АҚШ-тың Жапонияны милитаризмге қайтарудағы рөлі мен оның салдарлары
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i30441-АҚШ_тың_Жапонияны_милитаризмге_қайтарудағы_рөлі_мен_оның_салдарлары
Жапония үкіметінің ел Конституциясын өзгертіп, әскери қатынасқа көшуге талпынуы жайлы бағдарламамызда АҚШ-тың Жапонияны милитаризмге қайтарудағы рөлі мен оның салдарлары жайлы сөз қозғаймыз.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 03, 2017 16:33 Asia/Almaty

Жапония үкіметінің ел Конституциясын өзгертіп, әскери қатынасқа көшуге талпынуы жайлы бағдарламамызда АҚШ-тың Жапонияны милитаризмге қайтарудағы рөлі мен оның салдарлары жайлы сөз қозғаймыз.

Жапонияның әскери қатынасы билік басындағы Либерал-демократиялық партия мен осы елдің әсіре ұлтшыл Премьер-министрі Синдзо Абэ тарапынан көзделіп отырғанына қарамастан, АҚШ-тың әріптестігі мен үйлестіруінің арқасында орын алып жатқанында күмән жоқ. АҚШ-тың Шығыс Азия аймағындағы саясатын зерттеу бұл елдің өз әскери стратегиясында өзгеріс жасау арқылы екі негізгі принципті көздеп отырғанын көрсетті: біріншіден,  АҚШ өзінің аймақтық  одақтастары, яғни Жапония мен Оңтүстік Кореяны әскери тұрғыдан нығайтуға күш салып жатыр. Мұнда тек мынадай айырмашылық бар: АҚШ Солтүстік Кореяның әскери қоқан-лоққыларына қарсы тұру сылтауымен өзінің ең жаңа әскери қару-жарақтары мен «Тад» зымырандық кешенін Оңтүстік Кореяға орналастырып, оны өзінің аймақтағы әскери базасына айналдырды. Ал Жапония Оңтүстік Кореямен салыстырғанда ұлтшылдық пен жаугершілік тұрғысынан жоғарырақ болғандықтан, аймақта жандармға айналу қарсаңында тұр.  

Жапония Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіліске ұшырағаннан кейін АҚШ оған қауіпсіздік келісімін таңып, өзі сол елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болып, армия құруға тыйым салды. Алайда, қазір Қытайдың әскери және экономикалық күшінің күн сайын артуы мен  Солтүстік Кореяның зымырандық және ядролық қабілетіне байланысты АҚШ өзінің гегемондығына қатер төніп тұр деп санап, Жапонияны милитаризмге ынталандыру арқылы бір жағынан бұл елді аймақтың жандармына айналдыруды, екінші жағынан Жапония мен Қытайдың Шығыс Қытай теңізіндегі қайшылықтарын ескеріп, Жапонияны Қытайға қарсы қоюды көздеуде. Оңтүстік Қытай теңізі аймағындағы елдердің Қытаймен қайшылықтары мен бұл елдің Жапониямен текетіресі  аймақтың ұлтшылдануын өршітті. Өйткені, қайшылықтар аймақта абырой-намыс мәселесіне айналған. АҚШ мұны аймақтағы қайшылықтар мен түйткілдерді өршітіп, қауіпсіздік келісімдеріне қол қойдыру үшін қолайлы мүмкіндік ретінде пайдаланып отыр. Тек мынадай айырмашылығы бар: Жапониядағы ұлтшылдық рухы бұл елдің қаржы және индустриалдық құдіретімен  бірігіп жатыр. Бұл аталмыш елді тез арада аймақтағы ықпалды, тіпті басқыншы күшке айналдыра алады.

