Қасиетті Рамазан айында сақталуы тиіс жайттарға шолу (2)
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i27520
Рамазан айында адам өзін бойсұнушылық пен ғибадаттың арасына қойып, нәпсісін ғибадат етуге жаттықтырып, біртіндеп Құдайға қарай тартылып, құлшылық жасауға дайындайды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 29, 2017 11:10 Asia/Almaty
  • Қасиетті Рамазан айында сақталуы тиіс жайттарға шолу (2)

Рамазан айында адам өзін бойсұнушылық пен ғибадаттың арасына қойып, нәпсісін ғибадат етуге жаттықтырып, біртіндеп Құдайға қарай тартылып, құлшылық жасауға дайындайды.

Өте таныс, әрі көркем «рамазан» сөзі «күннің, аптап ыстықтың құмға, малға және басқаларға қатты түсуі» деген мағынадағы «рамз» деген сөзден шыққан. Айдың былай аталуының себебі мынада: арабтар айларға олардың орын алған кезіне қарай ат қойған. Рамазан аптап ыстық кезде болған. Басқаша айтқанда, Рамазан айы – күнәларды өртеу айы, тіпті одан да жоғарырақ –адам өз нәпсісінің шектен тыс талап етуін жоятын ай. Осы айда адам жетіліп, өзімшілдік деп аталатын тежегіш жамылғы оның жүрегінен алынып тасталады.

 

Кейбіреулер «рамазан» сөзін «Жаздың аптап ыстығының соңы мен күз айының бас кезінде жауатын жауын мен «бұлт» деген мағынадағы «рамиз» сөзінен алынған деп санайды. Бұл жауын жаздың ыстығын кетіреді. Сондықтан адамдардың денесін күнәдан аластатып, тазартатын болғандықтан, бұл айды «рамазан» деп атаған деп айтуға болады.

Тағы біреулер рамазанды «найзаны екі тастың ортасына қойып, жіңішкергенше ұру» деген мағынадағы «рамз ун-насл» сөзінен алынған деп санайды. Былай түсінсек, Рамазан айы дегеніміз мынадай: адам өзін бұл айда бойсұнушылық пен ғибадаттың арасына қойып, өз нәпсісін ғибадат жасауға жаттықтырып, біртіндеп Құдайға қарай тартылып, құлшылық жасауға дайындайды.

Бұл айды ұлықтау мен оның орнын қадірлеу жайлы мынаны айтсақ та жеткілікті: ұлы діни тұлғалар мұсылмандарға «рамазан» сөзін жалғыз қолдануға тыйым салып, оны «Рамазан айы» деп атауға кеңес береді, өйткені Рамазан – Құдайдың аттарының бірі, ал Рамазан айы – Құдайдың айы. Имам (ғ.) айтқандай, «Рамазан деген осы, Рамазан келді, кетті» демеңдер, өйткені Рамазан илаһи есімдердің бірі. Ол келмейді де, кетпейді де. Жойылу –  тіршілік иелеріне тән сипаттардың бірі. Ал Құдай мен оның есімдері мен сипаттары мәңгілік». Хазірет Әли бен Абиталебтен (ғ.) рауаят етілгендей, «Рамазан» деп айтпаңыздар, «Рамазан айы» деп айтыңыздар. Өйткені сіздер «рамазан» дегеннің не екенін, онда қандай ізгіліктің жасырынғанын білмейсіздер».