Парсы әдебиетіндегі Рамазан айы (15)
(last modified Mon, 19 Jun 2017 08:27:27 GMT )
Маусым 19, 2017 14:27 Asia/Almaty
  • Парсы әдебиетіндегі Рамазан айы  (15)

Бұл топтаманың кезекті бөлімі Насыр Хосроу қасидаларындағы Рамазан айы тақырыбна арналды.

Насыр Хосроу – х.қ.ж.с.б. бесінші ғасырда өмір сүрген өз заманындағы рационалды және дәстүрлі ілімдердің басым бөлігін жетік меңгерген ирандық танымал ақын, хакім, философ, саяхатшы. Ол қасидаларында ораза мен ораза тұту секілді түрлі діни ұғымдарға өте мән берген. Насыр Хосроудың Рамазан айы туралы арнайы қасидасы жоқ. Алайда оның Рамазан айын мадақтаушы екендігіне еш күмән жоқ. Оның пікірінше, ораза тұтушы адам ораза мен ораза тұтудың философиясына қатысты хабардар және қырағы болуы керек. Жай ғана су ішпеу және тамақтанбауды ораза тұту деп есептеуге болмайды.

Насыр Хосроу

Насыр Хосроудың тәлімдік және исмаилиттік діни көзқарасы өзіне дейінгі басқа шайырларға қарағанда әлде қайда кең. Ол Мостансар Билладан ораза ұстау, намаз оқу мен дін қағидалары туралы сұрайды:

Сол кезде сұрадым шариғат негіздерін

Неліктен оқу керек бес мәрте намаз?

Оразаны жылдың тоғызыншы айы деп айтқанда

Зекетке дерхам мен алтын теңге бер.

Оның Мостансар Биладан ораза тұту мен шариғаттың басқа да үкімдері туралы сұраған сауалы жауапсыз қалғанымен, ол өз оқырманын осы ғибадат ету үкімі жайлы ойлануға шақырады:

Барлық сұрақтар ораза да, тақуалық та емес

Және де намаз бен дұға туралы да емес.

Насыр Хосроудың ойынша, намаз бен ораза тұту илаһи мағрифаттың баспалдағы болып табылады. Соның көмегімен жаннатқа жетуге болады:

Жеткізер жанатқа бір баспалдақ,

Бір тірегі – намаз, екіншісі – ораза

Насыр Хосроудың көзқарасына сәйкес, бар жан-тәнімен намаз оқып, ораза тұтып және Құдайға табынатын адам ешбір нәпсіқұмарлық пен азғырудың ықпалына түспейді. Себебі, намаз оқу мен ораза тұту жүректі қараңғылық пен ластықтан, таттан тазартады:

Бойсұнудан қалқан қылса,

Жүректі құмарлық жебесі жараламайды

Жүректегі қараңғылық сыртқа шығып,

Мәсх, намаз бен ораза біріккен.

Дінді іздеген сайын,

Бүкіл әлем іздемей-ақ шығады алдыңнан