Ғұлама ғалым Амини – ислам әлемінің үлкен реформаторы
Тарихқа назар аударсақ, біздің материалдық және рухани өмірімізде маңызды рөл атқарған көптеген адамдарды көреміз. Солардың ішінде рухани кеңістікте жұмыс жасайтындар есімдері мәңгі ұмытылмайтын және көбірек әсер ететін ерекшеліктерге ие. Өйткені, олар адамдарды мәңгілік өмірге қарай жетелейді. «Ғұлама Амини» деп танымал болған аятолла Абдолхосейн Табризи Наджафи сондай адамдардың бірі болды.
Хиджри қамари күнтізбесі бойынша 14-ші ғасырдың діни заңгері, тарихшы, хадисшы, әдебиетші, библиограф және ислам әлемінің үлкен реформаторы маңызды ғылыми еңбектер жазуымен бірге Наджафта имам Әли (ғ.с.) атындағы кітапхананы құрып, сонда шамамен 70000 еңбекті жинақтады.
«Ғұлама Амини» деп танымал болған аятолла Абдолхосейн Табризи Наджафи хиджри қамари жыл санағы бойынша 1320 жылы, милади жыл санағы бойынша 1902 жылы Табриз қаласында дүниеге келді. Оның әкесі аятолла Мирза Ахмад Наджафи Табриздің әйгілі ғұламаларының бірі болған. Абдолхосейн бастауыш білім мен діни ғылымдарды туған жерінде әкесінің қасында алды. 15 жасында Наджаф қаласына аттанып, қажымас еңбегінің арқасында қысқа уақытта діни заңгерлердің қатарына қосылды. Содан соң күні-түні діни заңдар, калам, тәпсір және тарих тақырыптарын зерттеп, «Шоһадое әл-Фазилаһ» және «Әл-Ғадир фи әл-Китаб» сынды маңызды кітаптар жазды. Ғұлама Амини өзінің бірнеше еңбегінде оған дейін ешкім жасамаған жұмысты жасады. Ол көне кітаптардан хиджри қамаридің 4-14 ғасырлары арасында өмір сүрген 130 діни ғұлама мен Исламның ұлық пайғамбары әулетінің жақтастары туралы мәліметтер жинап, «Шоһадое әл-Фазилаһ» атты кітап жазды. Ол бұл кітапты жазу үшін Иран мен Ирактың барлық кітапханаларын аралады. Ол сирек кездесетін кітаптардан Хақ жолында шәһид болған адамдар туралы зерттеу жүргізді. Ғұлама Амини бұл жұмысын отаршылар әлемдік соғыстар ашып, исламдық елдерді талан-таражға салып, отарға алмақ болған жағдайда атқарды. Амини «Шоһадое әл-Фазилаһ» кітабын жазып, батылдық пен жанкештіліктің үлгісі көрсетіп, мұсылмандарды табандылық пен қарсыласуға шақырды.
Ғұлама Амини шиіттер мазхабының әйгілі тұлғаларының бірі Ибн Қулуие Қумидің «Кемел зиярат» кітабын зерттеп, исламдық қоғамның ықтиярына ең сенімді зияраттың мәтінін ұсынып, имам Хосейн (ғ.с.) зияратының әдебін талқылап, зияраттың философиясын баяндады. Ол исламдық негіз бен философия мектебінде жылдар бойы шәкірт болған «Самарат әл-Асфар» еңбегін екі томмен шығарды. Сондай-ақ, ниет пен аяттардағы ғылымдар туралы кітаптар жазды. Тәпсір саласында да «Мисақ әл-Аууал» және «Әл-Итрат әл-Тахере» деген еңбектер жазды.
Ғұлама Амини Осман империясы сәтсіздікке ұшырап, құлдыраған кезде өмір сүрді. Осман империясы милади жыл санағы бойынша 16 ғасырда Кіші Азия, Таяу Шығыс аймағының көбін, Солтүстік Африканың бір бөлігі мен оңтүстік-шығыс Еуропаның бір бөлігін және Кавказға дейін биледі. Ғұлама Амини қоғамдық зардаптарды зерттеуші ретінде отаршыл үкіметтерге исламдық үкіметтердің орнын басуға рұқсат етуге болмайды деп санап, «Әл-Ғадир фи әл-Китаб» атты еңбегін жазуға кірісті. Ғұлама Амини аталмыш кітабын жазуы арқылы ислам үмбетінің айбынын еске салды. Ол Құранға сүйенген үкіметтің негізіне, яғни Ғадир Хом оқиғасына тоқталып, исламдық қоғамға «егер Ғадир негізі Исламның ұлық пайғамбары мен Құран айтқандай орындалғанда Британия сынды ешбір отаршының Ирак пен басқа исламдық елдерді өз отарына айналдыруға күші жетпейтін еді» деген жолдауды жеткізді.
