Қасиетті Рамазан айында сақталынуы тиіс жайттарға шолу (6)
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i27744
Құрықталмаған ашу – мүмін адамның одан қорғалу үшін Алладан пана сұрауы тиіс жаман қылықтардың бірі. Мүмін адам барлық кезде, әсіресе Қасиетті Рамазан айында ашудың алдын алуға талпынуы тиіс.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 06, 2017 11:43 Asia/Almaty
  •  Қасиетті Рамазан айында сақталынуы тиіс жайттарға шолу (6)

Құрықталмаған ашу – мүмін адамның одан қорғалу үшін Алладан пана сұрауы тиіс жаман қылықтардың бірі. Мүмін адам барлық кезде, әсіресе Қасиетті Рамазан айында ашудың алдын алуға талпынуы тиіс.

Қасиетті Рамазан айы – Аллаға жақындау үшін өзіңді дайындайтын ай. Рамазан айы – адамның барлық рухани қабілеттерінің дамуына берілген ең жақсы мұрсат. Алайда бәрінен бұрын жүректі ластықтан тазарту қажет. Тура бір жерге гүл еккісі келген бағбан сияқты. Ол алдымен жерді арам шөптер, тастар мен кедергі жасайтын заттардан тазартады, содан соң тұқым себеді.

Рамазан айы – адамның барлық рухани қабілеттерінің дамуына берілген ең жақсы мұрсат

Рамазан айы – адамның барлық рухани қабілеттерінің дамуы үшін берілген ең жақсы мұрсат

Барлық кезде, әсіресе Қасиетті Рамазан айында бойды аулақ салу қажет нашар әдеттердің бірі – орынсыз әрі құрықталмаған ашу. Бақылауға алынбаған ашу от сияқты іштен басталып, адамның іші мен сыртын өртейді. Ашу адамның тұлғасында қарулы күштер сынды әрекет етеді. Егер ол ақылды да әділ үкіметтің қолында болса, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жасампаздыққа жағдай жасайды. Ал егер ақылдың ырқынан шығып кетсе, қауіпсіздікті сақтаудың орнына төңкеріс жасап, бәлеге айналады.

Ашу рауаяттарда отқа теңеледі. От шайтанның болмысынан туындаған. Сол себепті оттың жалыны алдымен ашуланған адамның өзін  шалып, оның тәні мен жанын бірдей жояды. Шайтандық ашу пайда болғанда ақыл солғындайды. Сондықтан ашулы адам тыныш кезінде ешқашан айтпайтын сөздер айтып, істемейтін әрекеттер жасайды. Рауаяттарда бұл күй жеңілтектік деп аталған. Ашуланған адамның мінез-құлқы мен сөзі нашар болып кетеді. Шытылған қабағы мен булыққан бет-ауызы сұрықсыз көрінеді.


Ашуды құрықтау

Ашу адамның кемшіліктерін әшкерелейді. Ашу қысқанда сол адамның барлық жаман қасиеттері айқындалады.  Ашу қысқан адам оп-оңай басқалардың құқықтарын аяқасты етеді. Орынсыз ашу  үстінде қарсы тарапқа тіл тигізе сөйлеп, кейде оның хақысына зұлымдық жасауы мүмкін. Сондықтан орынсыз ашу арқылы жанұя мүшелері немесе достар мен әріптестер арасындағы рухани байланыс көпірі бұзылуы мүмкін. Оны жөндеу өте қиынға соғады.

Құдайдың қонақасына келгісі келетін адам ашу мен оның бүлдіргі салдарларынан хабардар болып, орынсыз ашудың оны Қасиетті Рамазан айының берекесінен құралақан қалдыратынын білуі тиіс.