АҚШ пен Қытай арасындағы текетірес
АҚШ пен Қытай текетіресі мен өзара қайшылықтары жаңа тақырып емес. АҚШ Қытай күшейген соң өз гегемониясының түйткілге ұшырауы ықтималына алаңдап, әрдайым Бейжің үкіметіне әртүрлі қысым жасауғаталпыныс асап келеді. Бүгінгі бағдарламада АҚШ-тың Қытайға қарсы қолданып отырған Тайвань мәселесі мен Қытайдың Оңтүстік Қытай және Шығыс Қытай теңіздеріндегі қайшылықтарын талдаймыз.
АҚШ бұрын Қытайға қысым жасап, құқықтық, аймақтық және халықаралық қиындықтар тудыру үшін Тайвань мәселесі мен адам құқығы мәселесін пайдаланатын. Енді бұлармен қоса, Шығыс Қытай теңізінде Қытайдың Жапониямен қайшылығын, сондай-ақ, Қытайдың Оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы кейбір елдермен қайшылығын Корея түбегіндегі дағдарыспен бірге Бейжіңге қарсы қолданып отыр. Тынық мұхитының батысында орналасқан Тайвань 1949 жылы Қытайдан бөлініп шықты. Бұл арал Қытайдың шығыс жағалауында, Жапонияның солтүстік-шығысы мен Филиппиннің оңтүстігінде орналасқан. 1971 жылға дейін Батыс елдері Тайваньды Қытайдың «Тайпейі» деп ресми түрде танып, ол БҰҰ-ның мүшесі болған. Алайда, осы жылдан кейін АҚШ коммунистік Қытайды Қытай Халықреспубликасы ретінде танып, БҰҰ-дағы Тайваньның орнын Бейжің үкіметіне берді. Бұған қарамастан, Тайвань Қытайдың ең үлкен аралы ретінде бұрынғыдай Батыс елдерімен, әсіресе АҚШ-пен байланыста болып келеді. Вашингтон Тайваньды Бейжіңге қысым жасау құралы ретінде пайдаланады. Осындай жағдайда АҚШ 1979 жылы келісімге қол қойып, Қытайдың біртұтастығын мойындап, Тайваньды сол елдің бір бөлігі деп таныды.
Бұл келісім солғындау болғанымен, әрі АҚШ-тың бұрынғы басшылары кезеңдерінде де сақталғанымен, осы елдіңПрезиденті Дональд Трамп сайлауалды науқаны кезінде де, одан кейін де Қытайға саяси‑экономикалық және қауіпсіздік мәселелеріне қатысты айыптармен қоқан‑лоққы жасап, Тайвань мәселесін Қытайға қысым жасау үшін максималды түрде қолдануға күш салды. Оның Тайвань басшысы Цай Инвэньмен сұхбаты осы қысымның шарықтау шегі болды. АҚШ Тайваньға құны 1 млрд 830 млн долларды құрайтын қару‑жарақ сату туралы келісімдерге қол қою арқылы Бейжің үкіметінің наразылығын тудырды. Мұнымен қоса, Бейжің үкіметінің көзқарасынша, АҚШ Тайваньныңтәуелсіздігін талап етушілерді қолдау арқылы біртұтас Қытай келісіміне немқұрайдылық танытып отыр. Көңіл аударатын нәрсе мынада: Дональд Трамптың кеңесшілері жуырда Тайваньды АҚШ-тың одақтасы деп жариялап, бұл жөніндегі Қытайдың наразылықтарын маңызды емес деп жариялады. Бұл Трамп үкіметінің тіпті АҚШ-тың бұрынғы үкіметтерінің Тайваньға қатысты келісімдері мен міндеттемелеріне берік емес екендігін көрсетеді. Бейжің үкіметі тұрғысынан бұл мәселенің қатерлі салдарлары болуы мүмкін. Сол себепті Қытай өзінің тәуелсіздігі мен ұлттық егемендігін сақтау үшін тиісті күш-қуатқа ие екенін бірнеше рет мәлімдеді.
Бостон университетінің ұстазы профессор Джефри Карлиз: «Қытайдың қуатты ел ретінде бой көтеруі болашақта АҚШ-тың гегемониясы үшін ең үлкен қатер болады»,-деді.
Вашингтон Қытай үкіметіне қысым тетігі ретінде қолданатын тағы бір тақырып – бұл елдің Жапониямен Шығыс Қытай теңізіндегі қайшылықтары. Екі елдің осы теңіздегі қайшылықтары кейбір аралдар мен ортақ газ көздерін иеленуге қатысты. Пекин мен Токионың Шығыс Қытай теңізінде орналасқан жапонша «Сэнкаку», ал қытайша «Дяоюйдао» деп аталатын аралдар жиынтығына қатысты қайшылығы да бар. Бұл аралдар қазір Жапонияның қарамағында болғанымен, Қытай үкіметі бұрынғыдай оны өзіне тиесілі санайды. Сондықтан Жапония үкіметі оның тарихының бұрмалануына қатты қарсылық білдіріп отыр. Қытай басшыларының айтуынша, Жапонияның мектептеріне арналған оқулықтарда осындай бұрмалаушылықтарға жол берілген. Мұнымен қоса, Қытай мен Жапонияның Шығыс Қытай теңізіндегі Чуньсяо (Chunxiao) газ кен орнын дамытуға қатысты да қайшылығы бар. 2008 жылы екі ел қайшылықтарды шешу туралы келісімге қол қойғанымен, бұрынғыдай газ кен орнын дамытуға қатысты бір шешімге келе алмады. АҚШ осыны пайдаланып, Шығыс Азиядағы одақтасы саналатын Жапония үкіметін қолдап, Бейжің мен Токионың осы теңіздегі қайшылығын өршіткенімен қатар, теңізді әскери теңізге айналдырып жатыр.
