ДАИШ-тың ақпараттық жарнамалары: құрылуынан құлдырауына дейін 4
(last modified Fri, 26 Jan 2018 19:02:49 GMT )
Қаң 27, 2018 01:02 Asia/Almaty
  • ДАИШ-тың ақпараттық жарнамалары: құрылуынан құлдырауына дейін 4

ДАИШ-ты басқа лаңкестік топтардан ерекшеліктерінің біріне әлемнің түкпір-түкпіріндегі, әсіресе Батыс мемлекеттеріндегі жақтастарын өз қатарына тарту үшін үгіт-насихат құралдарды пайдалануы жатады. ДАИШ-тың бұл ерекшелігі араб және ағылшын тілдерінде «Дабеқ» журналын шығаруынан анық байқалды. ДАИШ мүшелерінің көбі араб тілін білгендіктен бұл журналдың Ирак пен Сириядағы топ мүшелері арасында ағылшын тіліндегі саны шектеулі болды.

Дабеқ – Түркия шекарасына жақын жердегі Сирияның солтүстігіндегі Алеппо қаласының маңындағы ауылдың атауы. Журналды «Дабеқ» деп атау сұлтан Салим І басқарған Осман империясы мен сұлтан Қансуреның патшалық үкіметі арасындағы 1516 жылы сол ауылда орын алған соғыспен байланысты болуы мүмкін. Ауыл османдық қолбасшының қолына түскен Шам аймағының бірінші ауылы болған көрінеді.

"Дабеқ" басылымы

«Дабеқ» журналының бірінші нөмірі Мосул қаласы ДАИШ-тың бақылауына түскеннен бір айдан кейін 2014 жылдың шілде айының 5 күні шықты. Бұл журнал – ДАИШ-тың діни негіздері мен іс-әрекеттерінің сарапшысы. Журналда топтың құрылуы туралы құрған адамдарының көзқарастары баяндалды. ДАИШ ағымының идеологиялық басшылары саналатын журналды шығарушылар әртүрлі тарихи және діни жағдайларға сілтеме жасап, топтың құрылу себептері мен оның әрекеттерін сараптап, оларды ақтауға талпыныс жасады. Олар графика мен журналды шығарудың заманауи тәсілдерін пайдаланып, кәсіби журнал шығарып, өздерінің ұзақ мерзімді мақсаттарын ұсынды. Кәсіби сапаға ие журнал 50 бет көлемінде шығып, оның ағылшын тіліндегі ғаламтор нұсқасы да болды. «Дабеқ» мәтіндерінің сапасы бойынша сириялық оппозицияның басылымдарынан жоғары болды. ДАИШ лаңкестік тобын мүшелерінің әлеуметтік желілерінің мазмұны  басылымның тиражына сілтеме жасамайтын, бірақ журналдың ғаламтор және қағаз басылымы түрінде жарық көретіні туралы ескертетін.Сонымен, бірінші шыққан нұсқаларының Ирактың ДАИШ басып алған аймақтарындағы тұрғындар арасында таратылып, ғаламтор нұсқасын электронды пошта арқылы алғысы келетін оқырмандарға жіберілгені туралы хабарланатын. «Дабеқ» журналының үшінші нөміріндегі мақалалардың көбі хиджрат мәселесіне тоқталып, ДАИШ-тың басып алған жерлерге жасалған сапарларды ақтауға арналды. Хиджрат туралы мақалаларға жасалған шолу бұл саладағы мәжбүрлеудің бір түрі болып табылды. Олардың мақалаларында шынайы мұсылман деп өмір сүретін отанын тастап, Алланың дініне көмекке келетін адам  таныстырылды. Олардың көзқарасы бойынша  бұл қоныс аудару Меккенің  мүхажірлері мен пайғамбардың сахабаларының қоныс аударуымен бір қатарда саналды. Негізінде шындық бұл діни ақтаулардан өзгеше. Қоныс аудару туралы талап-тілектер ДАИШ-тың әртүрлі саллардағы,  соның ішінде инженерлік, медицина және ауылшаруашылығы  мамандарын қажет ететінін көрсетті. Өйткені, ДАИШ заманауи құрылымы бар шынайы әрі заманауи үкімет құруды мақсат етіп, сол жолда ешбір талпыныстан аянбады. Топтың жарнамаларында ДАИШ-ке көмектесу үшін көшіп келген мамандарға сыйға берілген үйлер мен жаңа көліктер көрсетілді.

