Ораза айт – татулық мейрамы
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i28390
Ораза айт кезінде мұсылмандардың арасында ерекше көңіл-күй орнап, одан бірнеше күн бұрын көшелер мен үйлер безендіріледі. Бұл күні мұсылмандардың үйлерінде дастархан жайылып, олар бір-бірін қонақ етіп күтеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 25, 2017 19:01 Asia/Almaty
  • Ораза айт – татулық мейрамы

Ораза айт кезінде мұсылмандардың арасында ерекше көңіл-күй орнап, одан бірнеше күн бұрын көшелер мен үйлер безендіріледі. Бұл күні мұсылмандардың үйлерінде дастархан жайылып, олар бір-бірін қонақ етіп күтеді.

Қасиетті Рамазан айы аяқталып, ораза тұтушылар нәпсілері мен қалауларын жеңіп, Ораза айт мейрамын тойлайды. Илаһи берекеге ие айбынды Рамазан айынан  кейін Ораза айт сынды үлкен мейрамның келуі табиғи жайт. Ораза айтта мұсылмандар Рамазан айын сәтті өткізіп, оның сабақтарынан пайдаланғаны үшін Аллаға шүкіршілік білдіреді. Ораза айт кезінде мұсылмандардың арасында ерекше көңіл-күй орнап, одан бірнеше күн бұрын  көшелер мен үйлер безендіріледі. Бұл күні мұсылмандардың үйлерінде дастархан жайылып, олар бір-бірін қонақ етіп күтеді. Балалар үстеріне жаңа киімдерін киіп, айттық сыйлықтарын жинап, үлкендер бір ай құлшылықтан кейін бір-бірінің үйлерін аралайды. Сол себепті, Ораза айт кезеңі мұсылмандар үшін ұмытылмайтын кезең. Олар бұл мейрамды араларындағы татуластық пен достықты нығайтып, бір-бірін құттықтап, қуантатын мұрсат санайды.

Ораза айттарыңыз құтты болсын!

Осындай қуаныштардың арасында Ислам әлемінің жүрегі үлкен қиындықтарға ие. Мұсылмандар бұл мейрам күндері әлемнің әртүрлі жерлеріндегі бауырларының дағдарыстарына куә болып, өздерін солардың алдында жауапты сезініп,  Ораза айт күні намазға қатысып, дұға оқып, Алладан қаналған мұсылмандарды құтқаруды сұрайды.

Ораза айт намазын оқу – мұсылмандардың ең көркем діни рәсімдерінің бірі. Ораза айт намазының рухани айбыны оның мұсылмандардың жүректерін бір-біріне жақындатуында.  Әлем мұсылмандары, соның ішінде Иран, Пәкістан, Үндістан, Индонезия, Малайзия, Солтүстік Африка, Еуропа мен АҚШ мұсылмандары бірігіп, Ораза айт намазын өткізіп, асқақ әрі бірлікке жігерлендіретін ғибадат түрінде татуластығы мен біртұтастықтарын көрсетеді.

Ораза айт намазы – екі рекет. Оның бірінші рекетінде бес құныт, екінші рекетінде төрт құныт оқылады. Құныт зікірлері терең мағынаға ие. Намазхан құнытта Алланы мадақтап, Оның алдында тағзым етіп, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) мен хазіреттің әулетіне сәлемін жолдайды. Халық айт намазының құнытында пайғамбар (с.ғ.с.) мен хазіреттің әулетін өмірлернің үлгісі етіп, сол теңдессіз тұлғалармен бірге болу тағдырдан сұрайды. Олар Алладан хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) мен хазірет әулетінің жақсылықтарына ортақ етуді тілейді.

Намазхандар: «Ұлылық пен айбындылық бір өзіңе сай. Кешірімділік пен рақым, тақуалық пен даналық тек өзіңе лайық, уа, Алла! Мұсылмандар үшін айт күні хазірет Мұхаммад пен хазірет әулетінің жоғары дәрежесін көрсететін күнмен байланысты. Өзіңнен хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) мен хазіреттің әулетіне сәлем мен салауат жолдап, мені жақсылықтарға ортақтастырып, жамандықтардан алыстатуды сұраймын. Уа, Алла! Мені өзіңнің адал пендең етіп, өзіңнен сұраған пананы бере гөр» деп дұға тілейді. Ораза айттың ғажайыптары мүміндердің жүректері мен жандарына әсер етіп, үміт пен шаттық жүректерді толтырып, олардың жүздерінен Аллаға құлшылық етуі анық байқалады. Намаздан кейін халық имамның құтпаларын тыңдайды. Бұл құтпаларда имам Исламның ұлық пайғамбарының сүннеті бойынша, барша мұсылмандарды тақуалыққа шақырады. Содан соң ислам әлемінің жағдайы мен мұсылмандардың қиындықтарына шолу жасап,  олардың бір-бірінің тағдырына жауапты екендіктерін еске салып, олардан ұлтаралық айырмашылық, тіл мен діннің өзгешелігіне көңіл бөлмей, өздерінің ортақ қоғамдық және саяси мүдделері туралы ойланып, дұшпанға немқұрайдылық танытпай, исламдық ынтымақтастықты нығайтуды сұрайды. Расында қазіргі жағдайда ислам әлемінде мұсылмандардың соғыс пен бүлікке шырмалуы, басқа жақтан мұсылмандардың татуластығы мен бірлігінің қажеттігінен маңызды тақырып бар ма? 

