Қаң 17, 2018 16:22 Asia/Almaty
  • Аятолла Хаменеи Құм қаласының тұрғындарымен кездесті

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи дей айының 19 күні Құм қаласының мыңдаған тұрғынымен кездесуінде соңғы күндердегі халықтың дер уақытында және кең ауқымды түрде көшелерге шығуын мадақтап, Иран халқының өз құқықтарына байланысты талап-тілектерін теріс пайдалану үшін дұшпандар ұйымдастырған қастандықтың түрлі аспектілеріне тоқталды.

Құм халқымен кездесу хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1356 жылдың дей айының 19 күнгі көтерілістің  жылдығында орын алды. Сарапшылар бұл күнді тәуелді патшалық жүйені құлатқан Иран халқы көтерілісінің ұшқыны деп санайды. Бұл күні Құм халқы «Этелаат» газетінде жарияланған қорлаушы мазмұнға ие мақалаға наразылық білдіріп, көшелерге шықты. Наразылықтар бейбіт болғанымен, шерушілер патшалық режимнің қауіпсіздік қызметкерлерінің оқтарына тап болды. Мақаланың авторы хиджабсыздықты даму, заманауилық, хиджабты ескілік пен кертартпалық деп таныстырып, шиіттердің үлкен ғұламасы имам Хомейниге тіл тигізді. Сондай-ақ, хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1342-ші жылдың 15-ші хордад көтерілісін отаршылықтың қастандығы деп атады. Наразылықтар кезінде Құм қаласының кемінде алты тұрғыны шәһид болып, ондаған адам жарақат алды. Сол көтерілістен кейін елдің жер-жерінде халықтық көтерілістер  басталып, бір жылдың ішінде Иран Ислам революциясының жеңісіне жеткізді.

Құм қаласының тұрғындары Аятолла Хаменеимен  кездесті

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Құмды революциялық күрестер ағымында, әсіресе 1356 жылдың дей айының 19 күні басқа қалаларға қарағанда көбірек көшелерге шығып, азаматтары шәһид болып, осы кезге дейін өзінің бастамашылығын сақтап қалған үмітке толы әрі дамыған қала деп атап: «Біздің халқымыздың сөзі –зорлық-зомбылыққа қарсы тұру және билеп-төстеуші үкіметтерге бағынбау. Бүгінде Ислам революциясының жеңіске жетуінен 40 жыл өткенімен, біздің халқымыз сол қисын, сол жол және дәл сол мақсатты көздеуде»,- деді. Аятолла Хаменеи Иранның кейбір қалаларындағы жуырдағы тынышсыздықтарға тоқталып: «Халықтың дер уақытында және ауқымды түрде дей айының 13-ші мен одан кейінгі күндері дұшпандардың ислам жүйесіне қарсы бүліктеріне қарсылық білдіруі – жақсы белгі»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі дұшпанның Иранның мұсылман халқына қарсы қастандықтарын Ислам революциясына қарсы әрекет деп атап, америкалық басшылардың революцияны іштен қиратуға талпыныс жасағандарын мойындағанына тоқталып: "Олар миллиардтаған доллар қаржы жұмсап, жылдар бойы желілер құрып, жалдамалы адамдарды тәрбиеледі. Қаржыларын қамтамасыз ету үшін Парсы шығанағының бай үкіметі мен  Ираннан қашқандарды  тауып, соларды қайтадан майданға енгізді. Мыңдаған ғаламтор желілері мен ондаған телеарналарды пайдаланып, біздің халықтың басына өтірік пен жала жауып, қауесет таратып, халқымыздың, әсіресе жастарымыздың ой-пікірін өзгертпек болды. Бірақ, нәтижеге жетпеді, жастардың арасынан шәһид Ходжаджи сынды адамдар шықты"- деді.

Шәһид Ходжаджи – Сирияда ДАИШ лаңкестеріне қарсы соғыста тұтқынға түсіп, шәһид болған 25 жастағы ирандық жігіт. Өлтіруге апара жатқан кездегі оның көзқарасы тарихта мәңгі қалады.

Шәһид Ходжаджи

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Иранда жуырда орын алған оқиғалардың аспектілерін баяндап, ақпараттық айғақ-деректердің сол оқиғалардың ұйымдастырылғанын, оны жүзеге асыруда бір "үштіктің" белсенді рөл атқарғанын көрсеткеніне тоқталып: "Жуырдағы оқиғалардың «үштігінің» басында Америка мен сионистік режим тұрды. Олар жоспар құрып, сол жоспарды бірнеше ай бойы жетілдірген. Сонымен қатар елдегі бейберекеттіктер шағын қалалардан басталып, орталыққа жетеді деп ойлаған. «Үштіктің» екінші жағында жоспардың қаржысын қамтамасыз еткен Парсы шығанағындағы бір бай ел тұрды. «Үштіктің» үшінші тарабында «Монафеқин» лаңкестік ұйымына тәуелді жалдамалы күштер орналасты. Олар америкалықтармен байланыста болды. Сондай-ақ,  дұшпандар ұйымдастыру жұмыстары мен операциялар үшін Иранмен көршілес жерден  басқаратын екі база құрған. Базаның бірі операцияларға жетекшілік ету үшін интернет кеңістігінде құрылды. Екінші база бейберекеттіктерге басшылық етті. Екі база да америкалықтар мен сионистер арқылы басқарылып, исламдық жүйені құлатуды мақсат етті",- деп қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында АҚШ-тың Иранның мұсылман әрі революцияшыл халқына ызалы екендігіне сілтеме жасап: "АҚШ ызалы. Өйткені, олардың жобасы халықтың ауқымды қозғалысынан сәтсіздікке ұшырады. Енді америкалық басшылар бос сөзге кірісті. АҚШ Президенті "Иранның үкіметі халқынан қорқады" деді. Жоқ! Иран үкіметі осы халықтың арқасында құрылды. Үкімет не үшін  қорқады? Егер бұл халық болмағанда, үкімет те болмас еді. Бұл үкіметтің сендерге қарсы тұрғанына 40 жыл болды. Халықтың көмегінің арқасында табанды тұр. Сендерге қарсы тұруға бұл үкіметке халық көмектесуде. Тағы бір сөзінде: "Иранның үкіметі АҚШ-тың құдыретінен қорқады" деді. Егер біз сендерден қорқатын болсақ, қалай 50-ші жылдары сендерді Ираннан, 90-шы жылдары бүкіл аймақтан шығарып жібердік?

