Еуроодаққа реформа жүргізуге қатысты қайшылықтар
Еуроодақ ең маңызды әрі ең үлкен еуропалық орган ретінде өткен бірнеше жылда дағдарыспен кезікті. Осы органның жоғары лауазымды басшылары мен еуропалық басқа мемлекеттердің басшыларының пікіріне сәйкес, дағдарыстар Одақты өте ауыр жағдайға душар етті.
Дағдарыстардың мысалы ретінде Еуроодақтың кейбір мемлекеттеріндегі қаржы және экономикалық тоқыраудың жалғасуы мен мигранттар дағдарысын атауға болады. Сонымен бірге Одаққа мүше Ұлыбритания сияқты кейбір мемлекеттердің бөлінуі біртұтас Еуропамен ымыраластпайтын ұлтшылдықтың нығаюына себеп болды. Еуроодаққа мүше мықты және әлсіз мүшелері арасындағы алшақтықтың артуы бұл ұйымның келесі маңызды дағдарысы саналады. Сондай-ақ, қоқан-лоққылар мен лаңкестік әрекеттерден туындаған қауіп пен климаттың және қоршаған ортаның өзгеруіне себеп болған дағдарыстар да Еуроодақтың шынайы мәселелері болып табылады. Мұндай жағдайда еуропалықтардың Одақтың қаржы және экономикалық дағдарыс пен мигранттарға қатысты проблемаларын шешу үшін қолданып отырған шараларына қатысты теріс көзқарастарының артуына куәміз. Бұл мәселе Еуроодаққа мүше елдер халықтарының наразылықтары мен қарсылықтарының артуына себеп болды. Бүгінде Еуроодақ реформаларды қажет ететін дағдарыстармен бетпе-бет келіп отыр. Бұл мәселелерге реакция ретінде осы уақытқа дейін Еуроодаққа реформа жүргізу қажеттігі туралы ұсыныстар мен жобалар баяндалды. Бұл саладағы жобалардың бірі Франция Президенті Эмануэль Макронның ұсынысы болды. Макрон қыркүйек айының соңында Сорбон университетінде сөйлеген сөзінде Еуроодаққа реформа жасауға арналған ұзақ мерзімдегі, кемінде 10 жылдық жобалар туралы мәлімдеді. Оның ұсыныстарының бірі аса қолдауға ие болмаған «екі жылдамдыққа ие Еуропа» жобасы болды. Ол еуро аймағында өзгеріс енгізу, бюджетті арттыру, босқындар мен заңсыз мигранттардың тұрмысын жақсарту саласында еуропалық мигранттық кеңсе және лаңкестікпен күресу үшін қажет еуропалық прокуратура құруды ұсынды. Бұл реформаларды іске асыру кейбір мүшелерінің қарсылықтарымен кезігеді. Сонымен бірге бұл реформаларды іске асыру Макронның еуропалық әріптестерімен байланысты. Кейбір еуропалық басшылар елдерінің ішкі мәселелерімен шырмалып отыр. Мәселен, Италия премьер-министрі Паоло Джентиоли еліндегі алдағы сайлау мәселелерімен бетпе-бет келді. Испания болса Каталонияның тәуелсіздік талап етуінен туындаған дағдарысқа тірелген. Германия Еуроодақтың негізгі әрі ең маңызды серіктесі ретінде парламенттік сайлауынан кейін 2017 жылдың соңына дейін коалициялық үкімет құру сияқты мәселені шешуді көздеуде. Сондықтан Макронның бұл реформалар туралы келіссөздерді мүмкіндік туған алғашқы мұрсатта бастауы мүмкін емес деген ой туады. Еуроодақ Кеңесінің төрағасы Дональд Туск Макронның ұсыныс жобаларын қарастырып, Макронның «екі жылдамдыққа ие Еуропа» реформасын қолдамаған Венгрия, Чехия, Польша және Словакия елдері арасында тыныштық орнатуға талпыныс жасады. Сондықтан кейбір еуропалық басшылар бұл реформаларды тек бір ұсыныс қана санайды. Олардың пікірінше, Макронның ұсыныстары көбінесе Францияның Еуроодақтың шешім қабылдауындағы рөлін арттыру мақсатын көздейді. Кейбір еуропалық дипломаттар Макронның ұзақ мерзімді жобалары кейбір еуропалық үкіметтерді алаңдатты деп санайды. Олардың ойынша жобалар топ-топқа бөлініп, еуропалық тәсілмен іске асырылуы қажет. Макронның реформаларының ең негізгі мәселелерінің бірі – екі жылдамдыққа ие Еуропа құру. Еуропаның шығысы мен ортасындағы Одақтың кедейлеу мемлекеттері бұл жобаны қолдамайды. Олар мықты өнеркәсіптік мемлекеттермен салыстырғанда жағдайлары мен мүмкіндіктерінен айырылуға алаңдайды. Бүгін Еуроодақтың бай және кедей мүшелері арасындағы алшақтықтар олардың арасындағы қайшылықтар мен келіспеушіліктерге соқтырып отыр. Еуропалық органның бай мемлекеттері Еуропаның батысы мен солтүстігінде, кедей елдері құрлықтың шығысы мен оңтүстігінде орналасқан. Германия сынды бай, Болгария сияқты жағдайы нашар елдердің арасындағы алшақтық үлкен болғандықтан Макронның жобаларын орындау мүмкін емес. Экономикалық мәселелер бойынша эксперт Саид