Бұл күндері Йемен, Сирия, Ирак, Палестина, Ауғанстан, Бахрейн, тіпті Сауд Арабиясының шығысындағы қаналған халық алаңдаушылық пен қауіпте өмір сүруде. Ораза айт – бұл зорлық-зомбылық көрушілерге қолдау мен аяушылық білідіретін ең жақсы уақыт. Исламдық мемлекеттердің жамағат имамдары үшін мұсылмандардың мәселелеріне тоқталатын Ораза айт намазының құтпаларынан артық трибуна табылады ма?

Теһрандағы Айт намазы

Мұсылмандар жамағатына бірігетін мүмкіндік беретін айт күндері зорлық-зомбылық көргендерді қолдау және оларға материалдық әрі рухани көмек көрсетуге дайындықты жариялап, тағы Ислам діні мен исламдық үмбеттің ұлылығы мен айбындылығын көрсете алады. Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.): «Мұсылмандардың істерін шешуге көмектеспейтін адам олардан емес,  көмек сұраған дауысын естіп, көмекке асықпаған адам мұсылман емес»,-деген болатын. Ораза айт мейрамында мұсылмандар пәк жүректерімен Аллаға құлшылық жасап, билеп-төстеушілікті қабылдамайды. Ораза айт намазының тәкбірлері илаһи құдыретен басқаны теріске шығарады. Ал үстемшіл құдыреттер исламды шектеулі және мұсылмандардың арасында іріткі салып, соғысқа себепкер деп көрсетуге талпынуда. Ораза айт намазының рәсімдері – мұсылмандардың бірлігі мен татуластығының,  олардың өмірлерінің алға ілгерілеушілінің белгісі.

Ораза айт күні - мұсылмандардың татулық күні

Ораза айт күндеріндегі қайырымдылықтың белгілерінің бірі пітір садақа төлеу болып табылады. Ораза айт күні халық қаржы көмектерін арттырады. Бұл басқа мұсылмандардың алдындағы жауапкершілікті білдіреді. Әр мұсылман үшін күріш немесе бидай сынды өзі көп пайдаланатын күнделікті азығының белгілі бір мөлшерін немесе олардың ақшалай құнын Ораза айт күні таңертең мұқтаж адамға төлеу уәжіп саналады. Негізінде пітір садақа  ораза тұтқан адамның Аллаға шүкірлік білдіру сыйы әрі байлар мен мұқтаждардың арасындағы келісімнің нығаюына себеп болады. Ғибадат және Аллаға жақындау ниетімен төленетін пітір садақа – материалдық нәрсені рухани мақсаттар үшін пайдаланудың бір түрі. Пітір садақа  материалдық және нәпсілік қалаулардан алыстауды үйрену. Кейбір елдердің мұсылмандары кедейшілік пен қиындық көріп күндерін өткізіп отырған кезде олар үшін бұл амалдардан артық не бар? Ислам әлемінің бір бұрышында аштық пен азық-түлік тапшылығынан балалар мен әйелдер және ерлердің өлім қатеріне тірелгенін көргеннен ауыр жайт бар ма? Осы күндері Йеменнің қаналған халқының жүздеген азаматы соғыс салдарынан аштық пен тамақ тапшылығына тіреліп, өлімнің куәсі болуда. Олар мұсылман бауырлары мен апа-қарындастарынан көмек күтуде. Пітір садақа мұқтаж адамға сындарлы көмек бола алады. Ол мұқтаждарға таратылуымен бірге мешіт, медресе, көпір, аурухана және халыққа қажет басқа құрылыстар үшін пайдаланылады. Сөйтіп, Ораза айтта әр адам өз үлесімен мұқтаждардың уайым-қайғысын шешіп, қоғамда ынтымақтастық рухын тарата алады. Мұсылмандар Ораза айт сынды мейрамдарда бірге жиналып, бір-бірінен қиындықтарынан хабардар болып, пікір алмасады. Мұндай басқосуларда кектер достыққа айналып, мүміндер бір-біріне көбірек жақындайды.