"Иран халқы аш. Азық-түлікке мұқтаж" дейді. Шын мәнінде, өздерінің мәліметтері бойынша АҚШ-та 50 миллион халық аш болғандықтан нанға мұқтаж. Соған қарамастан Иран халқын аш дейді. Иран халқы абыроймен өмір сүруде. Құдайға шүкір, илаһи көмекпен халықтың тұрмысы күннен күнге жақсарып, экономикалық мәселелер де шешіледі",- деді. Аятолла Хаменеи Трамптың Иранның наразыларға қолданатын шараларына алаңдаушылық білдіруіне тоқталып: "Бір жылдың ішінде полициясы елдің 800 азаматын өлтірген АҚШ пен тасты лақтырмаған, тек көтергені үшін ғана адамды төрт жылға соттаған Ұлыбритания ирандық наразылар зорлық көрмесін деп алаңдауда"- деді.

 Аятолла Хаменеи елдегі жуырдағы бейберекеттіктер туралы сөзінің соңғы бөлімінде америкалықтарға: "Біріншіден, жуырдағы оқиғаларда сіздер сәтсіздікке ұшырадыңыздар. Егер келешекте тағы қайталайтын болсаңыздар, тағы жеңіліске ұшырайсыздар. Екіншіден, осы бірнеше күнде Иранға шығын келтірдіңіздер. Келешекте де шығын келтіретін боларсыздар. Бұл істің өтемақысы болады. Үшіншіден, АҚШ үкіметін басқарып отырған мырза (Трамп) пен АҚШ үкіметінің мүшелері мен оның айналасындағылардың  бұл ақымақ ойындардың жауапсыз қалмайтынын білгені жөн. Ислам республикасы өзінің негіздеріне мықты тұрып, оларды қорғайды, халқын қорғайды, мүдделерін қорғап, зорлық-зомбылыққа бағынбайды!"- деп баса айтты.

Иран Ислам революциясы жетекшісі  сөзінің келесі бөлімінде үкімет басшыларына: "Шетелдік дұшпанның рөліне назар аудару біздің өз әлсіздіктерімізге немқұрайдылық танытпауға, өз мәселелерімізді шешуімізге себеп болады. Мазлұмдар мен халықтың әлсіз таптарын қорғау – баршамыздың міндетіміз",- деді. Ол хазірет, сондай-ақ үш биліктің басшыларынан дұшпандар әрекет жасап отырған жағдайда елдің мәселелеріне көңіл бөліп, соларды шешуге кірісіп, исламдық жүйенің әртүрлі бөлімдерінің күш-қуатын арттыруға талпыныс жасауды талап етті. Аятолла Хаменеи ішкі өнім шығару мен жұмыс орындарымен қамтамасыз етудің қажеттілігін тағы қуаттап: "Егер жұмыс орындарын ашқымыз келсе, өнім шығаруға ерекше көңіл бөліп, дұрыс тәсілдер мен нақты саясат қолдануымыз керек",- деді.

Аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында Иран халқына арнап, қырағылық танытып, ислам жүйесін қорғап, жүйені қорғап, ауқымды түрде  көшелерге шыққаны үшін алғыс айтты. Содан соң қоғамдық пікірдің ұлттық күш-қуаттың маңызды құралдарының бірі екенін, сондай-ақ, дұшпанның бүгінде қоғамдық пікірді өз ықтиярына алуының ең маңызды құралы қауесет тарату екендігіне тоқталып,  халықтан бос сөзді шындықтан ажыратып, біріншіден, өтірік пен өсек-аяңға сенбеуді, екіншіден оларды таратудан тартынуды  сұрады. Діни жетекші кейде "Басшылар жұмыс істемейді, талпыныстардың пайдасы жоқ, мәселелер шешілмейді" деп айтылатын сөздерге сілтеме жасап: "Бұл шындыққа қайшы. Дұшпан халықты осыған сендіргісі келеді. Негізінде елдің жоғары лауазымды басшылары мәселелерді шешу үшін күні-түні талпыныс жасауда",- деді. Ислам революциясының жетекшісі  өзі тарапынан басшыларға қажет ақыл-кеңестің, көптеген ұсыныстардың  берілгенін, тіпті сын айтылғанына тоқталып: "Мен дініи халықтық демократияны қабылдаймын. Біз расында діни халықтық демократияны қабылдадық. Халық сайлаған адамды біз басшы санап, оны жауапты деп, оған көмектесуді міндетіміз деп білеміз. Барлық үкіметтермен осылай болды, қазіргі үкіметпен де осылай әрекет жасалуда. Мен елдің келешегіне үміттенемін. Алланың біздің халыққа биік белестерге жетуге көмектесетіндігіне сенімдімін. Иран халқы Исламның беркесі, исламдық жүйенің берекесімен және Алланың көмегімен жоғары жетістіктерге жетеді. Дұшпанның қастықтары мен әрекеттері еш әсерін тигізбейді. Ешбір дұшпан еш нәрсе істей алмайды",- деп қуаттады.

 

 

 

Тегтер