Бұл мәселе Жапония халқын ғана емес, аймақ елдерін де алаңдатып отыр.  Шын мәнінде, АҚШ үшін бұл мәселенің маңызды да пайдалы қыры – аймақ халықтарының Жапонияның милитаристік және үстемшіл рухынан қорқуы. Бұл АҚШ-қа Жапонияны Қытайға, тіпті Ресейге қарсы шығуға одан ары итермелеуге мүмкіндік береді. Оңтүстік Қытай теңізіндегі құнды қуат көздері мен биологиялық қор қызығушылық тудырып қана қоймайды, жер дауымен қоса, аймақта бәсекелестіктің қалыптасуына да қолайлы жағдай жасайды. Осындай жағдайда АҚШ та өзінің Қытай мен Солтүстік Кореядан үркіту саясатын ілгерілету арқылы Жапонияда билік басындағы Либерал-демократиялық партияның аймақта үстем әскери күшке ие болу бағдарламасына жанама түрде көмектесіп жатыр.  Сондықтан, бүгінде аймақ халқының ең маңызды мәселелерінің бірі – «қырғи қабақ» соғыс кеңістігінен туындаған қауіпсіздік мәселесі. Бұл соғыс «салқын бейбітшіліктің» қалыптасуына себеп болды.

IRNA ақпарат агенттігінің сарапшысы Шығыс Азиядағы дағдарыс жағдайына тоқталып: «Жапон басшыларының бұл ел үкіметінің милитаризмге бет бұруынан туындайтын зияндарды ескермеуі Бейжің мен Сеулдың Жапонияға қарсы ұлтшылдықты сақтап қалуының басты себебі саналады»,-деді.  

Бұл жағдай Жапония үкіметіне екі қырынан әсер етеді.  Жапония халқының жартысына жуығы аймақта соғыстың болуы мен өз елдерінің қақтығысқа араласуынан қорқады. Сол себепті  Жапонияның әскери тәсілі мен Конституцияға өзгеріс енгізуіне қарсы.  Мұнымен бір мезгілде Шығыс Азиядағы «қырғи қабақ» соғысы Жапония халқының жартысына жуығының ұлтшылдық сезімін қоздырып, осы елдің Премьер-министрі Синдзо Абэнің әскери саладағы өршіл жоспарларын қолдауына себеп болды. Бұл үдеріс АҚШ-тың арандатушы саясаттарының әсерімен жасалып жатқанымен, оның Жапонияның Қытай, Оңтүстік Корея және Ресеймен қарым-қатынасында айтарлықтай  салдарлары бар. Көп адамдардың ойынша, Жапонияда әсірешіл ұлтшылдықтың дамуымен бірге, әскери шабуылдар мен басқыншылық салдарынан келтірілген шығындар мен зияндарға байланысты Қытайда да осыған ұқсас жағдай қалыптасуда. Шығыс Азия аймағы әсірешіл ұлтшылдықтың оянуына қарай қадам басуда. Алайда онда қарама-қайшы модельдер мен қалыптар бар. Бұл жағдай аймақты толыққанды соғысқа қарай итермелеуі мүмкін. Жапония мен Қытай арасында Шығыс Қытай теңізінде жапонша «Сэнкаку», қытайша «Дяоюйдао» деп аталатын кейбір аралдарды иелену жайында қайшылық бар.

Мұнымен қоса, Жапонияның Оңтүстік Қытай теңізіндегі істерге араласуы және Бейжіңнің осы теңіз маңындағы елдермен қайшылықтарын өршіту арқылы Қытайдың төзімін тауысқаны соншалықты, бұл елдің үкіметі  талай рет Токио үкіметіне мұндай әрекеттердің салдарлары жайында ескерту жасады.

Қытайдың «Синьхуа» ақпарат агенттігінің сарапшысы: «Жапонияның бейбіт Конституциясының қатерге ұшырауы және ел Премьер-министрі  Синдзо Абэнің билігінің арта түсуі онымен көршілес елдер үшін, тіпті бұл елдің өзі үшін қауіпті. Сондықтан Жапонияның әскериленуі ешкімнің мүддесіне сай келмейді»,-деді.  

