Сәу 18, 2018 16:30 Asia/Almaty
  • Мұхаммад бен Салманның АҚШ сапарының мақсаттары мен нәтижелерін сараптау 1

Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман Каир мен Лондон сапарынан кейін 2018-ші жылдың наурыз айында Вашингтонға сапар шекті. Бұл Мұхаммад бен Салманның Сауд Арабиясының тақ мұрагері болғаннан кейінгі бірінші сапары болды.

АҚШ пен Сауд Арабиясының ресми қарым-қатынастарының басталуынан бері 75 жыл өтуде. Негізінде Мұхаммад бен Салманның АҚШ-қа жасаған екі апталық сапары екі ел қарым-қатынастарының 75 жылдығында іске асырылды. Мұхаммад бен Салманның АҚШ-қа жасаған жуырдағы сапары оның Дональд Трамптың Ақ үйге кіргеннен бергі екінші сапары саналады. Мұхаммад бен Салман Сауд – әулетінің Дональд Трамппен кездескен бірінші мүшесі. Өткен жылғы сапарында Мұхаммад бен Салман Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің орынбасары, Қорғаныс министрі және Saudi Aramco компаниясының басшысы болса, жуырдағы сапарында Қорғаныс министрі, Saudi Aramco компаниясының басшысы лауазымдарын сақтауымен бірге тақ мұрагері, басқаша айтқанда, Сауд Арабиясының бейресми патшасы ретінде барды. Мұхаммад бен Салманның АҚШ сапарын ішкі және аймақтық тұрғыдан қарастыруға болады. Ішкі тұрғыдан Мұхаммад бен Салманның АҚШ сапарының ең маңызды мақсаттарын жеке үгіт-насихаттық және АҚШ-пен арасындағы қарым-қатынастарын қайта реттеу үдерістерінен өту деп атауға болады.Жеке тұрғыдан саудиялық тақ мұрагерінің ең маңызды мақсаты патшалық таққа жету үшін АҚШ-тың қолдауына ие болу саналады. Мұхаммад бен Салманның мәлімдеуіне сәйкес, оның өз мақсатына жетуіне тек өлім ғана кедергі бола алады.

Брукингс зерттеу институтының сарапшысы Брус Риддл Мұхаммад бен Салманның  Вашингтонға жасаған сапарын 1946-шы жылғы Фейсал бен Абдолазиздың Вашингтон сапарына ұқсас деп санайды. Брус Риддл бұл туралы: «АҚШ пен Сауд Арабиясының қарым-қатынастарына 75 жыл толды. Бірінші рет Сауд режимінің іргетасын қалаушы Абдолазиздың үшінші ұлы Фейсал бен Абдолазиз әл-Сауд 1943-ші жылы Екінші Дүниежүзілік соғыстың ортасында Вашингтонға сапар шегіп, АҚШ Президенті Франклин Рузвельтпен кездесіп, пікір алмасты. Фейсалды Вашингтонға әкесі Абдолазиз жіберген болатын. Вашингтонда Фейсал  естен кетпейтін қошаметпен кезікті. Бұл сапарда Сауд Арабиясының Захран қаласында америкалық әуе базасын салу туралы келісті. Бұл Таяу Шығыстағы АҚШ-тың бірінші базасы болды. Аталмыш база 1946-шы жылы қолданысқа тапсырылды. Америкалықтар бұл базаны 1996-шы жылға дейін қолданды»,- деп жазды. Расында Фейсал бен Абдолазиз Америкаға  Сауд Арабиясы жерінде әскери база салумен  бірге мұнай саласында артықшылықтарды да берді. Алайда, айта кететін жайт, Фейсал бен Абдолазиздың Вашингтон сапары әкесінің өлімінен кейінгі оның патша болуына ұласпады. Фейсал бен Абдолазиз 1964-ші жылы Сауд Арабиясының патшасы болып тағайындалды. Оның патшалығы өлімімен аяқталды. 

