Қаз 09, 2017 19:36 Asia/Almaty
  • Діни жетекші Эксперттер кеңесінің өкілдерімен кездесті

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи өткен қыркүйек айының соңында Эксперттер кеңесінің өкілдерімен кездесіп, бұл Кеңесті қоғам мен Ислам республикасы жүйесіне ықпалы зор беделді ұйым деп атады.

Білікті заңгерлерден құрылған Эксперттер кеңесі ИИР Конституциясының 107-ші бабы бойынша «валие факихты», яғни ИИР-ның діни басшысын сайлау міндетіне ие. Оның мүшелері халықтың тікелей дауысы арқылы сегіз жылға сайланады. Бүгінде Эксперттер кеңесіне 88 діни заңгер мүше болып кіреді. Имам Хомейни қайтыс болғанан кейінгі исламдық Иранның жағдайына көңіл бөліп, бір тәулікке жетпей,  аятолла Хаменеидің Эксперттер кеңесі тарапынан елдің діни басшысы болып сайлануы аталмыш органның исламдық жүйедегі маңызы мен ерекше орнын көрсетеді.

Эксперттер кеңесі өкілдерінің аятолла Хаменеимен кездесуі

Аятолла Хаменеи мұхаррам айы мен имам Хосейн ( ғ.с.)-ға  арналған аза тұту рәсімдерінің басталуына тоқталып, мұхаррам айын шәһәдат, жиһад, ықылас пен табандылық айы деп атап: «Исламды имам Хосейн (ғ.с.)-ның көтерілісі қорғап қалды. Ғасырлар өткенімен, бұл оқиғаның маңызы күннен күнге артуда. Қазіргі таңда осыдан жүз жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда ауқымдырақ әрі халықтың жаппай қатысуымен өтеді. Мұның барлығы Хосейн бен Әли (ғ.с.) басқарған ағымның әлемде кең таралғанының белгісі. Алланың көмегімен одан сайын таралып,  халықтардың мәселелерін шешуге көмектеседі»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі  сөзінің бірінші бөлімінде Эксперттер кеңесінің маңыздылығына тоқталып, құрамы мен міндеттері тұрғысынан оны ерекше кеңес деп атап: «Эксперттер кеңесі осы уақытқа дейін іске асырған және іске асырып жатқан жұмыстарымен қатар басқа да маңызды істерді атқара алады деп үміттенуге болады. Бұл маңызды іс революция мен оның бағдарына стратегиялық түрғыдан назар аудару болып табылады. Революцияның мақсаттары болған маңызды мәселелерді басынан бастап зерттеу қажет. Зерттеу кең ауқымды болғаны жөн»,- деп баса айтты. Аятола Хаменеи Эксперттер кеңесін стратегиялық және маңызды мәселелерді зерттеуге лайық деп бағалап, Эксперттер кеңесінен стратегиялық көзқарасқа ие топ құрып, өткен 38 жылдағы Ислам революциясының негізгі мақсаттарына қарай қалай ілгерілегенін және  бұл жолда қандай жетістіктерге жеткені туралы зерттеуді, сондай-ақ әртүрлі органдардардан мәліметтер жинақтап, маңызды мәліметтерді ұлттық дикуссияға айналдыруды талап етті.

Аятолла Хаменеи Ислам революциясының «Шығыс пен Батыс елдеріне тәуелді болмау» сынды мақсаттарының біріне тоқталып: «Революцияның маңызды мақсатын білдіретін «не Шығыс емес, не Батыс емес» деген ұран Батыстың мәдениетіне еліктемеуді, сонымен қатар Еуропа мен АҚШ-тың экспансиялық саясаттарын қабылдамауды қуаттайды»,- деп баса айтты. Ислам революциясының жетекшісі  бұл мақсатқа жетуге талпынуды биліктің маңызды міндеттерінің бірі деп атап, Эксперттер кеңесінен осы мақсатқа жету деңгейі мен оның әртүрлі салалардағы сапасын зерттеуді сұрады. Ол экономикалық күш-қуат пен әділетті кедей мен байдың арасындағы қашықтықты азайтатын революцияның келесі мақсаты деп атады. Сондықтан Эксперттер кеңесінен зерттеу жұмыстарын жүргізуді сұрап: «Революцияның мақсаттары бүгінгі қоғамда нығайды ма, әлде әлсіреді ме? Олар қандай қатермен кезігуде және оларды нығайтатын жолдар қандай? Бұлар маңызды сұрақтар. Оларды зерттеп, нәтижелері бойынша сұраныстар анықталуы керек»,- деді. Аятолла Хаменеи қоғамдағы дін мәселелеріне көңіл бөлуді өте маңызды деп атап: «Халықты дінге бейімдеп, олардың алдынан бақытқа жеткізетін жол ашылуы керек. «Біз халықты жәннатқа зорлықпен апармауымыз керек» деген сөз – адастыратын жолға түсіретін сөз. Ешбір адам біреуді жәннатқа зорлықпен апарғысы келмейді. Бірақ, біз халықтың алдынан жәннатқа жеткізетін жолды анықтап, халықты сол жолға жігерлендіруіміз қажет. Негізінде пайғамбарлар халықты жәннатқа нұсқап, тозаққа түсірмеу үшін келген. Пайғамбарлардың барлық талпыныстары мен илаһи кітаптың жіберілуінің мақсаты халықтың тоззаққа түсуінің алдын алу. Әрине, дұрыс жолмен және дұрыс түрде»,- деп баса айтты. Тәлім-тәрбие беретін әрбір жүйеде адамдарды сындарлы жолға нұсқап, күйзеліске түсірмеу үшін әртүрлі ынталандыру мен жазалау  шаралары қолданылатындығы сынды Исламның тәлім-тәрбие жүйесінде де ынталандыру мен жазалар пайдаланылады. Шариғат кейбір діни заңдарды бұзғаны үшін адамдарға жаза қарастырған. Бұл діни заңдарды сақтау үшін қысымның көрсетілетінін білдіреді. Діни тәлім-тәрбие жүйесі маңызды мәселе етіп хабардар етуді, адамгершілік негіздерін сақтап, басқалардың наным-сенімдерін құрметтеуді және тағы да басқа көптеген тәрбие құралдарын қалыптастырды. Жаза қолдану – мәңгілік бақытқа жету жолындағы кемел әрі илаһи жиынтықтардың бір бөлімі.