Қытаймен қоса, АҚШ-тың одақтастары болып табылатын Жапония үкіметі мен Оңтүстік Кореяның арасында да жер дауы мен құндылық қайшылығы бар. Қытай осы қайшылықта Оңтүстік Кореямен ортақ позицияға ие. Оңтүстік Кореяның Жапониямен жапонша «Такшида» деп аталатын Такдо аралдарын иемденуге қатысты қайшылығы бар. Бұл аралдар қазір Оңтүстік Кореяның қарамағында болғанымен, Жапония оны өзіне тиесілі санайды. Таяуда  оқушыларға арналған тарих пен география пәндерінің кітаптарына өзгеріс енгізіп, Қытай мен Оңтүстік Кореямен қайшылығы бар аралдарды өзінің мүддесіне қарай өзгертіп, осы елдердің қарсылығына ұшырады. Осы тұрғыдан Жапонияның әскери тәсілі Оңтүстік Кореяны да аймақ қауіпсіздігінің өзгеру ықтималдығына қатысты алаңдатып отыр.

Жер дауымен қоса, Қытай мен Оңтүстік Корея Жапония Парламенті өкілдері мен саяси қайраткерлерінің «Белгісіз сарбаздар» деп аталатын ғибадатханаға баруының жиілеуіне қатты наразы. Өйткені,  Сеул мен Бейжіңнің көзқарасы бойынша, жапон әскерилері Қытай мен Оңтүстік Кореяға шабуылдары барысында көп қылмыс жасаған. Жапон қайраткерлерінің осы ғибадатханаға баруды жиілетуі және бұл істің соңғы жылдары жапондық жастар тарапынан да артуы Жапонияда әсірешіл ұлтшылдықтың қозуының бір түрі саналады. Бұл аймақты тағы да жойқын соғысқа итермелеуі мүмкін.

Оңтүстік Кореяның Yonhap ақпарат агенттігі: «Сеул әрдайым Токиодан бейбітшілік пен әл-ауқатты жақсартуға бағыт алған халықаралық деңгейде жауапты рөл атқарып, өзінің қате әрекеттерін доғаруды сұрады»,-деп хабарлады.

Жапонияның әскериленуінің келесі салдары – оның Ресеймен қатынасына әсері. Екі елдің жапонша «Солтүстік аралдар» деп аталатын Курил аралдарын иемденуге қатысты қайшылықтары бар. Мәскеу үкіметінің бұл аралдарда әскери базалар орналастыру жоспары Жапония үкіметін алаңдатып отыр. Кейбіреулердің ойынша, Жапонияда Ресейден Курил аралдарын қайтарып алудың жалғыз жолын әскери жол деп ойлайтын әсірешіл ағымдар артуы мүмкін. Ондай жағдайда Жапония үкіметінің әскери қатынасының өте қатерлі салдарлары болуы ықтимал.

Осы алаңдаушылықтарды ескеріп, Солтүстік Кореяның ресми ақпарат агенттігі бір мақалада Жапонияның Премьер-министрін «Азияның Гитлері» деп атап: «Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ Солтүстік Кореяның ядролық және зымырандық қатерлері туралы алаңдаушылықтарды қоздыру арқылы өзінің әскери бағдарламаларын негіздеуді көздейді»,-деп жазды.

Қытай Коммунистік партиясының «Халық» газеті де Жапония үкіметінің әрекеттерін сынап: «Жапония үкіметінің әскери бағдарламасы Азияның бейбітшілігі мен тұрақтылығына қатты соққы береді. Мұндай жағдайда аймақтық мәселелер көршілес елдердің қарым-қатынасына теріс әсерін тигізбеуі керек»,-деп жазды.   

Қалай болғанда да,  Қытай мен Оңтүстік Кореяның Жапония басшыларының «Белгісіз сарбаздар» ғибадатханасына баруын өткір сынауы Шығыс Азия  елдерінің Жапонияның нығайған әскери қуат пен әсірешілдікке негізделген национализміне төзбейтінін және оның өте қауіпті салдарлары бар деп санайтынын көрсетеді. Бұлар тарихи апаттардың қайталануына әкеліп соқтыруы мүмкін.