Мұхаммад бен Салман АҚШ-тың қолдауы оның патшалық лауазымға жетуіне себеп болады деп санайды. Өткен ғасырдың 50-ші жылдарындағы АҚШ-тың қолдауы Фейсал бен Абдолазиздың патша болуына көмектеспеді. Мұхаммад бен Салман өткен жылы Сауд Арабиясының тақ мұрагері лауазымына бекітілуден бұрын Вашингтонға сапар шегіп, Трамптың Рияд сапарына жағдай жасады. Көптеген қаржы шығындалған АҚШ Президентінің Рияд сапарынан бірнеше күннен кейін Мұхаммад бен Салман Мұхаммад бен Таифты босатып, ресми түрде Сауд Арабиясының тақ мұрагері лауазымына бекітілді. Енді оның патшалық таққа отыруына тек бір қадам ғана қалды. Саудиялық тақ мұрагерінің АҚШ-қа жасаған екі апталық сапарына қатысты көптеген күдік-күмән туды. Бұл салада American Enterprise институтының маманы Андру Буен Мұхаммад бен  Салманның Вашингтон сапары себептерінің бірін жарнама деп атады. Саудиялық тақ мұрагерінің үгіт-насихаты қаржы бұзақылығымен күресу, Сауд Арабиясының 2030 құжаты мен америкалық басшылардың, әсіресе Дональд Трамптың күйеу баласы Джордж Кушнердің кеңестерімен жасалған қоғамдық реформаларды бүркеу үшін маневр  болды. Сауд Арабиясының танымал саяси белсендісі Моджтахед екі миллионнан астам қолданушысы бар Твиттердегі парақшасында: «Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманның 14 күндік АҚШ сапары тек оның өзіне қатысты жарнамалық мақсатта өтті. Мұхаммад бен Салман АҚШ Конгресіне қатысы бар компаниялар мен ұйымдар арқылы АҚШ-тың заң шығарушы және басқа органдарына өз жобаларын қолдатқысы келеді» деп жазды. Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің АҚШ-тағы сионистік лоббидің кейбір мүшелерімен кездесуі және сионистік режимнің болмысын ресми тануы Мұхаммад бен Салманның үгіт-насихаттық мақсаттары аясында орын алды. Мұхаммад бен Салман Израильмен қарым-қатынасты бір қалыпқа келтіру қажет деп санайды. Ол патшалық таққа жету жолында АҚШ-тағы мықты еврей лоббилері мен сионистік режимнің қолдауына ие болуды мақсат етуде. Мұхаммад бен Салман Сауд Арабиясының билік басына жету үшін қалыптасқан үдерістен өтпей, әкесінің билігін өзінің таққа жетуі үшін пайдаланды.

Рияд-Вашингтон қарым-қатынасын қайта қарастыру үдерісінен өту Мұхаммад бен Салманның АҚШ сапарының келесі мақсаттарының бірі болды. Сауд Арабиясы мен АҚШ-тың қарым-қатынасы еш уақытта тұрақты болмады. Олардың қарым-қатынасынан көптеген шарықтаулар мен құлдыраулар байқалды. Сондай маңызды кезеңдердің бірі АҚШ билігінің басында Барак Обама болған кезең саналады. Барак Обама үкіметі  Иранға қарсы ең ауыр санкцияларды салғанымен, Сауд Арабиясы ИИР мен «алтылық» тобының ядролық мәселеге қатысты келіссөздеріне қарсы боды. Барак Обама үкіметі Сауд Арабиясындағы адам құқығы мәселесінің нашар жағдайын көп сынады. Осыған орай Рияд пен Вашингтонның қарым-қатынасы Обаманың президенттігінің екінші кезеңінде қатты суыды. АҚШ билігіне Дональд Трамп келгеннен бері АҚШ пен қарым-қатынасын қайтадан қарастыру үшін көптеген талпыныс жасалуда. Вашингтондағы зерттеу институтының зерттеушісі Хосейн Ибиш Вашингтон мен Рияд қарым-қатынасын қайта қарастыру кезеңінен өтті деп санайды. Өткен бір жылдағы Мұхаммад бен Салманның екінші рет АҚШ-қа сапар шегуі АҚШ пен қарым-қатынасын нығайту мақсатында орын алды. Осы салада Мұхаммад бен Салман қоғамдық саясаттарын америкалық үлгімен өзгертіп, Сауд Арабиясын кейбір америкалық қиындықтарға қарай итермеледі. Сауд Арабиясының тақ мұрагері ішкі мақсаттарымен бірге АҚШ сапарында аймақтық мақсаттарды да көздеді. Оларға Иранға қарсы қысымдарды күшейту, Йемендегі өзінің дағдарысты жағдайдан шығу және Сирия дағдарысына қатысты «Сауд Арабиясы-АҚШ-Израиль» деген үшжақты коалиция құру жатады.

