Сәу 28, 2018 12:00 Asia/Almaty
  • CAATSA заңы – Иранмен қақтығысты күшейтуге бағытталған талпыныс

АҚШ үкіметінің Иранға қарсы санкция жариялау саясаты ИИР құрылған алғашқы жылдардан бастау алады. Сол кезеңнен қазіргі таңға дейін АҚШ Конгресінде әрқайсысы Иран халқының саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардағы белсенділіктерін шектеген көптеген заң бекітілді.

1990 жылдардың орта шенінде АҚШ-тың Иранға қарсы санкция жариялау саясаты басқа сипатқа ие болып, үшінші тараптарды да қамтыды. "Санкциялардың екінші легі" деген атпен танымал болған тәсілде бірқатар жеке және заңды тұлғалар мен олардың үкіметтері нысанаға алынды. Алайда, бұл тәсіл АҚШ-тың саяси және сауда саласындағы серіктестерінің қатты наразылығын тудырып, еуропалықтар бірнеше жыл бойы бұл санкцияларды қолдаудан бас тартты.

Иранның ядролық бағдарламасына қатысты дау-жанжал жиырма бірінші ғасырдың алғашқы онжылдығынан бастап америкалықтарға Иранға қарсы санкция саясатын БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде талқылап, Иранға қарсы қарар қабылдау мүмкіндігін берді. Алайда, бұл айла "алтылық тобымен" жасалған ядролық келіссөздердің арқасында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің № 2231 қарарын бекітумен шетке ығыстырылды. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қамтыған бұл қарар Иранның ядролық әрекеттерімен байланысты бүкіл қарарлардың күшін жойды. Бұл шешім АҚШ-тағы Иран мен «Ортақ қадамға" қарсы қозғалыстың ашуын тудырды. Ақырында АҚШ президенті Дональд Трамптың Иран мен "Ортақ қадам" бағдарламасына қарсы айтқан өткір сөздерінен туындаған мұрсатты пайдалана отырып, "CAATSA заңы" деп аталатын "АҚШ-тың дұшпандарымен санкциялар арқылы күресу" туралы заң қабылданды.

2017 жылы қаңтардың жиырмасы билік тізгіні демократиялық партияның өкілі, "Ортақ қадамды" қорғаушы Барак Обамадан республикашыл және "Ортақ қадамға" қарсы президент Дональд Трампқа өтті. Ол 2016 жылы сайлауалды науқаны кезінде ядролық келісімді АҚШ тарихындағы ең нашар келісім деп жиі қайталап, оны өзгертетіні туралы уәде берді. Бұл сөздер "Ортақ қадамды" өзгерту бағытындағы заңдарды қабылдау немесе оның көзін жою мақсатында қысым жасауды  бастау үшін АҚШ-тың ішіндегі және одан тыс Иран мен"Ортақ қадамға" қарсы қозғалыстың жылы ықыласына бөленді.

Бұл қозғалыс өзінің күн тәртібіне ядролық келісімге өзгеріс енгізуге бағытталған заңдарды бекітуден бастап, Иранның зымырандық және аймақтық әрекеттерін айыптауға бағытталған заңдарды қабылдауға дейінгі алуан түрлі жоспарларды енгізді. Трамптың Ақ үйге келуінен туындаған шу басылған соң ақырындап Конгресс мүшелерінің басым бөлігінің "Ортақ қадам" бағдарламасына қатысты көзқарасы өзгерді. АҚШ-тың ядролық келісімді бұзуына қатысты Теһранның реакциясы және Иранның "Ортақ қадамға" дейінгі деңгейдегі ядролық әрекеттеріне қайта оралуы, тіпті Боб Коркер мен Том Коттон секілді әсірешіл сенаторлардың алаңдаушылығын тудырды. Олар Иранға қарсы жаңа заңдарды қабылдау барысында ядролық келісім бұзылмайтындай, Иранның зымырандық бағдарламалары мен аймақтық әрекеттері, атап айтқанда Ислам революциясы Сақшылар корпусының лаңкестермен күресу үшін Батыс Азия аймағында орналасуына қысым келтірмейтіндей етіп шара қолданатындарын мәлімдеді. Осылайша, "Иранның тұрақсыздық тудыратын шараларымен күресу заң жобасы" 2017 жылы наурыз айында АҚШ Конгресінде талқыланып, оған Ресей мен Солтүстік Кореяға қарсы санкциялар қосылғаннан кейін бұл заң жобасы "АҚШ-тың дұшпандарымен санкциялар арқылы күресу заңы" (CAATSA) деп өзгертіліп, Конгресс тарапынан бекітіліп, АҚШ президентінің қол қоюымен күшіне енді.