Ислам революциясының жетекшісі  сөзінің екінші бөлімінде елдің мәселелері мен оларды шешу жолдарына тоқталып: «Мемлекет басшылары мен халық ел мәселелерінің тек халықтың өзі арқылы ғана шешілетінін біледі. Экономикалық, мәдени, яғни әртүрлі салалардағы мәселелерді халық шеше алады. Мәселелерді шешу үшін ішкі күш пен мүмкіндіктерге сүйеніп, жастар, мамандар мен халықтың әртүрлі таптарына сенім артқан жөн. Ішкі күшке сүйенудің мағынасы дүниемен қарым-қатынас орнатпау дегенді білдірмейді. Оның мағынасы өзіміздің табиғи құдыретті аяғымызды бөгденің таяғына ауыстырмау, бөгделерге сүйенбеу»,- деп қуаттады.

Иран Ислам революциясының жетекшісі  сөзінің үшінші бөлімінде әлем мен аймақтың маңызды мәселелеріне тоқталып, Иранның аймақтағы беделді рөліне тоқталып: «АҚШ-тың Иранға ызалануының себебі Ислам республикасының аймақ өзгерістеріндегі маңызды әрі сындарлы рөлінде» деді. Аятолла  Хаменеи АҚШ  Президентінің БҰҰ-ның Бас ассамблеясында сөйлеген ерсі және шындыққа жанаспайтын сөздеріне сілтеме жасап: «АҚШ Президенті жаман және құнсыз лексиканы пайдаланды. Оның сөздері гангстерлер мен ковбойлардың сөздері сынды мағынасыз, қате. Сараптамалары да жүз пайыз қате, өтірікке толы. Бұл сөздер күш-құдіреттен бастау алған жоқ, керісінше ашудан, қайраңсыздық пен ақылсыздықтан айтылды»,- деді.

Аятолла Хаменеи Трамптың БҰҰ-ның Бас ассамблеясындағы сөзін Америка халқы үшін мақтаныш болған жоқ деп сараптап: «Американың зиялы қауымы  осындай президентке ие болғандары үшін ұялуы керек»,- деді.

Аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында АҚШ-тың «үлкен Таяу Шығыс» құру жобасындағы рөліне тоқталып: «Бұл жобаның нысаны Сирия, Ливан, Ирак болды. АҚШ бұл үш елде билік басына өзіне бағынып,  нөкері болатын және сол елдің мүддесі үшін әрекет жасайтын үкіметтің келгенін күтті. Соңында не болатын еді? Соңында бүкіл аймақ сионистік режимнің аяғының астында қалып, Нилден Евфратқа дейінгі аймақ сионистік режимге бағынатын еді. Олардың болжамдары бойынша тарихи әрі мақтаныштарға ие Ирак елі сионистер мен америкалықтардың қол астына түсіп, сионистік режимге қарсы қарсыласу орталығы саналатын Сирия да сионистік режимнің бақылауына түсетін болған. Ливанның да тағдыры белгілі емес. АҚШ аймақтағы көптеген қылмыстары, тәкфиршіл топтарды құруы және бұл топтарды қарумен қамтамасыз етуімен, аймақтың, әсіресе Сирияның жазықсыз халқын қыруымен өз мақсаттарына жете алмады. Бүгінде ДАИШ тобы жойылу қарсаңында. Америкалықтар Иранның бұл мәселеде де ықпалға ие екенін көріп, ызаланады. Шәһид Бехешти айтқандай «Ыза болып, ызасынан өліп кетсін»»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі  Иранның аймақтағы ғиззаты мен ықпалын жастарының моджаһедаты мен халқының табандылығымен байланыстырып, Сириядағы тәкфиршілерге қарсы күресте шәһид болған 25 жастағы ирандық  жігітке тоқталып: «Мохсен Ходжаджи сынды жастарымыз аз емес. Оны үлгі ретінде Алла ғазиз етті. Алланың көмегімен жастарымыздың бойындағы күннен күнге артып келе жатқан революцияшыл сезімдерге тағзым етсін деп, баршаның алдында көрсетті»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі  жастардың қасиетті кесенелерді қорғауға барып, дұшпанармен күресуге рұқсат беру туралы көптеген хаттарына тоқталып: «Жастардың арасында революцияшыл сезім артуда. Виртуалдық кеңістік таралған жағдайда мұндай сезімдердің артуы илаһи мұғжиза мен мейірімді көрсетеді»,- деп қуаттады.

 

Тегтер