Парсы әдебиетіндегі Рамазан айы(2)
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i27518
Әмір Ансар әл-Маали Кейкабус бен Ескендір парсы прозасындағы ең көне туындылардың бірі «Қабуснамада» Рамазан айы мен ораза жайлы сөз қозғаған. Бағдарламаның жалғасында осы тақырыппен көбірек таныстырамыз.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 29, 2017 10:46 Asia/Almaty
  • Парсы әдебиетіндегі Рамазан айы(2)

Әмір Ансар әл-Маали Кейкабус бен Ескендір парсы прозасындағы ең көне туындылардың бірі «Қабуснамада» Рамазан айы мен ораза жайлы сөз қозғаған. Бағдарламаның жалғасында осы тақырыппен көбірек таныстырамыз.

«Қабуснама» кітабы – Әмір Ансар әл-Маали Кейкабус бен Ескендірдің мәңгілік туындысы. Бұл еңбекті ешкім діни немесе шариғат кітабы деп санаған емес.  Өмір сүру салты жайындағы насихат кітабы саналатын бұл еңбек парсы тілінде Рамазан айы мен ораза жайлы жазылған көне әдеби туындылардың қатарына жатады.

Ансар әл-Маали намаз бен оразаны қатар атап, оларды орындауда салғырттық танытуды дінсіздік санаған. Ол айды көру, ораза ұстау және оразаны бұзу жайлы мынадай кеңес береді:  «Соқыр сенімге салынбайық. Біздің мақсатымыз бойымыздағы жаман қасиеттерден тазару болуы керек. Бір уақыт жемеген тамағымызды мұқтаж адамдарға берейік». Ансар әл-Маали тілінің жатықтығы мен жетіктігі соншалықты, оның сөздері түсіндіруді қажет етпейді.

«Намаз бен оразаға немқұрайды қараған адамға кешірім жоқ, салғырттық білдіруге болмайды. Есіңде болсын, намаз бен ораза – Құдайдың ерекше тапсырған істері. Оған салғырттық танытпа. Егер Құдайдың арнайы тапсырған істерін орындамасаң, жалпы істерден де құралақан қаласың. Біздің шариғатымыздың Құдайы намазды бүкіл дінмен теңдестірген. Намаздан бас тартқан кез-келген адам діннен алшақтайды».

«Қабуснама» авторының сенімі бойынша, Рамазан айының басы мен аяғында құрғақ соқыр сенімге бой алдыруға болмайды. Басқа адамдар сынды ораза ұстап, басқалармен бірге ауыз бекітіп, ашу керек.

«Ораза – жылына бір рет болатын шыдамдылық сынағы. Оған салғырттықпен қарау адамшылыққа жатпас. Ақылы бар адамдар өздеріне салғырттықпен қарауға жол бермейді. Соқыр сенімге салынып кетпе, абай бол. Ораза айында ешқандай шектен шығушылық жоқ. Ауыз бекіту мен ашуда әсірешілдік танытпа. Қаланың 5 тақуа, иманды әрі қарапайым ғалымы, қазысы мен құтпагері ораза ұстаса, солармен бірге ауыз бекітіп, бірге ауыз аш. Надандардың сөзіне сенбе».

«Қабуснаманың» авторы оразаны ашығып, ауызға тамақ салмау ғана деп санамайды. Ол бүкіл денені қамтитын оразаға сенеді. «Есіңде болсын, Құдай сенің тоқ не аш болғаныңа мұқтаж емес, алайда ораза ұстаудағы мақсат Жаратушының өз мүлкіне тыйым таңбасын салуы болып табылады. Бұл таңба кейбір мемлекетке ғана емес, барлық жандарға салынуы тиіс. Оразада ауыз бекіткен соң аяқ-қолың мен көзің, құлағың мен тіліңе де бұғау сал. Осылайша, бүкіл денеңді лайықсыз әрі шектен тыс дүниелерден таза сақтау шарт. Сонда ғана оразаны өтеген боласың. Ораза кезіндегі ең үлкен іс – күндіз жейтін наныңды түнге қалдырған соң, күндізге бөлген наныңды мұқтаж жандарға беруде. Сонда сенің кешкен қиындығыңның пайдасы болады».