Жел 05, 2017 02:41 Asia/Almaty
  • Исламдық бірлік және хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның келуі

Исламдық рауаяттар бойынша хазірет Мәһди (ғ.с.) үкіметі кезінде әлемдіктердің жүрегі мен ойларын бірыңғай дүниетаным билеп, бүкіл халық бірауыздан бақытқа қарай бет алып, араларынан еш қайшылық байқалмайтын болады.

Барлық діндер мен мазхабтар және әртүрлі мектептер әлемдік біртұтас үкіметтің орнайтындығына сенеді. Яһудилер әлемде өз билігін орнатқысы келеді, христиандар хазірет Исаның оралатындығына, мұсылмандар Исламның ұлық пайғамбар әулеті ұрпағының бірі арқылы әлемдік үкіметтің құрылатындығына сенеді. Материалдық  мектептердің сарапшылары да әлемдік біртұтас  үкімет құрылып, барлық адамдар бір тудың астында тұрып, бір билікке бағынатын күнді күтуде.

Ғылыми, мәдени, саяси және қоғамдық  салалардың танымал тұлғалары да  осындай  ой-пікірге ие болды. Англияның философы Бертран  Рассел  бұл туралы: «Дүние баршаны бір тудың астына  жинайтын құтқарушыны күтуде»,- деп айтқан болатын. Салыстырмалы  теорияның авторы, профессор Альберт Эйнштейн де: «Әлемнің жер-жерінде бейбітшілік орнатылып, адамзат қоғамының барлық мүшесі бір-біріне бауыр және дос болатын күн алыс емес»,- деген болатын. Ұлыбритания тарихшысы профессор Арнольд Тойнби Нью-Йорк бейбітшілігі конференциясында әлемдік біртұтас үкіметтің құрылуы қажеттігіне тоқталып: «Бейбітшілік орнату мен адамзатты құтқаратын жалғыз жол – әлемдік үкіметтің құрылуы»,- деп айтқан. Франциялық қоғамтанушы Гастон Бутуль бірлік үкіметіне сенім артып: «Соғыс – үкіметтердің билігінің тікелей салдарыі. Тәуелсіз, ірілі-ұсақты үкіметтер билеп отырған жағдайда бәсекелестік, биліккқұмарлық, кекшілдік, солардың салдарынан соғыстар тоқтамайды. Біртұтас, бірлік үкіметі әлемде әділет пен бейбітшілік орнатады»,- деген.

Адамзаттың соғыс пен күнделікті текетірестерден, бейберекеттіктер мен наразылықтардан құтылуы үшін әлемдік бірлік үкіметін құрудан басқа жолы жоқ деген ой туады.  Осыған орай Ислам діні әлем халықтарына біртұтас бірлік үкіметінің құрылатындығын уәде етті. Заң, құқық, бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздік бұл үкіметтің негіздерін құрайтын болады. Ислам көзқарасы тұрғысынан әлемдік біртұтас үкімет хазірет Мәһди (ғ.с.) келген кезде орнатылады. Бұл үкімет әлемдегі барлық үкіметтерден ерекше болады. Имам Мәһди (ғ.с.) үкіметі Аллаға иман келтіру негізіне сүйеніп құрылады.  Оның мақсаты халықтар мен елдерді біріктіріп, пайдасыз артықшылықтарды жойып, бірлік орнату, халықтар арасында қарым-қатынас пен ынтымақтастық қалыптастыру болып табылады. Хазірет Мәһди (ғ.с.) үкіметінде ұлтаралық, таптық, георгафиялық, партиялық және тілге қатысты қайшылықтар жойылады. Барша халық исламдық рақым туының астына жиналып, бір-бірімен ымыраға келеді. Соғыстың орнына дәлелге ие анық пікірталас жүргізіліп, әртүрлі діндердің жақтастары азат әрі қауіпсіз кеңістікте имандарын сақтап, бірте-бірте дұрыс жолға түсіп, адамзат құтқарушысы билігінің тәсілдерінен әсер алып, Исламға бет бұрып, Алланың бұйрықтарына бағынатын болады. Бұл жер бетінде әділет негізінде басқаратын әлемдік біртұтас үкіметтің нағыз өзі болады.

Әлемдік біртұтас үкіметтің маңызды нәтижесіне  әлемнің әртүлі адамдарының арасында иман мен рухани бірлік қалыптастыратындығы жатады. Өйткені, біртұтас қоғам немесе біртұтас  үмбет құру үшін мықты әрі ортақ сенімге ие болу қажет. Әртүрлі ой-пікірлер, қайшылықтар мен қоғамдық келіспеушіліктер халықтың бірлігіне кедергі болады. Исламдық рауаяттар бойынша хазірет Мәһди (ғ.с.) үкіметі кезінде әлемдіктердің жүрегі мен ойларын бірыңғай дүниетаным билеп, бүкіл халық бірауыздан бақытқа қарай бет алып, араларынан еш қайшылық байқалмайтын болады.