Ғұлама Амини Құран мен сүннетке сүйеніп, құжаттар мен хадистердегі қағидаларды бұзбай, сүнниттер мен шиіттер арасындағы қайшылықтарды шешіп, Ибн Таймие, Алвеси, Қасими және Рашид Реза сынды адамдардың еңбектерін сынап, ислам әлемінде исламдық бірлік пен бауырмалдық орнатқысы келді. Ғұлама Амини өз кітабының үшінші томында бұл адамдардың кейбіреуінің, мәселен «шиіттер пайғамбар әулетінің Зейд бен Әли бен әл-Хосейн сынды кейбіреулерін дұшпан деп санайды» деген өтіріктерін айтып: «Бұл өтіріктер бұзақылықтың тұқымын сеуіп, ислам үмбетінің ортасында дұшпандық тудырып, ислам жамағатының арасында іріткі салып, үмбеттің бірігуін қиындатады»,- деген. Ол аталмыш кітаптың 268-ші бетінде Сейед Рашид Резаның шиіттерге «шиіттер мұсылмандардың әрбір сәтсіздігіне қуанады» деген тіл тигізушілігін баяндап: «Шиіттер мұсылмандарды шиіт пен сүннитке бөлмей, оларды құрметтейді. Олар ислам әлемінің кез келген мазхабының қайғысына ортақ болады. Құран мен сүннеттегі исламдық бауырларды еш уақытта тек шиіттердің қоғамымен шектеген емес. Шиіттер мен сүнниттердің алаламады»,- деп жазды. Ғұлама Амини Ғадир хадисына сүйеніп, 24 тарихи кітап, 27 хадис және Құранның 14 сараптамасы мен исламдық жеті жазбаны тапты. Сол кезде Ғадир хадисын айтушылар Исламның ұлық пайғамбарының сахабаларын әліпби әріптерінің тәртібімен атайды. Ол Ғадир хадисін айтқан 110 адам мен оларды қолдайтын 84 есімді атады. Содан соң хиджри жыл санағы бойынша 2-14 ғасырларда Ғадир хадисын айтқан 360 адамды атады. Ғұлама Амини өмірінің 40 жылын осы кітапты жазумен өткізді. Ол Ғадир оқиғасын зерттеу үшін Ирак кітапханаларының қолжазба қорлары мен жарияланған барлық кітаптарын зерттеп шықты. Содан соң Иранға келіп, бұл елдің үлкен кітапханаларындағы кітаптар мен қолжазбаларды зерттеді. Ғұлама Амини қамари жыл санағы бойынша 1380 жылы Үндістанға барып, бұл елдің кітапханаларындағы мәліметтердің көптігінен, тіпті уақытты да ұмытатын. Бір рет кітапхана директоры оны құлыптап кеткен де жағдай болды. Келесі күні кітапханаға келген кезде ғұламаның кітап оқып отырғанын көріп: «Сіз қашан келдіңіз?»- деп сұрайды. Ғұлама Амини: «Кеше мені кітапханаға қамап кеттіңіз. Содан бері осы жерде отырмын»,- деп жауап береді.
Ғұлама Амини Үндістаннан кейін Сирияға аттанып, Дамаск пен Алеппо қалаларындағы кітапханаларда, содан соң Түркияға барып, бұл елде де зерттеумен айналысады. Ол: «Мен «Әл-Ғадирды» жазу үші 10000 кітапты басынан аяғына дейін оқып, 100000 кітапты пайдаландым»,- деп айтқан болатын. «Әл-Ғадирды» оқыған әр ғалым оны жазған адамды мақтап, мадақтауға кіріседі. Мысыр философы әрі Әл-Азхар университетінің ұстазы «Әл-Ғадир» кітабы туралы: «Әл-Ғадир дер кезде қолыма түсті. Өйткені, мен қазір бірнеше исламдық мәселені зерттеумен айналасудамын. Сондықтан, мен үшін шиіттердің нақты мәліметтеріне ие болу өте маңызды»,- деді. Алеппо жұма намазының имамы шейх Мұхаммад Саид Дахдух: «Бізді шындықпен таныстырып, өз сенімдерімізді қайтадан қарастыру үшін осы кітап («Әл-Ғадирдың») жазылуы қажет болды»,- деді. Мысырдың әл-Азхар университетінің ғалымдарының бірі ұстаз Алаеддин Хруфе: «Мен шиіттердің заңдары мен мазхбатарының негіздері туралы білгім келген. Сөйтіп «Әл-Ғадирдің» алты томын оқыдым. Бұл кітап мен үшін ақиқатты ашты»,- деді. Келесі сүннит ғалымдардың бірі: «Маңызды «Әл-Ғадир» кітабын оқып, осы күнге дейін өмірімді бос зерттеулерімен өткізіп, пәк шиіттерді себепсіз кәпір деп санағанымды түсіндім»,- деп жазды. Сүннит ғалымдарының бірі Мұхаммад Абдолғани Хасан Месри ол туралы өлең жазып, өз өлеңінде Абдолхосейн Аминиге Алланың сауап жазуын сұрады.Ғұама Амини хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1349 жылы тир айының 12 күні 68 жасында Теһранда дүниеден озды. Ол қайтыс болған соң Теһран, Бағдат, Каземайн, Кербала және Наджаф қалаларында құрмет көрсетіліп, өзі құрған Наджафтағы имам Әли атындағы кітапханада жерленді.