АҚШ-тағы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі сарапшы Марк Зудак: «Бейжің мен Вашингтон адам құқығы, кибернетикалық шабуылдар мен көршілес елдермен жер даулары сияқты әртүрлі мәселелер бойынша өзара қайшылықтарға ие. Олардың арасындағы текетіресті жою үшін әріптестік салаларын табу керек»,-деді.
Теңіздегі үшінші мәселе – АҚШ-тың Қытай мен Оңтүстік Қытай теңізі жағалауындағы елдердің қайшылықтарын пайдалануы. Тынық мұхитының бұл бөлігі Сингапурдан Тайвань бұғазына дейінгі 3,5 млрд шаршы шақырым ауданды алып жатыр. Қытайдың Вьетнам, Малайзия, Индонезия, Бруней және Тайвань аралымен теңізде шекара белгілеу мен кейбір аралдарды иелену бойынша қайшылықтары бар. АҚШ та кеме қатынасының еркіндігі принципін қорғау сылтауымен, ал шын мәнінде Қытайға қарсы елдердің ұстанымдарын жақтап, Оңтүстік Қытай теңізіндегі дағдарысты өршітіп қана қоймай, басқа елдерді, соның ішінде Филиппинді Гаага халықаралық сотына шағымданып, Қытаймен қайшылықтарға халықаралық сипат беруге итермеледі.
Шанхай қаласындағы Халықаралық зерттеулер институтының зерттеушісі Джо Шиа Джанг: «АҚШ Филиппин мен Жапония арасында одақ құру арқылы аймақ елдері мен Қытай арасына жік салды. Мұндай түрде топ-топқа бөліну өте қатерлі. Бұл мүдделерді бөлуге себеп болады»,-деді.
Оңтүстік Қытай теңізі АҚШ үшін Қытайға қысым жасау мақсатында үш қырдан маңызды: біріншіден, Оңтүстік Қытай теңізіндегі қайшылыққа араласқан елдердің саны көп. Сондықтан тарихтағы ең үлкен түйткілдердің бірі саналады; екіншіден, Оңтүстік Қытай теңізінің геостратегиялық маңызы зор. Ол Үнді мұхитын Тынық мұхитымен жалғап жатыр; үшіншіден, Оңтүстік Қытай теңізі халықаралық сауда тұрғысынан да өте маңызды. Бұл теңіздегі халықаралық сауда көлемі 5 трлн доллардан асады. Оның 1,5 трлн-ға жуығы АҚШ-тың үлесінде. Қытай АҚШ болашақта Оңтүстік Қытай теңізіне үстемдік жүргізіп, аймақ экономикасын басқаруды қолына алып, текетірес үдеген жағдайда Қытайдың саудасына зиян тигізуден алаңдайды.
Бейжіңнің Халық университетінің ұстазы Джиа Чанрунг: «АҚШ – аймақтан тыс ел. Соған қарамастан, даулы мәселелерді көтеру арқылы Оңтүстік Қытай теңізіндегі орнын нығайтуға күш салуда. Осы теңіздегі кеме қатынасының еркіндігі сылтауымен бұл ел өз кемелерін Қытайға тиесілі аралдарға жібереді»,-деді.
Қытай үкіметі де АҚШ-тың қысым жасау саясатымен күресу үшін екіжақты және көпжақты диалогтар мен дипломатиялық құралдарды пайдаланады. Тайваньға қатысты Қытай үкіметі үнемі Бейжің мен Вашингтон арасындағы Қытайдың біртұтастығын тану туралы екіжақты келісімнің сақталуын қуаттап, АҚШ үкіметіне оған немқұрайлы қараудың салдарлары жөнінде ескертіп келеді. Қытай текетірестің үдеуін қаламайды. Сондықтан Вашингтон басшыларымен кез келген деңгейде сұхбаттасуға дайын.
АҚШ-тағы Киссинджер институтының басшысы Роберт Дали АҚШ пен Қытайдың жоғары лауазымды тұлғаларының кездесуін екі елдің әртүрлі салалардағы ынтымақтастығының дамуына себеп болып, текетіресті жоюға көмектесетінін айтты.
Қытайдың Жапониямен Шығыс Қытай теңізіндегі қайшылығы жайында да Бейжің үкіметі бұрынғыдай Токиомен диалог өткізу қажет санайды. Чуньсяо (Chunxiao) газ кен орнын ортақ пайдалану туралы келісімге қол қою осы орайда жүзеге асырылды. Мұнымен қоса, Қытай әрдайым Оңтүстік-шығыс Азия елдері одағының (ASEAN) араласуымен Оңтүстік Қытай теңізіндегі қайшылықтардың шешілуіне мүдделік танытып келеді.
Қытай 2003 жылы өзінің «Жаңа қауіпсіздік» дипломатиясын теңдік, әріптестік, ортақ мүдделер мен бір-бірінің ішкі ісіне араласпау деген төрт принцип негізінде дайындады. Осыған орай Қытай екіжақты және көпжақты қалыпта әріптестік жүргізу мен сенім тудыруды тыныштық пен қауіпсіздік орнату мақсатындағы өзінің аймақтық саясатының басты өзегі ретінде ілгерілетуге талпыныс жасап келеді.