Парсы әдебиетіндегі Pамазан айы (3)
Бүгінгі бағдарламамызда Pамазан айы тақырыбына Моулананың көзқарасы тұрғысынан тоқталамыз.
Моулана Жалал ад-Дин Мухаммад Моулави – х.қ.ж.с.б. жетінші ғасырда өмір сүрген Иранның атақты ақыны. Ол парсы поэзиясындағы ұлы шайырлардың ішінде рамазан айы мен оның мәдениетіне ең көп өлеңдерін арнап, басқа ақындарға қарағанда осы тақырыпты көбірек көтеріп, өлеңдерінің көпшілігінде рамазан айын әсерлі және ерекше түрде мадақтап, жырлаған.
Моулана ғажап құлып жайлы сөз сөйлейді. Құлыпты ашатын кілт – оның өзі. Ол тіпті ораза ұстаушылардың ас жемей, сусын ішпеуі үшін кілттейтін құлыпты жаңа көкжиектерді ашатын кілт деп есептеуімен қоса, аштық пен шөлдің азаптарын қазына санады.

Моулананың дүниетанымында ораза рухтың миғражға шарықтауы саналады. Ал Құдайдың қонағы болғанда физикалық ризықтан бас тартудың орнына рухани ризықтың дастархандары жайылады.
Моулави өзінің "Диване Шамс" шығармасында бұл берекелі айдың маңыздығын көрсету үшін "ораза" сөзін өлеңнің негізгі ұйқасы етіп алып, оны тармақтың соңында қайталап отырады. Сонда бұл сөздің қайталануы өлеңге ерекше ырғақ беріп, тыңдарман мен оқырманға ерекше әсер етеді. Моулана бұл айдың оң әсерлері мен берекесіне сілтеме жасайды. Ол басқа өлеңдеріндегі сөздердің астарында жасырын берілген.
Моулана рамазан айы жайлы өзінің барлық шығармаларында ораза кезіндегі даналықтар мен жер бетіндегі және аспандық береке мен жақсылықтарды еске салған. Моулананың рамазан айы туралы ғазалдарының басым бөлігінің өлшемі шаттыққа толы және қуанышты ырғақпен жазылған. Оның шығармалары адамды шаттандырып, үміттендіріп, рухтандырады. Сондықтан Моулана парсы поэззиясы тарихында рамазан айын мадақтаушылардың көшбасшысы саналады.