Парсы әдебиетіндегі Рамазан айы (1)
Отыз бөлімнен тұратын бұл бағдарламамызда парсы әдебиетіндегі қасиетті рамазан айы тақырыбы жайлы сөз қозғаймыз. Бүгінгі бағдарламамызда Рудаки мен Фаррохи Систанидің өлеңдеріндегі рамазан айы тақырыбына тоқталамыз.
Рамазан "Алланың айы" деп аталады. Бұл қасиетті айдың әрбір адамның санасында белгілі бір түрде көрініс табатыны шәксіз. Ауызашар уақыты келген сәт, сәресі уақытында ұйықтап қалу туралы уайым, Қадір түніне байланысты рәсімдерді есте сақтау және тағы да басқа тақырыптар мен мәселелер рамазан айы күндері мен түндерінің ерекшеліктерімен осы айдың айналасында пайда болып, ерте заманнан қазіргі кезге дейін халықтың өмірінде ерекше рөлге ие болған, қазір де ие болып отыр. Рамазан "түрлі-түсті және көпқырлы" жарғы болып табылады. Оның әрбір бөлігі мен қырларының үйлесімдігі кезінде әрбір қырдың өзіндік ерекше нышаны мен белгісі бар. Әр адам осы жарғының бір немесе бірнеше аспектісіне байланысты қызығушылық танытады. Өзінің осындай барлық қырларымен рамазан айы мұсылман халықтарының өмірінде кең тараған.
Әрбір халықтың әдебиеті сол халықтың мәдениеті мен әдет-ғұрыптарын толығымен көрсететін айна тәріздес. Парсы әдебиетіндегі ақындардың өлеңдер жинағының барлығында ақын-шайырлардың ерекше назарына алынып, поэзияларында дін тақырыбы аясында ешбір тақырып ораза ұстау, қасиетті рамазан айы және соған байланысты (мысалы Қадір түні немесе Ораза айт) басқа да тақырыптар секілді ерекше айтылған емес.

Рамазан айы ойлаудың дамуы мен адамның жеке және қоғамдық, рухани және материалдық өмірлерінің барлық қырымен тығыз байланыста болғандықтан, пайымдық және тілдік секілді құрылымдық бағдарларды ұстанатын ақындардың көптеген мағыналық тақырыптар жасауына негіз болды. Ол ақындар бір жағынан сопы ақындар, басқа жағынан әдебиеттегі имажизм мектебінің өкілдері. Ақындардың бұл топтары басқа да формалық және мағыналық тұрғыдан жіктеуде мән-мағына мен тақырыптарға толы осы бақтың басқа қырларын да назарға ұсынған. Парсы тілі мен әдебиетінің ақындарының көпшілігі өз өлең-жырларында рамазан айы тақырыбында жазып, оны ерекше құрметтеп, әртүрлі көзқарастар тұрғысынан қарастырған. Рудаки парсы поэзиясының атасы ретінде парсы әдебиетінің биік сарайының негізін қалаған. Ораза, рамазан айы, ауыз бекіту элементтері парсы поэзиясының айнасынан көрініс тапқан.

Хәкім Абылқасым Фирдоуси – парсы әдебиетінің ұлы ақыны және "Шахнама" туындысының авторы. Ол рамазан айы тақырыбын өзінің еңбектерінде көтерген ақындардың бірі саналады. Эпостық шығармалар жазған ақын ретінде діни ілімдер және осы қасиетті айға байланысты тақырыптарға ерекше көңіл бөлген. Фирдоуси рамазан айының күндерін адамның Жаратушысына деген құштарлығының дәрежесін анықтау үшін өзі-өзі танып-білуіне қолайлы кезең деп атаған.
Ал х.қ.ж.с.б. бесінші ғасырда өмір сүрген атақты ақын Фаррохи Систани ораза мен рамазан айының пайда болуын жақсылықтың нышаны деп атап, бұл игі күндерді ұзағынан сақтауымыз керектігін айтқан.