Отыз күн – отыз хикая 1
Қасиетті рамазан айы – Алланың алдында тәубе етіп, кешірім сұрайтын ай.
Мосул жерінде Нейнава деген қала болды. Мейірімді Алла Юнус пайғамбарды халықты дұрыс жолға нұсқау үшін сол қалаға жіберді. Хазірет Юнус Мосул халқына көп уағыз айтып, оларға илаһи тағылымдарды үйретіп, әділет пен тақуалыққа шақырды. Бірақ, халық оған бағынбады, шындықты қабылдамады. Хазірет Юнус оларды дұрыс жолға нұсқаудан үмітін үзген кезде Алла Тағала Мосул халқына азап келетіні туралы уәде берді. Хазірет Юнус халыққа шаууал айының ортасындағы сәрсенбі күні күн шыққан кезде илаһи азаптың келетінін хабарлады. Бірақ олар хазіреттің сөзіне сенбей, күлді.
Хазірет Юнустың халқының арасында екі танымал адам болды: олардың бірі үлкен сопы, екіншісі дана ғалым еді. Азап келетін уақыт жақындаған кезде хазірет Юнус сопы адаммен бірге қаладан шығып кетеді. Ғалым хазірет Юнустың рұқсатымен қалада қалды. Хазірет Юнус қаладан кеткен кезде халыққа жаны ашитын ғалым оларды таудың етегіне жинап, өзі биікке шығып: «Уа, халайық! Хазірет Юнус – Алланың үлкен пайғамбары. Ол өтірік айтпайды. Расында Алла тарапынан азаптың келетіні туралы уәде берілді, яғни азап нақты келеді. Егер тәубе етпесеңдер, бұл азап сендерді өлтіреді. Уақытты пайдаланып, тәубеге келіп, азапты келтірмеңдер»,- дейді. Ғалымның сөзін естіп, халықтың жүрегі жібіп: «Біз тәубеге келуге дайынбыз, қате әстерімізге өкінеміз. Бірақ, пайғамбарымыз кетіп қалды, енді біз оған жете алмаймыз. Енді біз не істей аламыз?»- дейді. Ғалым: «Сәрсенбі күні күн шықпастан бұрын барлығың таудың етегіне жиналып, аналарды балалардан бөліңдер. Аналар бір жаққа, балалар басқа жаққа тұрып, олардың жылаған дауыстары естілсін. Малдарыңды айдай келіңдер. Оларды төлдерінен бөліңдер. Сендер де жылап, Алладан сендерді кешірім сұраңдар» дейді. Сәрсенбі күн келді. Халық ғалымның айтқан барлық кеңесін орындайды. Күн шығатын уақыт жақындағанда күннің райы өзгереді. Аспаннан қара бұлт төнді. Бұлттардан қара әрі қалың түтін бөлініп, қаланы шырмап, үйлердің төбелеріне дейін жетті. Үрейлі дауыл басталды. Жан түршіктірерлік дауыс жүректерді алаңдатты. Халық шын жүректен жылап, Алланың алдында шынайы тәубе етті. Бір жақтан дауылдың гүрілі, басқа жақтан халықтың жылаған дауысы естілді. Халық Алладан оларды кешіруді, бұрынғы қателіктерін өтеу үшін қайтадан мұрсат беруді сұрады. Алланың рақымы мен ызасының екі теңізі бірге толқынысқа келді. Азап теңізі дауыл, рақымның теңіз тәубе сұрауышлардың жүректері болды. Біраз уақыт осылай өтті. Олардың бастарына бәле келіп, кеуделері қысылды. Бірақ әрқашан рақымы азабынан алда жүретін Жаратушы халықтың шынайы тәубесін қабылдады. Халық дауылдың біртіндеп басылып, аспанның ашылғанын көрді. Олар қатты қуанды. Аналар перзенттерін құшақтарына алып, Аллаға шүкіршілік білдірді. Алла Тағала хазірет Юнусқа халықтың ортасына оралуға бұйырды. Өйткені олар тәубе етіп, Жаратушы оларға жақсырақ өмір сүру үшін тағы уақыт берді.
Қасиетті рамазан айы – тәубеге келіп, кешірім сұрайтын ай. Барлығымыз тәубе етіп, Алланы ұмытпай, бұл қасиетті айда жүректерімізді тазартып, оны рақым нұры мен илаһи кешірімге толтырайық.