Есірткі заттары – адамзатқа төнген қауіп (3)
(last modified Sat, 06 Jan 2018 10:08:22 GMT )
Қаң 06, 2018 16:08 Asia/Almaty
  • Есірткі заттары – адамзатқа төнген қауіп (3)

Есірткі заттарының контрабандасы және оның алуан түрінің әлемде кең етек жаюы әлеуеметтік және саяси қасірет ретінде және халықаралық, сонымен қатар мемлекеттер деңгейіндегі дағдарыс ретінде БҰҰ жұмысының күн тәртібіне қойылды.

Бүгінгі таңда әлемде есірткі заттарымен күресудің қажеттігі бұл есірткінің заңсыз сауда нарығындағы ақша айналымы жылына 400 миллиардтан астам долларға жеткен жағдайда айтылып жатыр. Әлемнің бейберекет саяси нарығында әлемдегі есірткі заттарының жаппай етек жаюының артында әлемдік алпауыт елдер тұр.

Алпауыт елдер мен үкіметтердің соңғы онжылдықтар ішінде әлемде есірткі заттарының етек жаюы, есірткі заттарының халықаралық сахнадағы контрабандасы мен транзитіне негіздер жасауда атқарған рөлі бұл құбылысты әлемдік қиындыққа, қасіретке айналдырды. Қазіргі ғасырда орын алып жатқан апиын соғыстары түрде адамзат баласына қауіп төндіріп, есірткі заттарының картельдері мен оларға қолдау көрсететін үкіметтер қиындық тудырып, таза, заңды сауданы жемқорлықпен ластады.

Осы салада қатты зардап шеккен мемлекеттердің қатарына Ауғанстанды жатқызуға болады. Ауғанстан өткен жылы үш жыл қатарынан әлемдегі есірткі заттарын өндіретін ең ірі орталық ретінде танылды. Ауғанстан әлемдегі апиын көлемінің 90 пайызын өндіреді. Ауғанстандағы осы мәселені шынайы түрде шешкенге дейін сол елдегі есірткі заттарын өсіру көлемінің артуына куә боламыз.

Есірткі заттарын таратумен және Есірткі заттарымен күрес жөніндегі штабтың халықаралық істері жөніндегі директордың орынбасары Асадолла Һади Неджадидың айтуынша, биыл Ауғанстандағы есірткі заттарының өндірісі 9000 тоннаға жетіп отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе көп.

Ауғанстандағы есірткі заттары

Ауғанстан 2001 жылы Талибандардың құлдырауынан кейін есірткі заттарын өндіруші әлемдегі ең ірі елге айналды. Ауғанстанның ерекше саяси-әскери жағдайына байланысты осы елдегі есірткі заттарының табысы мол заңсыз сауда нарығының сол елде орналасқан топтар мен күштермен байланысы жайлы көп сөз айтылды.  Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани 2017 жылы желтоқсан айында Мәскеуде өткен Есірткі заттарымен күрес жөніндегі халықаралық конференцияда айтқан сөзінде Батыс елдерінің Ауғанстанға шабуыл жасау үшін айтылған уәждерінің мақсаттарын өтірік деп атап: "Ауғанстандағы есірткі заттары өндірісінің көлемі бұл елдегі шетел күштерінің құзырынан кейін 45 есе артты",- деді. Есірткі заттарының әлемдік саудасы басқа сауда түрлері секілді саяси ағымдардың ықпалында. Ауғанстаннан басқа Пәкістан, Үндістан, Мьянма, Колумбия, Коста-Рика, Доминикана Республикасы, Эквадор, Сальвадор, Гватемала, Гаити, Гандурас, Ямайка, Лаос, Мексика, Никарагуа, Панама мен Венесуэла есірткі заттарының контрабандасы бойынша анықталған орталықтардың қатарын құрайды.

Аталмыш елдердің арасында әйгілі "Алтын үшбұрыштың" бір бұрышы саналатын Мьянма – Азиядағы есірткі заттарын өндіретін негізгі екі аймақтың бірі және Лаос, Таиландпен бірге әлемдегі есірткі заттарының екінші ірі өндірушісі саналады.

Мьянманың әйгілі есірткі заттары картельдерінің ішінде Кхун Са белсенді әрекет еткен картельге сілтеме жасаған жөн. Кхун Са – апиын мен героин контрабандасындағы белсенділігі үшін есірткі заттарының патшасы атанған және әлемдегі есірткі көлемінің төрттен үш бөлігін өндірген Мьянмадағы есірткі картельдері жетекшілерінің бірі. 1989 жылы америкалық басшылар оны АҚШ-қа 1000 тонна героин кіргізгені үшін "өлім шахзадасы" деп атаған болатын. Кхун Са есірткі заттарының заңсыз саудасын көптеген жылдар бойы басқарғаннан кейін 2006 жылы мемлекеттік күштерге берілді. Ол 2007 жылы өмірден қайтты. Бірақ өмірінің соңына дейін байлықта өмір сүрді.