Мұхаммад бен Салман АҚШ-та бұрынғы уәждерін қайталауымен бірге ИИР-на қарсы жаңа уәждерін де баяндаты. Саудиялық тақ мұрагері АҚШ-та бұл елдің соғысқұмар кабинеті мүшелерінің ортасында Иранн лаңкестікті қолдайды деген уәж айтты. АҚШ-тың қазіргі президенті президенттік сайлау қарсаңындағы бәсекелестікте ДАИШ сынды лаңкестік топтың құрушысы АҚШ екенін мойындаған жағдайда Мұхаммад бен Салман Иранды лаңкестікті қолдайды деп айтыптады. Мұхаммад бен Салман The Wall Street Journal газетіне берген сұхбатта: «Егер Иранға қысым көрсету арқылы мақсаттарымызға жете алмасақ, 10-15 жылдың ішінде Иранмен соғысуымыз мүмкін»,- деді. Сауд Арабиясының тақ мұрагері АҚШ-ты Иранға қарсы соғысқа итермелеуге көптеген талпыныс жасауда. Алайда Вашингтон үкіметі Иранмен соғысудың қандай шығын әкелетінін жақсы біледі. Сондықтан Мұхаммад бен Салманның қиялына ілеспейді. Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысы төртінші жылға аяқ басты. Саудиялық тақ мұрагері АҚШ-та: «Сауд Арабиясы Йемендегі адами жағдайды жақсарту үшін бар күшін салды»,- деді. Дәл осы кезде Бен Салман БҰҰ-на бір миллиард доллар төлеп, бұл ұйымның Йемендегі соғысқа байланысты Сауд Арабиясына қарсы сынды азайтуға талпыныс жасады. Салманның Сауд Арабиясының Йеменге гуманитарлық көмек көрсетуі туралы сөзі сындарлы болмады. Сирия соғысы саудиялық тақ мұрагерінің америкалық басшылармен кездесуінде пікір алмасқан келесі мәселе болды. Айта кететін жайт, Дональд Трамп тіпті мұндай жағдайда да Сауд Арабиясына «сауын сиыр» ретінде қарайды. Саудиялық тақ мұрагері АҚШ-тың Сириядан кетпеуін сұрады. Сондай-ақ, АҚШ, Израиль және Сауд Арабиясы кіретін коалиция құруға талпыныс жасайтынын айтып, АҚШ-тың жақын арада өз әскерилерін Сириядан шығаратынын жариялады. Трамптың бұл жариялауы Сауд Арабиясынан ақша алуды көздейді. Өйткені, Сирияда  АҚШ-тың 10 әскери базасы орналасқан. Оларды Сирияда ұзақ уақытқа қалдыру жоспарлануда. Трамптың «егер Сауд Арабиясы АҚШ-тың Сирияда қалғанын қаласа, америкалық әскерилердің шығынын төлесін» деген сөзі АҚШ Президентінің өз әскерилерінің Сириядан шығармайтынын, бірақ олардың орналасуының шығынын Сауд Арабиясының мойынына артқысы келетінінін көрсетті. Трамп үкіметі Сауд Арабиясының проблемаларынан хабардар бола тұра, саудиялық мұнайдан түскен долларлардың АҚШ-қа құйылуын көздеуде. Трамп бұл мақсатына өткен жылы жеткен болатын. Мұхаммад бен Салман америкалық басшылармен жеке қарым-қатынас орнатуға талпынып отырған жағдайда Трамп үкіметі Сауд Арабиясымен стратегиясын жеке адаммен қарым-қатынас орнату деп санамайды. Трамп Сауд үкіметіне тек материалдық тұрғыдан қарауда. Сондықтан, АҚШ үшін Сауд Арабиясының басшысы Мұхаммад бен Салман ба, әлде басқа ханзада бола ма, айырмашылығы жоқ.

 

 

 

Тегтер