Низамлу Еуроодаққа мүше кейбір мемлекеттердің экономикасының біртекті емес екендігіне тоқталып: «Қолайлы нәтиженің болмауының әсерлі факторларының бірі – экономиканың біртекті болмауы»,- деді. Сол себепті еуропалық үлкен мемлекеттердің басшылары барлық еуропалық мемлекеттерден Еуроодақтың жобаларына қатысуды талап етудің орнына, бұл органның мықтырақ елдерінен қорғаныс пен қауіпсіздік саласында еуропалық ортақ армия құруды, қоғамдық салада мигранттар дағдарысын шешуді, экономикалық салада еуроны күшейтуді, саяси салада халықаралық мәселелерге ортақ ұстаным білдіріп, ортақ саясат жүргізуді талап етуде. Еуроодақ солтүстік және оңтүстік мемлекеттер арасындағы қайшылықтардың куәсі болды. Бұл қайшылықтарды «иелер» мен «ие еместердің» қайшылықтары деп атауға болады. Негізінде 2008 жылғы экономикалық дағдарыстан кейін экономикалық үнемдеу саясаты, Еуропаның солтүстік бай мемлекеттері тарапынан бұл құрлықтың оңтүстік кедей елдеріне экономикалық көмек көрсету, сондай-ақ Еуроодақтың қарамағында органдарға ұлттық егемендіктің бір бөлігін беру және мигранттар дағдарысы сынды мәселелерге қатысты қайшылықтары артты. Сөйтіп, «екі жылдамдыққа ие Еуропаның» келешегі Еуроодақтың ішіндегі шынайы қарсылықтармен бетпе-бет келуде. Еуропа мәселелерінің маманы Маджид Йеганенің айтуынша, Еуроодаққа экономикалық әлсіз жаңа елдердің қосылуы Еуропаның бюджетіне қысым көрсету және маңызды мәселелерге қатысты шешім қабылдауды ауырлату сынды салдарларға ие болады.
Еуроодаққа реформа жасау саласындағы келесі қайшылық қаржы, экономика және еуро аймағын экономикалық проблемалардан шығару жолына қатысты. Макрон Еуроодақтың ынтымақтастықтарына үлкен өзгерістер енгізіп, бұл аймақтың тәуелсіз бюджетін бақылау үшін Қаржы министрін тағайындап, Парламент құрғысы келеді. Ол Еуроодақтың интеграциясын қолдайды. Сол себепті Еуропаның бірлігі мен үйлестірілген саясаттарының қажеттігін қуаттайды. Мықты егемендік, басқа валюталардың алдында еуроны күшейту, қарым-қатынас азаттығы, еуропалық мемлекеттердің арасындағы тауар айналымы – Макрон қажет санайтын факторлардың мысалы. Германия мен Франция Еуроодаққа реформа жүргізудің қажеттігін қуаттағанымен, басты мәселелер мен іске асыру жолдары туралы қайшылықтар байқалады. Меркельдің көзқарасы бойынша, егер қажеттіліктер жаңғырса, Еуропаның ортақ Қаржы министрлігін құру еуро аймақтың жұмыс тәртібінде қарастырылады. Макрон ақшаны жылыстаумен күресу үшін еуро аймағына реформалар жүргізу қажет санап, еуро аймағы елдерінің Қаржы министрлігін құру мен ортақ бюджетін қалыптастыру қажеттігін қуаттады. Алайда Германия мен Еуроодақ комиссиясы Франция Президентінің Еуроодақтағы қаржы реформаларының жобасына алаңдаушылық білдірді. Париждегі Германия елшісі Николас Майер Ландрут: «Германия Макронның ұсыныстарының егжей-тегжейіне жауап қайтара алмайды. Өйткені, бұл үшін халықтың көпшілігінің дауысы мен үкімет қажет»,- деді. Негізінде еуро аймағының қолайсыз жағдайы, қаржы, экономика, қорғаныс және қоғамдық біртұтас саясаттар саласында Еуроодақтың маңызды екі мемлекетінің басшылары, яғни Макрон мен Меркель бұл Одақтың структурасына өзгеріс енгізу саласында тез арада әрекет жасау қажет деген нәтижеге жетті. Біраз уақыттан бері еуро аймағы жұмыссыздық, бюджет тапшылығы, экономикалық даму мөлшерінің төмендігі сынды мәселелермен кезігіп отыр. Бұл мәселе Францияның ұлттық майданы мен Германияның «Германия үшін альтернатива» сынды экстремистік оңшыл партиялары мен қозғалыстарының пайда болуына себеп болатын кеңістік тудырды. Еуропаның сыртқы қарым-қатынастар кеңесінің эксперті Джозеф Яннингтің пікрінше Германия жаңа Еуропаның басқаруында маңызды рөл атқарады. Негізінде Берлин мен Париждің Еуропадағы негізгі келіспеушілігі Еуроодақтың еуро аймағын көбірек біріктіру мәселесіне байланысты. Екі жылдамдыққа ие Еуропа саласындағы маңызды идея Еуроодақтың бай және кедей елдерінің қайшылықтарына айналды. Сондай-ақ, реформалардың болмысы мен түрі туралы да Франция мен Гемания арсында толық келісім байқалмайды. Бұл мемлекеттердің әрқайсы реформаларды өз мақсаттары мен мүдделеріне сай жүргізгісі келеді.