Имам Садық (ғ.с.) Мофзал деген серіктерінің біріне: «Уа, Мофзаль! Құтқарушы халықтар мен діндер арасындағы қайшылықтарды жойып, баршаны бір дін билейтін болады»,- деген. Алайда, бірлік мәжбүрлеу мен күштеу арқылы емес, Алла елшісінің сүннеті  және ғылым мен халықтың білімінің жоғарылауы арқылы қалыптасады. Хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның әлемдік біртұтас үкіметі кезінде білім мен хабардарлық жоғары деңгейге жетеді. Әлемнің құтқарушысы адамзат үшін көптеген шындықты көрсетеді. Көптеген құпия әшкереленіп, Алланы тану негіздері нығаяды. Ғылымның дамуы әртүрлі күмәндар мен түсінбеушіліктерді жояды. Күн сайын жаңа нәрселермен танысып, адам үшін жаңа ақиқаттар ашылып, жоғары әрі жақсырақ тәсілдер мен жолдарға жетеді. Имам Садық (ғ.с.) хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның кезінде жаңа ғылымдардың ашылуы туралы: «Ғылым мен даналық – 27 әріп. Барлық пайғамбарлардың халыққа жеткізгені – тек екі әріп. Сондықтан, адамдар екі әріптен артық еш нәрсені білмейді. Хазірет Мәһди (ғ.с.) келген кезде қалған 25 әріпті анықтап, халықтың арасына таратып, екі әріпті 27 әріпке дейін арттырады»,- деп айтқан болатын. Имам Бақер (ғ.с.) да өз сөзінде: «Біздің құтқарушымыз келген кезде халықтың ақыл күшін шоғырландырып, кемеңгерлікпен жаратылыстардың ақылын жетілдіреді»,- деген.

Қоғамдық өмірдегі адамның негізгі қажеттіліктерінің бірі қауіпсіздік. Кейбір ғалымдар оны қоғамның бақытқа жетуінің шарты санайды. Қауіпсіздік  қоғамдағы адамдардың барлық салаларына таралып, олардың саяси, қоғамдық, экономикалық, ахлақи, құқықтық және тағы басқа тұрғыларын аман сақтайды. Исламдық хадистерде хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның әлемдік біртұтас үкіметі қауіпсіз үкімет ретінде таныстырылды. Қауіпсіздіктің арқасында адамдар дағдарыстардан алыстап, толық тыныштықта өмір сүре алады. Хазіреттің үкіметі кезінде халық бірігіп, бүкіл әлемде қауіпсіздік пен бейбітшілік орнатылып, халық тыныштықта өмір сүріп, халықтың өмірі мен мүлкі қауіпсіздікке ие болады. Қоғам бірте-бірте ұрлық, өтірік, алдап-арбаудан тазарады. Бұл қауіпсіздік халықтың бірлігінің нәтижесінде орнайды. Исламның ұлық пайғамбары қауіпсіздіктің маңыздылығы туралы имам Әли (ғ.с.)-ға: «Егер қауіпсіздік болмаса, елде жақсылық болмайды»,- деп ескерткен.  Сондықтан хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның әлемдік біртұтас үкіметі кезінде  «Әйел адам еш нәрсеге алаңдамай, жалғыз өзі сапарға шыға алатындай қауіпсіздік орнатылады» деп айтылған болатын.

 

Адам тарих бойында әрқашан  қоғамда әділеттің орнатылғаны туралы армандайды. Бірақ әртүрлі салаларда толық әділеттің орнатылуы адамзат үшін жүзеге аспайтын арманға айналды. Бірақ адамзат осы кезге дейін бұл арманнан үмітін үзген жоқ. Мұндай күн адамзаттың құтқарушысы хазірет Мәһди (ғ.с.) келмей, орнатылмайды. Имам Мәһди (ғ.с.) мен хазіреттің ерекшеліктері туралы көптеген рауаяттарда айтылып, тіпті олардың кейбіреуінде хазірет Мәһди (ғ.с.) әділеттің көрінісі ретінде аталған. Әділеттің орнатылуы және қоғамда кемсітушіліктің жойылуымен халық басшысымен бірігіп, қоғамның жан-жақты дамуы үшін талпыныс жасайды. Құран Кәрім халықтың бірлігі мен біртұтастығының кепілі болатын қоғамдық әділетті іс жүзінде пайдалану үшін әртүрлі жолдарды ұсынады. Мәселен, қоғамдағы кедейшілік пен әділетсіздікті жою үшін   жақсылық жасауға, зекет төлеуге, мақұрымдар мен әлсіздерге көмектесуге шақырады. Имам Садық (ғ.с.) хазірет Мәһди (ғ.с.) кезіндегі әділет туралы: «Алламен ант етемін, оның әділдігі ыстық пен суық кіргендей, халықтың үйлеріне енеді»,- деген.

 

Тегтер