Қытайдың мұсылмандары және олардың ішкі саясаттағы орны
(last modified Sat, 09 Dec 2017 12:27:10 GMT )
Жел 09, 2017 18:27 Asia/Almaty
  • Қытайдың мұсылмандары және олардың ішкі саясаттағы орны

"Шығыс Азия өзгерістеріндегі Қытай" тақырыбына арналған бағдарламаның соңғы бөлімін назарларыңызға ұсынамыз. Бұл бағдарламада Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономды ауданының жағдайы мен Қытай үкіметінің осы аймақтың жағдайын жақсартуға бағытталған талпыныстарын талқылаймыз.

Соңғы жылдары ішкі, аймақтық және халықаралық орталардың назарын өзіне аударған Қытайдың облыстарының бірі – осы елдің солтүстік-батысында орналасқан Шыңжаң Ұйғыр автономды ауданы. Шыңжаң ауданы бірнеше тұрғыдан  көңіл аударып, ойлануға тұрарлық. Біріншіден, Қытай мұсылмандарының басым көпшілігі Шыңжаң Ұйғыр автономды ауданында өмір сүреді. Екіншіден, бұл облыс әртүрлі елдермен, соның ішінде Пәкістан, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей және Моңғолиямен көршілес жатқандықтанстратегиялық жағдайға ие. Үшіншіден, Шыңжаң ауданы пайдалы қазбалар, кен орындары мен мұнайға бай.

Шыңжаң халқы екі тілде – қытай және ұйғыр тілдерінде сөйлейді. Аудан орталығы – Үрімші қаласы. Шыңжаңның жергіліктібасшыларының айтуынша,  бұл облыста 46 ұлт өкілдері өмір сүреді. Олардың ең маңыздысы – қырғыз, қазақ, ұйғыр мен байуандар. "Мұхиттан алыс қаласымен" танымал бұл ауданға мұсылмандар тұратындықтан халықаралық орталардың назары түскен. АҚШ сияқты елдер экстремистерді қолдау арқылы бұл облысты Қытай үкіметінің әлсіз тұсына айналдыруды көздеп отыр. Қытай үкіметінің Шыңжаңға салған инвестициясының арқасында бұл аудан кедейшіліктен құтылуға бағытталған даму бағдарламаларын орындай алды.

Қытай Президенті Си Цзиньпин соңғы кездері Шыңжаң ауданында кедейшілікті азайтып, ұлттар арасында бірлікті арттыруғаміндеттеме алды. Бірнеше лаңкестік шабуыл бұл аймақтың қауіпсіздігін бұзғаннан кейін Бейжің үкіметінің Шыңжаң ауданының жағдайына көңіл аударуы арта түсті. Қытай үкіметі соңғы жылдары Шыңжаңды дамыған аймақ пен сауда орталығына айналдыруға талпынды. Кейбір реакцияшыл орталар Шыңжаңда тынышсыздық тудыру арқылы мұсылмандарды Қытай үкіметіне қарсы қоюмен қоса, бұл аймақтың дамуына мүмкіндік жасалуына кедергі тудыруды көздеп отыр.

"Бір ғасырлық соғыс" кітабының авторы әрі саяси сарапшы Уильям Энгдаль: "Шыңжаң ауданында тынышсыздық тудырушыларды қолдау АҚШ-тың Қытайдың экономикалық күш-қуатын ауыздықтау мақсаты аясында жүзеге асырылып жатыр. АҚШ-тың бұл аймақта тынышсыздық тудырудағы мақсаты шын мәнінде Қытайдың Орта Азия елдерімен экономика және энергетика салаларындаәріптестік жасауының алдын алу болып табылады",-деді.

Қытай Президенті Шыңжаңға салынатын инвестицияны арттырып, жергілікті тұрғындарды көбірек жұмысқа тарту арқылы осы ауданда кедейшілікті жоюға көмектесуге уәде берді. Мұнымен қоса, Си Цзиньпин Шыңжаңда екі тілде білім беру бағдарламасынорындауға күш салатынын және ауданның дамуынан түсетін табыстың осы аймақ халқының тұрмыс деңгейін жоғарылатуға жұмсалатынын мәлімдеді. Аталмыш ауданның халқы Қытай үкіметінің барлық ұлттар арасында әділетті бірдей сақтап, олардың қиыншылықтарын шешуге шара қолданатындығына үміттенеді. Үрімшіден таратылған мәліметтер даму жобаларының, соның ішінде өндіріс зауыттарын салу, қалалық және қалааралық заманауи көлік инфрақұрылымын қалыптастыру, соның ішінде жүрдек пойыздарды іске қосу және көпқабатты үйлер салу жобаларының орындалғанынан хабар береді. Мұның барлығы Қытай үкіметініңШыңжаң ауданына орасан зор инвестиция салғанын көрсетеді.

