Ауғанстан – дарынды азаматтардың елден кетуі бойынша әлемдегі екінші ел
Бүгінгі бағдарламамызда Ауғанстандағы дарынды ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерінің елден кету жағдайын қарастырамыз.
Ауғанстан халқы мен үкіметі бетпе-бет келіп отырған маңызды қиындықтардың бірі көші-қон, дарынды ғалымдар мен зиялы қауымның елден кетуі саналады. Қауіпті жағдайдың берік сақталуына байланысты Ауғанстанда бұл мәселе әлі шешімін таппаған.
Ауғанстан халқының бір бөлігі көбінесе оған таңылған ұзаққа созылған жүдетуші соғыстарға байланысты көршілес елдерде мигрант ретінде өмір сүруде немесе қолайлы жұмыс табу арманымен Ауғанстаннан көшіп кеткен. Олардың ішінен көптеген дарынды азаматтар мен ғалымдарды да байқауға болады.
Кейбір сарапшылар Ауғанстандағы қабілетті әрі дарынды азаматтардың бұл елден қашу мәселесін тарихы тереңде жатқан түбегейлі мәселе санайды. Олардың пікірінше, бұрынғы үкіметтердің үстемшіл саясаттары мен білім беру мәселесіне көңіл аудармауы Ауғанстанның білімді әрі сауатты адамдарының елден кетуіне әсер еткен негізгі факторлардың бірі саналады.
Ауған жазушысы, әрі зерттеуші Абдулғадер Камали: "Басшылардың білім мен ғылымға көңіл аудармауы, қоғамның зерттеу жұмыстарын назарға алмауы, қоғамның нашар экономикалық жағдайы мен мемлекеттік құрылымда бұл салаға бюджеттен қаражат бөлінбеуі, меритократияны назарға алмау және де бөгделердің Ауғанстанды зиялы қауым мен ғалымдардан тазарту үшін жасаған талпынысы осы мәселеге әсер еткен факторлардың қатарын құрайды",- деді.
Соңғы жылдары болған соғыстар мен тынышсыздықтар Ауғанстандағы көші-қон және елдің дарынды адамдарының қашу үдерісін қатты күшейтті. БҰҰ-ның статистикалық мәліметтеріне сәйкес, 2002 жылдан бері шамамен 5 миллион мигрант Ауғанстанға оралған. Бірақ бұл үдеріс соңғы жылдары қатты төмендеген.
Ауғанстан үкіметі ауған мигранттары мен зиялы қауым өкілдерін елге тарту үшін көші-қонның, әсіресе жастардың елден кету үдерісінің жалғасуының алдын алуға талпыныстар жасады. Алайда, бұл елдің халқы өзі мен мемлекетінің келешегіне қатысты сенімді болып, елде соғыс аяқталып, қауіпсіздік қамтамасыз етіліп, елдің экономикасы өркендемейінше Ауғанстандағы көші-қон көрсеткішінің азаюына үміттену мүмкін емес.
Елдегі тынышсыздықпен қатар жастардың арасында көшіп кету көрсеткіші артуының негізгі факторына Ауғанстандағы еңбек нарығы ауқымының кішіреюін жатқызуға болады. Басқа жағынан түрлі мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық жаңа жұмыс күштерін, әсіресе Ауғанстанда білімді жастарды тартудың өте ауырлап кетуіне себеп болды. Осындай факторлардың жиынтығы бұл ел халқының болашаққа деген үмітсіздігін одан әрі арттырды.
Ауғанстандағы саяси мәселелер жөніндегі сарапшы Ғолам Саха Джавади: "Ауғанстандағы әкімшілік саласындағы жемқорлықтың әкелген ең үлкен апаты дарынды азаматтардың елден кетуі саналады. Батыстық топтар мен отарлаушылар да әкімшілік басындағы надан адамдарды жемқорлық пен есірткі контрабандасына тартуға әрдайым талпыныс жасап келді",- деді.
Бүгінгі таңда 7 миллионнан астам ауған азаматы көршілес елдер мен әлемнің басқа да елдерінде мигрант ретінде өмір сүруде. Пәкістан мен Иран ауған мигранттарын ең көп қабылдаған елдерге жатады.
