Парсы әдебиетіндегі Рамазан айы (13)
Бүгінгі бағдарламамызда х.қ.ж.с.б. жетінші ғасырда өмір сүрген Иранның танымал ақыны әрі жазушысы шейх Муслихиддин Сағдидің Рамазан айы мен ораза ұғымдарына байланысты көзқарасын қарастырамыз.
Рамазан айы әртүрлі ирандық ақындардың поэзиясында көрініс тапқан. Олардың әрқайсысы бұл ұғымға әртүрлі тұрғыдан қараған. Шейх Муслиххиддин Сағди Ширази х.қ.ж.с.б. жетінші ғасырда өмір сүрген Иранның танымал ақыны әрі жазушысы. Сағди Рамазан айы тақырыбындағы өлеңдерінің басым бөлігінде бұл мейірім мен шапағатқа толы айдағы қоғамның жалпы шарттарын баяндайды. Сағди өлеңдерінің көпшілігінде оразаға байланысты әлеуметтік оқиғалар мен жағдайларды, оның жеке және қоғамдық салдарларын баян етті. Бірақ, бұл Сағди оразаның рухани және діни нәтижелерін назарға алмады дегенді білдірмейді. Сағди поэзиясының маңызды ерекшелігі осы екі аспектінің бір-бірімен байланысында. Ол қоғамға сәйкес рухани жолды ең жақсы түрде жүріп өтумен қоса, халық пен әлеуметтік өмір жайлы да сөз қозғады. Сағди Рамазан айы мен ораза тұтудың рухани берекелері жайлы сөз қозғағанда сол кездегі өзінің қоғамына көз жүгіртіп, оның жаман тұстарын сынады.

Ол рух пен нәпсінің Рамазан айымен байланысына тоқталып, жамандық пен әдепсіздікке бейім нәпсінің дәрмені үшін пайдалы дәрілердің бірін қасиетті Рамазан айы деп атаған. Сағдидың ойынша, тек діннің сыртқы амалдарын орындау Құдайға бойсұну мен ғибадат ету дегенді білдірмейді.
Ол шыншылдық пен ғибадатты нәпсімен күрестегі жеңіске жеткізетін жалғыз қару деп атайды. Сағди нәпсіні адамды жерге жығатын алып дәуге теңейді:
Дәудің қолдарын нәпсіңді тию арқылы сындыр.
Бұл қолдар тәннің сыртқы келбеті емес.
Маңдайды жерге тигізу деген мойынсұну емес.
Адалдық пешенеңе жазылмайды, сол үшін шыншыл бол.
Құдайға жетер жолда нәпсі мен азғырудан қашық бол.
Себебі бұдан асқан адамды жерге жығатын алып жоқ.
Диктор 2:
Оның пікірінше бұл әлем тек тамақ жеп, ұйықтап, ашуға берілу мен құмарлыққа бататын мекен емес. Сол үшін Сағди әлемде ұйқыда жатқандарды ояту үшін жан айқайға басады. Бұл терең ұйқыда жатқандар таң бұлбылының әні мен ораза тұту және түнде сергектік таныту деген ұғымдарды түсінбейді.
Уа, халайық! Бұл әлем тән рахаты мен жан тыныштығының мекені емес.
Ей, дана адам! Бұл әлемде ешнәрсе арзанға түспейді.
Ұйқыдағылар таң бұлбұлының үнінен бейхабар.
Хайуанның адамзат әлемінен хабары жоқ.
Адамның надандығынан асқан жаман нәрсе жоқ.
Мүміндердің түні күндіз әлемді нұрландырады.
Нұрландырушылар үшін түннің ақиқаты қараңғылылық емес