Қытай үкіметінің Шыңжаң ауданының әртүрлі қалаларына орасан зор инвестиция салудағы мақсаттарының бірі бұл ауданды көршілес елдер және халықаралық қауымдастықпен тауар алмасып, тасымалдау орталығы және тоғыз жолдың торабына айналдыруболып табылады. Мысалы,  Шыңжаңның маңызды қалаларының бірі саналатын Қашқар қаласы Қытай мен Пәкістанның шекарасында орналасқан. Қытай үкіметі көп инвестиция салып, бұл қаланы Пәкістанмен байланыс қақпасына айналдырды. Әлемдік деңгейде Қытай үкіметі Шыңжаң ауданын инвестиция салу арқылы "Бір жол – бір белдік" жобасы деп аталатын әлемнің ең үлкенбайланыс жолының басталатын жеріне айналдыруды көздеп отыр. "Жаңа Жібек жолы" деп те аталған бұл дәліз – Қытайдың ең үлкен экономикалық жобаларының бірі. Ол Шыңжаңнан басталып, теңіз бен құрлықта әртүрлі жолдарды басып өтеді.

Шын мәнінде, Қытай үкіметі кедейшілікті жою, аймақтың қауіпсіздігін бақылау және қандай да бір лаңкестік топтың аймаққа енуінің алдын алу мақсатында мақсатты түрде Шыңжаңда экономикалық жобаларды орындауға бет бұрып, жергілікті басшыларға өздерінің сауда және діни байланыстарын ислам елдерімен, соның ішінде  ИИР-мен кеңейтуге рұқсат берді. Қытайдың ислам қоғамы – осы ел үкіметінен діни мәселелер, соның ішінде діни тәлім алушы мен тілші жіберу саласында Иранмен әріптестік жасауға рұқсат алған ұйымдардың бірі.

Қытайдың Діндер ұйымының басшысы Ванг Зуан: "Бейжің үкіметі Ислам қоғамының ИИР-мен ислам діні саласында әріптестік жасауын қолдайды. Қытайда дін көп, бірақ ислам дінінің орны ерекше болған және ерекше болып қалады. Қытай үкіметінің бағдарламасы елдің солтүстік-батысындағы, соның ішінде Шыңжаңдағы халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған",-деді.

Қытай үкіметінің Шыңжаңдағы мұсылмандарға жасаған сауда мүмкіндіктерінің бірі – бұл аймақтың әлемнің басқа елдерімен, соның ішінде  ИИР-мен сауда айналымын дамытуға рұқсат беруі.

Шыңжаң ауданындағы кеден басқармасының сарапшысы Чен Гуалианг: "Иранның Шыңжаңдағы әртүрлі даму жобаларына көбірек қатыса бастауы  жергілікті компаниялардың шетелдік инвестицияны, әсіресе ирандық компанияларды тартуда жақсы жұмыс атқарғанын білдіреді. Бұл маңызды іс саналады",-деді.

Қашқар тарихи қаласының мәдениет пен әлеумет  тұрғысынан Иран мәдениеті мен өркениетімен байланысы бұл қаланың маңызды тартымдылықтарының бірі саналады. Тамақ мәдениеті, исламдық сәулет өнері мен дәстүрлі базарынан бастап, кептірілген жемістер дүкенінде пісте, Бамның құрмасы мен шафран сияқты ирандық өнімдерді сатуына дейін екі мәдениеттің арасында терең байланыстың бар екендігін көрсетеді. 15 мыңнан астам адам жыл сайын Қытайдан Құдайдың үйін көруге аттанады. Қытай үкіметі өз зияратшыларының ісін басқаруда ИИР-ның тәжірибесін пайдалануды көздеп отыр.

Қытай үкіметінің көзқарасы бойынша, экстремистер мен лаңкестік топтар Шыңжаң ауданына ену арқылы бұл облысты тынышсыздық пен дағдарыстан азап шегіп жатқандай, Қытай үкіметі мен Коммунистік партияны ел мұсылмандарына қарсы шығып отырғандай көрсетуді көздеп отыр. Бейжің үкіметінің кез келген дағдарыстың алдын алып, жағдайды бақылауда ұстап, ұлттардың бірлігін арттыру мақсатында Шыңжаң ауданы тұрғындарының құрамын өзгертуге талпыну сияқты шараларды күн тәртібіне қойғаны күмәнсіз. Батыс елдері Қытайды осындай сылтаумен ұлттарды біріктіруді мақсат тұтады деп айыптап отыр.  

Пәкістандағы саяси сарапшы Ахмад Рашид осы жайында: "Қытайдың стратегиясы Орта Азия елдері басшыларын ұйғырлардың саяси белсенділіктерін қатаң бақылауға алуға және бұл елдердегі ұйғыр азшылықтарының Шыңжаң ауданындағы ұйғырларға көмектесуінің алдын алуға ынталандыру болып табылады",-деді. 

Қытай үкіметі Шыңжаң ауданының дамуына тиісті жағдай жасады. Бұл Шыңжаңды Қытайдың маңызды халықаралық сауда орталықтарының біріне айналдыра алады. Шыңжаң ауданында тұратын барлық адамдар салынған инвестициядан бірдей пайда көретін болса, экстремистердің осы аймаққа еніп, ықпал ететін мүмкіндіктері болмайтыны күмәнсіз.