Қытай әлемдік алпауытқа айналып барады
Қытай мен Оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы өзгерістер тақырыбын жалғастырып, бүгінгі бағдарламада Қытайдың күш-қуатын құрайтын элементтерді талқылаймыз. Қазіргі заманда күш-қуаттың элементтері әртүрлі болғанымен, Қытай соның барлығына ие. Мұның өзі Қытайдың әлемдік алпауытқа айналуы үшін тиімді жағдай тудырып отыр.
Қытайдың әлемдік алпауытқа айналу-айналмауы туралы осы ел мен АҚШ арасында көзқарас айырмашылығы бар. Қытайдың сенімінше, бұл ел әлі де үшінші әлем елдері қатарында, экономикасы енді-енді жанданып келеді және ешбір ел үшін қауіп саналмайды. Ал АҚШ-тың көзқарасы басқа. АҚШ Қытай жақын болашақта әлемдік алпауытқа айналу үшін үлкен серпіліс жасады, жуырда АҚШ-тың әлемдік гегемониясын түйткілге ұшыратады деп санайды. АҚШ-тағы көптеген зерттеу институттарының пікірі бойынша, Қытай күш-қуаттың дәстүрлі элементтерімен қоса, оның жаңа элементтеріне де ие. Бұл Қытайды ықпалды әлемдік алпауытқа айналдыра алады.
Халық – күш-қуаттың дәстүрлі элементтерінің бірі. Қытайда шамамен 1 млрд 400 мың млн адам бар. Қытай әлемдегі халқының саны мен жұмысшы күші ең көп ел болып табылады. Халықтың сапасы бір елдің күш-қуатында маңызды әрі шешуші рөл атқаратындықтан, Қытай соңғы жылдары сауаттылық, біліктілік және жалпы денсаулық деңгейін жоғарылатты. Бұл көп жағдайда салауатты әрі қабілетті қоғам құруға көмектесті.
Аумақтың кеңдігі мен географиялық жағдай – күш-қуаттың дәстүрлі элементтерінің бірі. Қытайдың территориясы – 9 596 000 шаршы шақырым. Оңтүстік-шығыс Азия аймағында орналасқан бұл мемлекет – әлемдегі ең үлкен елдердің бірі. Кең аумақ елдердің стратегиялық маңызын жоғарылатып, дұшпанның қоқан-лоққылары немесе соғыс кезінде тиісті қорғаныс қабілетіне ие болуға мүмкіндік береді. Қытай кең ауқымды жерімен қоса, теңізде де үлкен территорияға ие болып отыр. Бұл Қытайға мықты теңіз күшін иеленуге мүмкіндік берді.
Әскери қуат – Қытайдың күш-қуатының келесі элементі. Қытай әскери қуат тұрғысынан әлем бойынша үшінші әскери алпауыт саналады. Бұл елде 2 млн 285 мың белсенді, 800 мың запастағы әскери күш бар. Қытайдың құрлық күштерінде шамамен 7500 танк, 5000 сауытты көлік, 3000 артиллериялық қондырғы, 2500 көлік үстінде тасуға болатын гаубица, 2600 зениттік зымыран жүйесі, 1050 мортира, 1300 танкіге қарсы қондырғы, 750 әуе қорғаныс жүйесі, 6000 логистикалық көлік бар. Қытай армиясының әуе күштері шамамен 4200 қырғи ұшақ пен ұшақ, 1400 тікұшақ, 502 әскери базаға ие. Қытай армиясы теңіз күштерінде шамамен 600 кеме, 8 айлақ, 60 сүңгуір қайық, 1000 әскери-патрульдік қайық, 60 фрегат, 30 эсминец пен құрлық және суда қолдануға болатын 600 әскери қайық бар. Жуырда ұшақ тасымалдайтын кемемен де қамтамасыз етілді.
Жапониядағы әскери мәселелер жөніндегі сарапшы Юнчи Ухара ұшақ тасымалдайтын кеме өндірісін Қытай үшін әртүрлі әскери технологиялар саласында дамудың символы деп атады.
