Мұхаррам және Ашураның әртүрлі халықтар арасындағы көріністері 5
«Сине зани», яғни «кеудені ұру» имам Хосейн (ғ.с.) мен басқа пәк имамдарды еске алып, аза тұту рәсімдерінде «ноухехани»-жоқтау өлеңдермен бірге өтетін рәсім.
«Сине зани» Иранның әртүрлі қалалары мен ауылдарында мұхаррам айындағы барлық рәсімдерде өткізіледі. Өз кеудесін ұрып, қайғысын білдіретін адамды «сине зан», яғни «кеудесін ұрушы» деп атайды. Бұл рәсімге қатысушылар бірі-бірімен және «нухе»-қайғылы өлеңнің музыкасымен үндестікте әрекет етуі керек. Кеудесін ұрушылар топ-топпен алға жылжып, мешіттер мен діни мекендерде кеуделерін дөңгелене тұрып ұрады. Көшелерде тәртіппен алға ілгерілеп, бірауыздан «уа, Хосейн!» деп дауыстап, Кербала оқиғасын баяндайтын өлеңдерді айтады. Иранның кейбір аймақтарынан бұл рәсімнің өзгешелігі байқалады. Бүгінгі бағдарламада Иранның кейбір аймақтарындағы «сине зани» рәсімімен таныстырамыз.
Иранның солтүстігіндегі Рамиан қаласында «кеуде ұру» рәсімі бір-бірінің белінен ұстап, кеудені ұру түрінде өтеді. Аза тұту рәсімдерінің бұл түрін таңдау аза тұтушы халықтың хазірет Әли бен Абиталеп (ғ.с.) пен басқа 11 имамның басшылығына иман келтіруін білдіреді. Олар бұл рәсімді қаланың имам Әли (ғ.с.) атындағы алаңында өткізеді.
Жыл сайын мұхаррам айының оныншы күні әр тайпаның аза тұтушылары топ-топ болып, Рамианның орталық алаңынан имам Әли (ғ.с.) атындағы алаңға қарай жүреді. Бұл мекенге келген кезде дөңгеленіп, бір-бірінің белінен ұстап, кеуде қағу рәсімін өткізеді. Бұл рәсімде аза тұтушылар үстеріне ақ және жасыл түсті кебін киеді. Бұл рәсім Кербала туын көтеруші хазірет Аббасты еске алып, байрақ көтеру хазірет Зейнаптың зембілі, имам Хосейн (ғ.с.)-ның Зулфақар атын еске алып, алаңға ақ атты шығару, «Бүгін Ашура, бүгін Кербала!» деп ұрандаумен бірге өтеді. Иранның мәдени мұраларын тіркейтін жоғары кеңес бұл рәсімді Иранның ұлттық мұралары тізімінде №1157 нөмірмен тіркеді.
Иранның оңтүстігіндегі Хузестан мен Бушеһр облыстарында ұзақ уақыт бойы кеудені ұрудың «сине зание вахед» түрі қалыптасты. Кеуде ұрудың бұл түрінде аза тұтушылар дөңгеленіп тұрады. Дөңгелектің ішінде тағы бір дөңгелек орналасады. Дөңгеленіп тұрған адамдар сол қолдарымен сол жақтарында тұрған адамның белін, оң қолдарымен оң жағындағының белін ұстайды. Олар кеуделерін ұрған кезде дөңгелек ақырын айналады. Кеуде қағудың бұл түрінде мазмұны ауыр жоқтаулар айтылады. «Сине зани вахед» рәсімі кезінде басында бір адам жоқтау айтуды бастайды. Біртіндеп халық жиналып, дөңгеленіп, орналаса бастайды. Содан соң ақырын айналып, жоқтау өлеңін оқып тұрған адамға қосылады.
Әр түрлі төрт-бес өлең оқылған соң кеудені ұру мен өлең үндескен соң азалы өлең оқып тұрған адам тоқтап, «вахед» деп жауыстап, кеуделерін ұрушыларға бұйрық береді. Жиналған жамағат бір дауыспен оған жауап беріп, Кербаланың қанқұйлы оқиғасы мен басшылары имам Хосейн (ғ.с.)-ға махаббаттарын білдіреді.
Бушеһр облысының халқы әсіресе мұхаррам айында кеуде ұруды «язле» түрінде орындайды. Бұл рәсім дәстүрлі кеуде ұрудан кейін орындалады. Кейде ұрудың бұл түрінде адамдар алдында тұрған адамның белінен ұстап, «Язле» өлеңін айтып, поезд сынды алға жүреді. Аза рәсімінде топ-тобымен жиналған адам дөңгеленіп тұрып, ортаға қарай еңкейіп, «Язле» ритмімен кеуде ұруды бастайды. Бұл рәсімде орындалатын жоқтау өлеңдерінің мәтіні рәсімнің өтіп жатқан уақытына байланысты. Мәселен Тасуа кешінде адамдардың барлығы бір ауыздан «бүгін Тасуа кеші» дейді. Сол кезде қайғылы өлеңді жалғыз оқып тұрған адам «Кербала кеші» деп жауап қайтарады.
Занджан қаласы кеуде ұрудың ерекше рәсімімен танымал. Жылдар бойы мұхаррам айының сегізінші күні бірнеше мың аза тұтушы бұл қаланың үлкен хосейниесінен имамдар ұрпағының бірі хазірет Ибрахимге қарай жолға аттанады. Айта кететін жайт, қала халқымен бірге көршілес әзірбайжан тілдес облыстардың халықтары, тіпті Әзірбайжан республикасының азаматтары Занджанға келіп, аталмыш рәсімдерге қатысады.
Иранның түкпір-түкпірінен жиналған назрлер соның ішінде мыңдаған қойдың аза тұтушы топтардың алдында бауыздалуы ерекше көрініс болып табылады.
Шираз қаласынан бірнеше мешіт пен хосейниеде өтетін кеуде ұрудың «поезд түрі» деп аталған түрін көруге болады. Кеуде ұрудың бұл түрі ұлу формасында орындалады, яғни, басында адамдар тұрып, екі қадам басып, кеуде қағып, «Хосейн!» дейді. Содан соң кеуде қағудың ортасында бірінші адам соңғы адамға жетіп, ұлу сияқты ақырын жылжиды.