Парсы әдебиетіндегі Рамазан айы (16)
Аттар Нишабури ауызашарды – "бақылау", ал оразаны жүректі қатерлерден сақтау деп санаған. Бүгінгі бағдарламада Рамазан айының Аттар поэзиясында алатын орнымен тереңірек танысамыз.
Шейх Аттар Нишабури деген лақаппен танымал Фаридаддин Абуджамед Мохаммад Аттар Нишабури – х.қ.ж.с.б. алтыншы ғасырдың соңы мен жетінші ғасырдың басында өмір сүрген Иранның танымал ақыны, сопы. Аттар басқа да шайырлар секілді өз өлеңдерінде Рамазан айы мен ораза тақырыбын көп көтерген. Аттар ауызашарды – "бақылау", ал оразаны жүректі қатерлерден сақтау деп санаған. Ораза тұтушы адам саналы түрде аузын бекіту арқылы сол қатерлермен күресу жолын өзі таңдайды. Сол қатерлердің қатарына әрбір сәт және әрбір сағатта адамның басына төніп тұрған азғырулар мен күнәлар жатады. Ораза тұтушы саналы түрде қауіп-қатерлермен күресу үшін соларға қарсы тұрады. Бұл саналылық, яғни хабардарлық бақылау мен белгілі бір тәртіпке келтірудің нәтижесі саналады. Оған тек нәпсіні тыйып, бәрінен бас тартудың арқасында ғана қол жеткізуге болады:
Ораза – жүректі қатерлерден сақтау.
Ол ауызашарды бақылаумен іске асады.

Аттардың көзқарасы бойынша, ораза ұстау мен ғибадат ету тек адамның өзіне қызмет етуін шетке ығыстырып, Құдайға қызмет етуге кіріскен кезде ғана іске асады. Оның пікірінше, тіпті ғибадат етіп, сауап алу мен игі амал жасау секілді нәрселердің барлығы нәпсінің ықпалымен басталады. Ең бастысы, шын жүректен шыққан ғамал, тіпті күнә болсын, пайдалы саналады. Сол себепті, Аттар былай дейді: "Тақуа әрі дана адамның күнәсі нәпсі қуған адамның сауабына қарағанда әлдеқайда басым ".
Бұл қасиетті айда Жаратушы өз пенделерінің үнемі талпыныс мен күрес арқылы және иманның күшімен нәпсі итермелейтін құмарлықтарын тоқтатып, тілектерін ауыздықтап, нәпсісін тағам, ұйқы, ашу, надандық пен зұлымдық секілді түрлі ластықтардан алыс ұстауы тиіс және өзінің адами және мұсылмандық міндеттері мен парыздарын адал орындап, Аллаға бағытталған жолын жалғастыруы тиіс:
Ұзақ жыл бойы нәпсінің соңынан қудың.
Енді Құдайдың айы келді, нәпсіңді тый.
Рамазан айы жүректің зікір, сырлар мен ғашықтық қажеттіліктермен жарқырап, түнде сергек болу айы саналады:
Жетер, енді ұйықтама,
Тар көрде қанарсың әбден ұйқыға.
Енді жүрек айнасына
Ақиқатты еске алғаннан басқа
Түспесін оған ешбір шаң.

Бұл айда зікір ету, намаз оқу мен мадақ айту арқылы жүректің айнасын шаң-тозаңнан тазалап, рақымшылық пен Алла Тағаланың шапағатына бөленуге болады.