Сонымен қатар, Ауғанстанның Мигранттар мен оралмандар істері жөніндегі министрліктің мәліметтеріне сәйкес, қазір аймақ елдерінде 600 000-нан астам ауған азаматы, Еуропа мен Америка елдері мен Аустралияда 354 000 ауғандық мигрант ретінде өмір сүріп жатыр.
Көші-қон үдерісінің Ауғанстан үшін теріс салдарларының бірі елден дарынды азаматтар мен зиялы қауым өкілдерінің қашуы саналады. Елдегі тұрақсыздық салдарынан көптеген сауатты, білімді адамдар мен түрлі салалардағы маман иелері Ауғанстаннан көшіп кетті.
Алайда бұл үдеріс Ауғанстанның білімді азаматтары өз елдерін қайта құру үшін үлестерін қоса алатын жағдайға ие болғанына қарамастан орын алып отыр.
Жұмыссыздық, өте төмен табыс көрсеткіші, қажет капитал мен әлеуметтік қамсыздандыру тапшылығы, дағдарыс пен тынышсыздықтың жалғасуы, саяси, мәдени, әлеуметтік және қауіпсіздік факторлары Ауғанстандағы зиялы қауым өкілдерінің елінен қашуына әсер еткен экономикалық емес факторлардың қатарын құрайды. Жоғары оқу орындарында оқуын тәмамдаған жас мамандар санының күннен-күнге артуы мен олар үшін жұмыс орындарының болмауы да зиялы қауым өкілдерінің елден кетуіне әсер етіп жатқан факторларға жатады.
Ауғандық саяси мәселелер жөніндегі сарапшы Абдурахман Рахмани былай дейді: "Бүгінгі таңда Ауғанстанда ғалымдар мен зиялы қауымның ұсыныстары мен жоспарларына назар аударылмай, олар келекеге айналып жатыр. Бұл жағдай ауған ғалымдарының елге оралуды қаламауына себеп болады".
Білімді, жоғары кәсіби маман иелерінің Ауғанстаннан кетуі осы елдегі соғыстың ащы салдарларының қатарына жатады. Тіпті, адами күштердің Ауғанстаннан кетуі бұл елдің адами ресурстарына зиян тигізеді. Еліне оралуға жағдай жасалатын болса, мигранттар Ауғанстан үшін үлкен істерді атқара алады. Олар бар жан-тәнімен өз отанын қайта құрып, өз халқының экономикалық дамуы мен ілгерілеуі үшін негіз қалыптасыра алады. Бірақ, мұның барлығы өз халқының қанатын кең жайып, еш алаңсыз өз жерін қайта құру үшін үкіметтің қажет алғышарттарды жасауына тәуелді.
Ауғанстан университетінің профессоры әрі саяси мәселелер жөніндегі сарапшы Сейфеддин Сихун: "Ауғандықтардың шетелдерге көшуі сенімсіздік, тынышсыздық, жұмыс орындарының болмауы мен басқа да түйткілдерге байланысты. Бұл үдерістің басқа елдердегі жағдайлардан айырмашылығы бар. Егер үкімет халықтың болашағына қатысты олардың жүрегінде үміт тудырып, жастарды жұмыс орындарымен қамтитын болса, ауған азаматтарының Еуропа елдеріне кетуіне қатысты статистикалық көрсеткіштің төмендеуі әбден мүмкін. Бірақ, бұл да 100 пайызға кепілдік бермейді",- деді.
Қалай болғанда да, Ауғанстан үкіметінің алдында тұрған маңызды түйткілдердің бірі бұл елдегі дарынды азаматтар мен зиялы қауым өкілдерінің көші-қон мәселесі саналады. Ауғанстан халқының, әсіресе білімді азаматтарының өте оңай және өз қалауларымен елден кетіп, бөтен елде өмір сүріп жатқанын елестету өте қиын. Сол себепті, Ауғанстан үкіметі ел халқының өз келешегіне деген үмітін арттыру бағытында әрекет етуі үшін ұлттық интеграция мен бірлікті нығайтатын болса, кез келген тайпа мен мазхабтың жастары жан-тәндерімен өз отанына қызмет ететін болады. Дағдарыс, тынышсыздық пен ауған халқының географиялық тұрғыдан жан-жаққа шашырауының жалғасуының жеңімпазы әлсіз Ауғанстанға өздерінің билігін сақтап қалғысы келетін осы елдің дұшпандары екені күмәнсіз.