Жапониядағы мерзімінен бұрынғы сайлау
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i31917-Жапониядағы_мерзімінен_бұрынғы_сайлау
Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ алдын ала болжанған әрекет жасап, мерзімінен бұрын сайлау өткізіп, осы елде өзі мен биліктегі Либерал-демократиялық партияның саяси орнын нығайту үшін Парламентті таратты. Бүгінгі бағдарламада Абэның осы әрекетінің әртүрлі қырын талдап, оның салдарларына шолу жасаймыз.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 24, 2017 18:53 Asia/Almaty
  • Жапониядағы мерзімінен бұрынғы сайлау

Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ алдын ала болжанған әрекет жасап, мерзімінен бұрын сайлау өткізіп, осы елде өзі мен биліктегі Либерал-демократиялық партияның саяси орнын нығайту үшін Парламентті таратты. Бүгінгі бағдарламада Абэның осы әрекетінің әртүрлі қырын талдап, оның салдарларына шолу жасаймыз.

Синдзо Абэ 2012 жылы Либерал-демократиялық партияның басқаруымен сол кезде Жапония билігіндегі Демократиялық партияны жеңіп, билікті қолына алды. Ол Либерал-демократиялық партияның ең маңызды бағдарламаларын экономикалық дамуды қайта жандандыру, Жапонияның саяси-әлеуметтік құрылымындағы әйелдердің орнын нығайту және сақтандырулардың жағдайын жақсарту деп жариялады. Алайда 2012 жылы Либерал-демократиялық партияның алғашқы конгресінде мықты армия құру мақсатында Жапония Конституциясының 9-бабына өзгеріс енгізу туралы сөз қозғалды. Өткен 5 жылда ол өзінің бағдарламаларын орындау үшін Жапония қоғамының көпшілік дауысын жинай алмады. Бұл ел халқының жартысына жуығы армия құру мақсатындаКонституцияға өзгеріс енгізуге қарсы. Сондықтан сарапшылардың көбі Синдзо Абэнің Парламентті таратып, мерзімінен бұрын сайлау өткізуін оның өзі үшін үлкен саяси қатер санайды.

Абэ үкіметімен одақтасқан "Комейто" партиясының басшысы әрі саяси сарапшы Нацу Ямагуши: "Күзде мерзімінен бұрын сайлау өткізу алдын ала жоспарланған. Біз әрдайым күреске дайынбыз",-деді. 

Абэның мерзімінен бұрын сайлау өткізудегі ең маңызды мақсаты Конституцияға өзгеріс енгізу үшін Парламенттегі орындардың басым бөлігін иелену болып отыр. Мұнымен қоса, ол сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталған өзінің жанұясы мен Министрлер кабинетіндегі соңғы масқаралықтан кейін Либерал-демократиялық партияны жақтаушылар мен дауыс берушілердің сенім дауысын қайта алуды көздейді. Жапония Премьер-министрінің Парламентті таратудағы тағы бір мақсаты оппозиционерлік партиялар өкілдері тарапынан Парламентте оған  импичмент жариялау туралы ықтималды сауалдар мен жобалардан қашу болды. Оппозиционерлер кез келген мүмкіндікті пайдаланып, Парламентте оның жанұясы мен Министрлер кабинетінің жемқорлығы жөнінде сауалдарды қозғап келді. Жапонияда әсіре ұлтшыл саналатын Синдзо Абэ армияны қайта құру арқылы өзін ұлттық қаһарманға айналдырғысы келеді. Жапонияның Премьер-министрі Парламентті таратып, мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу қаупін қабылдау арқылы шын мәнінде мұрсатты тиімді пайдалана білетінін және аймақтағы дағдарысты жағдайды Парламенттегі орындардың басым бөлігін иелену үшін қолдануға талпынып жатқанын көрсетті.

Жапон саяси сарапшысы Кацуда Окайя: "Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ тарапынан Конституцияны қайты қарау үдерісі өте қатерлі, өйткені ол Конституцияны сыйламайды. Мұның салдары алаңдатарлық",-деді.

Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэның үкіметі – "Комейто" буддистік партиясымен одақтасқан үкімет. Бұл үкімет сайлаудан кейін де осы партиямен серіктес болып қалады. Өйткені қалыптасқан дәстүр бойынша осы партиямен әріптестік жасайды. Бұған қарамастан,  биліктегі Либерал-демократиялық партия мен одақтасқан үкімет Синдзо Абэның жеке тұлғасы мен ойларының ықпалында қалып отыр. Ол биік мақсатты жобалар ұсыну арқылы Жапонияда түбегейлі өзгерістер жасауға талпынуда. Тұлғалық тұрғыдан Синдзо Абэ әсіре ұлтшыл саналады. Ол экономикалық күштің жалғыз өзі Жапонияның аймақтағы, тіпті әлемдегі жағдайын нығайтатын фактор бола алмайды деп санайды. Оның сенімінше, әлемдегі басты құдірет мықты әскери күшке ие елдің қолында. Сондықтан, ол Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі аймақ елдеріне басып кіріп, өз отарына айналдырған Жапония империясының армиясын қайта құруды көздейді.

