Ораза айт мейрамы – адам өзгеретін күн
Бүгін ішіп-жеуден тартынып, Аллаға бағынып, құлшылық еткен бір ай аяқталды. Бүгін – шүкіршілердің үлкен басқосуы; бірліктің ең әдемі көрінісі; үлкен емтиханнан өткен және дүниеге қайта келетін күн... Бүгін – Ораза айт мейрамы. Әлемнің барша мұсылмандарына Ораза айт құтты болсын!
Жер мен аспан шүкір намазына тұрғандай, періштелер топ-тобымен қолдарына сыйларын ұстап, Алланың қонақтарын құрметтеу үшін жерге түсті. Бүгін еріндер құтқарылу туралы зікірлерді қайталап, қонақтар илаһи ұлылықты сезеді. Бүгін ішіп-жеуден тартынып, Аллаға бағынып, құлшылық еткен бір ай аяқталды. Бүгін – шүкіршілердің үлкен басқосуы; бірліктің ең әдемі көрінісі; үлкен емтиханнан өткен және дүниеге қайта келетін күн... Бүгін – Ораза айт мейрамы.

Таң білінді. Барлық жер ерекше көңіл-күйге бөленіп, Ораза айт намазы басталуда. Қасиетті Мешхед – діни мекендердің бірі. Барша халық намазға қатысу үшін имам Реза (ғ.с.)-ның қасиетті кесенесіне қарай асығуда. Көп ұзамай қасиетті кесененің алаңы халыққа толады. Болмыстары тазарған, зекет пен пітір садақасын төлеп, теңізге қарай ағылатын тамшылар сынды адамдар намаз оқушылардың қатарына қосылады. Намазға тұрған зияратшылардың арасынан қарт пен жасты, ер мен әйелді және балаларды көруге болады. Жамағаттың арасынан мүгедектер арбасындағы әкесін намаз саптарына қарай жеткізуге талпынған жас көрінеді. Ол әкесінің Ораза айт намазын имам Реза (ғ.с.)-ның кесенесінің алаңында оқығысы келгенін айтады. «Революция» алаңы намаз оқитын әйелдер үшін дайындалып, оған кілем төселді. Бүкіл жерге айт мейрамының көңіл-күйі таралып, барлық жер түрлі-түсті әдемі гүлдермен безендірілді. Намазға жиналған жамағаттың алғашқы саптарының бірінде шамамен 30 жастағы қыз қолын аспанға қарай жайып отыр. Ол өзін Роза деп таныстырып: «Мұсылман болғаныма екі жыл болды. Бірақ, бүгін шиіт болғанымды бірінші сезініп отырмын. Қасиетті кесенеге қарай бет алған кезде қолдарына гүл шоқтарын ұстап, кесенеге қарай бара жатқан адамдарды көрдім. Бұл өте әдемі көрініс болды. Мен де адамдармен бірге кесенеге қарай жүріп, енді жалғыз адам емес, бір үмбет екенімді сезіндім»,- дейді. Бұл өте жақсы сезім. Бұл біртұтас жиын. Имам Реза (ғ.с.) бұл туралы: «Алла Тағала Ораза айтты мұсылмандар жиналып, Алланы нығметтері үшін мадақтап, тағзым етсін деп қалыптастырды. Сондықтан бұл күн мейрам мен мадақ күні саналады»,- деген. Өзін соңғы курстың студенті деп таныстырған жігіт былай деді: «Ораза айт намазын имам Реза (ғ.с.)-ның кесенесінде оқып жүргеніме бірнеше жыл болды. Бұл жерде хазірет Реза (ғ.с.)-ға жақындауға мұрсат беріледі. Ақ сәлдені басына тағып, оның бір шетін кеудесіне, келесі шетін екі иығының арасына жапқан имамды көргендей боласың. Ол жалаң аяқ, қолына таяғын алып, өзінің жақын серіктерімен үйінен шығып, кесенеге қарай бет алды. Біз имам Реза (ғ.с.)-ның әр қадам басқан сайын тәкбір айтқаны туралы оқыдық. Сардарлар мен қолбасшылар хазіретті көрген кезде аттарынан түсіп, аяқ киімдерін шешіп, имамның артынан еретін. Хазірет Реза (ғ.с.) жаяу жүріп, әр он қадамнан соң үш тәкбір айтатын. Мұндай жағдайды көрген Фазл бен Сохейл Мамунға: «Егер имам Реза мосаллаға (діни мекенге) жетсе, халық оған тәнті болып, үкметің қатерге тіреледі. Сондықтан, одан қайтуды талап ет»,- дейді. Мамун тез арада имамның артынан адам жіберіп, хазіретті орта жолдан имамды қайтарған. Бүгін біз имам Реза (ғ.с.) кесенесінің айбынының куәсі болудамыз».

