Шетелдік әскерилерді шығару: Кабулдағы наразылық айқайы
(last modified Sat, 10 Jun 2017 10:21:48 GMT )
Маусым 10, 2017 16:21 Asia/Almaty
  • Шетелдік әскерилерді шығару: Кабулдағы наразылық айқайы

Үш күн ішінде екі күшті бомбаның жарылуы аймақтағы ақпараттар құралдарының назарын аударды.

Сәрсенбі күні Кабулдағы дипломаттар тұратын аймақта  жарылғыш заттар салынған су тұратын резервуар жарылып, шамамен 500-дей адам қайтыс болып, жарақат алды. Үш күн өткен соң, яғни сенбі күні Ауғанстан Сенат палатасының басшысы орынбасарының баласын  жерлеу рәсімі кезінде тағы бір бомба жарылып, бір топ адам жарақаттанып, біразы қайтыс болды.  Бұл екі жағдай халықтың жаппай наразылығын тудырып, америкалықтардың елден шығуын талап етіп, «АҚШ-қа өлім!» деген ұрандарды айтуға түрткі болды.

Шындығында, АҚШ Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарымен терроризммен күресті сылтау етіп, Ауғанстан жеріне кірген 2001 жылдан бері осы уақытқа дейін терроризммен шынайы күресу тұрмақ, әдейі Ауғанстанның қауіпсіздік күштерін, соның ішінде осы елдің армиясы мен әуе күштерін күшейту үшін ешқандай талпыныс жасаған жоқ. Бір жағынан, АҚШ өз тілектерін қанағаттандыру мақсатында  Ауғанстанға келіп құйылатын қаражатқа  басшылық етіп, оны АҚШпен Батыс елдеріне жіберіп отырды. Ал шындығында осы елдің экономикалық инфрақұрылымын жақсартуға  ешбір қадам жасалмады. Осылайша, жұмыссыздықтың өсуі мен Ауғанстандағы жұмыс күшінің мардымсыз табыспен күн көріп отырғанына куә болудамыз. Жұмыс іздеген жастардың шетел елшіліктерінің есіктерін жағалауы бұл жастардың шет елдерге шыққаннан басқа амалдарының жоқ екенін білдіреді. Жас жұмыс күші елдің капиталы болып табылады. Жастардың күшін дұрыс пайдалана отырып, Ауғанстан секілді елдің гүлденуі мен дамуына қадам жасауға болар еді. Шындық Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың айқын перспективасының жоқтығында. Бұл елдегі бейберекеттік жағдайды шешу үшін халықаралық күштердің стратегиясына сүйену аймақтық стратегияға айналған жағдайда ғана орындалады. Өйткені, Ауғанстанда көпұлтты күштердің 16 жылдық құзырына қарамастан, қауіпсіздік күннен күнге ушығып барады.

Аймақтық кеңесулердің көбеюі және ауған әскери күштерін нығайту және жасақтау мақсатында көршілес елдердің мүмкіндіктерін пайдалану бұл елдің қауіпсіздік мәселелерін шеше алады. Аймақ елдері мен Ауғанстанның көршілері Ауғанстанның қауіпсіздігі мен дамуының өз мүдделеріне сай келетіндігіне сенеді. Бұл интеграцияның үлгісін Мәскеудегі бейбіт жиындарда көрдік. Бұған егер аймақтағы елдер, әсіресе Ауғанстан тарапынан оң көзқараспен қаралса, бұл елдің өзі үшін жақсы нәтиже берер еді. Әрине, бұл жолда ешқандай бейбіт жобаның өз аясынан тыс орындалғанын қаламайтын теріс пиғылдылар да бар. Олардың бұл жолда аяқтан шалып, кедергі келтіретіні анық. Сондықтан Ауғанстанның қырағылығы және аймақ елдерінің Ауғанстандағы бейбіт үдеріске шынайы көмектері елдің қауіпсіздігін нығайтуға және әртүрлі салаларда дамуына септігін тигізе алады.