ДАИШ әртүрлі жолдар мен құралдар арқылы өзінің кәсіби кадрлерін қамтамасыз етуге талпынды. ДАИШ журналдың әртүрлі бөлімдерінде миграция туралы сұрақтарға жауап берді. Келес бір жерінде қаржы мәселелеріне назар аудартып, келесі беттерінде адамның басқаның құлдығы мен күнделікті тұрмыстың қиындықтарынан босап, ғибадатпен айналыса алатындығы туралы жазды. Сонымен бірге адамдардың қоныс аударуға қатысты алаңдаушылықтарына тоқталып, ДАИШ-тың оларға қолдау көрсететіндігі туралы айтып, алаңдаушылықтарды шешуге талпыныс жасаға сыңай танытты. ДАИШ тіпті, өз жақтастарына егер сапар шегетін мүмкіндіктері болмаса, ғаламтор немесе басқа ақпарат құралдары  арқылы өздерінің ДАИШ-ты қолдайтындықтарын және кәпірлерді қорқытуды мақсат ететіндіктерін жариялау туралы ұсыныс жасады. Журналдың оқырмандарына әкесі, анасы, жұбайы мен перзенттерін ДАИШ-тың қатарына қосу туралы үгіт жүргізілді.

 

Бұл журналда көзге көрінетін өкінішті жайт, талан-тараж, қырып-жоюшылық пен қантөгістерді діннің атымен ақтау болып табылады. Мәселен, журналдың 4-ші нөмірінде мұсылмандардың мүліктерін талан-таражға салу ақталды. Одан жаманы, бұл пайғамбармен (с.ғ.с.) байланыстырылып, ең жақсы әрі ең пәк байлық ретінде таныстырылды. Сондай-ақ, журналдың бұл нөмірінде езид әйелдері мен қыздарын құлдыққа алу ісі ақталып, оларды құлдыққа алу халал деп жарияланды.  Журналдың келесі бір жерінде мақала авторларының бірі кәпірлерді құлдыққа алу шариғатта бар, оған қарсылық білдіру діннен безушілік деп айтылды. «Шиатат тайпасының қылмыстарына қатысты жазалау» деп аталған мақалада келісімді бұзғандары үшін қарсыластарды өлтіруге мазхабтық тұрғыдан ақтау жасалды. Бірақ, келісімнің бұзылуының дәлелдері айтылмады. Мақалаларда көбінесе қарсыластарды діни себептері үшін өлтіру туралы жазылды. Ең жаманы, Исламның ұлық пайғамбарының атынан ойдан шығарылған, нақты құжаттарға сүйенбеген оқиғалар мысал ретінде келтірілді.

Сириядағы Дабеқ қаласы, сондай-ақ ДАИШ-тың «Дабеқ» журналының атауы сәтсіздікке ұшыраған соң, бұл лаңкестік топтың ақпарат орталығы  тез арада «Румие» деп аталған жаңа журнал шығарды. Журналдың бірінші нөмірінің сыртқы бетінде әуе шабуылдарының бірінде өлген ДАИШ-тың баспасөз хатшысы Абу Мұхаммад әл-Аднанидің суреті жарияланды.

"Румие" журналының бірінші нөмірі

ДАИШ бұл журналды «ДАИШ-тың еуропалық мүшелері үшін жаңа көрініс» деп атап,  ағылшын, араб, неміс, түрік, пушту және индонезия тілдерінде шығарылатыны туралы жариялады. Алайда, атауының өзгеруі және шығарылатын жаңа тілдердің артуына қарамастан, дін, ахлақ және адамгершілік негіздері  туралы қисынсыз мазмұндары қалды. Журналдың соңғы нөмірлерінде ДАИШ-тың Еуропадағы әрекеттеріне көп назар аударылып, лаңкестікті іске асырудың әртүрлі тәсілдері ұсынылды. Мәселен, Лондондағы лаңкестік әрекет сынды пышақ қолдану, Берлин, Ницца және Стокгольмдегідей жаяу адамдарды көлікпен басуды атауға болады. Мысырдың ақпарат саласы мамандарының бірі Мазен Закидің пікірінше, «Дабеқ» құлаған соң ДАИШ бұрынғыдан көбірек жаңа атауы бар жаңа журнал шығаруды қажет ететінін сезді. «Румие» сол жаңа журнал болды. «Румие» өзіне сұхбат берген ДАИШ лаңкестерінің сөздері арқылы батыстың кәпірлерінен кек алуды талап етті». Мысырдың стратегиялық мәселелер жөніндегі сарапшысы Яхья Мұхаммад Әли: «ДАИШ «Румие» сынды ақпарат каналдары арқылы батыстықтарға қарсы үгіт-насихат жүргізіп, оларды кәпір деп атайды. Бұл топ журналды «саяқ қасқырлар» оқиды деп санайды. ДАИШ-тың мүшесі емес адамдар үшін бұл журнал халықтың арасында үрей мен қорқыныш тудырып, елдердің ішкі қайшылықтарына араласып, адамдарға қарсы лаңкестік әрекет жасап, жеке түрде адам өлтіруді үйретеді.

Қорыта айтқанда, бұл деректердің барлығы ДАИШ-тың әлемнің әртүрлі жерінде лаңкестік әрекеттерді арттыру жолындағы талпыныстарын көрсетеді. Басқаша айтқанда, күпірлікпен күресу идеясын қуаттап, оларды өлтіруге шоғырланып, әл-Қаидаға жақындады. ДАИШ бұдан бұрын да топтың өз елдеріне оралған батыс мүшелерінің әрекеттеріне қатысты «саяқ қасқыр» үлгісін пайдаланған болатын.