Ораза айт – жылдың ең үлкен мейрамы. Рауаяттар бойынша бұл кезеңде илаһи рақымның есігі ашық болады. Халықтың қасиетті Рамазан айында жинаған рухани қоры оларға Ораза айт пен одан кейін де күнәдән алыстауға себеп болады. Құран Кәрім «Алә» сүресінің 14-15-ші аяттарында: «Кім тазарса, ол құтылады. Ол Раббының атын еске алып, намаз оқыды»,- деп айтылған. Бұл аяттарда иман келтіргендердің құтқарылуы және құтқарылып, жеңіске жету факторлары туралы айтылған. Оларға тазару, Раббының атын еске алу және намаз оқу кіреді. Тазарудың мағынасы неде? Кейде оған күпірліктен тазару, сонымен бірге жүректі жамандықтан тазарту кіреді.
Мұсылмандар тазарып, құтқарылу жолдарына түсіп, Рамазан айымен қоштасады. Олар ораза тұтып, Құран мен дұға оқып, сондай-ақ басқа да көптеген жақсылық жасап, жүректерді нұрландырып, жүрек пен жанды тоттан тазартып, жаңа кезеңге жетеді. Басқаша айтқанда, қасиетті Рамазан айында Алланың қонағы болғандар күнәдан алыстаудан үйреніп, құндылықтарға бет бұрады. Шын мәнінде, Рамазанның сыныптарында бір ай жаттығу пәк болмысқа оралу болып табылады. Адам бір ай жаттығудан өтіп, дүниеге қайтадан келген сынды. «Фитр» араб тілінде гүлдену деген мағынаны білдіреді. Ораза айт (Фитр) күні адам өз болмысына оралып, қайтадан гүлденіп, жаңа өмірін тойлап, өзін тазарта алғанына байланысты қуанышқа бөленеді.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің айтуынша, Ораза айт күнінің намазы дүниеге жаңадан келу сынды. Бұл намазда Алладан бізді жәннатқа жеткізетін жолға нұсқап, күнәдән алыстатуды сұраймыз. Ораза айт күні Аллаға өзіміздің армандарымызды айтып, Одан көмек сұраймыз. Әрине, біздің де міндетіміз бар: біз тура жолда қалуға талпынамыз. Бұл тақуалықтың өзі».
Имам Мұса Садр Рамазан айынан кейін бұл айға дейінгі адамнан өзгеше, жаңа адамның пайда болатыны туралы айтады. Ол бір ай жаттығудан кейін тереңірек ойланып өмір сүреді. Ол мұқтаж адамдардың қиындықтарымен таныстыратын ораза тұтып, сабыры және әділдігі артады. Бұл үлкен адам өзінің болмысындағы терең өзгерістерімен Ораза айт күні зекетін төлеген кезде Жаратушының атын есіне алып, намазын оқып, тойлайды. Имам Әли (ғ.с.) айт күнін қайырымдылардың сый күні деп атады. Қасиетті Рамазан айының соңғы күні ораза тұтқан әйелдер мен ерлерге періште келіп: «Уа, пенделер! Күнәләріңіз кешірілді. Сондықтан, келешек, яғни басқа күндеріңді қалай өткізетіңдерің туралы ойланыңдар»,- деген хабар жеткізеді. Халық жүрегімен Алланың берекесін түсініп, намаздан кейін адамдар ерекше көңіл-күймен бір-бірінің үйін аралайды. Хазірет Мұса өз мүнәжәттәрында Алладан: «Жақындарымен қарым-қатынасын үзбеген адамдардың сыйы не?»- деп сұрағанда, Алла Тағала: «Өмірлерін ұзартамын, өлімнің алдындағы қиындықтарын жеңілдетемін»,- деген.