Қасиетті Рамазан айында сақталуы тиіс жайттарға шолу (4)
(last modified Wed, 31 May 2017 02:48:31 GMT )
Maм 31, 2017 08:48 Asia/Almaty
  • Қасиетті Рамазан айында сақталуы тиіс жайттарға шолу (4)

Пайғамбар (с.ғ.с.): «Уа, мұсылмандар, хабардар болыңдар. Түнде намаз оқитын адамдар көп, алайда олар түнгі ұйқысыздықтан тек сергек болудың қиындығынан басқа ештеңе сезбейді. Ораза ұстайтын адамдар да көп, бірақ олар ораза ұстаудан аш болу мен шөлдеуден басқа нәтижеге жетпейді»,-деген.

Ораза сөзі бас тарту, кез-келген нәрседен бас тарту деген мағынаны білдіреді. Дін бойынша, ораза таңның атысынан кештің батысына дейін сегіз нәрседен (тамақ жеу, су ішу және т.б.) бас тартып, Құдайдың бұйрығын ниетпен орындаудан тұрады. Оразаның сыртқы және діни әдептерін сақтайтын адамның оразасы түзу болады. Алайда, оның Алланың алдында қабылдануы үшін арнайы шарттар қажет. Қабылдауға тұрарлық ораза – адамдардың рухани өсуіне себеп болатын ораза. Мұндай оразаны ұстаушы оның үкімдерін сақтау, яғни ішіп-жеуден бас тарту және өзін тыйым салынған дүниелерден, тіпті макрухат – рұқсат етілсе де, істелмегені дұрыс нәрселерден де сақтайды. Егер ораза ұстаушы осындайға қол жеткізсе, оразасы да дұрыс, амалы да қабылдауға тұрарлық болады. Бұл оны Аллаға жақындатып, кемелдену жолына түсіреді.

Пайғамбар (с.ғ.с.): «Уа, мұсылмандар! Хабардар болыңдар. Түнде намаз оқитын адамдар көп, алайда олар түнгі ұйқысыздықтан тек сергек болудың қиындығынан басқа ештеңе сезбейді. Ораза ұстайтын адамдар да көп, бірақ олар ораза ұстаудан аш болу мен шөлдеуден басқа нәтижеге жетпейді»,-деген. 

Пайғамбардың бұл сөзі мынаны білдіреді: Адамның ғибадат етуінің көлемі оның болмыс-бітімінің құны мен еңбегінің жемісін көрсете алмайды, керісінше адамның ғиабадатының сапасы оның ақыл-парасаты мен рухани құндылығының көрсеткіші болады.

Бір рауаятта екі әйелдің Пайғамбардың (с.ғ.с) заманында ораза ұстағаны айтылған. Кешке қарай олардың аштық пен шөлден жағдайлары нашарлап кетіпті. Содан олар Пайғамбарға (с.ғ.с) кісі жіберіп, ауыз ашуға рұқсат сұрапты. Пайғамбар (с.ғ.с) әлгі әйелдерге ыдыс жіберіп: «Оларға жегендерінің барлығын қайта құссын деп айтыңдар!»,-деген екен. Әлгі ыдыстың жартысы қан-жын мен етке толады. Адамдар мұны көріп таң қалады. Пайғамбар(с.ғ.с) сонда: «Бұл екі әйел өздеріне халал деп берілген нәрседен бас тартып, харам деп белгіленген нәрсемен оразаларын бұзды. Олар бірігіп алып, халықты өсектеген. Мына ыдыстағы нәрселер – халықтың артынан сөйлеген сөздері»,-деген екен.

 

Тегтер