Біріншіден, басқа елдердің экономикалық дамуы мен Жапониядағы қартайған қоғамды ескерсек, Жапонияның экономикалық шарықтау кезеңі аяқталды. Екіншіден, 60 жылдардан бастап экономикалық бәсекелестікке аяқ басқан Азияның шығыс және оңтүстік-шығыс аймағы экономикалық қатынасты әскери фазаға ауыстырып жатыр.  Бұл бір күндері "Азия барыстары" деп танылған ASEAN одағы деп аталатын Оңтүстік-шығыс Азия аймағы елдерінің қауіпсіздік мәселесіне көбірек көңіл бөліп жатқанын білдіреді. Үшіншіден, Жапония Премьер-министрінің әскери қатынасының маңыздылығы Солтүстік Кореяның әскери белсенділіктері мен зымырандық және ядролық сынақтарының жалғасы болып отыр. Яғни, Абэ үшін Солтүстік Кореядан қорқу жарнамасын жасау арқылы жапон халқын әскери қуатты нығайту жолында қадам басуға көндіруге қолайлы жағдай туындап отыр. Шын мәнінде, Солтүстік Кореядан қорқытумен бірге Қытайдан қорқыту да Жапония Конституциясына өзгеріс енгізуге жағдай жасау үшін АҚШ пен Абэ үкіметінің соңғы бес жылда ұстанып отырған саясаттарының бірі болды.

АҚШ-тағы саяси сарапшы Джеймс Фанель: "Қытай Жапонияға қарсы тұтқиылдан соғыс бастауды көздеп отыр. Қытайдың әскери жаттығулары да Рюкю аралына шабуыл жасау мақсатында және Жапонияның бақылауындағы Сэнкаку даулы аралдарын өз қарамағына алу үшін жасалып жатыр",-деді.

АҚШ-тың аймақтағы қатынасын өзгертіп, өз одақтастарын, соның ішінде Жапонияны қауіпсіздік тұрғыдан қолдаудың орнына аймақ қауіпсіздігін олардың өздеріне жүктеуі Вашингтонның да Жапония Конституциясының 9-бабына өзгерістер енгізуге келісуіне себеп болды. Мұнымен қоса, Жапонияда әсірешіл ұлтшылдықтың пайда болуы және Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі Жапония империясының шарықтап тұрған шағына қайта оралу идеясының жобалануы аймақтық елдердің де Шығыс Азияның қауіпсіздік жағдайында болуы мүмкін өзгерістерге алаңдауына әкеліп соқтырды. Синдзо Абэ өзін осы идеяның бастамашысы санайды. Алайда бұл Жапония Премьер-министрінің идеялары осы елдің барлық саяси топтары мен партиялары тарапынан қолдауға ие болып отыр деген сөз емес. Керісінше, оппозиционерлік партиялар бұрынғыдай Жапония Премьер-министрінің жобаларына қарсы шығып отыр.

Бейжің университетіндегі халықаралық істер жөніндегі корейлік сарапшы Хау Ши Ю: "АҚШ әртүрлі салаларда уәжі бар ел ретінде әрқилы кеңістіктерді өз күшін көрсету үшін қолданады. Осы арада кейбір аймақтық елдердің қайшылықтары да алаңдаушылықты жою сияқты тақырыптармен  аймақтағы әскери қатынасқа себеп бола алады",-деді.

Демократиялық партия – 2009 жылы АҚШ-қа қарсылық және Жапонияның азиялық ынтымақтастықтарын дамыту ұранымен билікке келген Жапония үкіметінің ең маңызды оппозиционерлік партиясы. Алайда ол АҚШ-тың бүлдіргі әрекеттері мен Фукусимадағы атом электр стансаларына қатты зиян тигізген цунами салдарынан және қарсыластардың қысымымен 2009 жылы билікті Либерал-демократиялық партияға беруге мәжбүр болды. Бұл партияның биліктегі партиямен күресуге шамасы келмегенімен, бұрынғыдай Синдзо Абэның ойлары мен бағдарламаларына қарсы. Жаңа құрылған "Үміт" партиясы да Абэ үкіметіне қарсы партиялардың бірі. 2007 жылы Либерал-демократиялық партия басқарған үкіметтің Қорғаныс министрі болған Юрико Коикэ ханым "Үміт" партиясын басқарады. Ол қазір Токионың әкімі және Абэның нағыз қарсыластарының бірі саналады. Соңғы сауалнама нәтижелері бойынша, бұл партия Жапония қоғамының 15 пайызының оң пікірін жинады.

Қалай болғанда да, Жапониядағы сарапшылардың көбінің сенімінше, елдегі мерзімінен бұрынғы сайлау – биліктегі Либерал-демократиялық партияның экономикалық қатынастан әскери қатынасқа өтуіне сынақ. Өйткені, Жапониядағы билікті әрдайым қолында ұстаған бұл партия  идеология негізінде осы ел халқының сеніміне арқа сүйеу арқылы емес, Жапонияның экономикалық өсуінің арқасында ұдайы дауыс жинап келді. Сондықтан Конституцияға өзгеріс енгізу жобасы мен шекарадан тыс жерлерде қызмет атқаруға жіберіле алатын мықты армияға ие болу үшін оның 9-бабын өзгерту Либерал-демократиялық партия тарапынан бірінші ретбайсалды түрде қозғалып отыр. Бұл партия осы жөнінде жапон халқының дауысына ие болуды мақсат тұтады. Синдзо Абэ жаңа бағдарламалар ұсыну арқылы билеуші партияны жаңа сынаққа салған сияқты, өйткені оның "Абэ нумикс" деп аталатын экономикалық бағдарламалары қоғамның талап-тілегін орындамағаны былай тұрсын, салықты 5 пайыздан 8 пайызға көтеріп,Жапонияда қоғамдық наразылықтың туындауына жеткізді. Соның салдарынан осы елдің Премьер-министрі  салық мөлшерін 8 пайыздан 10 пайызға көтеру жобасын тоқтатып қойды. Сол себепті Либерал-демократиялық партия Парламенттегі орындардың басым бөлігіне ие бола алмауы мүмкін. Синдзо Абэның әскери бағдарламаларын орындай алмауының өзі оппозиционерлік партиялар үшін маңызды жетістік саналады.