Мьянмадағы есірткі заттары

Колумбия да жылына 290 тонна көрсеткішімен әлемдегі ең негізгі есірткі өндірушісі саналады. Зорлық-зомбылыққа толы бұл елде Пабло Эскабардың есімі Колумбия халқының қорқынышты түсіне айналған. Ол осы елдің "Есірткі заттарының сұлтаны" деген атпен танымал. 80-90 жылдары сұлтанның билігінің артқаны соншалықты, ол кокаин контрабандасының әлемдік нарығын өз бақылауына алды.

Оның картелі АҚШ, Мексика, Пуэрто-Рико, Доминикана Республикасы мен осы құрлықтың басқа да жерлеріне жөнелтілетін есірткі заттары контрабандасының ауқымды бөлігін бақылап отырған. Эскабар есірткі заттары саудасының алдыңғы шебіне орналасу үшін Колумбияны әлемдегі өлтіру жайттарының астанасына айналдырды. Ақырында Колумбияның арнайы әскері 1993 жылы желтоқсанның екісінде орын алған көптеген қақтығыстардан соң оның орналасқан жерін анықтады. Эскабардың ізіне түсіп, қашқан кезінде басына оқ тиіп, өлді.  Эскабардың өлімі мен оның картелі ыдырағаннан кейін халықтың басым бөлігі үлкен қуанышқа бөленіп, олардың бойында тыныш өмірге деген үміт оянды. Бірақ елде жаңа картельдердің пайда болуымен Колумбияда жаңа сұмдық жағдай мен өлім жайттары жалғасын тапты.

Пабло Эскабар

Колумбиядағы маңызды есірткі картельдерінің қатарына Кали, Медельин және Norte del Valle картельдерін жатқызуға болады.

Әлемдік статистикалық мәліметтерге сәйкес, Мексика әлемдегі есірткі картельдері бойынша үшінші орында тұр. Синалоа бұл елдегі ең ірі есірткі картельдерінің бірі саналады. Бұл картельді Гузман атты адам басқарады. Бұл ірі конртабандист билігінің шарықтау шегінде Boeing  Jet 727 сериалды ұшақтарын АҚШ-тағы есірткі заттарының контрабандасы үшін пайдаланғандықтан "аспандардың әміршісі" деген лақаппен танымал болды. Паул Лир Александр – "кокаинның бароны" деген лақаппен белгілі болған атақты бразилиялық контрабандист. Ол біраз уақыттан кейін сионистік режимнің Моссад барлау қызметіне қосылып, онда Моссад пен Орталық Барлау басқармасы секілді ұйымдар үшін есірткі заттарын тасымалдаумен айналысты.

Ол 90-шы жылдары АҚШ-та есірткі заттарының заңсыз саудасы үшін айыпталып, құрықталып, 12 жыл қамауда болғаннан кейін 2005 жылы Бразилияға қайта оралды. Бірақ Бразилияда да есірткі заттарының заңсыз саудасы үшін құрықталып, 42 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол 2011 жылы өзін қорғау үшін айғақ жинау мақсатында түрмеден шыққаннан кейін қашып, содан түрмеге қайтқан емес. Қазір көбісі Александрды Тель-Авивте Моссад барлау қызметі ұйымының қорғауында деп ойлайды. Бұл өлім саудасы шеңберінде АҚШ-тың үлесі аз емес. Рики Росс – өміріндегі шарықтаулар мен құлдыраулардан кейін Американың ең ірі контрабандистерінің біріне айналған америкалық жазушы. Ол 80-ші жылдары "АҚШ есірткісінің императоры" деген лақап атқа ие болды.

Хуакин Гузман – Синалоа есірткі картелінің басшысы

Ол алдымен кішігірім кокаин тарататын топпен танысып, кейіннен сатушы ретінде осы топтың қатарына қосылды. Аз уақыт ішінде ол бұл кәсіпте қабілетін дәлелдеп, біраз уақыттан соң, яғни 80-ші жылдары  өз ісінің нағыз маманына айналды. Рики Росс жас болғанына қарамастан, АҚШ-тың батыс нарығына аптасына шамамен 400 келі кокаин енгізіп, күніне 3 миллион долларға жуық табыс тапты.

Ол 1996 жылы шамамен 100 келі кокаинды АҚШ-тың есірткі заттарымен күрес жөніндегі қызметкеріне сатпақ болған кезде құрықталып, түрмеге қамалды. Бірақ оның АҚШ Орталық барлау Басқармасымен байланысы анықталғаннан кейін ол 2009 жылы түрмеден босатылып, содан кейін ол жайлы ешқандай хабар болмады.

Бұл есірткі бандалары мен топтары лаңкестермен тығыз байланысты, ал есірткі заттары мен қылмыс және зорлық-зомбылықтың артуының арасында тікелей байланыс бар. Көп жағдайда есірткі заттары саудасынан түскен пайданың әлемдегі көптеген қан төгісті қарулы қақтығыстарды ұйымдастыруға жұмсалып жатқанын байқауға болады. Оның мысалы ретінде Ауғанстандағы Талибан тобының әрекетін келтіруге болады.