Аспандық жолдаулар 1
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i36996
Құран Кәрім аяттары негізінде исламға иман келтірген мүміндердің бойындағы шынайы иманның қасиеттерін сипаттайтын қасиетті Рамазан айына арналған "Аспандық жолдаулар" атты топтамамызды назарларыңызға ұсынамыз.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 16, 2018 14:00 Asia/Almaty

Құран Кәрім аяттары негізінде исламға иман келтірген мүміндердің бойындағы шынайы иманның қасиеттерін сипаттайтын қасиетті Рамазан айына арналған "Аспандық жолдаулар" атты топтамамызды назарларыңызға ұсынамыз.

Сіздерді ғибадат пен құлшылық айы, руханият пен өзін-өзі тұлға ретінде жетілдіру айы саналатын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймыз. Рамазан айын түсініп, илаһи әулиелердің жанында Рамазан айының қонағы болу бақыты бізге бұйырғаны үшін Құдайға тағы шүкіршілік білдіреміз. Рамазан айының көрнекті ерекшеліктерінің қатарына Құранның Ислам пайғамбарының (с.ғ.с) пәк әрі нұрлы жүрегіне түсуін жатқызуға болады. Құран жай ғана қасиетті аспандық кітап емес, жасампаздық кітабы болып табылады. Бұл соның негізінде өзіміздің материалдық және рухани өміріміз бен сеніміміздің барлық бағыттарын анықтай алатын кітап саналады. Сол себепті Құранның оқырмандары өте көп. Бірде "یا ایها الناس" "Ей, адамдар!" деп барша адамдарды өзіне қаратса, кейде "یا اهل الکتاب" "Ей, Кітап иелері" деп яхудилер мен насаралар секілді басқа дін ұстанушыларды өз оқырманы ретінде таныстырады. Алайда, Құранның негізгі оқырмандары Құдай мен оның пайғамбарларына иман келтірген адамдар. Құранда оларға "یا ایها الذین آمنوا" "Ей, иман келтіргендер" деп қарата айтады. Құранда олар жайлы: "Сендер адам баласы үшін игілікті әмір етіп, қарсылықтан тыятын, сондай-ақ Аллаға сенетін қайырлы бір үммет болып шығарылдыңдар...", - деп айтылған (Әли Имран сүресі, 110-аят).

Осы аятқа сәйкес, иман келтіргендер басқалар үшін барлық салалар бойынша, әсіресе жақсы әрі пәк амалдар жасауда, илаһи және адами құндылықтар бойынша үлгі болып, сөз бен іс жүзінде нормалар мен ережелерді бұзудан аулақ болуы тиіс. Құранның келесі біл бөлімінде осы маңызды әрі жауапкершілігі мол қасиеттерге сілтеме жасалып: "Осылайша сендерді (артық, кемсіз) орташа бір үммет қылдық. Адамдарға куә болуларың, сондай-ақ пайғамбардың сендерге куә болуы үшін",- деп жазылған. (Бақара сүресі, 143-аят). Бұл екі аяттан мүміндердің мойнына жүктелген қатерлі міндеттің оларға салмақ түсріп, Құранның олардан ерекше нәрсені күтетінін түсінуге болады. Себебі, олар әрі басқаларға үлгі-өнеге болып, әрі адамзат қоғамының іс-әрекеттеріне куә болуы тиіс. Тек имандылықты табанды талап етушілер Құранға сай амал етуде басқалардан озған жағдайда ғана осы міндет мен ауыр жауапкершілік жүзеге асады. Кері жағдайда, мына аяттағы адамдардың қатарына қосылатын болады: "Елді игілікке бұйырып, өздеріңді ұмытасыңдар ма? Кітапты оқисыңдар, ойламайсыңдар ма?…. (Бақара сүресі, 44-аят). Бұл бүгінде Ислам әлемінде сезіліп жатқан кемшіліктердің қатарына жатады. Қазіргі заманда Құранға қатысты белсенділіктер саласында ауқымды талпыныстар жасалып жатыр, соның ішінде көптеген халықаралық жарыстар мен фестивальдер өткізілуде. Құран ең көркем түрде басылып, таратылады. Алайда оның түсірілуінің негізгі мақсаты, яғни соған сай амал етудің айтарлықтай нышаны байқалмайды. Бұл маңызды мәселені шешудің жалғыз жолы Құранның сыртқы келбетімен қоса, оның ішкі болмысы мен рухына назар аудару саналады. Құранның терең мазмұнды ұғымдарын түсініп, оның тағылымдары мен жолдауларын іс жүзінде жүзеге асыру қажет. Мүміндер мен иман келтіргендердің осы саладағы міндеті бәрінен де ауыр саналатыны және Құранның бәрінен бұрын оларды өз оқырманы деп танығаны күдіксіз. Себебі, олар иман келтіргендер және Құранға сай амал етуде көш бастап, тек ислам қоғамы үшін ғана емес, сондай-ақ жалпы адамзат баласы үшін үлгі-өнеге болуы қажет. Тек осы жағдайда ғана Құранның өмір сыйлаушы әрі өмір тудырушы асыл мәдениеті қоғамнің кеңістігінде үстемдік орнатады.

Құрметті оқырмандар, Алланың жар болуымен осы кіріспе бөлім арқылы қасиетті Рамазан айында "Аспандық жолдаулар" атты бағдарламалар топтамасын назарларыңызға ұсынып, бағдарлама барысында Құрандағы "یا ایها الذین آمنوا" "Ей, иман келтіргендер"  деп басталып, мүміндердің барлық салалардағы міндетін анықтайтын аяттарды қарастырамыз.