Шамамен отыз жыл бұрын Қытайдың сол кездегі Президентінің кеңесімен бұл ел өзінің әскери құрамын адами күштен дамыған әскери құрал-жабдықтарға өзгертіп, дамыған әскери қару-жарақ пен жабдықтарды пайдалану арқылы өзінің әскери құдіретін арттыруға күш салды. Қазіргі таңда Қытай өз армиясын жабдықтауға 130 млрд-тан астам доллар бөліп, құрлық, теңіз бен әуеде мықты үштік армия жасақтау жолында үлкен серпіліс жасап, АҚШ пен басқа да Батыс елдерін алаңдатып отыр.
Қытайдағы әскери мәселелер жөніндегі сарапшы Лиучиангези: "Қытайдың әскери қуаты реформалар басталғаннан бері әскери қабілет, қару-жарақ түрлері мен үйлесімділік тұрғысынан өте қатты дамыды",-деді.
Бейжіңдегі теңіз күштері маманы Ли Чие: "Қару-жарақ қуаты, күресу қабілеті, Қытай халқының азаттық сыйлаушы армиясын жарақтау және үйлестіру әсіресе 2015 жылдың қыркүйек айындағы әскери парадтан кейін айтарлықтай артты",-деді.
Экономикалық құдірет – Қытайдың күш-қуатының келесі элементі. Өзін үшінші әлемге тиесілі әрі енді-енді дамып келе жатқан ел санайтын Қытай өз қуатының басты тірегін экономикалық дамуға негіздеп отыр. Қытай соңғы жылдары 7-8 пайыз экономикалық өсіммен Жапонияны артқа тастап, әлемдегі екінші экономика атағын алды. Қытай алдағы 20 жылда әлемдегі бірінші экономика атанумен қоса, АҚШ-тың сауда және инвестиция салаларындағы гегемониясын түйткілге ұшыратуды көздеп отыр. Сол себепті АҚШ Корей түбегі мен Қытайдың айналасындағы суларда Оңтүстік Қытай мен Шығыс Қытай теңіздерінде дағдарысты үдетіп, әскери бюджетті арттыру арқылы Қытайдың экономикалық дамуын ауыздықтауға талпыныс жасап жатыр.
Идеология Қытайдың күш-қуатының тағы бір элементі саналады. Идеология ұлттық құдіретті арттыру, саяси жүйенің заңдылығын кеңейту саласында маңызды рөл атқарады. Заңдылықтықтың артуы шешім қабылдау қабілетін арттырып, күш-қуатты бақылауда ұстауға себеп болады. Қытай – коммунистік жүйеге негізделген бірпартиялы ел. Бұл авторитарлы жүйенің қалыптасуына соқтырды.
Күш-қуаттың тағы бір элементі – әртүрлі салаларда қолданылатын технология. Бұл халықаралық қатынастағы дәстүрлі ойыншылардың, соның ішінде үкіметтер мен трансұлттық компаниялардың қарым-қабілеттерінің артып, қуаттарының нығаюына себеп болады. Бүгінде әртүрлі салалардағы, соның ішінде әскери саладағы технологиялар елдердің, соның ішінде Қытайдың күш-қуатының нығаюына себеп болды.
АҚШ-тың технологиялар жөніндегі маманы Роберт Уильям: "Өткен онжылдық ішінде Қытай күш-қуат деңгейі тұрғысынан АҚШ-тың болжамынан әлдеқайда жоғары болды. Оның әлеуеті жыл сайын артуда",-деді.
Қалай болғанда да кейбір зерттеушілер 20 ғасырдың 90 жылдарынан бері халықаралық сахнада кең таралған заманауи барлау технологиясы ретіндегі нано технологияны да елдердің ұлттық және халықаралық құдіретін айқындауда маңызды санайды. Қытай осы мәселені түсіне отырып, соңғы онжылдықтарда технология мен нано технологияға ие болу үшін ауқымды талпыныстарды бастап, осы жолда көптеген табыстарға қол жеткізді. Сондықтан Қытай күш-қуаттың дәстүрлі және заманауи элементтеріне ие болу арқылы әлемдік қауымдастықта, әсіресе АҚШ басшылары арасында Қытай халықаралық сахнада маңызды құдіретке айналып бара жатыр деген түсінік қалыптастырды. БұлАҚШ-тың гегемониясына төнген үлкен қауіп саналады. Алайда Қытайдың күш-қуат саласында әлсіз тұстары да бар. Ол жайында бағдарламаның екінші бөлімінде баяндайтын боламыз.