Парсы әдебиетіндегі Рамазан айы (10)
Бүгінгі бағдарламада Хафиз поэзиясындағы ораза мен Рамазан айы тақырыбы туралы сөз қозғаймыз.
Хафиздің өлеңдерінде Құранда көтерілген мәселелер бал тілмен баяндалып, оларға ерекше тәтті дәм бергендей. Хафиздің өлеңдер жинағындағы көркем бәйіттер Рамазан айы, ораза тұту және Қадір түні секілді ұғымдарды қамтиды. Хафиз көбінесе ораза ұстауды намаз секілді әзілмен, ал Рамазан айының аяқталғанын шаттанып жырлады. Бұл дәл сол екіжүзді адамдармен және дұға, ғибадат пен мадақ айту мен жалпы алғанда діни ғамалдарға бет бұрумен теріс күрес болып саналады.
Ол бұл айдың нәтижелері мен жетістіктеріне игілікпен қарап, діндес адамдар, данышпандар мен діншіл адамдарды х.қ.ж.с.б. шағбан айының қадірін түсініп, өздерін осы қасиетті Рамазан айына дайындауға шақырады.
Шамаң келгенше шағбан айында көңіл көтеріп, шаттан,
Ораза айты келгенше болмас ешбір мейрам.

Хафиздің сопылық көзқарастағы ой-пікірлері мен сопылық ілімінің ғалымдарына назар аударғаны баршаға мәлім болған. Алайда Хафиз өлеңдеріндегі қарама-қайшылық баршаның назарын өзіне аударып, тіпті кейде адамдарды қателесушілік пен үстірт пікір айтуға жетелейді:
Пісіп-жетілер әрбір тәжірибесіз,
Бұл ғашықтық шарабынан дәм татса.
Кел, шараптан дәм татайық, Рамазан айы болса да.
Хафиздің ораза мен Рамазан айы туралы жырлаған барлық бәйіті ақынды екіжүзділік пен шараппен қатар қояды. Хафиздің өлеңдерінде өте көп талқыға салынған және көп сөз етілген ұғымдардың бірінің дәл осы шарап екені айдан анық. Хафизтанушылар мына мәселені бірнеше рет айтқан болатын. Хафиздің өлеңдерінде екі түрлі шарап бар: жүзім шарабы және сопылық шарабы. Немесе өлеңдер жинағында екі ғашық жайлы сөз қозғалады: ол адамның жер бетіндегі ғашығы мен аспандағы сопылық ғашығы. Хафизтанушылардың пікірінше, Хафиз поэзиясындағы шарап пен ғашықтың үшінші түрін де айтып кеткен жөн. Ол әдебиеттегі тұспалдап айтылған ғашық. Хафиз өлеңдерінің көпшілігінде дәл осы үшінші түрі жайлы жазылған. Себебі, оны сол кездегі өзі өмір сүрген қоғамды сынау үшін пайдаланған.