2017 жылы наурыздың жиырма үші күні заң жобасы демократ және республикашыл партиялардың қолдауымен АҚШ Сенатына ұсынылды. Заң жобасының негізгі қолдаушылары республикашылдар партиясының мүшесі әрі Сенаттың Сыртқы істер жөніндегі комитетінің басшысы Боб Коркер, Роберт Менендес пен Бен Кардин деген демократ сенаторлар мен Марко Рубио мен Том Коттон атты республикашыл сенаторлар болды. Соның нәтижесінде, 2017 жылы маусымның алтысы күні қос партияның сенаторлары Ресейге қарсы санкциялар туралы заң жобасын Иранға қарсы санкция салу туралы заң жобасымен бірге ұсынып, екеуін де бір мезгілде бекітті. Бұл заң жобасының мақсаты Дональд Трамптың оны жүзеге асыруды кейінге қалдыруының алдын алу мақсатында Ресейге қарсы санкцияларды күшіне енгізу саналады. Алғашында бұл заң жобасы 2017 жылы маусымның жетісі күні дауысқа салынуы тиіс болды. Бірақ бұл оқиға ДАИШ-тың Теһрандағы Ислам Кеңесі Мәжілісіне жасағанлаңкестік шабуылдарымен тұспа-тұс келгендіктен кейбір сенаторлардың өтініші бойынша дауысқа салу кейінге қалдырылды. Бір аптадан соң 2017 жылы маусымның он бесі күні "2017 жылдағы Иранның тұрақсыздық тудыратын шараларымен күрес" туралы заң жобасы Иранға қарсы санкцияларды күшейту мақсатында АҚШ Сенатында дауысқа салынып, 98 оң дауыс және Берни Сандерс пен Рэнд Полдың 2 қарсы даусымен бекітілді. Осылайша Конгресте бекітілген заң жобасы АҚШ президенті Дональд Трамп қол қою үшін Ақ үйге жіберілді.

Иран, Ресей мен Солтүстік Кореяға қарсы санкция салу жөніндегі заң жобасы жайлы мәселе көтерілген кезде Ақ үй мен Дональд Трамптың өзі Ресейге қарсы санкция жариялау әрекетін сынап келді. Ресейге қарсы санкцияларды Иранға қарсы санкциялармен байланыстыру АҚШ президентінің Ресейге қатысты заң жобасына вето жариялауының алдын алу үшін Конгрестегі президент оппозициясы тарапынан жасалған әрекет еді. Ол кезде Трамп АҚШ-тағы Ресейге қарсы пікірлермен күресіп, Ресей АҚШ-тағы президенттік сайлау үдерісіне араласты деген айыптауларға қарамастан Вашингтон мен Мәскеу арасындағы қатынастар жақсы болып қалуы тиіс деп есептеді. Бұл АҚШ Конгресіндегі республикашыл және демократтар партиялары мүшелерінің басым бөлігі бір ауыздан көбірек санкциялар арқылы Ресейге қарсы қысымдарды күшейту қажеттігін қуаттаған жағдайда орын алды.

Демократтар Иранға қарсы жаңа санкциялар жариялауға қатысты қалыптасқан жағдайды пайдаланып, Трампты өз қалауын орындауға итермеледі. Трамптың "Ортақ қадамға" қарсы дұшпандық ұстанымдарына байланысты оның тарапынан Иранға қарсы санкция салу туралы заң жобасына вето жариялауы күтпеген жағдай болғандықтан, әуел бастан Иранға қарсы құрылған заң жобасына Ресей мен Солтүстік Кореяға қарсы санкциялар қосылды. Нәтижесінде Трамптың Конгресс қабылдаған заң жобасына қол қоюдан басқа амалы қалмады. Сонымен қатар Өкілдер палатасы мен Сенат мүшелерінің басым бөлігінің бірауыздан "АҚШ дұшпандарымен санкциялар арқылы күресу" туралы заң жобасына дауыс беруі Конгрестің қалауымен қарсыласу мүмкіндігінен айырды. Соның нәтижесінде 2017 жылы тамыздың екісі күні Дональд Трамп жоғарыда айтылған заң жобасына қол қойып, оны күшіне енгізді. Осылайша Ақ үй Ресейге қарсы санкциялар салу туралы заңға қатысты мәлімдеменің жариялануымен бір мезгілде бұл жазалау шараларының Конституцияның кейбір баптарына қайшы келетінін баса айтты.

Дональд Трамп тілшілердің алдында: "Бұл заң жобасын жүзеге асыруды шектеу арқылы Америка Құрама Штаттарының АҚШ халқы үшін жақсы келіссөздердегі қақтығысу үдерісі күрделене түсіп, жақындай түсуі үшін Қытай, Ресей мен Солтүстік Кореяны артқа шегіндіреді",-деді.

Сонымен қоса, АҚШ президенті қиындықтарға қарамастан ұлттық бірлік үшін осы заң жобасына қол қоятынын мәлімдеді. Осылайша, бұл елдің Иран халқына қарсы қастандықтарының қоржынына ИИР-на қарсы санкция салу жөніндегі тағы бір заң қосылды.

 

Тегтер