиньялық ер адамдарға  тұрмысқа шығып жатады. Бұл қыз балалар мен әйелдердің мәжбүрлі тұрмысқа шығудан басқа амалы жоқ, себебі бір жағынан олардың отбасыларына жол ортасында қалу қаупі төнгендіктен оларды діттеген жерлеріне жеткізу үшін ақша табуы керек. Басқа жағынан, оларды Тайландта жыныстық құлдар ретінде сатып жіберуі де мүмкін. Сол себепті олар тағдырдың бұдан да нашар тәлкегінің құрбаны болмау үшін амалсыздан тұрмысқа шығуға бел буады.

Амбия Хату атты рохиньялық қыз: "Контрабандашылар бізді Тайландқа жеткізді. Бірақ біздің жеткілікті ақшамыз болмағандықтан, мені күң ретінде сатылымға қойды. Сол кезде бір малайзиялық ер адам біздің қарызымызды төлеп беруге келісті. Ол кісінің жасы үлкен болғанына қарамастан, анам шарасыздықтан тұрмысқа шығуыма келісім берді. Себебі, көмек сұрайтын басқа ешкіміміз болмады",- деді.

Ауқатты адам контрабандашылардан азат ету үшін бірнеше қызды таңдап, сатып ала алады. Осындай адамгершілікке жатпайтын әрекеттердің барлығы Адам құқықтарының сақталуын талап етуші ұйымдар мен мекемелер үнсіздік танытқан жағдайда орын алып жатыр.

Тайландық қайықшылар рохиньялық мигрант әйелдің әрқайсына 900 доллар төлеп сатып алады. Сосын оларды өздерінің балықшылық саудасын кеңейту мақсатында құл ретінде пайдаланады. Оның үстіне, басқа қайық жүргізушілер балықшылық кәсіптерін тастап, балық сатудың орнына адам контрабандасы мен рохиньялықтарды тасымалдау кәсібіне айырбастаған. Өйткені, мұндай кәсіп оларға қомақты пайда түсіреді. Жүргізілген зерттеулерге байланысты, Тайландтың кейбір лауазымды тұлғаларының мигранттардың лагерлерімен сыбайлас екендіктері белгілі болды. Олар бірлесіп, балықшылықпен айналысатын қайықшыларға сату үшін рохиньялық мигранттарды қайық жүргізушілерге тапсырады. Ал кейбір кездері тікелей түрде және белгілі бір сомаға келісіп, сауда мәмілесін жүзеге асырады.

Босқындық пен азаптың ащы дәмі

Құл саудасындағы делдалдардың бірі британиялық бір газетке берген сұхбатында өзінің өткен жылы әрқайсысын 900 доллар бағамен 100 құлды Тайландтың қайықшыларына сатқанын айтты. Рохинья мұсылмандары буддалықтардың азаптаулары мен қанауынан өз үйлері мен лашықтарын тастап кетуге мәжбүр болып, Тайландқа көшіп кеткен. Бірақ, контрабандашылардың тұзағына түсіп, ешқандай ресми төлқұжаттары болмағандықтан, оларды сату ешқандай мәселе тудырмайды.

Рохинья мұсылмандары өте оңай түрде контрабандашылардың азығына айналады. Себебі, контрабандашылар бар болғаны 100 доллар бағаға оларды Малайзияға жеткізуге уәде береді. Алайда, көбінесе Малайзияға жеткізудің орнына, оларды Тайландтағы жасырын түрмелерінде ұстап отырады. Мұндай сапарлар апталарға созылады. Тропикалық аймақтағы күн ыстығының астында рохиньялық құлдар ең ауыр жағдайларға тап болады. Рохинья мұсылмандарының басым көпшілігі осы сапар кезінде қаза болып, өлім аузынан тірі қалғандар өте қиын жағдайға тап болады. Рохинья мұсылмандары Тайланд жағалауларына заңсыз түрде келгендіктен, түрмеге ұқсас лагерлерде өмір сүруге мәжбүр болады. Бұл лагерлерде олар күнделікті азаптауға ұшырайды. Мұндай азаптаулар оларды азат ету үшін отбасыларының 2000 доллар тауып бергенге дейін жалғасады.

Өлім лагерлері мен оларды тасымалдайтын қайықтар Оңтүстік-шығыс Азиядағы ең қорқынышты мекендер болып табылады. Бірнеше ай бұрын сондай лагерлердің бірінде болған 23 жастағы бір мұсылман сол мекендерді былайша сипаттады: "Бізді таңнан кешке дейін күнде ұрып-соқты. Олар бізді отбасыларымыз бостандығымыз үшін баж бергенге дейін соққының астына алды. Олар біз қашып кетпеуіміз үшін, ұрып-соғып халімізді мүшкілге айналдырды",- деді.

БҰҰ-ның баяндамаларына сәйкес, бұл босқындар контрабандашылар басқаратын қайықтарға лық толып, басқа мекендерге көшіп жатады. Әдетте бұл босқындар контрабандашыларға ауыр баж төлейді.

«Рохинья» деген атпен белгілі болған мұсылман мьянмалықтар мен босқындардың  ауыртпалықтарының шегі жоқ. Өз үйлерінен қуылған босқындарға Мьянманың көрші елдерінде де орын жоқ. Олар Тайландтың баскесерлерінің қолдарына түсіп, осы елдің шекаралық ормандарында өлтіріліп, дене мүшелері органдарға сатылып жатады. Не болмаса, өзендер мен теңіздерге батып, малайзиялық контрабандашылардың тұзақтарына түсіп жатады. Шынтуайтында, адамдарды шекарадан заңсыз тасымалдайтын контрабандашылар нығметке толы кең дастарханға қол жеткізгендей болып отыр. Олардың негізгі «қорегі» рохинья мұсылмандарының әйелдері мен балалары болып табылады.